Педагогтардың шығармашылық топтары туралы
Ереже
1.Жалпы ереже
Шығармашылық топ-қандай да бір психолого-педагогикалық талдама
жасайтын,тәрбие немесе басқару саласы бойынша тәжірибелік-бағдарлық
сипаттағы мәселелерді қарастыратын оқытушылар бірлестігі. Педагогтардың
шығармашылық топтары колледждің даму мәселесі бойынша бәләм саласына
қатысты нақты тәжірибелік мәселелерді,оқытушылардың оқыту
әдістемесі,жобалау,педагогикалық жаңа технологияларды меңгеру
мәселелерінің бағытына негізделген. Шығармашылық топ тәжірибелі-
эксперименталдық негізде құрылады.
Шығармашылық топ бес оқытушыдан кем емес шағын топта
ұйымдастырылады. Сондай-ақ,шығармашылық топтар колледждің білім беру
саласын дамыту жүйесі бойынша педагогтардың ғылыми-эерттеу және
тәжірибелі-эксперименталдық жұмысы бағыттары негізінде жүзеге
асырылады.
2.Оқытушылардың шығармашылық топтарының мақсаты мен
міндеттері
1. Аталған мәселелер бойынша озық тәжәрибелер мен әдебиеттерді
меңгеру.
2. Нақты мәселе бойынша педагогикалық үрдістің жағдайына талдама
жасау.
3. Жетілдіру және еңбекті жүзеге асыру үрдісін жобалау.
4. Жек және басқа топтардың жобаларына (моделдерге) бейімделу
жұмысын жүргізу.
5. Технологияларды енгізудің тиімділігін талдау.
6. Топта жеткен нәтежие негізінде әдістемелік нұсқаулықтар құрастыру.
7. Ӛзінің зерттеу жұмысын талқылау үшін педагогикалық қоғамдастыққа
ұсыну (ғылыми-практикалық конференциялар,педагогикалық оқулар және
т.б.).
8. Материалдарды баспада жариялау.
3.Оқытушылардың шығармашылық тобының жұмыс тәртібі
1. Шығармашылық топтың жұмысын ұйымдастыру үшің тәжірибелі
педагогтан, жоғары немесе бірінші санатты оқытушыдан жетекші
тағайындалады.
2. Шығармашылық топ нақты мәселелерге қатысты қызығушылығы
бар,ғылыми-зерттеу жұмысына икемі бар, жас мамандарға үлгі бола алатын
тәжірибелі педагогтардан құрылады.
3. Оқу жылында шығармашылық топтың 4-тен кем емес отырысы ӛткізіледі.
4. Шығармашылық топтың жұмыс формасы
1. Жобалық жұмыстарын қорғау.
2. Семинар-практикумдар.
3.Әдістемелік конференциялар.
4. Ғылыми-педагогикалық фестивальдар.
5. Іскерлік ойындар.
6. “Дӛңгелек үстелдер”.
7. “Ой шақыру”.
8. Шеберлік сыныптары.
5. Құжаттар мен есеп беру
1. Шығармашылық топ туралы ереже.
2. Топтың жұмыс жоспары.
3. Қорытынды талдамасы,озық іс-тәжірибені жинақтау,тарату.
4. Топ отырысының хаттамалары.
5. Әдістемелік нұсқаулықтар.
6. Мақалалар,ұжымдық монографиялар және брошюралар.
6. Шығармашылық топ жетекшісін марапаттау
Шығармашылық топтың жетекшілігі міндеттерін атқарғаны үшін топ
жетекшілерінің ай сайынғы жалақысына 2000 (екі мың) үстемақы тӛленеді.
Шығармашылық топтың іс-әрекетін талдау жұмысы педагогикалық
қоғамдастыққа, педагог қызметкерлердің ғылыми-практикалық
конференцияларына ұсынылады.