ТЖДБД – ҚРҰБ Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті;
ҚОҚЕМД – ҚРҰБ Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі департаменті;
ҚНИ – қаржы нарығының инфрақұрылымы;
ҚБЕО – «ҚРҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
БААЖ – Банкаралық ақша аудару жүйесі;
ҚРҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
БКЖ – Банкаралық клиринг жүйесі;
БҚЕЖ – Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу жүйесі.
I. Түсіндірме жазба
Осы құжатта төлем жүйелері үшін ашылуға міндетті тәуекелдерді бағалауға арналған ақпаратты ашу тармақтарына жауаптар келтірілген. Қазақстан Республикасының жүйелік тұрғыдан мәні бар төлем жүйелерінің бағасы келтірілген – БААЖ.
II. Жария етілетін ақпараттың соңғы жаңартылған сәттен бастап болған соңғы өзгерістеріне қысқаша шолу
Ақпарат алғаш рет беріледі. Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдік және нарық инфрақұрылымдары жөніндегі комитет және Бағалы қағаздар бойынша комиссиялар халықаралық ұйымының Техникалық комитеті әзірлеген Қаржы нарығының инфрақұрылымдарына арналған қағидаттардың сақталуына Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің өзін-өзі бағалауы 2013-2014 жылы алғаш рет өткізілді.
III. ҚНИ туралы жалпы анықтамалық ақпарат: төлем жүйелері ҚНИ (БААЖ) және онда қызмет көрсетілетін нарықтар
туралы жалпы ақпарат
Сенімді және қауіпсіз төлем жүйелері жалпы мемлекеттің қаржы жүйесінің
тұрақтылығын арттыруға ықпал жасайды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылар арасында заманауи есеп айырысуға кепілдік береді. Төлем жүйелерін жетілдіру, оны одан әрі
дамытуды дұрыс таңдау ҚРҰБ-та ең маңызды басымдық болып табылады. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің біріне жатқызылған.
БААЖ-да, еліміздің жүйелік тұрғыдан мәні бар төлем жүйесінде төлемдер есебі нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, яғни, жүйеге келіп түскеннен
кейін әрбір төлем құжаты бірден бірнеше секундтың ішінде есептеледі.
БААЖ-дың жұмыс істеуі туралы статистикалық ақпарат, оның ішінде төлем
жүйелерін қадағалау (оверсайт) қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат және БААЖ бойынша ағымдағы статистика ҚРҰБ-тың http://www.nationalbank.kz/?docid=228&switch=russian сайтында «Төлем жүйелері» бөлімінде ұсынылды.
ҚНИ жалпы ұйымдастыру
ҚБЕО БААЖ операторы болып табылады. ҚБЕО Қазақстан Республикасының банк жүйесін қайта қалыптастыру бағдарламасына сәйкес Ұлттық Банк
Басқармасының 1995 жылғы 30 желтоқсандағы №252 шешімінің негізінде
құрылды. ҚРҰБ ҚБЕО-ның құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
ҚБЕО жеке шаруашылық жүргізетін субъект, банктік емес қаржылық мекеме болып табылады. ҚБЕО-ның негізгі қызметі болып банкаралық төлемдер және
ақша аударымдарын БААЖ және БКЖ арқылы өткізу болып табылады.
Клиенттерге көрсетілетін қызметтер үшін ақы ҚБЕО кірісінің негізгі бабы болып табылады. ҚБЕО-ны ҚРҰБ Басқармасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бас директор басқарады. ҚБЕО қызметінің негізгі түрлері және құрылымы жөніндегі мәлімет ҚБЕО-ның www.kisc.kz сайтында ұсынылған.
Төлем жүйелері қызметін реттеуді ҚРҰБ жүзеге асырады.
3
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
ҚРҰБ-тың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Аталған міндетті ТЖДБД – ҚРҰБ орталық аппаратының бөлімшесі орындайды. ТЖДБД құрамына Төлем жүйелерінің әдіснамасы және даму басқармасы және Төлем жүйелерін қадағалау басқармасы кіреді.
Мыналар ТЖДБД негізгі міндеттері болып табылады:
- Қазақстан Республикасы төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың тиімді дамуына бағытталған іс-шараларды өткізу;
- Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдерін реттеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт).
Достарыңызбен бөлісу: |