Ас қорыту жүйесінің физиологиясы


Ас қорыту ағзаларының қызметін зерттеу əдістері



жүктеу 41,96 Kb.
бет5/8
Дата11.05.2020
өлшемі41,96 Kb.
#30335
1   2   3   4   5   6   7   8
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ.docx55

8.3. Ас қорыту ағзаларының қызметін зерттеу əдістері

Ас қорыту процесін зерттеу тарихын екі кезеңге бөлуге бо-

лады. И. И. Павловқа дейін ас қорыту ағзаларының қызметі қа-

рапайым əдістермен зерттелді. Мысалы, Реомюр (XVІІ-XVІІІ ғ.)

қабырғасында арнаулы тесіктері бар металл түтікшелерді қо-

ректік заттармен толтырып, жануарлардың (ит, құс, қой) ас қо-

рыту жолына ауыз қуысы арқылы енгізген. 14-30 сағаттан кейін

тəжірибедегі хайуанаттар сойылып, олардың ішіндегі түтікшелер

алынып, тексерілген. Л. Спаланцани өз тəжірибелерін осындай

түтікшелерді азықпен емес, губкамен толтырып жүргізген. Мал-

ды сойғаннан кейін түтікше ішіндегі губканы сығып, бөлінген

сұйықтың құрамын тексерген. Қоректік заттардың ас қорыту

жолындағы өзгерістерін зерттеу мақсатында малға белгілі

құрамда азық беріп, оларды бірнеше сағаттан кейін сойып, жын

құрамындағы өзгерістерді анықтаған (Гмелин, Элленбергер, т. б.).

Ас қорыту процесін зерттеу əдістерінің дамуындағы үлкен

өзгеріс В. А. Басов пен Блондло есімдерімен байланысты.

1842 жылы орыс хирургі В. А. Басов, кейінірек Блондло иттің

қарнына көбек (фистула) қою əдісін ұсынды (70-сурет). Бұл

жасанды тесік арқылы кез келген уақытта қарын жынын алуға

мүмкіндік туды, бірақ бұл əдіспен таза қарын сөлін алуға бол-

майды.


70-сурет. Қарынға көбек (фистула) қою операциясының кезеңдері

Таза қарын сөлін алу үшін Р. Гейденгайн мен И. П. Павлов

оқшауланған қарын қалталарын жасау əдісін ұсынды (71-сурет).

Гейденгайн тəсілін қолданғанда жүйке талшықтары қиылып

кетеді де, қарын қалтасы мен негізгі қарын арасында тек гумо-

ральды байланыс қана сақталады. Демек, қарын қалтасы негізгі

қарында жүретін процестерді толық бейнелей алмайды. Осымен

байланысты Гейденгайн тəсілінің кемшіліктерін ескере отырып,

И. П. Павлов қарын қалтасын жасаудың жетілдірілген жолын

ұсынды. Оның тəсілімен дайындалған қарын қалтасы мен негізгі

қарын арасындағы жүйке байланысы үзілмейді, сондықтан бұл

əдіс қарын қызметінің заңдылықтарын толық ашуға мүмкіндік

берді.

И. П. Павлов пен оның оқушылары хирургиялық жолмен ас



қорыту бездері өзектерін (сілекей бездері, ұйқы безі, т. б.) дененің

сыртына шығару, өңеш, қарын, ішек қабырғасына көбек орнату

əдістерін ұсынды. Арнаулы операциядан өткен мал ұзақ уақыт

бойына тəжірибелерде пайдаланылды, сондықтан И. П. Павлов

бұл əдісті созылмалы тəжірибелер əдісі деп атады.

Көбек қою əдісі ас қорыту, зат алмасу процестерін зерттеу-

де кеңінен қолданылады. Бұл əдісті малға қолдану жолдарын

жетілдіруде И. П. Павловтың ізбасарлары (А. Д. Синещеков,

А. А. Алиев, т.б.) үлкен үлес қосты. Қазіргі кезде ас қорыту ағза-

ларының қызметін зерттеуде күрделі биохимиялық, гистохимия-

лық тəсіл дер кеңінен пайдаланылып жүр. Ас қорыту ағзалары ның

түрлі қызметін зерттеу мақсатында баллонграфиялық, радио те ле-

ме триялық əдістер мен күрделі электр аспаптары, рентген сəу-

лелері де қолданылады.




жүктеу 41,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау