Аширбаев и. Е., Кокаев б. К



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет31/99
Дата04.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#43231
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99
Фармакология кітап

Линименттер - 
Linimenta.
 
(Linimenta, Linimentum, Linimenti)
 
Пасталар – Pastae. (Pastae, Pasta, Pastae.) 


45 
қотырға қарсы қолданылатын (күкірт, қарамай, сабындар), қабынуға қарсы 
қолданылатын (көмір қышқылы, сілтілер), теріні тітіркендіретін (скипидар, 
мүсәтір спирт), арнаулы заттарды (салицил қышқылының препараттары) т.б. 
тағайындайды.
Негізіне қарай линименттер 4-ке бөлінеді: 
1) негіз ретінде сабынның спирттік немесе сабынды ерітіндісі алынған 
сабынды линименттер (Sapolinimenta): бұлардың құрамына: күкірт, қара май, 
креолин, ихтиол, хлороформ, скипидар, камфора және бальзамдар кіреді. 
2) 
негіз ретінде құрамына зығыр, күнбағыс, күнжіт, үпілмәлік (кастор), 
шабдалы, меңдуана майлары кіретін - майлы линименттер (linimenta); 
бұлардың құрамына: терпендер, сілтілер, ихтиол, қарамай, бальзамдар, 
эфирлі майлар, хлороформ кіреді.
3) майлы линименттердің бір түрі – ланолинді линименттер (lanolinimenta);
4) 
сonstituens ретінде вазелин майы алынған вазолинименттер (vasolinimenta); 
вазолинимент күйінде йод, ихтиол, қарамай, креозот, йодоформ, салицил 
қышқылы мен оның тұздары қолданылады.
Линименттерді 
түрліше 
мақсатпен 
қолданылады. 
Майлы 
линименттерді көбінесе күйікке, тері бүтіндігін бұзатын қабыну үрдістеріне, 
бір жердегі ауруға т.б. қарсы; сабынды линименттерді – паразиттерден пайда 
болатын ауруларға (қотырға) қарсы; вазолинименттерді – дәрілік заттың 
теріге және шелге терең сіңуін көздеп, жұмсарту және қабынуды қайтару 
мақсатымен қолданады. Алдын ала заттарды келіде ұнтап, аз мөлшерлі 
еріткіште немесе линимент құрамындағы сұйық затты ерітеді немесе 
шөлмекте сұйық заттарды өзара араластырады, сөйтіп линимент жасайды. 
Ұшқыш заттар ең соңынан қосылады. 
Көп уақыт бойы қолданылмаса, линименттер тұнып бірнеше қабатқа 
бөлінеді, сондықтан рецептте немесе жапсырмада оларды қолданар алдында 
шайқау туралы нұсқау беріледі. 
Рецептте официналдық линименттер атын ғана көрсетеді, ал 
магистральдық линименттерді олардың құрамына кіретін заттарды түгел тізу 
және олардың мөлшерін көрсету арқылы жазады: M.f. linimentum D.S 
формуласымен аяқталады. 
Рецепт үлгілері: 
Сиырға: 
Rp.: Liniment ammoniati 250,0
D.S.
Rp.: Picis Liquidae
Sulfuris āā 100,0
Spiritus vini
Saponis Viridis āā 200,0 
M.f. linimentum 
D.S. 


46 
Официналдық линимент біреу - 
Linimentum ammoniatum s. Linimentum 
volatile бұл ұшқыш линименттің құрамы: 25 бөлек аммиактан, 74 бөлек 
күнбағыс майынан және 1 бөлек олеин қышқылынан тұрады. Фармакопеяға 
кірмеген, бірақ аттары көрсетіліп жазылатын линименттер төмендегілер:
1) Linimentum Calcis – 
тең мөлшерде алынған әк (известь) суы мен зығыр 
майынан тұратын әкті линимент:
2) Linimentum ammoniato – camphoratum – 
3 бөлек камфор майынан, 1 бөлек 
күнжіт майынан және 1 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын күрделі камфорлы 
линимент:
3) Linimentum saponato - camphoratum - 
40 бөлек медициналық сабынан, 20 
бөлек спирттен, 10 бөлек камфорадан, тең екі бөлектен алынған лимон және 
розмарин майынан, 1 бөлек зіре майынан және 25 бөлек мүсәтірлі спирттен 
тұратын сабынды – камфоралы ұшқыш линимент; 
4) Linimentum saponis rubefaciens s. Balsamum Weimarense – 
1 бөлек шпан 
шыбынынан (көк шыбыннан), 20 бөлек тазартылған скипидардан, 80 бөлек 
камфоралы спирттен, 208 бөлек сабынды спирттен, 12 бөлек мүсәтірлі 
спирттен тұратын веймар бальзамы. 
5) Vasolinimentum s. Vasogenum - 
30 бөлек олеин қышқылынан, 10 бөлек 
аммиактың спирті ерітіндісінен, 60 бөлек вазелин майынан тұратын 
вазолинимент, яғни сұйық вазоген;
6) Vasogenum iodatum - 
10 бөлек таза йодтан және 90 бөлек вазолинименттен 
тұратын йод- вазоген.
 
Жабыстырмалар - кенепке жағып, сыртқа, терінің керекті жеріне 
жапсыратын балауызға ұқсас дәрілік жапсырма.
Жабыстырмалар дәріханада дайын күйінде болады: оларды кесектеп 
немесе кенепке жағып босатады. Кесектеп жіберген жағдайда жабыстырманы 
кенепке жағу ауру мал иесінің міндеті, ол туралы нұсқау беріледі. 
Көп қолданылатын жабыстырмалар: Emplasturm adhaesivum - жұққыш 
жабыстырмасы, Emplasturm Cantharidis - шпан шыбынының жабыстырмасы, 
Emplasturm Hydrargyri – 
сынап жабыстырмасы. 
Дәріханада жабыстырма алғанда кенепке жағылған жабыстырманың 
көлемін: ұзындығын (longitudo), енін (lattudo) немесе жалпы шамасын 
(magnitudo) көрсету керек; кенепке жағылмаған жабыстырманың салмақ 
мөлшері ғана көрсетіледі. 
Сиырға: 
Rp.: Emplastir Cantharidis
longitudine 10 cm
latituaine 3 cm S. 
D. t. d. 
№ 2
S. 

жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау