Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы
3. Интербелсенді лекция Лекция - өзекті проблемаларды игеру мен меңгерудің теориялық мәселелерін қарастыратын сабақ түрі. Ол болашақ мамандық тұрғысынан үйренушілерді өміршеңді, күнделікті өмірден алынған теориялық проблемалар мен мәселелерді шешуге бағыттайды. Лекцияда көлемді мәліметтерді жүйелеп беру қолайлы, мұнда тақырыптың басты мәселелері нақтыланып, материалдың өзіндік тұрғыдан игерудің әдістемелік нұсқаулары беріледі. Алайда білімді игеру процесін белсендіруде, үйренушілердің қызығушылығы мен көтеріңкі мотивациясын туыдруда, кері байланысты қолдануда, эмоционалды қарым-қатынас құруда монологқа негізделген дәстүрлі лекцияның (бір жақты пікір, көзқарас, позиция, шешім келтіретін) мүмкіншіліктері шектеулі. Интербелсенді әдістер мен тәсілдерді қолдану дәстүрлі лекцияны үйренушілердің белсенді әрекеттерінен құралған қызықты әрі тартымды танымдық процеске айналдырады. Интербелсенді лекцияның негізгі қағидалары - Интербелсенді лекцияда ақпарат дайын күйінде берілмейді. Интербелсенді лекция үйренушінің қандай да бір тақырып немесе мәлімет бойынша бірлескен әрекеттер негізінде (топтық пікір алмасу, талқылау, пікірталас, ой қозғау, т.б.) студенттерде өзіндік пікір мен көзқарас қалыптастыруға бағытталады. Интербелсенді лекцияда негізгі қағида «беру», «үйрету» емей - «ұсыну» болады. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен жаңа білім құрастырады. - Интербелсенді лекция тақырыпты дамытуға, тереңдетуге бағытталады. Дәстүрлі монолог түріндегі лекция «студенттердің қарастырылатын тақырып бойынша білімі мен деректері жоқ немесе жоқтың қасы» деген қағиданы ұстанады. Сол себепті де дәстүрлі лекция ақпараттың көп мөлшерін «беруге» мүдделі. Студенттер мұнда әдетте бәлсенді (пассив) әрекеттер атқарады: тыңдайды, көшіреді. Интербелсенді лекцияның негізгі ұстанымы келесідей болады: «Студенттер қарастырылатын тақырып бойынша сабаққа дайындалып келген, олардың белгілі бір білімдері бар болғандықтан, лекцияда сол білімдерді дамыту және тереңдету керек». Студенттер силлабуста берілген ақпарат бойынша бүгінгі лекция тақырыбы мен негізгі мәселелерінің қандай екендігін, оған қандай әдебиет көздері арқылы дайындалуға болатындығын, ол бойынша қандай тапсырмалар берілгендігін жақсы біледі. Сол себепті де олар лекцияға шама-шарқынша дайындалып келеді. Ал лекция олардың білгеніне негізделіп, сол білімдерін өрбітуді мақсат тұтады. - Интербелсенді лекцияда материал басылған мәтін түрінде беріледі. Дәстүрлі лекцияда оқытушы ақпараттың негізгі көзі болғандықтан студенттер көбіне-көп оның айтқанын көшірумен айналысады. Мұндай бәлсенді (пассив) әрекеттер студенттердің лекция материалын терең меңгеруге жол бермейді: студенттер көп жағдайда өздерінің үйренуін лекция мәліметтерін есте сақтау, қайталау мен жаттау әрекеттерімен ғана шектейді. Интербелсенді лекцияның мәтіні ауызша оқылмай, жазбаша үлестірмелі материал түрінде таратылып беріледі. Оқытушы лекцияны ауызша түрде студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бергенде, лекция тақырыбын толықтырғанда ғана келтіруі мүмкін. Сол арқылы уақыт та үнемделіп, студенттер де оқу материалын өздік тұрғыдан игеру әрекеттеріне белсене араласады. - Интербелсенді лекция диалог түрінде өтеді. Қарым-қатынас келесі форматтарда өтуі мүмкін: оқытушы – студент/студенттер, студент – студент, студент – тақырып, студент – басқа пікір (зерттеуші, оқулық, т.б.). Интербелсенді лекцияда ой қозғау мен өмірден алынған нақты ситуацияларды талқылау және шешу тәсілдерін қолданған тиімді. - Интербелсенді лекцияда материал тұтастай емес, бөлшектеліп беріледі. Дәстүрлі лекцияда оқытушы лекцияны ауызша оқып, студенттерден тыңдау немесе конспект жасау (көшіру) сияқты бәлсенді (пассив) әрекеттерді атқаруды талап етеді. Интербелсенді лекцияда әдетте мәтін бірнеше бөлімге (тиімді мөлшері 3-4 бөлік) бөлінеді. Қағазға басылып, үлестермелі материал түрінде таратылып берілген бөлімдерді оқу мен зерттеу барысында студенттер белсенді әрекеттер атқарады: олардың қатарына туындаған қиын мәселелер мен сұрақтарды келтіру, берілген мәлімет бойынша өз түсінігі мен пікірін қалыптастыру, лекцияның тұжырымдарын өзара талқылау, кесте толтыру, жоспар жасау, графиктер сызу, т.б. әрекеттер кіреді. Бұл белсенді әрекеттер жеке және бірлесе жұмыс жасау форматтарында өтеді. - Интербелсенді лекцияда студенттердің бірлескен жұмысы қолданылады. Студенттердің белсенді әрекеттері бірлескен жағдайда өтуі керек: берілген тапсырмалар шағын топ немесе жұп қатарында орындалады. Студенттер лекцияның бір бөлімін оқып болған соң, жекелей жұмыс жасап, сонан кейін жұптасып (немесе шағын топ құрамында) өз түсініктері мен туындаған ойларымен бөліседі: олардың жаңа білімі мен өзіндік пікірлері осындай ой талқы нәтижесінде пайда болады. - Интербелсенді лекцияда жаңа білім студенттердің ой-толғанысы арқылы құралады. Лекцияда студенттер қарастырылған материал бойынша «Мен сабақта не үйрендім?», «Бұл білім маған қандай пайда келтіреді?», «Бұл білімді қалайша қолдануға болады?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтар ауқымында ойланып, өз жауаптарымен бір-бірімен бөліскені орынды. Осындай ой-толғаныс нәтижесінде студент лекция материалы бойынша жаңа білім құрастырады. - Интербелсенді лекцияда бағалау жазба жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Студенттердің сабақта қалайша жұмыс жасағандығын, оның материалды қандай деңгейде игергендігін білу мақсатында лекция аяғында жазба жұмыстарын (ауызша ой-толғаныс әрекеттерінен кейін) орындау керек. жүктеу 1,86 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |