Аширбаев и. Е., Кокаев б. К


Тұнбалар - (infusa). ( Infusa, infusum, infusi)



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет24/99
Дата04.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#43231
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99
Фармакология кітап

Тұнбалар -
(infusa). ( Infusa, infusum, infusi)
 
Бұл өсімдіктерден алынатын дәрілік заттарды су моншасында тұндыру 
арқылы жасалатын сұйық дәрілік зат түрі. Тұнбаларды жапырақтардан, 
гүлдерден, шөптерден, ал кейде өсімдік тамырлары мен түбіршелерінен 
жасайды. Тұндырылатын заттан бояйтын заттар шығуына байланысты 
олардың түсі әрдайым бояулы болып келеді. 
Тұнбалар жасау үшін әдетте құрамына глюкозидтер кіретін өсімдіктер, 
кейбір алколоидтар, эфирлік майлар т.б. ұзақ қыздырғанда ажырайтын және 
әсерлік негіздері оңай шығарып алынатын заттар қолданылады. Тұнбалар 
ішке, сирегірек сыртқа жуып шаю немесе ауызды жуу үшін, жараны жуу 
үшін тағайындалады.
Тұнбалар тұрақсыз екенін және ұзақ уақыт сақтағанда 
бұзылатындығын, сондай-ақ олардың әсер ететін негіздері ажырайтындығын 
ескеру керек; сондықтан оларды 2-3 күнге жететіндей етіп жасап, салқын 
жерде сақтайды. Тұнған формада заттардың әсер ететін негіздері тез сіңіп 
асқазан секрецияларының әсерінен аз бұзылуына байланысты оларды 
ұнтақтарға немесе болюстерге қарағанда ⅓ - ¼ есе кем тағайындайды, ал 
оймақгүл жапырақтарының дозасын екі есе кемітеді. 
Фармакопея бойынша тұнбалардың үш түрлі шоғырлануы кездеседі: 
күшті әсер ететін заттар үшін 1: 400 (оймақгүл жапырағы, ипекакуан 
тамыры); сенага тамыры, валериана түбіршесі, қастауыш, теңіз жуасы үшін – 
1:30; ал бұдан басқа, күшті әсер ететін дәрілік жинақтар үшін – 1:10 
шоғырлануын алу белгіленген. 
Құрамында алкалоидтар кездесетін заттардан тұнбалар жасағанда, 
ұсақталған дәрілік жинақты алдын ала оның ішіндегі алколоидтардың 
мөлшеріне сәйкестендіріп алған лимон қышқылының ерітіндісімен шаяды. 
Ветеринариялық тәжірибеде кейде тұнбалардың шоғырлануын көбейтеді, 
бірақ мұндай жағдайда әсер ететін негізді шығарып алу фармакопеяда 
көрсетілген жылдамдықтан анағұрлым бәсеңдеу болып келеді. Тұнбаларды 
көп мөлшерде дайындау үшін кейде дәріханадан ұсатылған өсімдіктің 
жинағын ғана алып, тұнбаларды үйде жасайды. Ұсақталып туралған 
материалды кастрюлге салып, оның үстіне ыстық су құяды, қақпағын мықтап 
жауып кастрюлді жылы әрі қалың затпен (көрпемен, тонмен т.б.) орайды. 30-
45 минуттен кейін сұйықты сүзіп, суытады, сонымен тұнбалар қолдануға 
жарамды болады.
Рецептте қанша заттан қанша мөлшерде тұнбалар алу қажеттігін 
көрсету керек. Тұнбаларды пайыздық қатынаста жазуға болмайды, өйткені 


36 
тұнбаларды дайындағанда ол ерімейді, ал тек заттың көрсетілген мөлшерінен 
әсер етерлік негіздері ғана шығарылады.
Рецепт үлгілері: 
Сиырға: 
Rp.: Infusi herbae Adonidis
Vernalis ex 6,0 : 180,0
D. S.
Rp.: Infusi folii Digitalis 2,0 
Natrii hydrocarbonici 0,5- 200,0
M. D.S. 
Rp.: Infusi radicis Valerianae 6,0 – 180,0
Tincturae Convallariae maialis 3,0
M. D.S. 
Rp.: Infusi floris Chamomillae 
ex 20,0

200,0
D. S.
Официналдық тұнбалар: 
1) жалбыз тікен тамырының
тұнбасы;
(Infusum 
Althaeae); 2) күрделі сенна тұнбасы (Infusum Sennae compositum).

жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау