Ќашыќтыќтыќтан оќыту технологиясын ўйымдастырудыѕ теориялыќ негіздемесі



жүктеу 428,67 Kb.
бет2/2
Дата24.12.2017
өлшемі428,67 Kb.
#5575
1   2
дидактикалық талаптарды белгілеуге болады:

- әр түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану негіздері;

- Интернет-технологияны пайдаланудың нақты орны, бағдары және уақыты;

- сабақ жүргізудегі педагогтың басты тұлға ретіндегі орны;

- Интернет-технологияның басқа қолданыстағы техникалық оқыту құралдарымен тығыз өзара байланысы;

- технологияға тек сапалы оқытуға кепілдік беретін компоненттерді енгізу;

- компьютерлік оқыту әдістемесінің сабақты жүргізудің жалпы стратегясына сәйкестігі;

- Интернет-технологияны оқу құралдары кешеніне енгізу, жүйенің барлық компоненттерін қайта қарауды және оқытудың жалпы әдістемесін өзгертуді талап ететінін ескеру;

- оқытуды дараландырудың жоғары дәрежесін қамту;

- оқытудағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету.

Интернет-технологиялар оқыту үдерісін мынадай дидактикалық мүмкiндiктермен қамтамасыз ете алады:

- Web-технологияларды, электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды тиімді пайдалануға бағыттау арқылы білім алушыны өзіндік ізденіс жұмыстарына бейімдейді, соның негізінде оның зерттеушілік дағдысын қалыптастырады;

- ақпараттық қоғам жағдайында білім алушыны нақты бір нәтижелі іс-әрекетке тарту арқылы оның тұлғалық сипаттарын дамытады;

- интерактивті байланыс негізінде білім алушының өз ортасымен қарым-қатынас жасау қабілетін дамытады;

- қандай бір мәселені талдауда білім алушының қолайлы шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастырады;

- желілік мәліметтер қорын пайдалану барысында білім алушының ақпаратты ерекше қызығушылықпен, шығармашылықпен өңдеу іскерлігін арттырады.

Сонымен қатар, келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- оқыту үдерісінде қабылдаудың бiрнеше арналарын пайдалануға;


  • сезiм мүшелерiн белсенділендіруге ықпал жасау арқылы оқу ақпаратын презентациялауға;

  • абстрактiлi мазмұнды визуалдауға;

  • оқу материалын әртүрлі типте ұсынуға, т.б.

Интернет-технологиялар бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар мыналар:

-  білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталы;

- телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтар;

- әртүрлі терминалдар: мультимедиалық сыныптар, электрондық оқу залдары;

- желілік-мультимедиалық контенті;

-  тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушылық, оқу-көмекші және техникалық қызметкерлер;

- оқу контентін (локальдық және желілік) құру үшін ақпараттық-коммуникациялық зертханалар;

- оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS).

Жалпы, дидактикалық ұстанымдарға сүйену және жоғары оқу орындарында Интернет-технологияны білім беру үдерісінде пайдалануға арналған жоғарыда белгіленген талаптарды орындау мамандарды дайындау сапасын жоғарылатады.

Жоғары оқу орындарында мамандардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру Интернет-технологияны мына тұрғыда пайдалануды ұсынады:

- танымдық үдерісті тиімділендіруді, кәсіби іс-әрекеттің жеке түрін қалыптастыруды қамтитын оқыту құралдары;

- кәсіби ортада ақпараттық үдерістерді ұйымадастыру ерекшілігін ескеретін ақпаратты өңдеудің заманауи әдістерімен танысу;

- қазіргі заманғы ақпараттық ортада шешім қабылдауды қалыптастыруды қамтитын кәсіби мәселелердің шешімінің құралдары: анықтама, кәсіби – маңызды ақпаратты іздеу және ұйымдастыру, қойылған мәселеге қажетті құралдарды пайдалану және таңдау, ақпаратты өңдеу технологиясын жасау, кәсіби мәселелерді шешу үдерісін тиімділендіруде алынған нәтежелерді қолдану.

Мәселені теориялық талдау және біздің тәжірибеміз мамандарды кәсіби дайындауда Интернет-технологияны тиімді пайдалану мыналарға тәуелді екенін көрсетеді:

- білім алушылардың оқу-танымдық жұмысын ұйымдастыруда қолданатын педагогикалық құралдардың тұжырымдамалық тұрғыдан талданғанына;

- қазіргі маманның қызмет ортасына дайындығының деңгейі;

- білім алушының интернет-технология көмегімен кәсіби-бағдарланған мәселелерді шешуге дайындық деңгейі. Студенттерді нақты бағдарламалық жабдықпен жұмыс жасауды үйретуде ең алдымен кәсіби жұмысында табысты пайдалану және әрмен қарай өзінше оқу мүмкіндіктерін пайдалануға негіз салу қажет.

Болашақ маманды дайындау міндетіне тек бағдарламалық жабдықтағы таңдалған операцияларды меңгеру ғана емес, сонымен бірге оған қажет болатын белгісіз операцияларды іздеу және игеру де кіреді.

Болашақ мамандар қажетті білім негіздерін игеруі керек және интернет-технологияны пайдаланудың жеке тәжірибесін жинақтау керек, оларды кәсіби жұмысында пайдалану үшін сәйкес дайындықта болуы керек.

В.В.Алейников интернет-технологияны оқытуда пайдалану екі есе тиімділік береді дейді: бір жағынан ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметтерді өзгертуге ықпал етеді, ал, екінші жағынан студенттерде заманауи компьютерлік техниканың жетістіктерін пайдалану дағдылары қалыптасады.

Интернет-технологияның дидактикалық қасиеттері мен ұстанымдарынан Интернет-технологияны жоғары кәсіби білім беруде тиімді қолдануының дидактикалық шарттарын ерекшелеуге болады. Олар:


  • білім алушылардың кәсіби тұрғыда орнығуын, уақытын бақылау және диагностикалау;

  • компьютерлік құралдарды кешенді қолдану;

  • танымдық іс-әрекеттің сапалы жүргізілуін ұйымдастыру;

  • оқытушылар мен студенттерді Интернет-технологияны қолдануға дайындау;

  • материалдық және оқу-әдістелік базаны құру;

  • оқытушылар мен білім алушыларда Интернет-технологияға деген оң пікірді қалыптастыру.

Интернет-технологиялар өзінің дидактикалық мүмкіндіктерімен оқыту жүйесінің барлық компоненттеріне (оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістері мен ұйымдастыру түрлеріне) әсер етуімен қатар, адамның интеллектуалдық, шығармашылық әлеуетін, аналитикалық, сыни ойлау қабілетін, оқу барысында түрліше ақпарат көздерімен өздігінше жұмыс істей алу қасиетін дамыту секілді күрделі педагогикалық міндеттерді шешуді де қамтамасыз етеді.

Интернет-технологиялардың компоненттеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • оқытатын компьютерлік интернет-бағдарламалар (интернеттегі электрондық оқулықтар, тренажерлік, тестілік жүйелер);

  • мультимедиа технологиясының базасында құрылған оқыту жүйелері;

  • интеллектуалдық және эксперттік жүйелер;

  • тармақталған желілік мәліметтер қоймасы;

  • электрондық пошта, телеконференция секілді телекоммуникация құралдары;

  • электрондық кітапханалар.

Интернет-технологияны қолдануға деген педагогтің қызығушылығы басты шарт болып табылады. Бұл дегеніміз, Интернет-технологияның кейбір оқытудың педагогикалық міндеттерін тиімді шешуге көмектесетінін педагог түсіне білуі керек, (мысалы, оқытылатын материалдың маңыздылығын ашуда, тәжірибелік жұмыстың нәтижелерін айқындауда, оқу жұмысын басқаруда, оқу материалын қабылдау нәтижелерін тіркеуде). Сонымен қатар, шығармашылық емес сипаттағы педагогикалық жұмыстарды (мысалы, оқылатын бөлім бойынша бастапқы мәліметтерге түсіндірме беруді, тәжірибелік жұмыстарды тексеруді) автоматтандыру арқылы уақытты үнемдейді. Өтінішке орай, тәжірибеде кейбір жоғары оқу орындарында интернет-технологиялармен жұмыс жүйеленбеген, ал оқытушының шынайы еңбегі олардың жеке жұмыс жоспарында ескерілмейді.

Педагогтың жұмысын талдау негізінде тұлғалық-бағдарланған педагогикалық жағдайды құру бойынша біз тұлғалық дамыту, оқыту құралдары жүйесінде компьютерді қолдануға студенттер дайындығының спецификалық мазмұнын ерекшелеген едік. Бұл мазмұнның құрылымында бірнеше компоненттер анықталды. Бірінші компонент:



  • ақпараттық қоғамның жалпы бағдарынан;

  • компьютерлік технология мүмкіндіктерінен;

  • білімнің тұлғалық парадигмасы туралы және педагогикалық жағдайлардың тұлғалық-бағдарлық табиғаты туралы көріністерінен;

  • ақпараттық технологиялар мүмкіндіктері туралы ұғымдардан;

  • мамандарды даярлау үшін стандартта қаралған компьютерлік жүйелерді қолданудағы информатика бойынша базалық ұғымдардан;

  • білім алушының тұлғалық тәжірбиесін маңыздандыру үшін заманауи білім технологияларын пайдалану мүмкіндіктері туралы жағдайлардан тұрады.

Екінші компоненттің мазмұны компьютерді оқытуда қолдану тәжірбиесіне негізделген және оқытылатын пәннің ерекшілігін ескеріп компьютерді қолдану негіздерінен құралатын ұғымдар мен операциялар жүйесін қалыптастыруға негізделген.

Үшінші компонент мазмұнына стуенттерге адам жұмысының қуатты құралы ретіндегі компьютердің рөлін түсіндіретін оқу материалының қымбат әлеуеті мен оқыту әдістерін таңдауының шығармашылық тәжірибесі кіреді.

Төртінші компонент мазмұны компьютерді терең меңгеруге деген студенттің өзінің қатынасымен сипатталады. Ол болашақ маманның кәсіби мүмкіндіктерін және олардың даму әдістерін анықтайтындықтан компьютерлік технология көмегімен оқытудың тиімді жолдарын іздеуде белсенді тұлғалық орынды алудан, маманның тұлғалық дамуынан, жаңа ақпараттық мәдениеттің қалыптасуынан туындайды.

Интернет-технологиялар арқылы білім алушылардың белсенді ойлау әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісі дамумен қатар, олардың кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығы артады. Сондай-ақ, интернет-технологиялар білім алушылардың игерген білімін, кәсіби құзіретін практикалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен пайдалануға жол ашады.

Интернет-технологияны қолданудың психофизиологиялық ерекшеліктері студенттердің кәсіби іс-әрекеттерді меңгеруін және соған байланысты жұмыс жасауын, олардың бірқатар кезеңдерден өтуін қадағалайды. Бұл кезеңдердің әр қайсысы болашақ маманның кәсіби біліктіліктің жаңа деңгейіне жетуімен белгіленеді, олардың бірі - кәсіби орнығуы, яғни, қызметтік міндеттерін өзінше орындау мүмкіндігі, нақты жұмыспен қамтылуы (қызметтік міндеттерді мерзімінде және сапалы орындау); екіншісі - кәсіби шеберлікке жету (жеке мүмкіндіктерді жүзеге асыратын шығармашылық қабілетті қалыптастыру).

Интернет-технологияның дамуының қазіргі жағдайында оқытудың комьютерлік құралдарының, компьютерлік оқыту бағдарламаларының және оларды қолдану технологиясының толық жетілмегеніне байланысты мәселелерді ескермеуге болмайды. Біз бұл жерде «Адам-машина» диалогын, оқытудың компьютерлік құралдарын пайдалану және оларға көмек беретін компьютерлік бағдарламалар туралы айтып отырмыз. Бұл, шығармашылық іс-қимылды және студенттер белсенділігінің өрісін тарылтады. Студенттердің монитор дисплейінде ұзақ уақыт жұмыс істеуі теріс физиологиялық салдарларға әкеліп соқтырады (қабылдау функциялары, ақпаратты өңдеуі, назар аудару концентрациясы төмендейдейді, көзі шаршайды). Жоғары оқу орындарында бұл мәселелерді зерттеуде студенттердің 58%-ы компьютерде жұмыс жасау барысында психологиялық қиналыста болған, оларды тарқатып айтатын болсақ:



  • компьютерде жұмыс жасай білуінің төмендігінен қиналғандары 35%-ды;

  • сабақта қойылған мәселенің шешімін табуда уақыт тапшылығын сезінгендері 12%-ды;

  • ақпараттың алуандығынан, көптігінен қиналғандары 1%-ды;

  • керісінше қажетті ақпараттың жетіспеуінен қиналғандары 6%-ды;

  • ақпараттың бір мәнді берілуі, қозғалыстың қайталануы кері әсер еткендердің саны 2%-ды;

  • басқа да себептермен қиналғандары 2%-ды құраған.

Бұл айтылғандардан қорытындылайтынымыз: оқыту үдерісінде интернет-технологияларды пайдалануда барлық теріс факторлорға барынша назар аудару қажет. Бұл мақсатта жоғары оқу орындарында оқу үдерісін компьютерлендіру мәселелерін шешу үшін акмеологиялық-педагогикалық қатынастар міндетті түрде жүзеге асуы керек. Бұл толыққанды және белсенді мамандарды даярлаудың кәсіби жүйесіндегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында білім алушының кәсіби орнығуына көмек береді.

Өз білімін үнемі толықтыру қажеттілігінің дәрежесі әр адамда әр түрлі. Студенттерде көбінесе дербес мәселелерді шешумен байланысты прагматикалық мотивтер бірінші орында тұрады. Бұл жағдайда, әсіресе, Интернет-технологияны қолдануда оқу жұмысына ынталандыру, оқуға деген оң көзқарасты тұрақтандыру, жұмыстың ыңғайлы тәртібін құру бойынша арнайы өлшемдерді алмастыру басты орында болып саналады. Бұл кезде білім оқушыларды өзінше оқуға тартуды, құбылыстар мен үрдістерді талдау және жинақтау мүмкіндіктерін күшейту керек.

Осы жүргізілген зерттеулер Интернет-технологияны қолдану жағдайында оқытудың компьютерлік құралдары тұлғаның іс-әрекетінің ішкі мақсатқа сай болуының қажетті алғышарттарын құру құралы болып табылатындығын көрсетеді. Бұл жерде айтылып отырған алғышарттардың бірі: білім беру мазмұнына білім алушылардың мінезінің және логикалық ерекшеліктерінің, олардың ойлау стилінің сай болуы. Бұл жағдайда студенттер сыртқы факторларға тәуелсіз болады.

Интернет-технологияларды қолдануда оқу мотивациясын қалыптастырудың басты мәні танымдық әрекет үрдісін басқару мүмкіндігі болып табылады. Әрбір студент компьютерден тек ақпаратты ғана алмайды, сонымен бірге, бақылаудың алдын алып, оның маңызды бөлігін іздейді. Бұл жағдайда, студент әрбір сұраққа жауапты іздеу кезінде еріксіз есте сақтау элементтерін іске қосады, микромәселелік жағдайды құрайды.

Интернет-технологияларды қолдануда ең үлкен құндылық, зерттеулерге сәйкес барлық зейінді қамту мүмкіндігінің болуы. Интернет-технологияларды қолдану бойынша жұмыс жасау білім алушыға белсенділік береді, ол соншалықты қызығушылық танытады, уақытты да ескермей өз жұмысын аяқтайды.

Бұл жағымды психологиялық жағдайды туындатады және білім алушылардың компьютермен жұмыс жасау барысында оқу материалына тұрақты көңілін аудартады. Ақпаратты тұтынушының қабылдау ерекшеліктерін ескеріп ұсыну студенттің көңіл күйіне оң әсерін тигізеді.

Зерттеу барысында өткізілген эксперимент білім беруде Интернет-технологияларды қолдану жағдайында студенттерде мотивацияның дербес түрлері көрініс беретінін дәлелдеді, «бетперделік» мотивтерден шынайы тұлғалық мотивтерге ауысу орындалатындығына көз жеткізді. Интернет-технологияларды қолданып оқыту студенттерде оқуға деген оң қатынасты қалыптастырады, ішкі мотивацияны дамыту үшін өзіне деген сенімді нығайтады, өзін-өзі бағалауда объективтілікті, тәртіптік пен интеллектуалды белсенділікті, өзін түсіну сезімін жоғарылатады, сонымен қатар, жалпы оқудағы тиімділікті жоғарылатады.

Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді етуге негізделген Интернет-технологиялар тек студенттердің психофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру жағдайында ғана тиімді бола алады.

Зерттеу көрсеткендей, студенттерді кәсіби дайындау үдерісінде Интернет-технологиялардың бірнеше түрлерін қолдануға болады. Оларды басқаша Интернет желісінің сервистері деп те атайды. Әрбір сервистің өзіндік ерекшелігі бар және оны басқаларынан бөлек қарауға болмайды. Сондықтан да, оларды қандай да бір жіктемеге қосарлап, бекітіп қою мүмкін емес. Дегенмен де, Интернет сервистерін кейінге қалдырылған (off-line), тура қатынасты (on-line), интерактивті сервистері деп бөлуге болады.

Кейінгі қалдырылған сервисінің компьютер ресурстары мен байланыс желілеріне талаптары көп емес және ол әмбебап болып саналады. Тура қатынасты сервистерде ақпарат сұраныс бойынша жылдам қайтарылады. Бірақ ақпарат алушыдан жылдам реакция талап етілмейді. Алынған ақпаратқа жылдам реакцияны талап ететін сервистер интерактивті болып табылады.

Сонымен бірге, кейбір зерттеушілер, сервистердің инфрақұрылымдық түрін атап көрсетеді. Ол операциялық жүйенің бөлігі ретінде берілетін бағдарламалық құралдарға негізделген. Интернет желісінің сервистерінің жіктемесі 1-кестеде берілген.
Кесте 1. - Интернет сервистерінің жіктемесі


Тура қатынас

(on-line) сервис



Кейінгі қалдырылған

(off-line) сервис



Интерактивті сервис

Инфрақұрылымдық сервис

WWW,

Archie


Gopher,

Hуper-G,


WAIS

E-Mail,

Usenet,


Mail lists

IRC,

MUD,


MOO

FTP,

Telnet,


Finger, т.б

Интернет-техналогия арқылы болашақ мамандарды кәсіби даярлау оқыту үдерісінің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуімен үздіксіз байланыста.

Бағдарламалық-техникалық құралдар көмегімен құрылымданған оқу сабағының Интернет-технологияларды пайдалану негізіндегі дидактикалық құрылымы берілетін оқу ақпаратының логикалық ретін, оқытушы мен студенттің әрекеттерінің түрін анықтайды, бұл дегеніміз, танымдық әрекетті басқару мен өзін-өзі басқарудың үйлесімділікте болатындығын көрсетеді.

Оқытудың бағдарламалық-техникалық құралдарының дидактикалық ерекшеліктері:



  • нақты дидактикалық бағытта болуы және оқыту үдерісінің жоспарланған кезеңіне сәйкес келуі керек;

  • оқу материалының ғылыми деңгейімен және оның логикалық құрылымымен сәйкес болуы қажет;

  • оқу материалының құрылымдық элементтері арасында ғылыми және әдістемелік байланысты қамтамасыз етуі керек;

  • білімнің сабақтастығын ескеруі қажет;

  • білімнің, ғылымның үнемі дамып отыратындығын ескеруі керек;

  • сабақтың білімдік, тәрбиелік және дамытатын міндеттер кешенін шешу үшін жағдайлар туындатуы тиіс;

  • білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз етуі қажет;

  • білім алушылардың дайындық деңгейін ескеруі керек.

Интернет желісінде жұмыс жасауға арналған бағдарламалық жабдықтар жеткілікті. Солардың бірі – браузерлер. Браузерлер гипермәтіндерді қарап шығу бағдарламалары ғана емес, олар FTP файлдарды жүктеу құралдары да болып табылады. Браузерлердің екі негізгі функциясы бар, олар: Web-беттерді қарап шығу және оның мазмұнын (HTML-құжаттарды) өңдеу. HTML-құжаттарын қарап шығатын көптеген бағдарламалар бар: Mosaic, Cello, Global Network Navigator, Opera және т.б. Бірақ танымал, әрі көп қолданылатын браузерлер: Microsoft Internet Explorer және Netscape Communicator.

Браузерлермен қатар, Интернет жұмысын үйлестіретін World Wide Web технологиясының да орны ерекше.

Қазіргі кезде білім беруде Интернет-технологияны қолданумен байланысты пәндерге жасалған бірнеше оқу жоспарларын атап өтуге болады Біз өз зерттеуіміз бойынша «Интернетте жұмыс істеу негіздері» пәнінен оқу жоспарын қарастырдық. Мұнда пәнге жалпы көлемі 2 кредит қарастырылды (30 сағат дәрісханалық жұмыс және 16 сағат студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы, 44 сағат студенттің өзіндік жұмысы). 30 сағат дәрісханалық жұмыстың 15 сағаты лекцияға, 15 сағаты зертханалық сабаққа жоспарланды.

Қойылған міндеттерге жетудің дидактикалық құралдарының бірі ретінде танымал мультимедиалық бағдарлама «Teach Pro Internet» қолданылды. Ол бүкіләлемдік Интернет желісінде жұмыс жасауға арналған кең тараған нұсқаушы бағдарлама болып табылады.

«Интернеттте жұмыс істеу негіздері» курсын оқытудың қорытынды кезеңінде студенттерге алған білімдері мен дағдыларын қолдануға мүмкіндік беретін Интернет желісінде тәжірибе қарастырылған.

Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу үшін бастапқы материалдар информатика мамандығы студенттерінің даярлығын бақылау үшін дайындалды. Сонымен бірге «Интернетте жұмыс істеу негіздері» курсынан алған өзіндік педагогикалық тәжірибе пайдаланылды.

Эмпирикалық мәліметтер параллель жинақталды, Интернет-технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктерін пайдаланып болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдарына қатысты жұмыс болжамы қалыптасты. Келешектегі кәсіби жұмыстарына болашақ мамандардың дайындық күйін зерттеу осы жұмысқа қатысқан студенттердің дайындық деңгейін анықтады.

Бұл диссертациялық зерттеуде эксперименттік топ ретінде Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің информатика мамандығының үшінші, төртінші курстарда оқитын студенттері таңдалды. Бақылау тобы ретінде аталған оқу орнының математика мамандығының студенттері қарастырылды. Экспериментке 47 студент қатысты, олардың 28-і эксперименттік топтан (60%) және 19-ы бақылау тобынан (40%).

Зерттеу барысында компьютерлік жаңалықтарға қарым-қатынасына тәуелді студенттер тобын ерекшелеуге талпыныс жасалды. Инновациялық бағдарды қалыптастыру деңгейі бойынша студенттердің үш тобы шығарылды: жоғары, орташа және төмен деңгейлері.

Жоғары деңгей. Студенттер қазіргі заман талабына сай кәсіби іс-әрекеттегі Интернет-технологиялардың мәнін және мүмкіндіктерін ұғынды. Олар Интернет-технологияларды қолданумен жүргізілетін курстарға терең және тұрақты қызығушылық білдірді, жаңа ақпараттық технологияны қолдану аумағында жаңа құзіреттіліктерге ие болуға ұмтылды. Мұнда инновациялық әдістерді қолдану мұқтаждығы қажетті норма болып есептелді.

Орташа деңгей. Бұл топтың студентері Интернет желісіне аса қызығушылық танытпайды, бірақ, оқу-тәрбие үдерісінде Интернет-технологияларды қолданудың мәнін түсінеді.

Студенттер оқытушының шығармашылық сипаттағы еңбегін сезінеді, бірақ өздерінің педагогикалық жұмыстарында стандартты емес, әлемдік желіні пайдалану арқылы оқу-тәрбиелік мәселелерді шешуде дәстүрден тыс әдістерді қолдануға асықпайды.

Төменгі деңгей. Студенттер Интернет желісімен оқытуға қызығушылық танытпайды және өзінің кәсіби іс-әрекетінде оның қаншалықты қажет екенін түсінбейді.

Студенттердің бұл тобында Интернет-технологияларды қолдану мен зерттеу мұқтаждығы тіптен жоқ немесе тек қатты қажет болған жағдайда ғана туындайды.

Сонымен, тәжірибе барысында студенттік ортада Интернет-технологияларды пайдалану мен үйренуге әртүрлі қызығушылық қарым-қатынас орнатылды.

Көрсеткіш ретінде, бұл зерттеуді жан-жақты сипаттау үшін И.П.Подласыйдің жіктемесі қолданылды. Ол жіктеме мыналардан тұрады: компьютерлік верификация, электрондық модельдеу, эксперттік бағалау, факторлік және корреляциялық талдау және т.б. Бұл жіктеме білім алушы мамандарды кәсіби даярлау үшін оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды қолданудың тиімділігін анықтауда ерекше мәнге ие.

Тәжірибелік жұмыстардың келесі кезеңінде зерттеу логикасына сәйкес шарттар кешенінің Интернет-технологияларды қолдануға студенттердің дайындық деңгейіне әсерінің дәрежесі анықталды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қорытынды кезеңінде біз: эксперименттің нәтижелерін өңдеуді, теориялық және эксперименталдық қорытындыны нақтылауды, эксперименттік бақылауды орындадық.

Эксперимент соңында Интернет-технологияларды қолданудың төменгі деңгейіне тиесілі студенттер саны азайды. Эксперименттік топтағы Интернет-технологияларды пайдалану дайындығының төменгі деңгейінен зерттеу және танымдық деңгейдегі студенттер саны көбейді. Атап айтқанда, эксперименттік топтағы студенттердің төменгі деңгейдегі көрсеткіші 46,5%-тен 13,8%-ге азайса, жоғары деңгейдегі көрсеткіші 10,8%-ден 30%-ға жоғарылады. Ал, бақылау тобындағы студенттердің төменгі деңгейдегі көрсеткіші 44,1%-ден 36,6%-ға ғана азайса, жоғары деңгейдегі көрсеткіші 12%-дан 14,7%-ға ғана жоғарылады.

Жүргізілген тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар нәтижелері салыстырмалы түрде 2-кестеде және соған сәйкес диаграммада берілген.


Кесте 2. - тәжірибелі-эксперименттік зерттеу нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші (%).




Топтар

Студенттер саны

Білім деңгейлері

Эксперимент-ке дейін

Эксперимент-тен кейін

1

Эксперименттік топ

28 (60%)

Төмен

46,5%

13,8%

Орта

42,7%

56,2%

Жоғары

10,8%

30%

2

Бақылау тобы

19 (40%)

Төмен

44,1%

36,6%

Орта

43,9%

48,7%

Жоғары

12%

14,7%


Интернет-технологияларды қолдануда болашақ білім алушылардың даярлығын табысты функционалдық және дамытудың педагогикалық шарттар кешенін эксперименталды зерттеу бірнеше кезеңде өтті. Зерттеу эксперименті барысында болашақ білім алушылардың инновациялық бағытын құрайтын шарттар, Интернет-технологияларды қолдану аумағында кәсіби-педагогикалық білім мен құзіреттіліктерді шығармашылық түрде меңгеруді қамтитын шарттар негізге алынды.

Бұл кезеңде алынған эксперименталды мәліметтер студенттерді педагогикалық шарттар кешені шеңберінде оқыту оқу-тәрбиелік үдерісінде Интернет-технологияларды қолданып студенттердің дайындық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретіндігін көрсетті.

Жасалған жұмысты талдау нәтижелері Интернет-технологияларды педагогикалық шарттар кешені шеңберіндегі танымдық құрал ретінде пайдалану білім алушы студенттерді тиімді даярлауға көмектесетінін көрсетті, ол Интернет-технологияларға негізделген оқу-тәрбиелік үдеріске жаңа амалдарды өңдеу, қолдану және зерттеу бойынша белсенді және ойлы әрекеттерді сипаттайтын дайындықтың инновациялық бағытын қамтиды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Интернет-технологияларды арнайы зерттеу пәні ретінде қарастыру, білім алушылардың дайындығының педагогикалық шарттарын ерекшелеу арқылы жоғары оқу орындарының барлық бейіндік саласы бойынша болашақ мамандарды дайындау қажеттілігімен сипатталады. Бұл, жаңа ақпараттық технологияларды педагогикалық тәжірибеге тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер жасалғанымен, олар студенттерді Интернет желісі технологиясын пайдалану дайындығының қажетті деңгейін толыққанды қамтамасыз ете алмайды. Сонымен, компьютерлік бағдарламалық және аппараттық жабдықтар адам әрекетінің барлық ортасында қолдану мүмкіндіктерін өсіретін сандық және сапалық өзгерістерді туындатады деп айта аламыз. Осыған байланысты Интернет-технологияларды қолдану аумағында болашақ мұғалімдерді жалпы пәндік даярлау жүйесін өңдеу мәселесі шығады, сонымен бірге осы дайындықтың тиімділігін арттыратын педагогикалық шарттар кешенін құру қажеттілігі байқалады.

Жүргізілген зерттеулер келесі қортындыларды жасауға мүмкіндік берді:


    1. Оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды қолдануға студенттерді дайындау мәселелерінің өзектілігі адам әрекетінің барлық саласына ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен енгізумен негізделеді, тиімділікті қамтитын педагогикалық шарттарды құру болашақ мамандарды дайындау мазмұнын ғылыми тұрғыда жетілдіру қажеттілігінен туындайды.

    2. Студенттердің дайындығын жетілдіру оны жүйелік түрде зерттеуді және түрлендіруді қажет етеді. Бұл жұмыста ұсынылған мамандарды даярлау әдістері теориялық-әдістемелік және тәжірибелік компоненттерден тұрады.

    3. Жүйені функционалдау нәтижесі болып болашақ мамандардың Интернет-технологияларды болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдануы саналады.

    4. Студенттердің интернет желісінде жұмыс жасау дағдылары қалыптасқанын анықтаудың негізгі көрсеткіші олардың репродиктивтіліктен зерттеушілікке, зерттеушіліктен шығармашылыққа өтуімен сипатталады.

    5. Интернет-технологияларды танымдық құрал ретінде пайдаланудың негізгі педагогикалық шарттары оқытудың инновациялық бағытына сәйкес келеді және қажетті білім мен құзіреттіліктерді игеруінің негізі болып табылады.

Ерекшеленген шарттарды кешендік жүзеге асыру болашақ мамандарды даярлауда жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді, ол эксперименталды топ студенттерінің бақылау тобына қарағанда дайындық деңгейінің жоғары көрсеткішінен белгілі болды.

Студентдің дайындығын жетілдіруге біздің ойымызша мына тәжрибелік ұсыныстар көмек бере алады деп ойлаймыз:



    • нақты пәндік мәселелерді шешу құралы ретінде жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарындағы информатика курсына қосымша интернет-технологияларды студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету үшін арнайы курстар енгізу қажет. Бұл өте қиын мәселе, ол үшін осы курстарды оқытатын жоғары оқу орындарының оқытушылары алдымен өздері Интернет-технологияларды тиімді қолдану дағдыларын меңгеруі қажет;

- педагогика, психология, сондай-ақ, пәндерді оқытудың әдістемесі пәндері бойынша оқу жоспарларына, оқу бағдарламаларына, оқу құралдарына Интернет-технологиялар жөнінде бір тақырып болса да енгізу керек;

- жоғары оқу орындарындағы білім беру қызметінің барлық кезеңінде жаңа аппараттық технологияларды пайдаланудың жоспарлы дайындығын енгізу қажет;

Сонымен, болашақ мамандарды дайындауда оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды қолдануды әрі қарай жетілдіру жөнінде бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады деп санаймыз. Осы мәселе бойынша зерттеулердің әрі қарай дамуы келесі бағыттарда жалғасын табуы мүмкін:


    • үздіксіз білім беру жүйесінде Интернет-технологияларды рационалды қолданудың теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу;

    • жоғары оқу орындарында арнайы пәндер құрылымында Интернет-технологияларды пән ретінде оқытудың мазмұнын құрудың әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу.



Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1. Интернет-технологияларды оқыту үдерісінде пайдаланудың мүмкіндіктері. – Қызылорда: ҚМУ, 2012.

2. Интернет-технологиялардың білім беру сапасын арттырудағы рөлі. – Қызылорда, 2012. (Б.А.Досжановпен авторлық бірлестікте).



Резюме
Канатбаева Айнур Руслановна
Педагогические условия использования интернет-технологий

в учебном процессе университета
Актуальность исследуемой темы. В государственной программе о развитии образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы говорится о поэтапной автоматизации учебного процесса в 2011-2013 и 2014-2016 годах, а также указано об  обеспечении Интернетом высших учебных заведений на 100%, о создании образовательного портала университетов.

В законе РК «Об информатизации» с внесенными изменениями и дополнениями политика государства в области информатизации и электронных услуг определена в качестве гланого направления.

В период перехода от индустриального общества к обществу информационному велика роль сети Интернет. Интернет с каждым днем все больше расширяет область своего применения и находится в постоянном развитии. Поэтому одним из предъявляемых к типовому специалисту требований – умение применять и использовать интернет-технологии. В связи с этим масштабной является нагрузка, возлагаемая на высшие учебные заведения и педагогическую науку.

Противоречия между требованиями, предъявляемыми к будущему специалисту, и малоизученностью рассматриваемой проблемы с научно-теоретической точки зрения; между возможностями интернет-технологий в развитии образовательных услуг и методической необеспеченностью их эффективного использования в высших учебных заведениях явились причиной определения проблемы исследования, выбора темы «Педагогические условия использования интернет-технологий в учебном процессе университета».

Цель исследования: определение педагогических условий использования в учебном процессе университетов интернет-технологий.

Объект исследования: учебный процесс высшего учебного заведения.

Предмет исследования: использование в учебном процессе высших учебных заведений интернет-технологий.

Методы исследования: анализ педагогических, психологических, методических трудов, изучение научно-исследовательских работ, связанных с внедрением и использованием информационно-коммуникационных технологий в учебном процессе; анализ практики внедрения интернет-технологий в учебном процессе университета; провести количественно-качественную обработку итогов практического эксперимента.
Задачи исследования:

- определить дидактические принципы использования интернет технологий в учебном процессе;

- обосновать психолого-физиологические особенности использования интернет-технологий в учебном процессе университета;

- дать характеристику основным видам часто используемыемых в учебном процессе, проанализировать их аппаратно-программный инструментарий (аппаратно-программное содержание);

- доказать эффективность использования интернет-технологий в учебном процессе.

Научная новизна исследования:

- определены дидактические принципы использования интернет-технологий в учебном процессе университета;

- теоретически обоснованы психолого-физиологические особенности использования интернет-технологий;

- определены основные виды часто используемыемых в учебном процессе интернет-технологий, проанализирован их аппаратно-программный инструментарий (аппаратно-программное содержание)



Теоретическое значение исследования: определяется теоретическими выводами и заключениями об использовании в учебном процессе интернет-технологий как средства познания.

Практическое значение исследования: является основой формирования у студентов навыков эффективного использования Интернет-технологий в их будущей профессиональной деятельности.

Апробация и внедрение результатов исследования. Основные положения и результаты исследования изложены в докладах на республиканской научно-практической конференции и в методических изданиях.

Структура и объем работы:

Диссертация состоит из введния, двух глав, заключения, списка использованной литературы.



Resume
Kanatbayeva Ainur Ruslanovna
Pedagogical conditions of using internet-technologies at an organizing

the teaching acceleration at the university
The meaning of research work.

In the State programme of developing a teaching for 2011-2020 was said about doing teaching acceleration automatically will be done between 2011-2013 and 2014-2016. Besides, there were mentioned that high schools will be provided for internet with 100% widely and the aims of forming the university’s educational portal in 2020.

Working on the State politics in the branch of an informing and electronical service was visible as the main direct in the law “About informing” which are included the changes and supplements of the Republic of Kazakhstan in 2011.

In the period from industrial society to the informational society, especially a large informational system is the most important meaning in internet line. Nowadays, internet widens its user’s region and is developing without stopping. That’s why one of the highest requires for the modern specialist is to be able to use the internet-technologies. According to this require, high schools which are training professional qualified specialists and pedagogical science have more responsibilities.



At present, the opposites between the require to the future professional qualified specialist and the least research problems by scientific-theoretical ways; the opportunities of internet-technologies in developing the teaching services and in high schools they are not provided for using them widely, were a reason to choose theme as” Pedagogical conditions of using internet-technologies at an organizing the teaching acceleration at the university”.

Researching aims: to clarify pedagogical conditions of using internet- technologies in teaching acceleration at the universities.

Researching object: teaching acceleration in high schools.

Researching subject: using internet-technologies in teaching acceleration in high schools.

Researching methods: to analyze pedagogical, psychological, methodical works according to include the informational-communicational technologies in the branch of the education and to use them in teaching acceleration, to mind scientific – researching works; to expert including result of internet-technologies at the universities, to repair the results of practical experiment by its number and quality.

The obligations of the research work:

  • to clarify the didactic principles of using internet-technologies in teaching acceleration;

  • to base the psychological-physiological differences of using internet- technologies in teaching acceleration at the university.

  • to give a characterization to the main types of internet-technologies which are often used in teaching acceleration and analyze the informational-programme equipment.

  • to prove the possibility of using internet-technologies in teaching acceleration by its practical-experimental ways.

Scientific news of the research work:

  • the didactic principles of using internet-technologies in teaching acceleration at the university were defined

  • psychological-physiological differences of using internet-technologies in teaching acceleration were based by its theoretical way.

  • the main types of internet-technologies which are often used in teaching acceleration were defined and their informational – programme equipment were analyzed.

  • the possibility of using internet-technologies in teaching acceleration were proved by its practical-experimental ways.

Theoretical value of research work: to use internet-technologies in the future as certain equipment were characterized with elucidation the theoretical results and conclusion.

Practical value of the research work: To be able to form a habit of using internet-technologies possible is based in the future professional works of the students at the university.

Testing the results of the research work: The main rules and results of researching work were announced as a report in the Republic scientific – practical conference and methodical publication.

The structure and measure of the work: A dissertation consists of an introduction, two chapters, conclusion and a list of literatures.




жүктеу 428,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау