Синустық тахикардия – СА түйіннің автоматизмдік қасиетінің жоғарылауынан болады, жүректің соғуы минутына 100-ден артады (100-160 шамасында), ырғағы дүрыс. Даму механизмінің негізінде СА түйініндегі Р-жасушалардың трансмембраналық потенциалының 4 фазасының тезделуі жатады.
Синустық тахикардия мына жағдайларда пайда болады:
симпатикалық нерв жүйесі ықпалының күшеюінде;
кезбе нервісі тонусының төмендеуінде;
СА түйіні жасушаларының гипоксияның, ацидоздың, уланудың немесе гипертермияның салдарынан тітіркенуінде.
Гемодинамикаға ететін әсерлері; тахикардияға байланысты диастола кысқарады, жүректің оттегі мен энергияға сұранысы артады, жүрек кызметінің пайдалы әсер коэффициенті төмендейді; ал миокард зақымданған болса, оның ишемиясы мен шамасыздығын күшейтеді.
Клиникалық көрінісінде жүректің соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Пульс 100-160 шамасында, ырғақты. Жүректі тыңдағанда эмбриокардия, маятник тәрізді ырғақ және I тонның күшеюі немесе жарықшақтануы естіледі. ЭКГ-лық көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |