Астана ќаласы Білім басќармасы



жүктеу 2,81 Mb.
бет1/5
Дата14.05.2018
өлшемі2,81 Mb.
#13090
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Тайтолеуова Айнур Амангелдыевна

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және

коммуникациялар академиясының

Ақмола колледжінің

ІІ санатты арнайы пәндер оқытушысы
Мультиплексор және демультиплексордың микросхемаларын зерттеу
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ;

Сабақтың мақсаты: Аралас сандық құрылғылардың – мультиплексордың және демультиплексордың схемасын зерттеуге дағдыландыру

Сабақтың міндеттері:


  • Ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін дамыту;

  • Өздігінен іздену қабілеттілігін дамыту және теориялық білімдерін болашақ мамандықтары бойынша жұмыс орындарында, тәжірибеде қолдану қабілеттіліктерін қалыптасыру.

Сабақтың әдісі: Арнайы пәнді оқыту кезінде конструкциялау технологиясын қолданылу.

Пәнаралық байланыс: физика, информатика, математика.

Көрнекі құралдар: проектор, экран, дербес компьютерлер, слайдтар, үлестірме қағаздар, электрондық оқулық.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)
Студенттермен амандасу. Студенттерді түгендеу және бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру. Студенттерді екі топқа бөліп отырғызу. Әр топтың өзінің капитаны, топ атауы және белгісі болады.

Сабақтың жоспары:



    1. Үй тапсырмасын тексеру;

    2. Жаңа тақырып түсіндіру;

    3. Тәжірибелік жұмыс орындау;

    4. Қатемен жұмыс істеу;

    5. Үй жұмысын беру;

    6. Қорытындылау, бағалау.


І. Студенттердің білімдерін өзектілендіру, өткен сабақта берілген тапсырманы тексеру (10мин)
Тексеру әдістері:

І. «Ия ма, жоқ па?» схеманы құрастыру бойынша блиц – сұрастыру ойыны.

Ойынның шарты: Топтың дайындығын жалпы тексеру үшін Сіздердің алдарыңызға «Ия ма, жоқ па?» ойыны беріледі. Мұнда тақтада көрсетілген схеманы жинастыру керек, белгілі-бір элементті таңдай отырып, оның астына жасырынған сұраққа жауап беру арқылы алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Егер екі команданың бірінде қандай да бір элемент жеткіліксіз болса, бір-бірінен ұпайға айрбастауға болады. Айырбастаудың ұпаймен есептелетін құнын командалар өз ара келіседі. Онда бастайық, қай топтың схемасы мықты болатынын байқайық?

  1. Мультиплексор – бір ғана шығысы бар екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, мультиплексор бұл бір ғана шығысы бар аралас көп кірісті схема.

  1. Мультиплексордың кірістері үш түрге бөлінетінін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, мультиплексордың кірістері екі түрге бөлінеді: ақпараттық және басқарушы.

  1. Демультиплексор – мультиплексордың жұмысын кері орындайтын схема екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, демультиплексор – бұл мультиплексордың жұмысын кері орындайтын схема.

  1. Дешифратор – кірісіне берілген n –разрядты екілік кодты басқа бір кодқа түрлендіретін түйіншек екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, дешифратор – бұл керісінше кірісіне берілген сигналды n –разрядты екілік кодқа түрлендіреді.

  1. Мультиплексор – аралас схемалар қатарына жататындығын растайсыз ба?

Жауап: Ия, мультиплексор – аралас схемалар тобына жатады.

  1. Дешифратордың тағы бір атауы «кодер» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, кодер.

  1. Логикалық элементтер – бұл логика алгебрасы ережелеріне сәйкес кіріс сигналдарымен қарапайым логикалық операцияларды жүзеге асыратын электрондық құрылғылар екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, анықтама дұрыс.

  1. Логикала алгебрасында қосу – «коньюнкция» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, қосу – «дизьюнкция» деп аталады.

  1. Логикала алгебрасында терістеу – «дизьюнкция» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, терістеу – «инвентрлеу» деп аталады.

  1. Негізгі логикалық элементтер «НЕМЕСЕ» «ЖӘНЕ» «ЕМЕС» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, дұрыс.

  1. Мына логикалық элемент «ЖӘНЕ» екендігін растайсыз ба?

Жауап. Жоқ, бұл «НЕМЕСЕ-ЕМЕС».

  1. Мына логикалық элемент «ЖӘНЕ» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, бұл «ЖӘНЕ-ЕМЕС».

ІІ. «Асықпай- тездет» сынақ ойыны. Топтың дайындығын жекелеп тексеру үшін Сіздердің алдарыңызға логикалық элементтер негізінде құрастырылған схема беріледі, сол схема бойынша ақиқаттық кестесі дұрыс толтырылған ба? Тауып көріңіздер.


жүктеу 2,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау