Қарыншалардың дірілі және жыбыры (фибрилляциясы)
Қарыншалар дірілі — қарыншалардың белгілі бір ошағында импульстің re-entri механизмімен шыр айналуынан минутына 200-300 жиілікпен қозуы. Қозу толқыны бір бағытта ырғақты түрде айналады. Қарыншалар дірілі жыбырға ауысуы мүмкін.
ЭКГ-лық көрінісі — қарыншалар дірілінде бір-біріне ұқсас, ырғақты ірі синусоидтар тіркеледі. Бұл толқындардың бойынан тісшелерді айыру мүмкін емес.
Қарыншалар жыбыры (фибрилляциясы) — қарыншалық бұлшықет талшыктарының ретсіз хаосты қозып жиырылуы. Импульстер саны минутына 200-500 шамасында. Қозу толқынының бағыты үнемі өзгереді, сол себептен бүлшықет талшыктары әркелкі ретсіз жиырылады. Қарыншалар жыбырында ЭКГ-да амплитудасы мен биіктігі; әртүрлі, ырғақсыз аласа толқындар болады (41-сурет). Қарыншалар фибрилляциясы асистолияға алып келеді, сол кезде ЭКГ-да тегіс сызық тіркеледі.
Қарыншалар дірілі мен жыбырында жүрек соғу көлемі күрт азайып нольге теңеседі. Артериялық кысым төмендейді, пульс жойылады, қан ағымы тоқтайды, жүрек тондары естілмейді. Әдетте, наукас 10-20 с кейін есінен айырылады, 40-50 с кейін құрысулар пайда болады. Терінің түсі басында ақшыл-сұр, кейін көгере түседі. Көз қарашықтары кеңиді, жарыққа реакциясы жойылады. Дер кезінде көмек көрсетілмесе науқас 4-5 минуттар шамасынада жан тапсырады. Сонымен, қарыншалар фибрилляциясы клиникалық өлім болып табылады.
Мұндай жағдайда электрлік дефибрилляция тез жасалуы тиіс. Дефибриллятор болмағанда науқасты қатты төсекке, төсек жұмсақ болса еденге түсіріп, басын шалқайтып, аяктарын сәл биіктетіп жатқызады да (миына қан келтіру үшін), төстің томенгі аймағын жұдырықпен 1-2 рет қатты ұрып жібереді. Бүдан әсер болмаса, өкпенің жасанды вентиляциясын және жүректің тікелей емес массажын жасайды, вена ішіне адреналиннің 0,1% 1 мл ерітіндісін 10 мл физиологиялық ерітіндіге қосып салады.
Венаға түсе алмағанда оны жүрек ішіне салады, 400 Дж қуаттылықпен дефибрилляция жасалады. Адреналин фибрилляция толқындарын үлғайтып, электрлік дефибрилляцияға сезімтадцықты арттырады. Бұдан әсер болмаса, жасанды вентиляция мен массажды үзбестен, вена немесе жүректің ішіне 50-75 мг лидокаин салынады, 360 Дж қуаттылықпен дефибрилляиияны 2-4, кейде 10 ретке дейін кайталайды.
Қарыншалар фибрилляциясында жүргізілетін әрекеттердің алгоритмі (Американдық кардиологтар ассоциациясының ұсьнысы бойынша):
Ұйқы артерияларындағы пульсті тексеру. Пульс жоқ болса.
↓
Жүрек тұсын 1-2 рет катты жұдырықпен ұрып жіберіп ұйқы артериясындағы пульсті қайтадан тексеру. Егер пульс болмаса.
↓
Дефибрилляторды дайындағанша жүректің жанама массажын және өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізу.
↓
Мониторда аритмияның түрін анықтап алу (қарыншалық фибрилляция немесе қарыншалық тахикардия екендігін, өйткені қарыншалық тахикардияның пульсі жоқ түрі де осылайша емделеді).
↓
200 Дж куаттылықпен дефибрилляция
↓
200-300 Дж куаттылыкден фибрилляция
↓
Егер пульс болмаса – жанама массаж, жасанды вентиляция
↓
Веналық инфузияға дайындалу
↓
Адреналин 0,5-1 мг вена ішіне ағызы жіберу
↓
Трахеяны интубациялау
↓
360 Дж қуаттылыкпен дефибрилляция
↓
Лидокаин 1 мг/кг вена ішіне ағызып жіберу
↓
360 Дж куаттылықпен дефибрилляция
↓
Бретилий 5 мг/кг вена ішіне ағызып жіберу
↓
Натрий бикарбоиаты 4% ерітіндісінің 1 мл/.кг әр 10 минут сайын
↓
360 Дж куаттылықпен дефибрилляция
↓
Бретилий 10 мг/кг вена ішіне ағызып
↓
360 Дж куаттылықпен дефибрилляция
↓
Брегилий немесе лидокаинды қайталау
↓
360 Дж куаттылықпен дефибрилляция.
Достарыңызбен бөлісу: |