11
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Жырың қалды –
Жүректермен сүйіскен,
Күйің қалды –
Күрсіндірген, иіткен.
Күнің қалды,
Айың қалды –
Айкүнің,
Жарың қалды,
Арың қалды – айқының.
Ақын болдың, ақындыққа сай түрің,
Бақұл болғын,
Байланған жоқ бай тілің,
Бақұл болғын,
Жайланған соң ал, тыным.
Ұлы ақыннан қызғанған соң Күн, Айды,
Қалай ғана тілдемейміз Құдайды!
Дарынсыздар енді кімді сынайды,
Дарындылар енді кімге ұнайды?
Енді жоқсың, ей, Жұма-аға,
Бұ қайғы
Талай-талай жүректерді сынайды.
Таза жүрек қансырайды, жылайды –
Саған жәннат, саған иман сұрайды!
Арамызда сен – Рухсың,
Сен – Арсың,
Ұйықтағанда түсімізде боларсың.
Көзімізге жас та болып толарсың,
Кеудемізге құс та болып қонарсың.
Топырағың торқа болсын,
Қымтаншы,
Күз келді ғой,
Қыс та келер...
Тоңарсың.
1990 жылдың 18 қыркүйегі.
12
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Есенқұл ЖАҚЫПБЕКОВ
ЖАҚЫПБАЕВ ЖҰМАТАЙДЫҢ ТҰСЫНДА...
«...Мен қазір көз салмаймын айналаға,
Ләйлә дертін жазар деп Ләйлә ғана...»
Ж. Жақыпбаев
Өзің жоқсың, ал Жұм-Аға, не істейміз?
Шарап деген шарап еді-ау, Сіз барда.
Ару деген аты дардай көп қой қыз,
Ләйлә деген шен тағатын қыз бар ма?
Сенуші едік қалтаға емес, дарынға,
Ғашық едік бәріміз бір аруға,
Жақыпбаев Жұматайдың барында.
Келуші едік, сен отырсаң үндемей,
«Қаламгердің» ат ақырдай «барында».
Жүргендей боп жәннаттың гүл бағында,
Сенің ғана жүруші едік маңыңда.
Балдай шарап...
Сұлу қыздар...
Көл, һауыз...
Өзімізді сезінуші ек сонда біз,
Отырғандай Омар Һайям жанында.
Мынау бөтен,
Мынау жас деп жасқамай,
Өзі де өлең жазатұғын патшадай,
Сен отырдың поэзия тағында.
Патша тұрмақ, бақытты еді, әттең-ай,
Мына мендей зыр жүгірген жас малай,
Жақыпбаев Жұматайдың шағында.
Енді міне...
«Аға» деген айдармен,
Төрде отырып қазы-қарта кертеміз.
Соқыр қойдай жайылған көп қойлармен,
Тоқ боп жүру тозақ екен сенсеңіз.
Көп қойлармен көкке тойып,
Қырды асып,
Көппен бірге бір соқыр қой жүргендей.
13
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Сізді көрдім дегенім де бір бақыт,
Дүниеден өткенімше дым көрмей.
Ертегі айтқан Шаһризадай мың бір түн,
Ләйләңа да қосылар ма ең, кім білсін?!
Соған әттең... сәл-пәл қалдың үлгермей,
Бұл заманның іше алмайсың сырасын,
Шомылғым да келмейді онша ғұсылға.
Ұзынағаштың ең шетінде тұратын.
Бұл өмірде болды, кетті бір ақын,
Жақыпбаев Жұматайдың тұсында...
Бауыржан ЖАҚЫП
ҚАҒАНАТ
Жұматай Жақыпбаевқа
Жұмағұл-Шора азан сап қойылған аты,
Жұматай ағам, ғажайып шайыр болатын.
Қырыққа келген кезiнде бекзаттық қонып,
Қырандай еркiн қағатын дәйiм қанатын.
Көрдiм мен оны – жiгiттiң сұлтаны едi,
Ләйләдай әнiн көзiнше шырқады елi.
Төркiнiн бүгiн iздейдi шұғынық гүлдер,
Қызғалдақ толы қазақтың қырқасы, белi.
Қияқ мұртыңыз есiмде қиылып тұрған,
Күлкiңiз менiң жадымда жымиып тұрған.
Жаратқан тәңiрiм ертерек алып кеткенi-ай,
Жаралған жандай жүрушi ең құйылып нұрдан.
Костюм киюшi ең жарасты былғары қара,
Өзiңдi шыңға шығарып шыңдады дала.
Түтiнiндей боп шылымның санаңды улап,
Шырмауықтайын жаныңды шырмады қала.
Көрдiм мен сенi Олжаспен, Асқармен көрдiм,
Аласармайтын Өтежан-Аспанмен көрдiм.
14
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Қаламын тастап, шарабын сiмiрiп тұрған,
«Қаламгердегi» әр түрлi бастармен көрдiм.
Сен бiрақ Төрем, бұзылмас қағанат құрдың,
«Саратаныңмен-ақ» даусыңды даралап тұрдың.
Мейiрхан мен Әбiштi «илхам» деп танып,
«Сайд» деген шендi бiр кеште маған лақтырдың.
Нояндар және қаншама қасыңа ерген,
Қайтқанда сенiң жер құшып басыңа келген.
Бауыржан, Есжан, Нұрландар жарқырап жанып,
Өз ұшқындарың едi жұлдыздай шашырап өлген.
Кәдiрбек, Нұрлан, Қазбектер нояндарың ғой,
Қызығына мынау өмiрдiң тоя алмадың ғой.
Мұратбек, Қайрат, Светтер жоқтаса-дағы,
Оянбадың ғой, қағаным, оянбадың ғой.
Есенқұл, Ертай, Тимурлар нояндарың ғой,
Балына мынау өмiрдiң тоя алмадың ғой.
Айсұлу, Гүлнар, Жәния жыласа-дағы,
Оянбадың ғой, қағаным, оянбадың ғой.
Өтiрiк емес, Қажытай куә бәрiне,
Iнiлерiңнен жәуһар жыр туады әлi де.
Кенежиренiңдi ерттеп-ап шықшы бiр күнi,
Сарноқайдағы сағынған құба белiңе.
Күйсiз мен күттiм өзiңдi, әуенсiз күттiм,
Қазағыма қонған ақ қанат өлеңсiз, құттым!
Өзегiмiздi өртейдi жалғыз өкiнiш,
Тата алмай кеттiң тұз-дәмiн тәуелсiздiктiң.
Ата алмай кеттiң Айкүннiң ақ таңы болып,
Жана алмай кеттiң Астана оттары болып.
Сiз жазбай кеткен жырларды қалы кiлемдей,
Бiз отырамыз түндерде топталып өрiп.
Сағындым сенi, Ағатай, түсiмде көрдiм,
Қызғалдақтардың қаптаған iшiнде көрдiм.
Кететiнiңдi, өмiрден өтетiнiңдi,
Бiлмеймiн бұрын қалайша түсiнбегенмiн.
15
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Биiктен қарап тұрасың үзбеген гүлге,
Жырыңнан сенi табамыз iздеген күнде.
Құттықтаймын сiздi Жұмаға, жарқырап тұрып,
Жаңа ғасырға келдiңiз, бiзбенен бiрге!
«Әдебиет айдыны», 22.12.2005 ж.
Қайрат ӘЛІМБЕК
ЖЫР ЖҰЛДЫЗЫ – ЖҰМАТАЙ
«Жандарым» деуші ең жаныңнан бізді тастамай,
Көз ілмеуші едік «Ләйланы» басқа жастамай.
Қамқорлық толы осы бір қоңыр үніңді,
Сағынып жүр ғой бүгінде енді жас талай.
Кетерде самғап ғарышқа сонау, теңіз көк,
Сұрапсың мені жұмысқа да келіп, көп іздеп.
Айта алмай қалдық астана, бүкіл ауыл боп:
«Мезгілсіз тастап кеткенің бізді неңіз?» деп.
Тұрушы ек, сізді бағалап, ылғи ағалап,
Күйреп те қалды өзіңіз құрған қағанат.
Талайға Далай қаған боп тұрған едіңіз,
Ақындық атқа келтірмей ешбір жаманат.
Ойлап та таппас біріксе-дағы сан алып,
Қазақы жырға енгізіп қанша жаңалық,
Өлеңнің өшпес өрінде енді қалдыңыз,
Сәулесі нұрлы бір жұлдыз болып қадалып.
Жирен ат, Ләйла, Сарноқай, мөлдір аспанды,
Тамсанта бермек мәңгіге бұла жастарды.
Ғарышта жүріп біздерді демей беріңіз,
Бір ғұмыр бітті...Жыр-ғұмыр енді басталды.
Қағанға ұқсау – ноянға мұрат, әз арман,
Осындай ниет ұғамыз сіздің ғазалдан.
О жақта жүріп қолдайтын қамқор сіз барсыз,
Сондықтан біздер қорықпаймыз енді ажалдан!
Достарыңызбен бөлісу: |