67
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Тәңірім! Көкірегім менің бос, көктем де жоқ,
Мойын бұрман мен енді өткенге көп.
Махаббат жоқ жүректе, жоқ нала да,
Ұлы өмірім осылай тоқтала ма?!
Тәңірім, бәрібірдей сенделем, өмір, өлім,
Жанталасқан пенделер төңірегім.
Жұматайға мен мәңгі өкпелімін,
Алып кетті, ал оны көкке ғұмыр.
Тәңірім, не боп кетті өмірім оттай жанған,
Түн қойнынан өрмелеп қаптайды арман.
Түн ішінде отырам тынып демім,
Тірлігіме өзімнің күдіктеніп.
***
Бәрібір, бәрібір мен өмірді сүйемін, сені жоқтап тұрып та, сені
сағынып тұрып та, бақытты болғым келді. Мені кешір, жаным.
Өмірдің құдіреті де сонда шығар.
Ақ кебінге оралған асыл ағзаң,
Аймалады оны ұшып асыл, ақ жан.
Жан мен тәнде айырылған мәңгілікте,
Сені іздедім, Жұмашым, мәңгілік мен.
Кебін киген сен кеттің. Кебенек мен,
Күндік бақыт сұрадым көбелектен.
Сүргін өмір сүрдім мен, сүргін өмір,
Сұрадым мен кенелген бір күн өмір.
Сенің қолың, жүрегің, мейірімің,
Талқан қылды-ау қазақтың кей ырымын.
Сені сүйген жүректің лүпілі үшін,
Жебеді-ай кеп бұл мені мың тынысым.
Өмір сүрем әлі де тәңір берсе,
Сен де шірен баяғы әмірлі ерше!
Менің нәзік жүрегім саған аян,
Кешір мені кеше алсаң, бала Ноян!
68
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
***
Өмір, саған ғашықпын, мені тастамашы, жалынамын.
Мен өмірмін, қоңырсыған көмешпін,
Иісім аңқып, мұрын жарам, жел ессін.
Қалжыраған жүрегімде қуат бар,
Мен ғашықпын, бірақ ессіз емеспін!
Ризамын өмір саған, өкпеден,
Сақта тәңірім, азабыңнан шекпеген.
Мен ғашықпын, ақ жүрегім астасқан,
Жермен және көкпенен.
Ғарыш демін көктем сайын тыңдаған,
Бақытсыз деп кім айтады, мұңды адам.
Мен өзімнің Жұмашымды жырлағам,
Өкпелеме маған менің, ауылым,
Жұматай боп, Зайда болған бауырым,
Дәуірлеуге маған ерік бермеді,
Дәуірлеген дәуірім.
***
Мен жотада қалған жалғыз моламын. Күрсінгенімді де, күлгенімді
де ешкім естімейді. Бір күн кебінімді сүйретіп көшеге шықтым.
Қайдасың ғарыштың көгілдір мені,
Сені ойлап ғазалын төгіп жүрегім.
Қаңғып келе жатамын қалада бұл,
Жаным аңсап сол аппақ қар адамын.
Томпаңдайды ол қиялдың сүйіп тұрағын,
Мен, әрине, сол әннен биік тұрамын.
Адам болғым келеді, аз-ақ бақыт,
Беріңізші тағдырға мазақтатып.
Сүйіп-құшып жатады ел сүйгенін,
Жалықтырды-ау мазардай мелшигенім.
Сезім сырғыр судағы сынаптайын,
Мені ешкім неге бұл ұнатпайды?!
69
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Өңім де бар, ап-ашық жаным да бар,
Жуықтауға қорқа ма жалынға олар?!
Тамырынан келмей ме қорек талға,
Мен ешкімге қалдым-ау керек болмай.
***
Сәл ғана бақытты болғым келді, сәл ғана. Қас-қағым сәт босағым
келді. Сенің иығыңа басымды сүйегім келді. Сен мені маңдайымнан
иіскеп, жұбатса дедім. Бұған қақым бар ма еді?!
Басымды сүйеші, азырақ мызғып алайын,
Мен бақытсызбын суық жұлдыздай көк аспандағы.
Тағдырым несібемнің сызды талайын,
Шақырмайды мені енді жанасқан бағым.
Төрт қабырға, көк аспан, қара жерменен,
Сырласамын өзімше кенеліп тағы.
Жылдарым жылжып барады өлмеген,
Менсінбедім мен көнелік тағын.
Басымды сүйеші, осы ма жасыған шағым,
Сені көрдім де, соншама босағым келді.
Қар шалды дерсің, қайтейін, басын аршаның,
Тұл жүрегім, жоғалтқан «қосағын» көрді.
Армандарымды әлдилеп, өмір өткелін,
Жалғыз кештім осы деп жалғанда бағым.
Қабағын керіп, қырындап, төңірек керім,
Жасырып әлек жүрегім армандағанын.
***
Сүй, мені сүй, қар астында қалдырма,
Өкпе артпайын өзің барда тағдырға.
Аппақ адам, жүрегі нұр, жаны ізгі,
Қалтаңдаған қар адамы тәрізді.
Көзқарасың, жүрегіңнің лүпілін,
Жеткізеді қарасөзбен бір тілім.
Жүзім сары болғанменен, жан жасыл,
Жасыл сөздер төгер әлі сан ғасыр.
70
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Көктеммін мен көкірегімде көк арман,
Жастығымды іздеп жүрмін жоғалған.
Мына дүние жылытпайды, көне тым,
Жүректе оттың жағдайы жоқ сөнетін.
Мені сүю дүниені сүйгенің,
Жасыма сен, именіп.
Байқасаңыз, мендегі бұл жәй, өрлік.
Басқалардай мен де нәзік әйелмін.
Бітті бәрі, қиялдағы көп арман,
Өмірді ізде жоғалған.
18 желтоқсан, 1999 жыл.
МЕН ДЕНЕМІН
Мен қолыма шындап қалам ұстамағалы да тура екі жылдың жүзі
болыпты. Жүрегім ешнәрсеге селт етпейді. Жаным жабық күйге түсті.
Көкірегімде көктеп, көңілімде шешек атқан шаттығымды жарыққа
шығара алмаймын.
Асқар таулар менен алыстап кетті. Айдын көлдер мені көргенде,
теңселіп тереңіне тығылады. Қалың орман менің шаршаңқы жүзімді
көргенде шегініп кетеді...
Қол-аяғым кісендеулі тәрізді, қозғалмайды. Ай-а-а, – деп бар
даусыммен айқайласам-ақ тек кеудем күңгірлей жөнеледі.
Қазір менің кеудем, ішкі жан сарайым ғана тірі екен. Мен кәдімгі
аяғы жоқ, қолы жоқ, жүрейін десе жүре алмайтын, күлейін десе күле
алмайтын, домаланған денеге айналыппын.
Мен денемін!
Бақсыз, бапсыз бағыда сөнген едім,
Қара жердей шексіз-ау көлденеңім.
Себім тимес, сергелдең елге менің,
Доп-домалақ денемін, дөңгеледім.
Көкірегімді ашытты күйік кіріп,
Дүниеден жерідім сүйіп тұрып.
Алтынға да, даңққа да қызықпадым,
Мен солардан аспандай биік тұрып.
Достарыңызбен бөлісу: |