ЭКГ-лық сипаттамалары:
R-R аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0,60 с кем;
Р тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған, РQ аралығы 0,12- 0,22с шамасында;
ұзаққа созылған тахикардияда (симпатикотонияның немесе субэндокардиальді ишемияның салдарынан) S-Т аралығы қиғаш төмендеуі мүмкін.
Синустық тахикардияның емдеу принциптері:
негізгі ауруды емдеу;
қою шай, кофе, алкогольді ішімділікті, өткір тағамдарды ішуді доғару; темекі тартудан, тамақты аса тойып ішуден бас тарту; симпатомиметиктік дәрмектерді қолданудан сақтану;
симпатикотонияда седативті дәрмектерді, β-адреноблокаторларды (вискен 5 мг — 3 рет немесе обзидан 10-20 мг — 3 рет) қолдану;
жүрек шамасыздығы болса, оны оны тиімді емдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |