2. Ұйымдастырушылық - әдістемелік құжаттар:
Педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспары (мекеме басшысының бекітуімен, психологиялық қызмет кабинетімен келісілген).
Педагог-психологтың айлық жұмыс жоспары.
Апталық жұмыс жоспары
Психологтың жұмыс циклограммасы.
Жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарының жоспары және
бағдарламасы (мекеме басшысының бекітуімен).
Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтік мінез-құлқының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары (мекеме басшының бекітуімен).
Статистикалық есептер ( жылдық).
Жасалған жұмыстар бойынша аналитикалық есептер (диагностика нәтижесі бойынша қорытындыны есепке алу және педагогикалық үрдіске барлық қатысушылар үшін ұсынбалар (жарты жылдық және жылдық).
Жұмыс түрлері бойынша есепке алу журналдары: психодиагностика, кеңес беру, түзете-дамыту, ағартушылық, сараптамалық және әдістемелік жұмыстар бойынша.
Сабаққа қатысу журналы.
Психодиагностикалық инструментарийлер: (әдістемелер тізімі мен материалдар).
3. Арнайы құжаттар
1.Оқушы дамуының жеке психологиялық -педагогикалық картасы.
2.Оқушының психологиялық- педагогикалық мінездемесі.
3.Қорытындылар және хаттамалар (жүргізілген психодиагностикалық зерттеулер, түзету сабақтары, баламен және оның ата-анасымен жүргізілген әңгімелесулер, бақылаулар және психологиялық-педагогикалық консилиумдар нәтижесі).
4.Оқушының даму картасы және психологиялық қорытындылардың
көшірмесі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттамалардың үш түрі жабық болып табылады, атап айтқанда: қорытындылар, хаттамалар, бала дамуының психологиялық-педагогикалық картасы.
Көшірме-құжаттаманың сыртқы түрі болып саналады және жеке тұлғалар (ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер), сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің (балабақшалар, мектептер, емханалар, орталықтар, мамандандырылған мекемелер) ресми сұратуы бойынша ресімделеді.
Көшірменің негізгі мәтіні тұжырымдар, баланың айырықша ерекшеліктері мен даму мәселелері, жалпы және арнайы ұсыныстар көрсетілген психологиялық қорытындының бейімделген нұсқасының бөлігі болып саналады.
Айта кету керек, ресми сұрау салған жағдайда осы құжатта екі қол қойылуы тиіс: диагностикалық тексеру өткізген тұлғаның (психолог) және білім беру мекемелерінің әкімшілік тұлғалары (балабақша меңгерушісінің, мектеп директоры, білім беру мекемелері және т. б).
Көшірмеде нақтыланған сұрау салу кезінде психологиялық тексерудің мақсаты мен құралдары, ал нәтижесінде - сұрау салу фактісі бойынша растау немесе теріске шығару анықталған болуы тиіс.
Даму картасының көшірмесін рәсімдеуге қойылатын талаптар құжаттардың сақталу айырмашылығында, олар тек ресми сұрау салу және балалар (жас) психологиясынан құзыретті тұлғаларға және осы құжаттарға заңды түрде жауаптыларға (мектеп психологтары,мамандандырылған мекемелер, аудандық, аймақтық және психологиялық кабинеттер, арнайы білікті мамандар) ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |