Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет8/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95

36
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Сағынғаны бұл сірә, сағынғаны,
Туған жерге бас иіп табынғаны.
 Күркіреген өзенге құлақ түріп,
Көзін тікті ақ көбік ағынға әні.
Бүлдіргенін үзіп жеп собығынан,
Шалды қанша шалғыны тобығынан.
Болдырып-ақ қалғаны-ай тойдан кейін,
Досы мінген тоқымсыз торы құнан.
Сөйлегенде өрнектеп жыр атынан,
Айналдым –ау ақыным, мұратыңнан.
Жиреніңді жаратып шыға келдің,
Сарғоқты мен Ешкіөлмес қыратынан.
Айтуға да бар шығар хақым мына?
Кенежирен тиген соң тақымына...
Шоратұғыл шыңдары қол бұлғайды,
Оралар деп әлі де ақынына.
Шөл қайырар Бекбаудың Қайнары да,
Ақ сағымдай алдыңда ойнады ма?
Тұрғандай-ақ сағынып бүгін енді,
Қараиректің қарайды сайлары да.
Көш жолы. Шаңы шыққан жатыр әні,
Алыстан қолын бұлғап шақырады.
Кешегі жүріп өткен ақын жолы,
Бүгінде терең ойға батырады...
***
Қиналғанын сездірмей жан адамға,
Достар таптың қаншама қаладан да.
Миығыңнан «мырс» еткен жымиысың,
Кетер емес осынау санадан да.
Жамандыққа қарайтын түршігіп те,
Жүрдің бәрін көтеріп, күрсініп те.
Неге адамдар бір-бірін сыйламайды,
Қатар жүрген осынау тіршілікте?!
Өлеңіңмен өлмейсің, ірісің де,
Сал серіге тән еді жүрісің де.


37
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Сыйлағаны не керек, кейбіреудің,
Білмеген соң қадірін тірісінде.
Айтушы еді, кішіге ақылын-ай,
Жатырқамай, жатсынбай, жақынындай.
Бұл жалғаннан өтті деп айту қиын,
Ақ жүректі, ақ көңіл, ақыным-ай!
Жырлар таптық жылынар жас жаныңнан,
Жан-жағыңа сәулеңді шашқаныңнан.
Көпке дейін із тастап тұрдың-дағы,
Ағып түстің бір жұлдыз аспанымнан... 
***
Қалай десең олай деші, кемсін бе ой?
Білем аға, көңілің бай, кеңсің ғой.
Сөз қадірін жүрегімен түсінген,
Қазағымның Пастернагы сенсің ғой.
 Ақыным-ай, арманы көп аңсаған,
Қарапайым қасиетіңе тамсанам.
Аз ғұмырда шен-шекпенге қызықпай,
Тарттың өмір тауқыметін қаншама?
Сезем сенен қамқорлық пен жылылық,
Жырларымен тұратұғын жылы ғып.
Поэзия биігінде өлмейтін,
Ақын болып туғандығың ұлылық.
Қаншама сыр, қаншама әсер аламын,
Аламын да, терең ойға қаламын...
Өмір жібі үзілді ме, япыр-ай,
Жанып келе жатқан кезде талабың.
Құдіретін сездің ғұмыр, жарықтың,
Өкінішті. Кеттің ерте жанып тым.
Ата-анаңның ұлы болмай тек қана,
Ұлы болдың қазағымдай халықтың!
Қалай десең, олай деші, кемсін бе ой?
Білем аға, көңілің бай, кеңсің ғой.
Әрбір сөзін өрнектеген өлеңмен,
Қазағымның Пастернагы сенсің ғой.


38
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
 Әділ БОТПАНОВ
ЖАН АЗАСЫ
...Бір күні кешке Әділ бөлмеге кіріп келді де үнсіз тұрып 
қалды. Өзінде өң-түс жоқ. Көзі мөлт-мөлт етеді. Біз 
шошып кеттік. «Не болдылап?» жатырмыз. «Жұмағаң 
қайтыс болыпты...», – деді ол. Шынын айтқанда, мерзім-
ді баспасөздерден өлеңдерін оқығанымыз болмаса, Жұма-
тай Жақыпбаевты біз ол кезде көп біле бермейтін 
біз. 
Жұмағаңның жыр қағанатын құрғанын, оның ең жас сар-
базы Әділ болғанын сол күні естідік. Көп өлеңдерін сол тү-
ні оқыдық. Әділ Жұмағаңның қазасына арнап «Жан аза сы» 
деген өлеңін жазды. Мынадай: 
Бауыржан Бабажанұлы
Құшақтап қайғы жабыққам-ды құр,
Жабықпас жаққа кетермін.
Ұйықтасам қара табыттарды кіл,
Аймалап жүрем, нетермін...
Қашанғы енді ғашық балаша,
Соза да берем төзімді.
Табыттың ішін ашып қарасам,
Ішінен көрем өзімді.
Үрейім ұшып, үдейіп күмән,
Басқа бір келдім табытқа.
Онда да өзім, не дейін бұған,
Қолымды созып жарыққа.
Қолымды созып, жалын деп лаулап,
Өшіріп үнін наланың.
Арманды қуып тәнімнен аулақ,
Алысқа самғап барамын.
Санаға енді бұл да азық па екен,
Тағы аштым табыт, бекеммін.
Ішінде өзім – гүл нәзік өлең,
Былдырлап жатыр екенмін.
Былдырлап жатыр екенмін...


39
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Тұрсын ЖҰМАШ
 
ҒАРЫШ ЖАҚТАН КҮЛІМСІРЕП  
ТҰР АҚЫН
Жұматай Жақыпбаевқа
Ғұмыр бойы шаршап күткен таңы атпай,
Өкініші алды-артына қаратпай...
Ғарыш жаққа кетіп қалды Жұматай,
Көпшіл еді, міншіл орта жаратпай.
Өлеңшінің қайғысы кем, басы аман,
Жұматайлар ұнамайды аса оған...
Бір әдемі Ақын ұшып барады,
Ақын да бір періште ғой, Жасаған.
Бүгінінен қызық еді-ау ертеңі,
Жетімсіреп Зайда бір күй шертеді,
Ғарыш жақтан күлімсіреп тұр ақын,
Бізге жұмбақ, аруларға ертегі.
Көзімде жас, көңілімде нала-мұң,
Кереметі жарқ етті ғой даланың.
Түнде ғажап түс көрдім мен, түсімде
Алатауға қарай кетіп барамын...
«Жас қазақ», 11 қараша 1992 жыл.
 
 
Арасанбай ЕСТЕНОВ
 
МОЙЫНДАУ
Жұматай Жақыпбаевқа
Тағдырына бір өксіп, бір емінген,
Миығынан мысқылдап күле білген.
Мырзасы едің жалғанның жариялы,
Сырбаз күйі аттандың бұл өмірден.
Кезің жоқ-ты дандайсып, мақтанатын,
Кербездігің бары рас, баптанатын.
Заманынан кеш туып, ертелетіп,
Құм жирендей жұлдыз боп аққан ақын.


40
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Шежіре айтып. Қазанғап...Төле биден,
Көңіл демдер кей сәтте көне күймен.
Өзің жоқсың. Кеудемді дүсірлетіп,
Шұрқырайды жетім жыр – Кенежирен.
Құрыш тұяқ омырау тепкілейді,
«Ғұмырың, әне, өтті-кеттілейді».
Бұл заман арсыздар мен тоғышарда,
Таяқты дүниеде текті жейді.
Бұл сенің тағдырыңнан түсінгенім,
Ешкімге көлеңкеңді түсірмедің.
Ортаңа әзіліңмен шуақ сеуіп,
Ешқашан кісімсініп ісінбедің.
Жаралған киелі өлең үшін демің,
Сен нағыз кемелденген күшіңде едің.
Тәрк етіп күйкі тірлік, шен-шекпенді,
Алдында пенделіктің кішірмедің.
Жалмаған талайларды асылдайын,
Көкейге түйіп қана ғасыр жайын.
Әрдайым іштен тынар ақын жүрек,
Жарқ етіп жанып кетті-ау жасындайын.
БЕЙІШ БАҒЫНА ХАТ...
Сол астана, сол аспан, сол күн әлі,
Сол заман аумалы да толқымалы.
Бәрі аман, жыр мұраң да, домбыраң да,
Тек жүрек өзіңді іздеп алқынады.
Аман бәрі достарың. Айкүн де аман,
Өзгеріссіз тұрушы еді қай күн ғалам.
Бастап беріп жаңа жыр-ғұмырыңды,
Уақыт-қазы бағаңды айқындаған!
 Жан емес ең жағымсып, пайда көрген,
Бұл қасиетіңді ашып жүр Зайда жеңгем.
Тұлпар-жырың даламды дүбірлетіп,
Сарноқайда беу-беулер «Ләйлә» келген.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау