Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет7/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95

31
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Махамбет – сенде, 
Ықылас қалды – мен жақта.
Сен жақта қалай?
Бұл жақта көкте Күн күлген.
Оятып таңы, қажытып түн көз ілдірген.
Жарық пен Түнек айқасып бәрін
Бүлдірген...
Күндердің күні қайсысы жеңбек?
Кім білген...
Мен жақта әлі қантөгіс – Сенат Алаңы, 
Қаланы қосты өзіне, бүкіл даланы. 
Әбілді өлтірген Қабылдың қанды балағы, 
Сабады бауырын, Алашын итше талады...
Мен барам Саған. Олар да Саған барады.
«Жас Алаш», 10 тамыз 1994 жыл.
 
 
Ибрагим ИСАЕВ
ҚАЗАҚТЫҢ ХАФИЗІ 
Жұматай Жақыпбаевқа
Харам ойларға жоламай жауықтыратын,
Іздеген ізін қашанда тауып тұратын,
Ақын еді ғой, жаныңа жақын еді ғой,
Жырлары сырқат жүректі сауықтыратын.
Кисе де қандай жарасар басына бөрік,
Шаршаған жандай бейне бір шашыла беріп,
Алыста тұрып айбарлы бас иземейтін,
Хал сұрасатын қашанда қасыңа келіп.
Асықпай ғана сөйлейтін, асықпай жүріп,
Ойларын әсем беретін қасықтай бөліп.
Көңіліңдегі кірбіңді тұрқыңнан танып,
Жүректегі ойды тұратын ғашықтай біліп.


32
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Көрген жоқ әсте күні үшін бұлғаққа барып,
Сәби сынды еді көрмеген құндаққа жарып.
Төрелер менен Үйсінге көшетін бір сәт,
Қажытай досын қисынды бір мақтап алып.
Өлеңіндегі ойлары айдалаға асып,
кетпейтін әсте, жазбайтын пайдаға басып.
Оңтүстіктердің «шешеңді» дегені сынды,
Жүретін ылғи жырында Ләйлә араласып.
Кезі жоқ еді мастанып, мазаққа ерген,
Тірлікке көніп батқан бұл азапқа белден.
Атадан қалған асылдың сынығындай-тын,
Хафизі сынды өлеңнің қазаққа берген.
Қиқуға толып жатқандай қаз қонып көлі,
Жайлауын айтып, атты айтып мәз болып тегі,
Қалаға сыймай қиялы далаға қашып,
Көңілі жүдеу, әншейін көзге күпті еді.
Дейтұғын кейде, амалсыз қоямын ішіп,
Шашы мен мұртын сездірмей бояды «пысық».
Сылытып басып жүргенін көргенмін талай,
Тұманбай берген туфли аяғын қысып.
Ұқсамаса да қайсыбір дауыл ақынға,
Қарай алатын қас ниет жауына тура.
Тілімдеп кетсін жүрегін, күлімдеп жүріп,
Сездірмеуші еді жанының ауыратынын да.
Маржан сөздері түскендей шашылып көктен,
Жүрген жандай-ақ сырқатын жасырып көптен.
Жиырмасыншы ғасырда бір ақын болды,
Асықпай жүріп, өмірден асығып кеткен.


33
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Байбота Серікбайұлы 
ҚОШЫМ-НОҒАЙ
ЖҰМАТАЙ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ 
(реквиемнен үзінді)
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!
 
  Абай
Имансыз мынау әлемге күліп мұртыңнан,
Көкірегіңді құсаға бөлеп жыр тұнған,
Ләйләнің әндей бейнесіменен арбасып,
жүруші ең кеше көшеде маң-маң, маң басып,
Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан!
Бір қызға ғана қырық жыр және күй арнап,
Тар пешенеге мұндай да кейде сыяр бақ!
үлпеттей ғұмыр кештің де балдай дәмді ғып,
Зайдаға ауыр қайғы мен мұңды қалдырып,
Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан!
Тәуіптей тізіп шұғынық, жусан, сояуын,
жырыңа жағып даланың барлық бояуын,
болдың дағы өзің ортамызға кеп аз-ақ күн,
өмірге деген өкпесі сынды қазақтың,
Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан!
Таусылған шығар, қайтейін, татар тұз-дәмің,
Ақсайға келмей, Кеңсайдың аңсап ызғарын,
қайрылмай кеттің, жан едің өзің не деген?!
Өзімнен басқа ешкімнен «таяқ жемеген»,
Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан!
Сен тірі жүрсең шашатын қаламақыма-ақ,
бір құшақ гүлді базардан бүгін сатып ап,
басыңа келіп, зиярат қылып оралдым,
бар болсын менің бейшара мұндай жоралғым!..
Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан!
«Қазақ елі», қазанның 5-і, 
доңыз жылы (1995 ж.)


34
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Сайлаубай ТОЙЛЫБАЕВ
АҚЫН ЖОЛЫ НЕМЕСЕ   
ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ...
 
Айналайын, асыл туған, жүректі,
Жер-Анаға өлеңімен гүл екті.
Суық хабар жеткен кезде ең алғаш,
Тұла-бойым тоқ соққандай дір етті.
Сенейін бе, сенбейін бе сөзіңе,
Ыстық жас та толып кетті көзіме.
«Жұмеке» деп, ал біресе «аға» деп,
Қалжыңдаушы ем, еркелеуші ем өзіңе.
Әрбір жанның жүрегінде жырыңыз,
Жүргендігін уа, Жұмеке, біліңіз!
Сен – ағалық, мен – інілік парызбен,
Түсінуші ек бірімізді-біріміз.
Сөзі де ерек, тіліп өткен көкті де,
Шуақ нұрын жан-жағына төкті ме?
Есениндей еркелеген еліне,
Бір ақыны қазағымның өтті де...
 
Жүзіп келе жатқан өлең-кемеңді,
Поэзия мұхитынан көрем-ді.
Өзің жоқсың түсінетін жанымды,
Аға, кімге еркелеймін мен енді?
***
Көңілді жабырқатпай жұбатайын,
Деді ме қырда жатып, гүл атайын.
Сағынып іздеп жүр ме жыр-өлеңі,
Жанында бірге жүрген Жұматайын.
Бұлақ та сыңсып ағып сылдырайды,
Сағым да сонау қырда бұлдырайды.
Жүгірген жағасында жалаң аяқ,
Қусақ та қабақ түйіп, тұнжырайды.
Көкейде көлбеп тұрса ізгі арманы,
Демейміз балалықтан із қалмады?


35
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Кешегі гүлін терген қырат-қырдың,
Мұңайып қарайтындай қызғалдағы.
Тағдырдың басқа салған ісі ме еді,
Ол да бір қас тұлпардың мүсіні еді.
Иесін жоқтап тұр ма жануар-ай,
Кермеде Кенежирен кісінеді.
Қызарып батты білем күн аяғы.
Жабырқап жүргеніңді кім аяды?
Өзіңмен мәңгілікке қоштасқандай,
Талдар да басын шайқап мұңаяды.
Тербеліп тал бесікте жатасың ән,
Гүл терген Үшбұлақтың жотасынан.
Шүйкедей ақ шашты ана отыр зарлап,
Айырылып қалғаннан соң ботасынан.
Көңілді жабырқатпай жұбатайын,
Дедің бе Кеңсайымда гүл атайын.
Сағынып іздеп жүр ме жыр-өлеңі,
Жанында бірге жүрген Жұматайын.
 
***
Артық көріп өлеңді қара бастан,
Сөз қадірін түсінген бала жастан.
Сарноқайдың сан тарау бұлақтары,
Сырлассақ деп жырларын ала қашқан.
Туды ма екен ақ сүтпен жөргекте өлең,
Төрің бар да ақыным төрлет деген. 
Туған жердің ғажайып суреттерін,
Өлеңімен әспеттеп өрнектеген.
Жасыл желек, көк арша, гүл құрақтың,
Шапқылайды бұлағы сылдырап тым.
Өлеңіңді оқыдық, күбір-күбір,
Шығып алып шыңына Мыңбұлақтың.
Тартып туған елінің балғыны ма,
Көз тігеді шың-құздың, жал, құмына.
Кенежирен атынан түсе салып,
Үшбұлақтың аунады шалғынына.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау