Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет42/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92

 
99
5)  Қоғам  акционерлерінің  Жалпы  жиналысына  Қоғамның  Директорлар 
кеңесіне сайлау үшін үміткерлер ұсыну; 
6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тəртібімен даулау; 
7)  Қоғам  органдары  Қазақстан  Республикасы  заңдарының  жəне  осы 
Жарғының  нормаларын  бұзатын  əрекеттер  жасаған  жағдайда,  өз  құқықтары  мен 
заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға хабарласу; 
8)  Қоғамға  оның  қызметі  туралы  жазбаша  сұратулармен  хабарласу  жəне 
Қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде дəлелді жауап алу; 
9) Қоғам тараған жағдайда мүліктің бөлігіне; 
10)  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңдарында  белгіленген 
тəртіппен акцияларды немесе қоғамның өз акциясына айналдырылатын басқа да 
бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу. 
5.3. Ірі акционердің төмендегілерге де құқығы бар: 
1)  акционерлердің  кезектен  тыс  жалпы  жиналысын  шақыру  немесе 
директорлар  кеңесі  акционерлердің  жалпы  жиналысын  шақырудан  бас  тартқан 
жағдайда сотқа шағымдану; 
2)  Директорлар  кеңесіне  қолданыстағы  заңдарға  сəйкес  акционерлердің 
Жалпы жиналысының күн тəртібіне қосымша мəселелерді енгізуді ұсыну; 
3) Директорлар кеңесінің мəжілісін шақыруды талап ету; 
4)  ірі  акционердің  есебінен  Қоғамға  аудиторлық  ұйымның  аудит  жүргізуін 
талап ету. 
Қоғамның  Жарғысында  белгіленген  акционерлердің  құқығын  шектеуге  жол 
берілмейді.  
5.4.  Акционерлер  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңдарында 
көзделген басқа да құқықтарға да ие болуы мүмкін. 
5.5. Қоғамның акционері: 
1)  осы  Жарғыда  жəне  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 
заңдарында көзделген тəртіппен акцияларды төлеуге; 
2) он күн ішінде қоғамның тіркеушісін жəне осы акционерге тиесілі акцияның 
номиналды  ұстаушысын  қоғам  акцияларын  ұстаушылардың  тізілім  жүйесін 
жүргізуге қажетті мəліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге; 
3)  Қоғам  немесе  оның  қызметі  туралы  қызметтік,  коммерциялық  немесе 
заңмен қорғалатын басқа да құпия ақпаратты жарияламауға; 
4)  Қазақстан  Республикасының  заң  актілеріне  сəйкес  басқа  да  міндеттерді 
орындауға міндетті. 
5.6. Қоғам Қоғамның акцияларын сатқысы келетін адамдарға оны Қоғамның 
өзінің  немесе  басқа  тұлғалардың  ұсынылған  бағадан  асып  түсетін  бағаға  сатып 
алу туралы ұсыныстар жасауға құқылы. Сатып алу туралы ұсыныста акциялардың 
саны, бағасы жəне үшінші тұлғалар сатып алатын жағдайда сатып алушылардың 
деректемелері  болуы  тиіс.  Қоғамның  бұл  құқығы  Қазақстан  Республикасы 
заңдарының ережелері ескеріле отырып іске асырылады. 
 
6. ҚОҒАМНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖƏНЕ МҮЛКІ 
 
6.1. Қоғамның жарияланған акцияларының жалпы саны 100 000000 (бір жүз 
миллион) дана, олардың ішінде: 
- жай акциялар - 100 000000 (бір жүз миллион) дана; 
- артықшылықты акциялар – жоқ. 
6.2.  Қоғамның  жарғылық  капиталы  акционерлердің  номиналдық  құны 
бойынша  акцияларды  төлеуі  жəне  инвесторларға  (инвесторға)  орналастыру 
бағасы бойынша акцияларды сату арқылы қалыптастырылады. 


 
100
6.3.  Жарғылық  капиталды  қалыптастыру  Қазақстан  Республикасының 
ұлттық  валютасымен,  мүлікпен,  мүліктік  құқықпен,  оның  ішінде  жер  пайдалану 
құқығымен,  интеллектуалдық  меншік  нысандарына  құқықтармен  жүзеге 
асырылады. 
6.4.  Қоғамның  жарғылық  капиталын  ұлғайтуға  акционерлердің  жалпы 
жиналысының  немесе  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңдарына 
сəйкес сот шешімімен акциялар шығару жəне орналастыру арқылы жол беріледі. 
6.5. Қоғамның мүлкі мыналардың есебінен: 
1) акционерлердің Қоғамның акциясын төлеуге берген мүлкі; 
2) оның қызметі нəтижесінде алынған кірістерден; 
3) Қазақстан Республикасының заңдары тыйым салмаған негіздер бойынша 
сатып алынған басқа да мүліктен құралады. 
 
7. ҚОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖƏНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ 
  
7.1.  Қоғам  жай  жəне  артықшылықты  акциялар  шығаруға  құқылы.  Акциялар 
құжатсыз нысанда шығарылады.  
7.2.  Акциялар  бөлінбейді.  Егер  акция  бірнеше  адамның  ортақ  меншігі 
құқығында  болса,  олардың  барлығы  бір  акционер  деп  саналады  жəне  өздерінің 
ортақ өкілі арқылы расталған акцияларының құқықтарын пайдаланады.  
7.3.  Қоғам  басқа  да  бағалы  қағаздар  шығаруға  құқылы,  оларды  шығару, 
орналастыру,  айналымға  шығару  жəне  өтеу  талабы  мен  тəртібі  Қазақстан 
Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарымен белгіленеді.  
7.4.  Жай  акция  акционерге  дауыс  беруге  қойылған  барлық  мəселелерді 
шешу  кезінде  дауыс  беру  құқығымен  акционерлердің  жалпы  жиналысына 
қатысуға,  Қоғамның  таза  кірісі  болған  кезде  дивидендтер  алуға,  сондай-ақ  ол 
таратылған кезде Қоғам мүлкінің бір бөлігіне құқықтар береді. 
7.5.  Жарияланған  акциялардың  шығарылымын  мемлекеттік  тіркеу  жəне 
Қоғамның  акциясын  орналастыру  нəтижелері  туралы  есепті  ұсыну  Қазақстан 
Республикасының  заңдарында  жəне  уəкілетті  орган  белгілеген  мерзімде  жəне 
тəртіппен жүзеге асырылады. 
7.6.  Қоғамның  акциялар  ұстаушыларының  тізілімін  қалыптастыруды, 
жүргізуді жəне сақтауды бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарға сəйкес тіркеуші 
жүзеге асырады. 
7.7.  Қоғамның  орналастырылған  акцияларын  сатып  алу  Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңдарына сəйкес жүзеге асырылады. 
7.8. 
Акцияларды 
кепілге 
қою 
туралы 
мəселелер 
Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.  
 
8. ТАЗА КІРІСТІ БӨЛУ ТƏРТІБІ, ҚОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ  
БОЙЫНША ДИВИДЕНДТЕРІ 
 
8.1.  Қоғамның  таза  кірісі  (салықтарды  жəне  бюджетке  басқа  да  міндетті 
төлемдерді 
төлегеннен 
кейін) 
Қоғамның 
басқаруында 
қалады 
жəне 
акционердердің  Жалпы  жиналысының  шешімімен  белгіленген  тəртіппен  бөлінеді, 
оның  ішінде  дивидендтер  төлеуге.  Қалған  бөлігі  Қоғамды  дамытуға  немесе 
акционерлердің  Жалпы  жиналысының  шешімімен  көзделген  басқа  мақсаттарға 
жұмсалады.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысы  жыл  қорытындысы  бойынша 
қоғамның  жай  акциялары  бойынша  дивидендтер  төлеудің  ақылға  сыйымсыздығы 
туралы шешім қабылдауға құқылы.  
8.2. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер ақшамен немесе Қоғамның 
бағалы  қағаздарымен  төленеді,  бұл  ретте  дивидендтер  төлеу  туралы  шешім 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау