Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы


Агломерация аумағын қала құрылысы тұрғысынан кешенді бағалау



жүктеу 4,64 Mb.
бет19/22
Дата17.01.2018
өлшемі4,64 Mb.
#7567
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Агломерация аумағын қала құрылысы тұрғысынан кешенді бағалау


Агломерация аймағының айтарлықтай жағымды ауданы Астана қаласы болып табылады. Қала аумағын кешенді бағалау үшін РДС РК3.01-06-2002 аймақтың кешенді қала құрылысының бағалау әдістемесі қолданылды.

Астана қаласының қала құрылысының құндылығын бағалау барлық қалалық ішкі жүйелерді кешенді бағалауды есепке алумен жүргізілді. Кейін ықпалдардың мәнін «салмақты» үлгіге келтірумен, қала жерлерінің тікелей ықпал бойынша бағалау жүргізілді.

Кешенді бағалау үшін барлық ықпалдар келесі топтарға топтастырылды:


  1. ТЫ – аймақтың табиғи-ресурстық сапасын бағалайтын ықпалдар.

  2. ҚЫ – аймақтың экономикалық-қала құрылысының сипатын бағалайтын ықпалдар.

  3. ӘЫ – аймақтың әлеуметтік-қызметтік байланыстарын бағалайтын ықпалдар.

  4. ИЫ – инженерлік-көліктік орналасуын, қала элементтерінің өзара байланысын бағалайтын ықпалдар.

  5. ЭЫ – қала аймағының экологиялық жағдайын бағалайтын ықпалдар.

Аймақты кешенді бағалау негізінде 1 балды 23 сектор, 2 балды – 197 сектор, 3 балды – 76 сектор алды.

Аймақтың табиғи-ресурстық сапасын бағалайтын ықпалдар тобы бойынша аймақты бағалау 3 балға есептелді, мұнда аймақтың 13% қолайлы аймаққа, 62% - орташа қолайлы аймаққа жатады, аймақтың 25% жоспарлау үшін қолайсыз аудандар болып табылады.

Аймақтың экономикалық-қала құрылысының сипаты ықпалдары тобы бойынша аймақты бағалау 3 балмен есептелді, мұнда 3 балл максималды мәні қолайлы аймақтарды сипаттайды және аймақтың 10% алады. Аймақтың 51% қолайсыз аймақтар және 39% орташа қолайлы аймақты аудандар алады.

Аймақтың әлеуметтік-қызметтік байланыстары ықпалдары тобы бойынша аймақты бағалау келесі мәндермен сипатталады: 23% – қолайлы аймақты аудандар, 29% аймақ – қолайсыз аймақты аудандар және 48% - орташа қолайлы аймақтар.

ИЫ ықпалдар тобы үшін келесі аймақтар бөлінеді: 34% аймақ қолайлы, 29% - орташа қолайлы және 37% - қолайсыз аймаққа жатады.

Экологиялық жағдайын бағалайтын ықпалдар тобы үшін келесілер тән: 27% аймақ қолайлы, 36% - орташа қолайлы және 3% айма қолайсыз болып табылады.

Ықпалдардың бес тобы бойынша кешенді бағалауға сәйкес құрылысты жоспарлау үшін қолайлылықтың түрлі дәрежелері бар аймақтар бөлініп көрсетілді. Астана қаласы аумағында кешенді талдау жүргізе отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:

- 296 сектордан 76 сектор >2 салмақ көрсеткішімен қолайлы аймаққа жатады және аймақтың 26% алады. Оған, әсіресе жобалық шағын айналмалы жол шегіндегі қаланың орталық бөлігі кіреді.

- 197 сектор немесе аймақтың 66% орташа қолайлы аймаққа жатады, мұнда салмақ көрсеткіші 1,5-2 құрайды.

- және қолайсыз аймақтарға (салмақ көрсеткіші <1,5) 23 секторды қамтитын аймақтың 8% кіреді – бұл темір жолдан сол жағындағы өнеркәсіптік аймақ Талдыкөл көліне жақын аймақ.

Осылайша алынған аймақтың қала құрылысын бағалау түрлі қалалық аумақтардағы тіршілік әрекеті жағдайларының кешенді сандық-сапалық сипатын береді және аймақтау бағалауын жүргізу кезінде қала аймақтары бойынша төлемдердің мөлшерлемелерінің дифференциациялауын орнату үшін негіз ретінде қызмет етеді.

Аталмыш жұмыстың нәтижесінде қолайсызға жататын аймақтар құрылыстың осы және басқа түрлерін дамыту мен таратуды шектеуі мүмкін екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Меншікке сату үшін бұл жерлердің бағалау құны төмен болуы мүмкін, ал осы жерлерді игеру шығынды болуы мүмкін.

Ал қолайлы жерлерді жоғары бағалау құны бар аймақтар ретінде сипаттауға болады.

Табиғи ықпал тобы бойынша аймақтарды бағалау (ТЫ)

Аймақ бедері мен топырақтың салмақ түсетін қабілеті кіретін, аймақтың табиғи-ресурстық сапасын бағалайтын табиғи ықпалдар тобы бойынша қала аймақтарын кешенді бағалау жүргізілді.

Екі ықпал бойынша (бедер мен топырақтың салмақ түсіретін қабілеті) кешенді бағалауға сәйкес құрылысты жоспарлауға арналған қолайлылықтың түрлі дәрежесімен аймақтар бөлінді. Табиғи ықпалдар тобы бойынша кешенді бағалаудың талдауын жүргізе отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:

- қала аймағында 296 сектор, олардың ішіндегі 62% аймақтар орташа қолайлы аймаққа кіреді, ол 185 секторды қамтиды – бұл Есіл өзенінің сол жағында орналасқан қаланың орталық бөлігі, мұнда қаланың тарихи және жаңа орталығы орналасқан, Есіл өзені аңғарынан оңға қарай және Тұран даңғылының шығысына орналасқан оңтүстік-шығыс бөлігі, шығысынан Бейсеков көшесімен және солтүстік-шығысында Өндіріс тас жолымен, оңтүстігінде Есіл өзені аңғарымен шектелген солтүстік-батыс бөлігі. Аталмыш аймақ бірінші алқап үсті террасса мен суды бөліп тұратын жазықтықта орналасқан.

- 25 % аймақтар құрылысты жоспарлау үшін қолайсыз аймақтары бар аудандар болып табылады (73 сектор). Негізінен бұл аймақтар Талдыкөл көлі ауданында, Есіл өзенінің жоғары алқабындағы ауданындағы және Сары Бұлақ пен Ақбұлақ өзендерінің алабындағы аймақтар.

Аталмыш жоспарлайтын аудандардың өзгеше ерекшелігі аймақтың көп бөлігі жаппай жасыл құрылысқа және үлкен су айдыны бар су нысанына бөліп берілгені болып табылады.

- 13 % аймақтар – бұл құрылысты жоспарлау үшін қолайлы аймағы бар аудандар, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде, темір жолдың солтүстігінде және Алаш тас жолының шығысында орналасқан 38 секторды қамтиды. Аталмыш аймақ 2,0 бастап 5,0 метрге дейінгі жер асты сулары жатқан деңгейі бар «ұсақ шоқылық» бедер түрімен сипатталады.

Экономикалық-қала құрылысы ықпалдары тобы бойынша аймақты бағалау (ҚЫ)

Қала аймағын кешенді бағалау аймақтың экономикалық-қала құрылысы сипатын бағалайтын экономикалық-қала құрылысы ықпалы тобы бойынша жүргізілген.

Аймақты кешенді бағалау негізінде 1 балды 151 сектор, 2 балды – 114 сектор, 3 балды – 31 сектор алады.

Үш ықпал бойынша (тұрғын үй қоры, балалар мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелер) кешенді бағалауға сәйкес құрылысты жоспарлау үшін қолайлылығы түрлі дәрежедегі аймақтар бөлініп алынды. Қала құрылысы ықпалы тобы бойынша кешенді бағалауға талдау жүргізе отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:

- қала аймағында 296 сектор бар, олардың ішінде 10% аймақ қолайлы аймаққа кіреді, ол 31 секторды қамтиды – бұл Есіл өзенінің сол жағында орналасқан қаланың орталық бөлігі, аймағында қаланың тарихи және жаңа орталығы орналасқан, Есіл өзені аңғарының оңтүстігі мен Тұран даңғылының шығысында орналасқан қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі.

- аймақтың 51 % қолайсыз аймақтары бар аудандар болып табылады (151 сектор). Негізінен бұл Талдыкөл көлі ауданындағы, Есіл өзені жоғары алқабындағы аудандағы және Сары Бұлақ пен Ақбұлақ өзендері алабындағы аймақтар.

Аталмыш жоспарлайтын аудандардың өзгеше ерекшелігі аймақтың көп бөлігі жаппай жасыл құрылысқа және үлкен су айдыны бар су нысанына бөліп берілгені болып табылады.
- 39 % аймақтар – бұл әлеуметтік-қызметтік тағайындау нысандары үшін орташа қолайлы аймағы бар аудандар, қаланың орталық бөлігінде, әсіресе қаланың жаңа әкімшілік орталығы аймағында орналасқан 114 секторды қамтиды.

Әлеуметтік ықпал тобы бойынша аймақты бағалау (ӘЫ)

Қала аймағын кешенді бағалау аймақтың әлеуметтік-қызметтік байланысын бағалайтын әлеуметтік ықпал бойынша жүргізілген.

Аймақты кешенді бағалау негізінде 1 балды 86 сектор, 2 балды 142 сектор, 3 балды 68 сектор алды.

Үш ықпал (қысқа мерзімді демалу орындарымен, қала орталығымен және КТҚ жүйесімен тұрғын аудандардың өзара байланысы) бойынша кешенді бағалауға сәйкес құрылысты жоспарлау үшін қолайлылығы түрлі дәрежедегі аймақтар бөлініп алынды. Әлеуметтік ықпал тобы бойынша кешенді бағалауға талдау жүргізе отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:

- қала аймағында 296 сектор бар, олардың ішінде 23% аймақ 68 секторды қамтитын қолайлы аймақтарға жатады, бұлар шағын айналмалы жол шегіндегі қаланың орталық бөлігі.

- 29% аймақтар – бұл құрылыс жоспарлау үшін қолайсыз аймағы бар аудандар және ол қаланың солтүстік бөлігінде, темір жолдың сол жағы мен Талдыкөл көлі ауданында орналасқан 86 секторды қамтиды.

- 48% аймақ құрылысты жоспарлау үшін орташа қолайлы аймағы бар аудандар болып табылады және Көктал поселкесінен бастап Мичурино поселкесіне дейінгі және орталықтан бастап әуежайға дейінгі Есіл өзені алабында орналасқан 142 секторды қамтиды.

Инженерлік ықпал тобы бойынша аймақты бағалау (ИЫ)

Қала аймағын кешенді бағалау ИЫ ықпалдар тобы бойынша Астана қаласының инженерлік желілерімен қамтылуын бағалайтын инженерлік ықпал тобы бойынша жүргізілген:

F9 – сумен жабдықтау

F10 – кәріз жүйесі

F11 – жылумен жабдықтау

F12 – электрмен жабдықтау

F13 – нөсерлі кәріз жүйесі

F14 – қоғамдық көлік

F15 – көше-жол желісі

Аймақты кешенді бағалау негізінде 1 балды 111 сектор, 2 балды 85 сектор, 3 балды 100 сектор алды.

Жеті ықпал бойынша кешенді бағалауға сәйкес құрылысты жоспарлау үшін қолайлылығы түрлі дәрежедегі аймақтар бөлініп алынды. Инженерлік ықпал тобы бойынша кешенді бағалауға талдау жүргізе отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:

- қала аймағында 296 сектор бар, олардың ішінде 34% аймақ 100 секторды қамтитын қолайлы аймақтарға жатады, бұл – жартылай қаланың оңтүстік бөлігін қамтумен орталық бөлігі.

- 29% аймақ – бұл құрылысты жоспарлау үшін орташа қолайлы аймағы бар аудандар және ол 85 секторды қамтиды. Орташа қолайлы аймақтар қаланың шығыс бөлігінде Астана-Қарағанды трассасы маңында, Қарқаралы тас жолының оңтүстік бөлігінде, Қорғалжын тас жолы бойынша батыс бөлігінде, Өндіріс тұрғын алабын жартылай қамтумен Көктал тұрғын алабының солтүстік-батыс бөлігінде және Алаш тас жолы бойынша солтүстік бөлігінде орналасқан.

- 37% аймақ құрылыс жоспарлау үшін қолайсыз аймағы бар аудан болып табылады және 111 секторды қамтиды. Бұл секторлар Көктал-2 тұрғын алабын қамтумен Н.Тілендиев даңғылы кіру торабы маңында, Өндіріс тұрғын алабының солтүстік бөлігінде, «Мыңжылдық аллеясының» шығыс бөлігінде және Тельман тұрғын алабының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.



Экологиялық ықпал тобы бойынша аймақты бағалау (ЭЫ)

Қала аймақтарын кешенді бағалау ЭЫ ықпал тобы бойынша Астана қаласында экологиялық жағдайды бағалайтын экологиялық ықпалдар тобы бойынша жүргізілді:



  • F39 – атмосфераның ластану (Атмосфераның ластануының кешенді индексі (АЛИ5);

  • F 42 – шу әсерлері (Баламалы шу әсерлері (Lбал, дБа));

  • F 40 – жер үстіндегі су ресурстары (Жер үсті суларының ластануының кешенді индексі (АЛИ5));

  • F 41 – жердің ластануы (Жердің ластануының кешенді индексі (ШРК).

Мекендеу ортасының сапасын аймақтық бағалау графоталдамалы тәсілмен (жеке орталар және сәйкес талдамалы өңделген көрсеткіштер бойынша экологиялық жағдайды графикалық негізге салумен) және экологиялық жағдайдың маңыздылығы бойынша түсетін аймақ аудандарын ескерумен кешенді жиынтықты сараптамалық бағалау тәсілімен орындалды.

Аймақты кешенді бағалау негізінде 1 балды 110 сектор, 2 балды 105 сектор, 3 балды 81 сектор алды.

Төрт ықпал (атмосфералық ауа, шу жайсыздығы зонасы, жердің ластануы, суды қорғау аумақтары және жер үсті сулары, өзендер мен су қоймалары жолақтары) бойынша кешенді бағалауға сәйкес құрылысты жоспарлау үшін қолайлылығы түрлі дәрежедегі аймақтар бөлініп берілді.

Экологиялық ықпал тобы бойынша кешенді бағалауды талдай келе, келесі қорытындыларды жасауға болады:

- қала аймағында 296 сектор бар, олардың ішінде 27% аймақ 81 секторды қамтитын қолайлы аймақтарға жатады. Бұл – рекреациялық зонаның бөлігі, Ильинка ауданы, Мичурин, Күйгенжар, Гольф клуб поселкелері. Осы қолайлы аймақтар тіршілік және адамдар демалу үшін тағайындалған.

- 37% аймақ қолайсыз болып табылады, оларға өнеркәсіптік аймақ ауданы, газ аппаратурасы ауданы, мұнай базасы, ЖЭО-1,2, темір жолдар, әуежай шуы, су қорғау зоналары, кіру тораптары, Есіл өзені жоғары аңғары және Сары Бұлақ пен Ақбұлақ өзендері алаптары аудандары жатады.

- 35% аймақтар – бұл әлеуметтік-қызметтік тағайындаудағы нысандар үшін орташа қолайлы аймағы бар аудандар, сол жағалаудың көп бөлігінде, жаңа әкімшілік орталықта, Талдыкөл ауданында, әсіресе қаланың жаңа әкімшілік орталығында орналасқан 105 секторды қамтиды.

Агломерация аймағын кешенді бағалау

Агломерация аймағын бағалау үшін сонымен қатар, тек агломерациялық қоныс аралық аймақтарды бағалау үшін бейімделген ҚР ЖНҚ 3.01-06-2002 аймақты кешенді қала құрылысын бағалау әдістемесі пайдаланылды. Қала құрылысын бағалаудан өзгеше бағалау бірлігі ретінде ауылдық өңір қолданылды (қалада – кадастрлық бірлік).

Астана қаласының қала құрылысы құндылығын бағалау барлық қалалық ішкі жүйелерді кешенді бағалауды есепке алумен жүргізілген болатын. Кейін ықпалдардың мәнін «салмақты» үлгіге келтірумен, қала жерлерінің тікелей ықпал бойынша бағалау жүргізілді.

Кешенді бағалау үшін барлық ықпалдар келесі топтарға топтастырылды:


  1. ТЫ – аймақтың табиғи-ресурстық сапасын бағалайтын ықпалдар.

  2. ҚЫ – аймақтың экономикалық-қала құрылысының сипатын бағалайтын ықпалдар.

  3. ӘЫ – аймақтың әлеуметтік-қызметтік байланыстарын бағалайтын ықпалдар.

  4. ИЫ – инженерлік-көліктік орналасуын, қала элементтерінің өзара байланысын бағалайтын ықпалдар.

  5. ЭЫ – қала аймағының экологиялық жағдайын бағалайтын ықпалдар.

Ықпалдардың табиғи-ресурстық тобы. Астана қ. агломерация аймақтарын табиғи-ресурстық ықпал бойынша бағалау нәтижесінде айтарлықтай қолайлы Ақкөл ауданы, Еңбектен басқа ауылдық өңірлері, сонымен қатар Бектау а.ө. кіретін солтүстік аймақтар болып табылады. Жалпы алғанда бұл аймақтың неғұрлым сараланған ландшафтарына шартталған. Табиғи ормандар болуы мен жер бетіне байырғы жыныстардың шығуы басқа аймақтарға қатысты бұл аудандардың қолайлылық ықпалдарын анықтаушы болып табылады.

Табиғи-ресурстық көрсеткіштер бойынша шамалы қолайлы жайылымды мал бағуға берілген, агломерацияның орталық бөлігі болып табылады, бұған Целиноград ауданының көп бөлігі мен Аршалы ауданының солтүстік бөлігі кіреді.

Ықпалдардың инженерлік-көліктік тобы. Инженерлік-көліктік инфрақұрылым көбіне ауылдық өңірдің даму деңгейі мен оның үстем қызмет түрінен тәуелді. Осының нәтижесінде көптеген көрсеткіштер әкімшілік орталықтар мен ірі ауылдық өңірлерге тән.

Ықпалдардың инженерлік-көліктік тобы бойынша аймақты аудандастыруға сәйкес агломерация аймағы келесі түрде орналасты:

- Аса қолайлы (Шортанды к., Ақкөл қ., Ақмол к., Аршалы к.), Қосшы а.ө., Дамсинский а.ө. аудан орталықтары болып табылады.

- Ең аз көрсеткіштер орналастырудың негізгі арнасынан оқшаулана орналасқан ауылдық өңірлерге тән.

Ықпалдардың экономикалық-қала құрылысы тобы. Аймақтың экологиялық-қала құрылысын бағалауға сәйкес агломерация аймағының басым бөлігі қолайсыз болып табылады. Көптеген елді мекендер білім беру, спорттық-мәдениет мекемелерінің, сонымен қатар денсаулық сақтау нысандарының тапшылығын тартуда.

Экономикалық-қала құрылысын бағалау нәтижесі бойынша неғұрлым қолайлы қалалық өмір салты тән ауылдық өңірлер болып табылады. Қосшы ядросына жататын Ақкөл мен Шортанды-Еңбек кенті арасындағы Талапкер а.ө., Қоянды а.ө., сонымен бірге аудан орталықтары.

Аймақты әлеуметтік-атқарымдық аймақтандыру. Әлеуметтік- атқарымдық бағалау көбінесе ауылдық өңірдің экономикалық-географиялық жағдайына және агломерация орталығымен, басқа округтермен, дем алатын аймақтармен және басқаларымен ауылдық өңірдің өзара байланысы деңгейіне тәуелді. Осылайша негізгі жеті торапқа қатысты ауылдық өңірдің орналасуы аталмыш бағалау кезінде анықтаушы болып табылады.

Жеке-жеке орналасқан арналар маңында орналасқан және агломерация орталығымен тығыз өзара байланысы бар барлық ауылдық өңірлер жоғары балға ие болды. Төменгі балл агломерация орталығы мен басқа поселкелермен көлік қатынасында мәселелер тартатын ауылдық өңірлерге тән.

Ықпалдардың экологиялық тобы. Ықпалдардың экологиялық тобы барлық ықпал топтарының ішіндегі ең кем сараланғаны, бұл бірқатар себептермен түсіндіріледі. Агломерация орталығынан басқа, ластанудың ірі көздерінің болмауы, тұрғындардың төмен тығыздығы және тұрғындардың сиретілген орналасуы.

Осылайша, ірі өндірістік нысандардың болмауынан іс жүзінде жалғыз ірі ластану көзі Астана қаласында орналасқан ЖЭО-1, ЖЭО-2, сонымен қатар отын ретінде көмірді пайдаланатын жеке сектор қалдығы болып табылады.

Экологиялық ықпалдар бойынша аймақтарды аймақтандыру нәтижесінде экологиялық мәнде ең жаманы агломерация орталығында тікелей орналасқан халқы тығыз ауылдық өңірлер, сонымен бірге Сараби а.ө. болып табылады, себебі онда радиоактивті қалдықтар полигоны орналасқан. Ең «таза» агломерацияның солтүстік аймақтары болып табылады.

IV кезең. Агломерация аймағында кешенді қала құрылысын бағалау

Аймақты бес тәуелсіз бағалау (табиғи-ресурстық, экономикалық-қала құрылысы, әлеуметтік-атқарымдық, инженерлік-көліктік және экологиялық) негізінде аймақтың кешенді қала құрылысын бағалау құрылды – КБ.

Кешенді бағалау көрсеткіштері олардың «салмақты» коэффициенттерін есепке алумен ТЫ, ҚЫ, ӘЫ, ИЫ, ЭЫ топтары бойынша тәуелсіз жеке бағалаудың ықтимал кіріктірілген көрсеткіштерін қосуға негізделеді:

КБ = тыК +қыК + әыК+иыК +эыК,

мұнда тыК, қыК, әыК, иыК, эыК – ықпалдар тобы бойынша «салмақты» көрсеткіштері;

КБ – кешенді қала құрылысын бағалау.

Кешенді бағалаудың нәтижелерін графикалық бейнелеу үшін көрсеткіштердің минималды және максималды мәндері анықталды, біркелкі мәндер аралығымен сап түзеу жүргізілді. Содан соң әрбір аралыққа өз түсі немесе түр сызықтар берілді.

Осы бағалаудың нәтижесі агломерация аймақтарында жеке аудандардың жайлылығы мен қолайлылығы көрсеткіштері бойынша, сондай-ақ табиғи және антропогендік ықпалдар кешені бойынша аймақтандыру болып табылады. Әрбір есептік деңгей қала құрылысы құндылығы мен аймақтың жайлылығының біріктірме көрсеткішіне ие.

Аймақты бағалау аймақтандыруы көрсеткіштердің тең мәндеріне қатысты және түрлі шаруашылық субъектілері мен қызмет түрлерін атқарудың бағасы тең шарттарымен бағалау аймақтарын бөлу жолымен жүргізіледі.

Кешенді бағалаумен сәйкесінше аймақтарды аймақтандыру аймақтың сапалық көрсеткіштерімен сәйкес әділетті жағдайды ашады.

Бағалауды неғұрлым әділетті ету үшін изохронды қол жетімділік коэффициенті енгізіледі, нәтижесінде әкімшілік бірліктердің агломерация орталығына жақындығы қала құрылысы дамуы үшін аймақтың қолайлылығын анықтайтын ықпал бола бастайды.

Кешенді қала құрылысын бағалауды жүргізу нәтижесінде келесі мәселелер шешіледі:

- аймақтың инженерлік-геологиялық, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, қала құрылысы құндылықтарын есептеуді ақпараттық қамту;

- өнеркәсіптік, ааматтық және техникалық кешендерді дамыту мен тарату үшін аймақ іздеу;

- пайдаланудың сол немесе басқа түрінің дамуын шектейтін немесе күрделендіретін аймақтың қасиеттерін анықтау;

- атқарымдық қызмет түрлерін анықтау;

- салық салу мақсаты үшін коэффициенттерді есептеу;

- жер телімдерін қолданушы заңды және жеке тұлғалар үшін аймақ құндылығы туралы және толық ақпарат алу.

КБ көрсеткіштерін саралау бойынша аймақтың 5 тәуелсіз бағасын жалпылайтын кешенді графикалық сызба аймақты әлеуметтік-экономикалық аймақтандыруды орындауға және қасиеттерінің ұқсастығы бойынша оларды бағалау аймақтары мен аудандарға біріктіруге мүмкіндік береді.

Осылайша, Кешенді қала құрылысын бағалаудың сандық мәндері 1,6 бастап 3,5 дейін шекте өзгереді, кешенді қала құрылысын бағалау мәндерінің аралықтарының өзгеру жолымен қажетті аймақ санының – 5, 6, 8 және т.б. аймақтандыру жүргізуге болады, аталмыш жағдайда бағалау аймақтарының саны – 5.

Аса құнды аймақтар 3,12-3,50 аралығындағы мәндері барлар болып табылады, бұлар Астана қаласының агломерация орталығынан тікелей жақын орналасқан, аса дамыған Қосшың а.ө. және Қоянды а.ө. 30 шақырымдай қол жетімділік шегінде орналасқан ауылдық өңірлер, сонымен қатар Ақкөл мен Ақмол аудан орталықтары.

Бұдан әрі шамамен 2,75-3,11 өзгеретін мәндері бар ауылдық өңірлер топтары кетеді. Мұндай мәндер бірінші топқа қатысты түрлі ықпалдармен «отырып қалған» ауылдық өңірдің агломерациялық ядросына жақындар үшін тән:



  • табиғи-ресурстық ықпалдар бойынша (Бозайғыр, Шалқар с.о., Жібек Жолы)

  • су ресурстарынан, Талдыкөл жинауышы суларының ластануы нәтижесіндегі экологиялық ықпалдар бойынша (Талапкер с.о., Қараөткел с.о.)

Сондай-ақ аталмыш топқа Астана қаласынан қашықтағы, алайда жеке ықпалдар тобының жоғары мәніне ие: Аршалы мен Шортанды (аудан орталықтары), Еңбек с.о. (табиғи-ресурстық әлеует) және Жолымбет (дамыған өнеркәсіптік кластер) кірді.

Кешенді бағалау мәні шамамен 2,38-2,75 ауытқып тұрған ауылдық өңірлердің келесі тобы шамамен 60 шақырым қол жетімділікте, негізгі арналардың маңында орналасқан аймақтардан тұрады.

Біршама қолайсыз 60 шақырым қол жетімділікте тұрған, бірақ тұрғындардың негізгі арнасынан тыс орналасқан және дамымаған көлік инфрақұрылымы бар ауылдық өңірлер (2,01-2,38) аймақтары болып табылады.

Кешенді бағалауға сәйкес шамамен Астана агломерациясының қолайсыз аймақтары 60 шақырым қол жетімділіктен тыс орналасқан және орналасудың негізгі арнасына әсер ету аумағына кірмейтін, алайда дем алатын қызметті дамыту үшін жақсы табиғи-ресурстық әлеуеті бар ауылдық өңірлер болып табылады. осындай бағалаудың нәтижесі қарастырылатын аймақтағы жеке аудандардың жайлылық пен қолайлық көрсеткіштері бойынша, сонымен бірге табиғи және антропогендік ықпалдар кешені бойынша аймақтарды аймақтандыру болып табылады. Әрбір есептік деңгей қала құрылысы құндылығы мен аймақтың жайлылығының біріктірме көрсеткішіне ие.

Астана қаласының агломерация аймағын кешенді бағалауға өнеркәсіптік, азаматтық және техникалық кешендерді дамыту мен тарату үшін аймақтарды іздеуде, аймақ қасиеттерін анықтауда, пайдалану түрінің осы немесе басқа түрін шектейтін немесе күрделендіретін жіберілетін ақпараттар қызмет етеді, ал ең бастысы жобалық шешімдердің неғұрлым ұтымды нұсқаларын таңдауда есептік негіздемені негізгі қамтамасыз етуге қызмет жасайды.
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шаралары көлемінің негізгі бағыттары:


  1. Мүмкін болатын қатты қирау аймағының шекараларын жобалық құрылыс шекараларынан алып тастау анықталады:

  • азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін (ерекше топқа елорда – Астана қаласы жатады) – қаланың жобалық құрылысы шегінде;

  • азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін (азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардын тыс орналасқан): нысанның жобалық құрылысынан 3 километрде (Аршалы ауданындағы Астана гидроторабы және Целиноград ауданындағы «Ақмола Феникс» АҚ), Ақкөл ауданының қарастырылып жатқан бөлігінде: ғарыш аппараттарын басқару және байланыс мониторингінің жер үсті кешені «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ, МЖТТ-10 (Қазақтелеком АҚ филиалы алыстағы байланысты ұйымдастырудың магистральды байланыс және теледидар желісінің техникалық торабы), Ақкөл ҮЭС, Степногорск МЭС, «АҮЭК» АҚ).

2. Мүмкін болатын қатты бұзылулар аймағының шекараларын жобалық құрылыс шекараларынан алып тастау анықталады:

  • азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін (ерекше топқа елорда – Астана қаласы жатады) – қаланың жобалық құрылысы шекарасынан 7 километр қашықтықта;;

  • азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін (азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардын тыс орналасқан): нысанның жобалық құрылысынан 10 километрде (Аршалы ауданындағы Астана гидроторабы және Целиноград ауданындағы «Ақмола Феникс» АҚ), Ақкөл ауданының қарастырылып жатқан бөлігінде: ғарыш аппараттарын басқару және байланыс мониторингінің жер үсті кешені «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ, МЖТТ-10 (Қазақтелеком АҚ филиалы алыстағы байланысты ұйымдастырудың магистральды байланыс және теледидар желісінің техникалық торабы), Ақкөл ҮЭС, Степногорск МЭС, «АҮЭК» АҚ).

3. Топқа немесе ұйымға, авзаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған, сол аймаққа іргелес жатқан ені 120 километр аумақпен қаланың мүмкін болатын қиратулар аймағы болуы мүмкін қатты радиоактивті зақымдану (ластану) аймағын құрайды.

4. Қатты әсер ететін улы заттары бар ыдыстар қираған жағдайда қорғалмаған адамдарға зақым тигізуі мүмкін концентрациялармен таралу мүмкіндігі бар химиялық қаупі бар нысандарға іргелес жатқан аумақ мүмкін қауіпті химиялық зақымдану аймағын құрайды.

Астана агломерациясы аумағында технологиялық үдерісте ҚӘУЗ пайдаланатын 1 химиялық қауіпті нысан бар:


  • «Ижевский» ӨК Аршалы ауданының Ижевское ауылында орналасқан, тұрғын үйлерден 0,2 км, өнеркәсіп кәсіпорындарынан 1,5 км қашықтықта орналасқан, химиялық қауіптіліку дәрежесі 3. Қатты әсер ететін улы зат – аммиак, өндірістік үдерісте қолданылуы – 4 тонна (жобалық мүмкіндіктер – 6 тонна). 2009 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен басшылыққа қабылданған «Химиялық қауіпті нысандарда және көлікте техногендік сипаттағы апаттар кезіндегі мүмкін зақымдану аймақтарын есептеу» «ТОКСИ ТАБЛ» электронды бағдарламасының есептеулеріне сәйкес – қолайсыз ауа-райы жағдайында мүмкін химиялық зақымдану аймағының тереңдігі шамамен есептегенде – 0,45 км; қауіпті концентрация таралуының жалпы ауданы шамамен есептегенде – 0,47 шаршы км; секундына 2 метр жылдамдықта әсер етуші әрекеттің ұзақтығы шамамен есептегенде – 30 минутқа жетуі мүмкін.

5. Мүмкін су тасқыны нәтижесінде адамдардың зардап шегуі, ғимараттар мен құрылыстардың қирауы, басқа да материалдық құндылықтардың зақымдануы немесе жойылуы орын алуы мүмкін аумақ мүмкін апатты су басу аймағын құрайды.

6. Мүмкін қираулар, химиялық зақымдану, апатты су тасқыны, радиоактивті және биологиялық зақымдану (ластану) аймақтарынан тыс, жергілікті және басқа жаққа көшірілетін халықтың тіршілік әрекеті үшін жарамды облыстың әкімшілік шекарасы шегіндегі аумақ қауіпсіз аймақты құрайды.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, Астана агломерациясының аумағы барлық аталған қауіп-қатерге түсетінін және барлық қауіпті фактор аймақтарына ие екенін көруге болады. Орын алуы мүмкін күшті радиоактивті зақымдану аймағы Астана агломерациясы аумағын 100% қамтиды. Астана су қоймасының бөгеті бұзылған жағдайда апатты су тасқыны аймағына халқы 21091 адамды құрайтын 33 елді мекен түседі, мүмкін су тасқынының ауданы 36,5 шаршы метрді құрауы мүмкін.

Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеген және жаңа тұрғын аудандарға аумақтарды таңдаған кезде мыналарды ескеру қажет:

- азаматтық қорғаныс бойынша санатталған кәсіпорындарға қатысты орналасуын;

- апатты су басу аймағын;

- жел тармақтарын;

- Астана қаласынан бытырап орналасу және басқа жерге көшіру орындарына қатысты орналасу.

Жаңа тұрғын аудандарын салу үшін соққы толқынының таралу факторының орталығына қатысты кері еңіспен төбеде орналасқан аумақтарды таңдаған жөн, бұл соққы тоқынының әсерін азайтады.

Ашық кеңістіктерде, өндірістік және тұрғын аудандарының жанында соққы толқынын төмендететін жасыл көшеттерді отырғызу қажет.

Жаңа ұйымдар тобын және азаматтық қорғаныс бойынша жекелеген санатталған ұйымдарды экономикалық жағынан келешегі бар шағын және орта қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде, азаматтық қорғаныс бойынша ерекше топтағы қалалардан 60 км қашықтықта орналасатырады.

Астана агломерациясын тиісті түрде өрттен қорғау үшін ҚР ҚН 2.02-30-2005 «Өртке қарсы қызмет органдары нысандарын жобалау нормалары»-на сәйкес, 14 бірлік көлемінде өрт деполарының типтік ғимараттарын жаңадан салу қажет.

Өрт депосының қызмет көрсету радиусы 3 км аспауы керек. Елді мекендердегі өрт деполарының саны, оларды салу ауданы, сонымен қатар өрт автокөліктерінің саны өртке қарсы қызмет органдары нысандарын жобалау нормалары бойынша қабылданады.

Целиноград ауданында:

- Ақмол а. – Астана қаласына дейінші қашықтық 37 км. – 4 шығуға 1 өрт депосы және 2 шығуға 1 өрт депосы;

- Қосшы а. – Астана қаласына дейінгі қашықтық 15 км - 4 шығуға 1 өрт депосы және 2 шығуға 1 өрт депосы;

- Талапкер а. – Астана қаласына дейінгі қашықтық 15 км - 2 шығуға 2 өрт депосы;

- Қараөткел а. – Астана қаласына дейінгі қашықтық 18 км - 2 шығуға 2 өрт депосы;

- Қоянды а. – Астана қаласына дейінгі қашықтық 17 км - 2 шығуға 2 өрт депосы;

Аршалы ауданында:

- Жібек Жолы а. – Астана қаласына дейінгі қашықтық 35 км - 2 шығуға 2 өрт депосы;

Шортанды ауданында:

- Байғазар а. – Астана қаласына дейінгі қашықтық 35 км - 2 шығуға 1 өрт депосы;

- Жолымбет а. – Астана қаласына дейінгі қашықтық 50 км - 2 шығуға 1 өрт депосы;

Целиноград ауданының Максимовка, Қабанбай батыр, Софиевка ауылдарындағы әрекеттегі өртке қарсы бекеттер типтік емес, бейімді үй-жайларда орналасқан, заманауи өрт техникасының дайындығын қамтамасыз етпейді, бұл әрқайсысы 2 шығуға есептелген 3 өрт депоның құрылысын талап етеді.

Ақкөл ауданының қарастырылып жатқан бөлігінде ҚР ҚН 2.02-30-2005 «Өртке қарсы қызмет органдары нысандарын жобалау нормалары»-на сәйкес өрт деполарын салу қажет емес.

Сонымен қатар Астана агломерациясы аумағында көптеген су айдындары мен өзендердің болуын, соңғы жылдардағы көктемгі ту тасқындарының нәтижелерін ескере отырып, су-құтқару станциясын орналастырған жөн, жаңа құрылысты Целиноград ауданының Талапкер кентінде жобалау қажет.

Астана агломерациясының аумағын ауқымды су тасқыны құбылыстарынан инженерлік қорғау жөніндегі тәжірибелік шешімдерді әзірлеу үшін барлық құрамдас факторларды және мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымының есептеулерін ескере отырып, тереңдетілген әрі толық зерттеуді жүргізіп, жекелеген жобаны әзірлеген жөн.

Бұл жобада ескерген жөн:

- аумақтың өзендері мен су айдындарында метеоқызмет органдарының жағдайын бақылау және оны нығайту мен жетілдіру шараларын қабылдау;

- өзендер мен су айдындарында гидробекеттер желісінің әрекет етуін бақылау және оны нығайту мен жетілдіру шараларын қабылдау, атап айтқанда Қазгидромет бөлімшелері үшін болжамдық деректердің тұрақты жиналуын қамтамасыз ететін кешенді бақылау жүйесін құру, сандық жабдықпен, есептеу техникасы құралдарымен, байланыстың заманауи түрлерімен жабдықтау;

- өзендер мен су айдындарындағы гидрологиялық ахуалды үздіксіз бақылау, су тасқыны қаупі туралы дер кезінде және шұғыл ескерту жүйесін құру, жетілдіру және әрекет етуін қамтамасыз ету

- спутниктің бақылау деректерін пайдалану;

- гидротехникалық имараттар үшін шамадан тыс шығатын параметрлерді болдырмауды бақылау, су қоймаларының апатты жұмыс істеуі туралы ескерту;

- болжалынып отырған су тасқыны болған жағдайда орын алуы мүмкін жағдайды болжау және болжам нәтижелері туралы билік органдарына, мекемелеріне, ұйымдарына, апатты-техникалық қызметтерге хабарлау;

- тиісті әдістемелердің көмегімен болжау, күтіліп отырған су тасқынын ескерумен гидрологиялық үдерістерді модельдеу;

- қауіпсіз жерге көшірілген халықты орналастыруға арналған аумақтарды анықтау;

- тасқын суларды қабылдау және судың ағуын реттейтін су қоймаларының жұмысын бақылау;

- су тасқыны алдындағы және су тасқыны кезеңдерінде, сел кезінде бақылауды күшейту;

- су тасқынын апатты бұруға дайындалу, мұз қатпарларының құрылуын алдын алу мақсатында (әсіресе оңтүстіктен солтүстікке қарай ағатын өзендерде) өзендердің саяз жерлерінде түбін тереңдететін және арнасын түзейтін жұмыстар. Мұз құрсауын әлсірету, сеңнің тоқтауын болдырмау, кептелістермен және сеңнің тоқтауымен күресу;

- Майбалық көлінің тасқынды және еріген су басудан қорғау мақсатында Майбалық көлінен Нұра – Есіл каналына дейін су бұру жүйесінің техникалық-экономикалық негіздемесін және құрылыс жобасын әзірлеу.


жүктеу 4,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау