Қаржы нарығының инфрақҰрылымдарына арналған қАҒидаттардың сақталуын бағалау қбео төлем жүйелері


Төлем жүйелерінің құрылымы мен функциялары (БААЖ)



жүктеу 0,67 Mb.
бет5/6
Дата15.01.2020
өлшемі0,67 Mb.
#26574
1   2   3   4   5   6

Төлем жүйелерінің құрылымы мен функциялары (БААЖ)


Еліміздің БААЖ-ында, жүйелік маңызды төлем жүйесінде төлемдерді есептеу нақты уақытта жүзеге асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге келіп түскеннен кейін бірнеше секунд ішінде бірден есептеледі. Жүйе мереке және демалыс күндерінен басқа аптаның барлық күндері жұмыс істейді.

БААЖ жұмыс істеу схемасы, оның ішінде жүйе жұмысының операциялық сағаттары ҚРҰБ-ның http://www.nationalbank.kz/?docid=672&switch=russian сайтында «Төлемдер жүйесі» бөлімінде, сондай-ақ ҚБЕО-ның http://www.kisc.kz/pay_systems/mspd.html сайтында берілген.

Жалпы БААЖ сипаттамасы бойынша әлемдегі RTGS жүйелерінің көпшілігімен ұқсас. Мәселен, Швейцарияның SIC жүйесімен (Швейцарияның Ұлттық Банкінде орналасқан активтер есебінен нақты уақыт режимінде төлемдерді есептеу), Англияның CHAPS жүйесімен (төлемдер нақты уақыт режимінде жүзеге асатын электрондық төлемдер жүйесі),Украинаның СЭП, Сингапурдың MEPS, Қырғыздың ГСРРВ, Жапонияның BOJ-NET жүйелерімен ұқсас.

IV. Жария етілетін ақпараттың қысқаша мазмұны

Жария етілетін ақпаратты қағидаттар бойынша қысқаша мазмұны


______________________________________________________________________________________________________________________________


ҚНИ:

БААЖ

1-қағидат. Құқықтық негіз


ҚНИ-дің өз қызметінің барлық тиісті юрисдикциядағы әрбір маңызды аспектісі үшін жақсы негізделген, нақты қалыптастырылған, айқын және құқықтық акциямен қамтамасыз етілген заң базасы болуы тиіс

Қысқаша мазмұны

ҚРҰБ-тың БААЖ-дағы қызметінің барлық тиісті юрисдикциядағы әрбір маңызды аспектісі үшін жақсы негізделген, нақты қалыптастырылған, айқын және құқықтық акциямен қамтамасыз етілген заң базасы бар. Почта байланысы ұйымдарының ақша аударуды жүзеге асыруына байланысты қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейтін негізгі Заң Төлемдер туралы заң болып табылады.

БААЖ қызметінің барлық аспектісі тиісті нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты айқындалған. БААЖ жұмысының мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі осы құжаттың «Заңнамалық және нормативтік база» бөлімінде айқындалған. Нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан аумағындағы барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті, тиісінше, тиісті акт қабылданбай тоқтатыла тұруы немесе жарамсыз деп танылуы мүмкін емес. ҚБЕО Бас директоры бекіткен ҚБЕО құжаттары төлем жүйесінің барлық пайдаланушылары үшін міндетті.

Төлем жүйелерінің жұмысы мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әртүрлі ұйымдарда негізделген, нақты тұжырымдалған, айқын заң базасын қамтамасыз етуге сараптамадан өткізіледі, төлем жүйелерін пайдаланушылармен, мүдделі мемлекеттік ұйымдармен келісуге жатады. Мәселен, Төлем жүйелерінің жұмысын реттейтін нормативтік актілер және өзге құжаттар (заңнамалық актілерге жатпайтын) ҚРҰБ Директорлар кеңесінің, Басқармасының немесе ҚБЕО Бас директорының қаулыларымен бекітіледі. ҚРҰБ Басқармасының қаулылары ҚР екінші деңгейдегі банктері мүшесі болып табылатын Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен (Ұлттық Банк аккредиттеген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сараптама кеңесі), Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен міндетті келісуге жатады. ҚРҰБ Басқармасының қаулысы бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеледі. Сондай-ақ БААЖ жөніндегі шартта ҚБЕО қызметтері тарифтерінің, ҚБЕО мен пайдаланушылар арасындағы бағдарламалық-техникалық өзара іс-әрекетке қойылатын талаптардың, электрондық хабарлармен алмасу рәсімдерінің өзгергені туралы кемінде 30 күн бұрын ҚБЕО-ның пайдаланушыға ескерту міндеті туралы тармақ көзделген. Сонымен қатар, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің маңыздылығына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне, сыбайлас жемқорлықтың және өзге де ақаулы нормалардың болмауына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында төлем жүйелерінің жұмысы мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер жоқ, қазіргі кезде төлем жүйелері жұмысының тәртібі мен ерекшеліктері негізінен ҚРҰБ нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Осыған байланысты «төлем жүйелері» ұғымын, төлем жүйелерінің жұмысының негізгі сипаттамаларын, төлем жүйелерін әлеуметтік-маңызды төлем жүйелеріне, маңызды төлем жүйелеріне жатқызу критерийлерін, төлем жүйелері операторларының құқықтары мен міндеттерін заңнамалық актілер деңгейінде айқындау қажет. Сонымен қатар, төлем жүйелеріндегі төлемдердің аяқталуына қатысты талаптарды заңдар деңгейінде бекіту талап етіледі, оның ішінде төлем жүйелері клиентін жеделдетілген сауықтыру рәсімі, сауықтыру рәсімі немесе банкроттығы қолданылған (клиент төлемінің аяқталуына кепілдік беретін, тіпті ол банкрот болған жағдайда, «нөлдік сағат қағидалары» болмаған) жағдайда.


2-қағидат. Басқару


ҚНИ-де ҰНИ-дің қауіпсіздігі мен тиімділігін, сондай-ақ қаржы жүйесінің неғұрлым кең мағынадағы тұрақтылығын, қоғамдық мүддесін білдіретін басқа аспектілерді және мүдделі тараптардың мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін нақты және айқын басқару жүйесі болуы тиіс

Қысқаша мазмұны

ҚБЕО-ның ҚРҰБ еншілес ұйымы болып табылатынын және ҚРҰБ толық бақылайтынын ескере отырып, ҚБЕО осы қағидат тұрғысынан алғанда ҚРҰБ құрылымының бір бөлігі (бөлімшесі) ретінде қаралады. Негізінде ҚРҰБ (төлем жүйелерінің реттеушісі) органдары мен басшылығы іс-әрекет жасайтын басқару тетіктері ҚРҰБ туралы Заңда және ҚРҰБ туралы ережеде айқындалған. ҚРҰБ тiке бағыныстағы схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады. ҚРҰБ басшылықты Төраға жүзеге асырады, ол ҚРҰБ-қа жүктелген міндеттердің орындалуы және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілік атқарады. Төрағаның және Төраға орынбасарларының функциялары мен міндеттері ҚРҰБ туралы Заңда және ҚРҰБ туралы ережеде және ҚРҰБ Төрағасының ҚРҰБ Төрағасы мен орынбасарларының арасындағы міндеттері бөлісу туралы бұйрығында айқындалған. Басқарманың, Директорлар кеңесінің өкілеттігі ҚРҰБ туралы Заңда және ҚРҰБ туралы ережеде белгіленген. Сондай-ақ ҚРҰБ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің бекітілген Регламенттері қолданылады. ҚРҰБ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің құрамы, ҚРҰБ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің Регламенттері, ҚРҰБ Басқармасының Жұмыс жоспары, ҚРҰБ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қызметі туралы ақпарат ҚРҰБ ресми сайтына орналастырылады.

ҚРҰБ орталық аппараты бөлімшелерінің, оның ішінде ҚБЕО-ның төлем жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмысына жетекшілік ететін ТЖДБД басшыларының рөлі мен міндеттері осы бөлімшелер туралы, ҚРҰБ Төрағасының бұйрығымен бекітілетін Ережелерде айқындалған.

ҚБЕО басшысының, Бас директорының рөлі мен міндеттері ҚРҰБ Жарғысында айқындалған. Мәселен, ҚБЕО Жарғысына сәйкес ҚБЕО басқаруды ҚРҰБ Төрағасының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және босатылатын Бас директор не кандидатурасы алдын ала ҚРҰБ Басқармасымен келісілетін оның орнындағы адам жүзеге асырады. Бас директордың құқықтары мен міндеттері ҚР заңнамалық актілерінде, ҚБЕО Жарғысында, сондай-ақ жеке еңбек шартымен айқындалады.

Осылайша, ҚРҰБ мен ҚБЕО басқару құрылымы ҚНИ саласында төлем жүйелерін реттеудің айқын және тиімді жүйесін білдіреді. ҚРҰБ-тың төлем жүйелерін реттеу жөніндегі міндеттері ҚРҰБ туралы Заңда және ҚРҰБ туралы ережеде тікелей айқындалған. ҚБЕО қызметінің мақсаты мен түрлері ҚБЕО Жарғысында нақты көрсетілген. Бұл ретте ҚРҰБ мен ҚБЕО төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету саласында қойылған міндеттерін орындау жөніндегі қызметі төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуінің жоғары деңгейіне және сенімділігіне қол жеткізілгендіктен тиімді ретінде бағаланады. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында, сондай-ақ қадағалау (оверсайт) объектілерін айқындау мақсатында ҚРҰБ 108-ереже әзірледі.

Сонымен қатар, ҚРҰБ Директорлар кеңесі жанында Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитет құрылды. Ұлттық Банктің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету, бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі комиссия, сондай-ақ Ақша төлемдері мен аударымдары және төлем жүйесінің жұмыс мәселелері жөніндегі ұлттық төлем кеңесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚБЕО жыл сайын төлем жүйелерінің негізгі даму бағыттарын (стратегиясын) талқылау мақсатында төлем жүйелерінің пайдаланушыларымен кездесулер өткізеді.

ҚРҰБ-ғы тәуекелдерді басқару тәртібін айқындайтын құжаттар ҚРҰБ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қаулыларымен бекітілді. ҚРҰБ тәуекелдері түрлерінің тізбесі, ҚРҰБ тәуекелдерін бағалау әдістемесі ҚРҰБ Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.



ҚРҰБ мен ҚБЕО сайттарындағы, баспасөз басылымдарында, баяндамалардағы, теле және радиохабарлардағы жұмыс, жүйенің пайдаланушылары туралы ақпарат, статистикалық деректер жария түре ашып көрсетіледі. Қажет болған кезде БААЖ бен БКЖ жұмыс туралы тиісті ақпарат мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша ақпараттың конфиденциалдылығы сақтала отырып ҚБЕО мен ТЖДБД-ға ұсынылады.

3-қағидат. Тәуекелдерді кешенді басқару жүйесі


ҚНИ-де құқықтық және кредиттік тәуекелдерді, өтімділік тәуекелін, операциялық және басқа тәуекелдерді кешенді басқару үшін тәуекел-менеджменттің орнықты жүйесі болуы тиіс

Қысқаша мазмұны

ҚБЕО мен ТЖДБД-да қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесі төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Төлем жүйелеріне тән тәуекелдерді бағалау ҚРҰБ-та:

1) «Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бизнес-процесін талдау;

2) Төлем жүйелерінің мониторингі және қадағалау (оверсайты) шеңберінде жүзеге асырылады.

«Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бизнес-процесін талдауға тәуекел-тәбеттің деңгейін жыл сайын айқындау (қайта қарау, маңызын арттыру) және бизнес-процестің тәуекелдері бойынша есеп дайындау кіреді, мұнда тәуекелдерді басқарудың бақылау шаралары бар тәуекелдердің туындау себептері, ықтимал теріс оқиғалар, теріс оқиғаларды іске асыру салдарлары көрсетіледі, бұл ретте тәуекелге толеранттыққа қарай ден қою шаралары (тәуекелді қабылдау, тәуекелден бас тарту, тәуекелді азайту, тәуекелді ауыстыру) айқындалады. «Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» процесі бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және ден қою нәтижелері бойынша ҚБЕО мен ТЖДБД басқаратын мынадай тәуекелдер анықталды: құқықтық тәуекел; ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі; үздіксіз қызметтің бұзылу тәуекелі; есептілік тәуекелі; қызметкерлер тәуекелі; технологиялар тәуекелі; нақты қауіпсіздік тәуекелі; басқару тәуекелі.

Төлем жүйелерінің мониторингі және қадағалау (оверсайты) шеңберінде жүйе жұмысының сандық және сапалық деректерін талдай; төлем жүйелерін пайдаланушыларын 269-талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізе отырып, тұрақты негізде төлем жүйелеріне тән тәуекелдерді талдау жүргізіледі. Бұл ретте 108-ережеге сәйкес төлем жүйелеріне тән мынадай тәуекелдер анықталды: құқықтық тәуекел, кредиттік тәуекел, өтімділік тәуекелі, алаяқтық тәуекелі, операциялық, жүйелік, техникалық тәуекелдер, бедел тәуекелі.





Тәуекелдердің әрбір түрі бойынша оларды басқару және азайту әдістері көзделген (4 «Кредиттік тәуекел», 7 «Өтімділік тәуекелі», 17 «Операциялық тәуекел» қағидаттарын қар.).

БААЖ-ға тән тәуекелдер туралы ақпарат және оларды басқару әдістері 242-ережеде, БААЖ бойынша шарттарда берілген, ол бүкіл жұртшылыққа танысу үшін ашық. Бұл құжаттарды ҚРҰБ, ҚБЕО сайттарында табуға болады. Оған қоса, 242-Қағидаларда белгіленген тәуекелдер тізбесін ҚНИ арналған Қағидаттармен белгіленген тәуекелдер тізбесіне, сондай-ақ төлем және есеп айырысу жүйелерінде пайдаланылатын, тапа айтқанда «кредиттік тәуекел», «құқықтық тәуекел», «операциялық тәуекел» және «өтімділік тәуекелі» ұғымдарын ТНИК терминдерінің глоссарийімен сәйкес келтіру талап етіледі. Сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде тәуекелдері басқарудың пайдаланылатын әдістерін екі жыл ішінде кем дегенде бір рет талдауды (қайта қарауды) жүргізу қажеттілігіне қатысты нормаларын бекіту талап етіледі. ҚБЕО пайдаланушылармен кері байланысты белгілеген, бұл тәуекелдерді басқаруды мәселесін уақтылы шешуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда жүйенің ерекше белгілері БААЖ пайдаланушыларына нақты уақыт режимінде ҚБЕО-дан пайдаланушылар позицияларының ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты, үзінді-көшірмелерді алу арқылы өтімділік және кредиттік тәуекелдерді басқаруына мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың операциялық тәуекелдерді басқаруын қамтамасыз ету ҚРҰБ жүргізілетін пайдаланушылардың 269-талаптарды сақтауын тексеру жолымен қол жеткізіледі.

Оған қоса, төлем жүйелерінде төлемдер жүргізуді қиындатуы мүмкін жағдайларды тестілеудің қосымша сценарийін әзірлеу, осы сценарийлерді, оның ішінде қажет болған жағдайда төлем жүйелеріне қатысушылардың қатысуымен модельдеуді/тестілеуді қамтамасыз ету талап етіледі. Жүргізілген стресс-жағдайлар сценарийлерін моделдеу/тестілеу қорытындылары бойынша төлем жүйелерінде анағұрлым сапалы мониторингті жүргізу және өтімділіктің тәуекелдерін басқару үшін төлем жүйелері пайдаланушыларын ынталандыру әдістерін әзірлеу ұсынылып отыр.

4-қағидат . Кредит тәуекелі


ҚНИ тиімді өлшеуді қамтамасыз етуі, мониторинг жүргізуі және қатысушылар құратын өздерінің кредиттік тәуекелдерін, сондай-ақ оның төлемдік, клирингтік және есеп айырысу процестерін басқаруы тиіс. ҚНИ қатысушылардың әрқайсысы құратын олардың кредиттік тәуекелдерін толық көлемде және жоғары сенімділік деңгейімен жабатын жеткілікті қаржы ресурстарын ұстап тұруы тиіс. Оған қоса, анағұрлым күрделі тәуекел бейінімен қызметті жүргізетін немесе бірнеше юрисдикцияда жүйелік маңызы бар ОҚА, қоса алғанда, бірақ төтенше, бірақ ықтимал нарық жағдайында ЦКА-да анағұрлым жиынтық кредиттік тәуекелді туындатуға әлеуетті жағынан қабілетті екі ірі қатысушы және олардың үлестес тұлғаларының дефолтымен шектелмейтін әлуетті стресстік сценарийдің кең ауқымын жабуға жеткілікті қосымша қаржы ресурстарын ұстап тұруы тиіс. Басқа барлық ОҚА төтенше, бірақ ықтимал нарық жағдайында ОҚА-да анағұрлым жиынтық кредиттік тәуекелді туындатуға әлеуетті жағынан қабілетті қатысушылардың бірінің және оның үлестес тұлғасының кем дегенде дефолтын жабуға жеткілікті жалпы қаржы ресурстарын ұстап тұруы тиіс.

Қысқаша мазмұны

БААЖ нақты уақыт режимінде жалпы есеп айырысу жүйесі болып табылады және бір операциялық күн ішінде есеп айырысулардың кепілдігін қамтамасыз етеді. Өтімділік және жүйелік тәуекелді басқару әдістері «Өтімділік тәуекелі» 7 Қағидаттарын сипаттау кезінде берілген.

БААЖ-да кредиттік тәуекелді (төлеушінің өз міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындау мүмкін еместігіне байланысты алушының тәуекелі) басқару жөнінде арнайы тетіктер белгіленбеген. Мәселен, әлемдік практикада кредиттік тәуекелді басқару үшін мынадай тетіктер пайдаланылуы мүмкін: екі жақты кредиттік шектеулер, зияндарды бөлу, резервтік (сақтандыру) қоры, кепілмен қамтамасыз ету. Алайда, бұл әдістер БААЖ-да қолданылмайды.

Осыған байланысты, Ұлттық Банктің БААЖ пайдаланушыларына кепілмен қамтамасыз етумен күндізгі кредитті(овердрафтты) беру тетігін ендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, кепілмен қамтамасыз ету ретіне қабылдануы мүмкін мүліктің тізбесін, сондай-ақ оны тиісті бағалау бойынша рәсімдерді белгілеу талап етіледі.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтың кодексінің 742-бабында көзделген нұсқауларды орындаудың кезектілігін сақтауды және пайдаланушылардың әлеуметтік бағдарлануы жағынан маңыздылығын, олардың Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы және валюта нарығындағы рөлін ескере отырып төлем хабарларының басымдылығы кодтарын айқындау бойынша өзгерістерді көздеу қажет.


5- қағидат. Кепілмен қамтамасыз ету


Өзінің кредиттік тәуекелін және өз қатысушыларының кредиттік тәуекелін басқару үшін кепілмен қамтамасыз етуді қажет ететін ҚНИ кепілмен қамтамасыз етуді төмен кредиттік және нарықтық тәуекелмен және өтімділік тәуекелімен қабылдауы тиіс. ҚНИ сондай-ақ жеткілікті түрде консервативтік «қырқуларды» және шоғырландыру лимиттерін белгілеуі және пайдалануы тиіс

Қысқаша мазмұны

Бұл қағидатты БААЖ және БКЖ орындамайды, өйткені БААЖ және БКЖ бойынша кредиттік және нарықтық тәуекелді және өтімділік тәуекелді басқару үшін кепілмен қамтамасыз ету көзделмеген .

6-қағидат. Кепілдік депозиті


ОҚА тәуекелдерді ескеретін және үнемі қайта қаралып отырылатын кепіл берілген депозиттердің тиімді жүйесінің көмегімен барлық өнімдер бойынша өзінің қатысушылары құратын өзінің кредиттік тәуекелдерін жабуы тиіс.

Қысқаша мазмұны

Бұл қағидаттың ережелері БААЖ мен БКЖ қатысты қолданылмайды.

7-қағидат. Өтімділік тәуекелі


ҚНИ өзінің өтімділік тәуекелін тиімді бағалауы, мониторинг жүргізуі және басқаруы тиіс. ҚНИ күнбе-күн және қажет болғанда, бір күн ішінде немесе бірнеше күн ішінде, жоғары сенімділік дәрежесімен, осыларды қамтитын, бірақ қатысушының және оның үлестес тұлғаларының міндеттемелерді орындамауымен шектелмейтін, төтенше, бірақ ықтимал нарық жағдайында ҚНИ өтімділік бойынша анағұрлым жиынтық міндеттемелеріне әкелуге қабілетті әлеуетті стресстік сценарийдің кең ауқымына сәйкес төлем міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті валюталарда жеткілікті өтімділік ресурстарын ұстап тұруы тиіс.


Қысқаша мазмұны

БААЖ-да төлемдер тек бір валюта – KZT жүзеге асырылады. Бұл ретте БААЖ бір операциялық күн ішінде есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз етеді.

Өтімділік тәуекелін басқару үшін БААЖ-да мынадай тетіктер қолданылады:

1) кезекті басқару тетігі;

2) пайдаланушының ҚРҰБ ашылған корреспонденттік шотынан оның БААЖ-ғы позициясына ақшаны қосымша аудару:

- клиринг нәтижелері бойынша БААЖ-да таза позицияларды есепке алу үшін өтімділік жеткіліксіз болған жағдайда;

- БААЖ операциялық күннің соңында (операциялық күн жабылғанға дейін отыз минут ішінде) пайдаланушыда төлем құжаттарының кезегі туындаған кезде.

Пайдаланушының ҚРҰБ-да корреспонденттік шотында ақша сомасы жеткілікті болмаған кезде ҚРҰБ жауапты қызметкері пайдаланушымен бірге осы кезекті реттеу тәсілдерін қарайды.

3) ҚРҰБ және ҚБЕО нақты уақыт режимінде төлем жүйесі пайдаланушыларының позициясына тұрақты мониторинг жүргізуі %

4) операциялық күн соңында екі және одан көп пайдаланушыларда төлем құжаттарының есептелмеген кезегі болған кезде ҚБЕО пайдаланушылардың жүйедегі ақшасының қалдығын ескере отырып, кезекте тұрған төлем құжаттарының өзара есебін орындайды;

5) төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) шеңберінде күн сайын БААЖ-да орындалмаған (кері шақырылған) төлемдер туралы ақпаратты, өткен күн үшін төлем құжаттарының кезегін талдау;

6) ҚРҰБ кредиттік тәуекелді, өтімділік тәуекелді және жүйелік тәуекелді басқару мақсатында күн сайынғы негізде БААЖ ақша айналымының коэффициентін (ААК)1 және өтімділік коэффициентін (АӨКД)2 есептеуді, сондай-ақ олардың белгіленген мәндерге сәйкестігін талдауды жүзеге асырады.3.

БААЖ пайдаланушыларының және тұтастай алғанда жүйенің өтімділігін талдау үшін «БААЖ-2 мониторингі» бағдарламалық қамтамсыз етуі пайдаланылады, мұнда нақты уақыт режимінде БААЖ пайдаланушылары позицияларының (өтімділік, есеп айырысу, ақша қозғалысы) мониторингі жүргізіледі. Сондай-ақ ҚРҰБ осы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы әрбір операциялық күн үшін БААЖ жұмыс істеуі туралы қажетті статистикалық ақпаратты алады, осының негізінде өтімділікті, жүйедегі орындалмаған (кері шақырылған) төлемдерді талдау, белгілі бір кезең үшін коэффициенттерді есептеу жүргізіледі.

Оған қоса, қосымша өтімділік тәуекелін басқару шеңберінде мыналар:

- төлем жүйелерінің пайдаланушыларында өтімділікке қатысты проблемалар болған жағдайда (қоса алғанда, бірақ төтенше, бірақ ықтимал нарық жағдайында анағұрлым жиынтық төлем міндеттемелерін құруға қабілетті қатысушы және оның үлестес тараптарының дефолтымен шектелмей) стресстік жағдайлардың сценарийін әзірлеу, осы сценарийлерді, оның ішінде қажет болған кезде төлем жүйелерін пайдаланушылардың қатысуымен модельдеуді/тестілеуді қамтамасыз ету. Жүргізілген стресстік жағдайлардың сценарийлерін модельдеу/тестілеу қорытындылары бойынша анағұрлым сапалы мониторинг жүргізу және төлем жүйелерінде өтімділік тәуекелін басқару үшін төлем жүйелерін пайдаланушыларды ынталандыру әдістерін әзірлеу ұсынылып отыр;

- Ұлттық Банктің БААЖ пайдаланушыларына кепілмен қамтамасыз ету шартымен күндізгі кредитті (овердрафты) беруі тетігін ендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Кепілмен қамтамасыз ету ретінде қабылдануы мүмкін мүліктің тіздесін, сондай-ақ оны тиісінше бағалау жөніндегі рәсімдерді айқындау;

- төлем жүйелері пайдаланушыларының дефолты кезінде жүйелік тәуекелді реттеу жөніндегі рәсімдерді көздеу, сондай-ақ елде қаржылық стресстік оқиғалар болған кезде төлем жүйелерін пайдаланушылардың өтімділігін толықтырудың ықтимал тәсілдерінің рәсімдерін айқындау талап етіледі.


8-қағидат. Есеп айырысудың аяқталуы


ҚНИ, ең аз дегенде, валюталау күні аяқталғанға дейін нақты және белгілі түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз етуге тиіс. Егер бұл қажет болса немесе мақсатқа сай болса, ҚНИ операциялық күн ішінде немесе нақты уақыт режімінде түпкілікті есепті қамтамасыз етуге тиіс.

Қысқаша мазмұны

БААЖ әрбір төлем құжатының түпкілікті есебін жеке нақты уақыт режімінде қамтамасыз етеді. Ақша аудару үшін шотта ақша жеткілікті болған кезде төлем құжаты жүйеге түскеннен кейін бірден есеп айырысу жүргізіледі. Шотта ақша жеткіліксіз болған кезде, төлем құжаты кезекке тұрғызылады және осы төлемді жүзеге асыру үшін шотқа жеткілікті сома түскен кезде операциялық күн ішінде есеп айырысу жүргізіледі. Бұл ретте кезекте тұрған төлем құжаттары басымдылық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдылық кодтары шегінде кезектегі төлем тапсырмаларын орындау олардың кезекке түсуіне қарай FIFO қағидаты бойынша жүргізіледі. БААЖ операция құнының соңында кезекте бірден астам пайдаланушының төлем құжаттары болса ҚБЕО жүйедегі пайдаланушылардың ақша қалдығын ескере отырып, төлем құжаттарының өзара есебін орындайды.

Бағалы қағаздармен операциялар бойынша есеп айырысулар DVP - «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Оның мәні сатып алушыға бағалы қағаздарды жеткізу сатып алушы сатып алынатын бағалы қағаздар бойынша ақша аударымын жүзеге асырғаннан кейін жүргізілетіндігін білдіреді. Бұл ретте әрбір операция жеке жүргізіледі: ақшалар бойынша бөлек, бағалы қағаздар бойынша бөлек есеп айырысулар.

Тұтастай алғанда, есеп айырысулардың аяқталуы мынадай актілермен және құжаттармен реттеледі: Төлемдер туралы заң, 242-ереже, БААЖ жөніндегі шарт, «Төлемдер жүйесі – хабарламалар алмасу рәсімдері және форматтары» құжаты. Осы құжаттардың барлығы барлық заңды және жеке тұлғалар үшін қолжетімді.

242-ережеде электронды ақша аударымына және жүйедегi түпкiлiктi төлемге мынадай анықтамалар берілген:

- жүйедегi электронды ақша аударымы - пайдаланушының электронды тәсiлмен берiлген ақша аударымы жөнiндегi нұсқауын ҚБЕО-ның сөзсiз және қайтарусыз орындауы;

- жүйедегi түпкiлiктi төлем - қатысушылардың жүйе арқылы ақша аудару жөнiндегi мiндеттемелерi соның нәтижесiнде орындалатын iс-қимыл.

Төлемдік хабарламаларды қайтарып алу тәртібі 242-ережеде белгіленген. ҚБЕО төлем құжатына акцепт жасағаннан кейiн оны қайтарып алуға болмайды және ақша аударымын оны жүзеге асырушы тараптардың (оның ішінде Ұлттық Банктiң) бастамасымен өзгертуге болмайды. Кезекке жіберілген төлемдерді қайтарып алу операция күні жабылғанға дейін және осы төлем құжаттарының бастамашысы (пайдаланушы - жөнелтуші) МТ192 хабарламасын (жою туралы сұратуды) жіберу арқылы кезектен төлемдерді есептегенге дейін (ҚБЕО төлем құжатын акцептегенге дейін) қолжетімді.

Қосымша тұрғыдан алғанда, үшінші тұлғалардың нұсқауларын пайдалану үшін ақшаның болмауына немесе жетіспеушілігіне байланысты ҚРҰБ-нің хабарламасы негізінде пайдаланушының белсенді операциялары (ҚБЕО акцептегендерді қоспағанда) тоқтатылуы мүмкін екендігін атап өткен жөн. ҚРҰБ және оның клиенті арасында жасалған банктік шот шартына сәйкес клиенттің шотына инкассалық өкімді немесе төлемдік талап-тапсырманы ұсынған кезде және клиенттің шотында оны орындау үшін ақша жеткіліксіз болған кезде ҚРҰБ жетіспейтін ақша сомасын пайдаланушының позициясынан оның ҚРҰБ-дегі корреспонденттік шотына акцептеусіз тәртіппен аударуға құқылы.

Сонымен қатар, 242-ережеде, БААЖ жөніндегі шартта және өзге де нормативтік құқықтық актілерде БААЖ-дегі есеп айырысуларды аяқтау жөніндегі нормалар тікелей белгіленген жоқ. «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қатысушының дәрменсіздігі кезінде ақша аудару бойынша төлемді, тапсырманы орындау жөніндегі талаптарды белгілейтін, банкрот кәсіпорынның банкроттық басталған «(нөлдік сағат)» күннен бастап жүзеге асырылған (немесе осындай жағдайда) төлемдерін кез келген тұлғаның кері қайтаруына, күшін жоюына немесе жоюына тыйым салатын арнайы ережелер жоқ. Осыған байланысты, нормативтік құқықтық актілерде төлем жүйелеріндегі төлемдерді аяқтауға қатысты талаптарды, оның ішінде жедел сауықтыру рәсімдерін, төлем жүйесіне қатысушы клиенттің сауықтыру рәсімдерін немесе банкроттығын қолданған жағдайда (клиенттің төлемінің аяқталуына кепілдік беретін «нөл сағаттық қағидалардың» болмауы, тіпті оның банкроттығы жағдайында) көрсетуді қажет етеді.

9 -қағидат. Ақшалай есеп айырысу


ҚНИ орталық банктің қаражатына бұл мақсатқа сай және мүмкін болған жағдайларда ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыруға тиіс. Егер орталық банктің қаражаты пайдаланылмаса, ҚНИ коммерциялық банктердің қаражатын пайдалану салдарынан туындайтын кредиттік тәуекелдерді және өтімілік тәуекелін барынша азайтуға және қатаң бақылауға тиіс.

Қысқаша мазмұны

БААЖ жалпы негізде теңгемен нақты уақыт режімінде есеп айырысуларды жүзеге асырады, бұл ретте жүйеде теңгемен кредиттік және дебеттік ақша аударымдары жүзеге асырылады. Мультивалюталық есеп айырысулар БААЖ-де жүргізілмейді.

Екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы ақша (коммерциялық банктерде) пайдаланылмайды. БААЖ-да ақша аудару ҚРҰБ жүйесін пайдаланушылардың шоттарында тұрған сомалар шегінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, БААЖ-дың жалғыз есеп айырысу банкі ҚРҰБ, операторы ҚБЕО болып табылады.



Осылайша, 9-қағидат көп жағдайда қолданылмайды.

10-қағидат. Нақты жеткізу


ҚНИ нақты жеткізуге байланысты нақты құралдарды немесе тауарларды жеткізуге, сондай-ақ тәуекелдерді анықтауға, мониторинг жүргізуге және басқаруға қатысты өз міндеттемелерін нақты айқындауға тиіс.

Қысқаша мазмұны

Осы қағидаттың ережелері БААЖ-ға және БКЖ-ға қолданылмайды, себебі ҚБЕО БҚОД, БҚЕЖ, ОҚА болып табылмайды.

11-қағидат. Бағалы қағаздардың орталық депозитарийлері


БҚОД бағалы қағаздар шығарылымының сақталуын қамтамасыз етуге, бағалы қағаздарды сақтауға және өткізуге байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды және басқаруға ықпал ететін тиісті қағидалар және рәсімдер болуға тиіс. БҚОД бағалы қағаздарды құжаттамасыз нысанда аудару мақсатында оларды шашырату немесе материалсыздандыру нысанында есептеуге тиіс.

Қысқаша мазмұны

Осы қағидаттың ережелері БААЖ-ға және БКЖ-ға қолданылмайды, себебі ҚБЕО БҚОД болып табылмайды.

12-қағидат. Активтер алмасудың есеп айырысу жүйесі


Егер ҚНИ екі өзара міндеттеме (мысалы, бағалы қағаздармен немесе шетел валютасымен транзакциялар) бойынша есеп айырысулар кіретін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады, онда ол басқа міндеттеме бойынша түпкілікті есеп айырысқанға дейін бір міндеттеме бойынша түпкілікті есепті бере отырып, негізгі соманың жоғалу тәуекелін алып тастауға тиіс.

Қысқаша мазмұны

БААЖ-да ақшамен ғана есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бұл ретте осы жүйе арқылы бағалы қағаздармен операциялар бойынша ақшамен есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бағалы қағаздармен операциялар бойынша төлемдерді жүргізу кезінде әрбір операция жалпы негізде нақты уақытта жеке жүргізіледі: ақшалар бойынша жеке, бағалы қағаздар бойынша жеке есеп айырысулар.

Мәселен, бағалы қағаздармен операциялар бойынша есеп айырысулар DVP - «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Оның мәні сатып алушыға бағалы қағаздарды жеткізу сатып алушы сатып алынатын бағалы қағаздар бойынша ақша аударымын жүзеге асырғаннан кейін жүргізілетіндігін білдіреді. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі – БҚОД) БААЖ-дегі қаржы құралдары жөнелтушісінің шотына ақша аудару туралы растаманы алған сәтте, яғни ақшамен есеп айырысу аяқталған кезде (қаржы ресурстарын жөнелтушінің шотына ақша аудару), тұтастай алғанда мәміле бойынша есеп айырысу (бағалы қағаздар бойынша) түпкілікті болып саналады. БААЖ-де ақша аудару аяқталғаннан кейін дереу БҚОД оқшауланған бағалы қағаздарды сатушының шотынан сатып алушының шотына аударады.


13-қағидат. Қатысушының міндеттемелерін орындамауына қатысты қағидалар мен рәсімдер


ҚНИ-да қатысушы міндеттемелерді орындамаған жағдайда басқару бойынша тиімді және нақты айқындалған қағидалар мен рәсімдер болуға тиіс. Қағидалар мен рәсімдер ҚНИ-дың зияндарды және өтімділік тапшылығын төмендету және өз міндеттемелерін орындау үшін уақтылы іс-әрекеттер жасау мүмкіндігіне кепілдік беру үшін әзірленуге тиіс.

Қысқаша мазмұны

Дефолтты жариялау кезінде ҚНИ қабылдай алатын іс-әрекеттер, сондай-ақ дефолтты реттеудің өзге де негізгі аспектілері 242-қағидаларда айқындалған. Мәселен, 242-ережеге сәйкес ҚРҰБ қатысушының дефолты жағдайында белсенді операцияларды тоқтату туралы хабарламаны ҚБЕО-қа жібере алады. Сонымен қатар ҚБЕО және пайдаланушы арасындағы шарттың жекелеген ережелерін орындау тоқтатылған кезде ҚБЕО осы пайдаланушының пайдасына ақша сомаларын қабылдау (есептеу) операцияларын ғана жүзеге асырады. Тұтастай алғанда, өтімді және жүйелік тәуекелдерді (бір немесе бірнеше пайдаланушының міндеттемелерді орындамауынан болған бір немесе бірнеше ақша аударымдары бойынша бір немесе бірнеше пайдаланушының міндеттемелерді орындамау тәуекелі) басқару мақсатында 7-қағидат бойынша көрсетілген тетіктер қолданылады.

Сонымен қатар, БААЖ пайдаланушыларына қатысты дефолт жағдайын және оны анықтау тәсілін айқындау ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерінде тікелей айқындалмаған. Бұл ретте БААЖ өзге пайдаланушыларға қатысушының дефолты туралы хабарламайды. Осыған байланысты, төлем жүйелеріндегі төлемдерді аяқтауға қатысты, оның ішінде жедел сауықтыру рәсімдерін, төлем жүйесіне қатысушы клиенттің сауықтыру рәсімдерін немесе банкроттығын қолданған жағдайда нормаларды заңнамалық тұрғыдан айқындауды қажет етеді.


14-қағидат. Сегрегация және орын ауыстыру


ҚНИ өзінің нақты құралдарды немесе тауарларды жеткізуге қатысты міндеттемелерін нақты белгілеуге, сондай-ақ нақты жеткізумен байланысты тәуекелдерді анықтауға, мониторинг жүргізуге және басқаруға тиіс.

Қысқаша мазмұны

Осы қағидаттың ережелері БААЖ-ға және БКЖ-ға қолданылмайды, өйткені ҚБЕО ОҚА болып табылмайды

15-қағидат. Ортақ коммерциялық тәуекел


ҚНИ ортақ коммерциялық тәуекелді анықтауға, мониторинг жүргізуге және басқаруға, сондай-ақ шығындар нақты орын алған жағдайда жұмыс істейтін құрылым ретінде операцияларды орындауды және қызмет көрсетуді жалғастыру үшін меншікті капитал есебінен қаржыландырылатын, және әлеуетті ортақ коммерциялық шығындарды жабу үшін жеткілікті таза өтімді активтерді иеленуге тиіс. Оның үстіне, таза өтімді активтер өте маңызды операциялар мен қызметтерді қалпына келтіру немесе тоқтатуды ретке келтіру үшін әрқашан жеткілікті болуға тиіс.

Қысқаша мазмұны

Осы Қағидат БААЖ-ға және БКЖ-ға қатысты қолданылмайды, себебі ҚБЕО шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны нысанында құрылған ҚРҰБ-тың еншілес ұйымы болып табылады және өз қызметінде ҚРҰБ-қа (мемлекеттік мекемеге) есеп береді. Мәселен, ҚРҰБ ҚБЕО-ның есеп жүргізу саясатын, қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарларын (бизнес-жоспар), оның ішінде жоспарлық қаржылық көрсеткіштерді, оларды ұсыну кезеңділігі мен тәртібін қарайды және бекітеді. ҚБЕО шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылатындықтан капиталды басқару ҚР заңнамасына және ҚРҰБ нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

16-қағидат. Депозитарлық және инвестициялық тәуекел


ҚНИ өзінің активтерін және өзінің қатысушыларының активтерін қорғауға және шығындар мен оларға уақтылы қол жеткізбеу тәуекелін барынша азайтуға тиіс. ҚНИ құралдарға барынша аз кредиттік және нарықтық тәуекелімен және өтімділік тәуекелімен инвестициялауға тиіс.

Қысқаша мазмұны

Осы Қағидат БААЖ-ға және БКЖ-ға қатысты қолданылмайды, себебі ҚБЕО меншікті қорларын және өзінің қатысушыларының активтерін инвестицияламайды. БААЖ (ҚБЕО) операторының және пайдаланушылардың ақшасы ҚРҰБ-та ашылған шоттарда тұр. Пайдаланушылармен БААЖ-да (ҚБЕО-да) есеп айырысу үшін меншікті ақша пайдаланылмайды. Бұл ретте ҚБЕО пайдасы ҚРҰБ-қа тапсырылады. Қызметін жүзеге асыру барысында алынған қаражат төлем жүйелері жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету/арттыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық, техникалық және коммуникациялық жабдықты жетілдіруге жіберілген.

17-қағидат. Операциялық тәуекел


ҚНИ операциялық тәуекелдің барлық ықтимал ішкі, сондай-ақ сыртқы көздерін анықтауға тиіс, тиісті жүйелерді, саясаттарды, бақылаудың рәсімдері мен әдістерін пайдалану арқылы олардың ықпалын азайтуға тиіс. Жүйелер қауіпсіздіктің және операциялық сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және оның жеткілікті және үдемелі өткізу қабілеттілігі болуға тиіс. Қызметінің үздіксіздігін басқару операцияны уақтылы қалпына келтіруге және ҚНИ міндеттемелерін, оның ішінде жұмысында кең ауқымды немесе ірі бұзушылықтар болған жағдайда орындауға бағытталуға тиіс.

Қысқаша мазмұны

ҚБЕО операциялық тәуекелді басқару мақсатында халықаралық стандарттарға негізделген жеке және ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың қажетті әдістерін пайдаланады. Сондай-ақ, операциялық тәуекелді басқару мақсатында төлем жүйелерін қалпына келтіру жоспары әзірленді және ол жыл сайын қайта қаралуға тиіс, нақты уақыт режимінде ақпаратты резерв орталығына көшіру жүзеге асырылады, деректерді мұрағаттау, пайдаланылатын техниканы жаңарту жүргізіледі, қосымша электрмен қамтамасыз ету желісі ұйымдастырылған, қалпына келтіру командасы бар, резерв орталығының жұмысы ұйымдастырылған, басшылықтың тарапынан анықталған тәуекелдер факторларын барынша азайту бойынша бақылау шараларының орындалуын талдау жүзеге асырылады, қорғалатын ресурстарға қол жеткізуді, есепке алуды және бақылауды басқару, рұқсат етілмеген іс-қимылдарды анықтау және ден қою шаралары (ілеспе қызмет көрсету құралы – шабуылдарды анықтау жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуі), тәуекелдерді бағалау жүргізіледі: сканерлеу және осал жерлерін жою (ілеспе қызмет көрсету құралы – қорғалуды талдау жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі), жүйелердің және деректердің тұтастығын қамтамасыз ету: зиян келтіретін бағдарламалық қамтамасыз етуден қорғау, жүйелерді және коммуникацияларды қорғау, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдану, желілік қол жеткізуді басқару, температураны бақылау құралдары, жабдықтарды деректерді ұстаудан қорғау. Жаңа және пысықталған бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді тестіден өткізу және пайдалануға енгізу тәртібі айқындалған, ҚБЕО өнеркәсіптік жүйелерінің жұмысындағы іркілісі немесе жұмыс істемеу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді. «Тәуекелдерді кешенді басқару жүйесі» 3-қағидатын қараңыз.

Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) шеңберінде операциялық тәуекелді басқару мақсатында ҚРҰБ ҚБЕО төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексереді, ҚБЕО мәліметтерінің негізінде ҚБЕО төлем жүйелерінің жұмысын резервтік сервердің бағдарламалық-техникалық кешенге ауыстырудың нәтижелеріне талдау жүргізеді, сондай-ақ ҚБЕО-мен бірлесіп тәуекелдерді басқару бойынша өзге де шараларды қолданады.

ҚНИ-ға қатысушылардың қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға және ұйымдастыру шараларына талаптарды белгілеу мақсатында 269-талаптар әзірленген, олар операциялық тәуекелді басқару бөлігінде төлем жүйелерін пайдаланушыларға қойылатын талаптарды (төлем жүйелерін пайдаланушының жұмыс орны) анықтайды.

«Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бизнес-процесі бойынша саясаттарды, рәсімдерді және операциялық тәуекелді басқару жүйелерін қайта қарауды және жаңартуды ҚРҰБ және ҚБЕО жыл сайын тәуекелдер бойынша есеп жасаған кезде жүзеге асырады.

Резервтік орталықтың техникалық және коммуникациялық өлшемдері негізгі орталықпен бірдей екенін атап өткен жөн. ҚБЕО негізгі және резервтік орталықтар арасында деректерді бір сәтте үйлестіруді жүзеге асырады, бұл ретте негізгі орталықта күтпеген жағдай туындаған кезде төлем хабарламаларының өңделуі резервтік орталықта жалғастырылады. Негізгі және резервтік орталықтардың коммуникациялық және техникалық жабдығы істен шыққан кезде құжаттарды қолмен өңдеу алаңы қарастырылған. Сонымен бірге, бір жыл ішінде екі рет төлем жүйелерінің жұмысын төлем жүйелерінің резервтік орталығының серверлеріне ауыстыру (тестілеу) жүзеге асырылады. ҚРҰБ бизнес-процестері жылына бір рет тестіден, оның ішінде «төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бойынша өткізіледі. Сондай-ақ жыл сайын бизнес-процестерін қалпына келтіру командаларының тренингтері өткізіледі.

Сонымен бірге, Қосымша ҚБЕО-ға ҚРҰБ-пен бірлесіп төлем жүйелеріндегі операциялық тәуекелді басқарудың кешенді негіздерін айқындайтын бірыңғай құжатты әзірлеу ұсынылады.

Сондай-ақ, қосымша 269-талаптарға өзгерістер енгізу ұсынылады, оларға сәйкес:

- пайдаланушыда резервтік орталығының және ҚБЕО-мен байланыс жасауға арналған резервтік арнаның міндетті түрде болуы туралы, резервтік орталықтың жұмысын кезең-кезеңімен тестілеуден өткізу туралы талаптар белгіленетін болады;

- төлем жүйесін пайдаланушының қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар белгіленетін болады;

- пайдаланушылардың стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдарына қойылатын талаптар белгіленетін болады.

Сондай-ақ, төлем жүйелері қызметінің үздіксіздігін БҚОД және ҚҚБ сияқты ірі қатысушылардың қызметімен үйлестіруді айқындайтын құжаттың жобасын әзірлеу ұсынылады.

18-қағидат. Қолжетімділікке және қатысуға қойылатын талаптар


ҚНИ-да қатысудың объективтік, тәуекелге негізделген, көпшілікке ашық жарияланатын, әділетті және ашық қол жеткізуді қамтамасыз ететін критерийлері болуға тиіс.

Қысқаша мазмұны

БААЖ-дың пайдаланушысы ҚРҰБ-та шоты ашылған кез келген банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бола алады.

ҚРҰБ-та корреспонденттік шотты ашуға қойылатын талаптар (шотты ашу үшін қажетті құжаттар) ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен бекітілген ҚРҰБ және банктермен, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қарым-қатынастарды орнату қағидаларында (бұдан әрі № 14 қағидалар) белгіленген, оның ішінде ҚР резидент банктері, шет мемлекетінің орталық (ұлттық) банктері, Қазақстан Республикасының резидент емес банктері, Қазақстан Республикасының резидент емес банктік емес ұйымдары, Қазақстан Республикасының резидент банктік емес ұйымдары, ҚРҰБ-тың еншілес ұйымдары болып табылатын банктік емес ұйымдары үшін талаптар жеке көрсетілген.

БААЖ пайдаланушысы мәртебесін алу үшін 242-қағидаларына сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ҚРҰБ-да корреспонденттік шоты болған кезде ҚБЕО-мен БААЖ-да қызметтер көрсету туралы шарт жасайды. БААЖ-ға қатысуға қойылатын талаптар барлық қатысушылар үшін бірдей болып табылады және жүйеге әділ әрі ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Төлем жүйелеріне қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде ҚРҰБ пайдаланушыларды жүйені пайдаланушының жұмыс орнын қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тексереді (жұмыс орнын құрған, яғни пайдаланушының жүйеге қосқан кезде немесе жүйеге қосылғанға дейін).

ҚРҰБ-тағы корреспонденттік шотты жапқан кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым БААЖ жүйесін пайдаланушы мәртебесіне айырылады.

ҚБЕО Шартты бұзуға немесе ҚРҰБ-тың хабарламасы негізінде пайдаланушының позициясы бойынша шығыс операцияларын уақытша тоқтата тұруға құқылы. Мәселен, банкті банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айыру туралы шешім болған кезде ҚРҰБ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түсетін ақшаны есепке алумен байланысты жағдайларды қоспағанда, банктің корреспонденттік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтатады. Бұл ретте ҚБЕО ҚРҰБ-тың хабарламасы негізінде пайдаланушының төлем жүйесіндегі шығыс операцияларын тоқтата тұрады. ҚБЕО-ға қатысуды уақытша тоқтату үшін негіздемелердің бірі ҚРҰБ-тың үшінші тұлғалардың нұсқауларын орындау үшін пайдаланушының ақшасының болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты пайдаланушының белсенді операцияларын тоқтату туралы хабарламасы болып табылады.

Пайдаланушы мен ҚБЕО-ның арасында шартты бұзу банктің пайдаланушы мәртебесінен айырылуына апарады.

Бұл ретте қатысуға қойылатын барлық талаптар нормативтік құқықтық актілерінде (14-қағидалар және


242-қағидалар) көзделеді, олар көпшілікке ашық жариялануға тиіс, сондықтан оқып танысу үшін ашық болып табылады және ҚРҰБ-тың, ҚБЕО-ның сайттарында және «Заң» ақпараттық жүйесінде орналастырылады.


19-қағидат. Қатысудың көпдеңгейлі жүйесі


ҚНИ қатысудың көп деңгейлік жүйесі ҚНИ үшін туындататын маңызды тәуекелдерді анықтауы, оған мониторинг жүргізуі және оларды басқаруы тиіс.

Қысқаша мазмұны

БААЖ-да қатысудың көп деңгейлік жүйесі жоқ. Банктер және ҚБЕО-мен БААЖ-да қызмет көрсету жөніндегі шартты жасасқан, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар БААЖ-дың тікелей қатысушылары болып табылады. Жүйені пайдаланушылар банктік қызмет көрсету шарттарын жасасқан (банк шоты шарты, ақша аудару туралы, банктік салым шарты), тікелей пайдаланушылардың клиенттері (жеке және заңды тұлғалар) БААЖД-дың тікелей емес қатысушылары болып табылады.

Сонымен қоса, ҚРҰБ негізгі тікелей емес қатысушылар жасайтын тәуекелдерді талдамайды және оларды басқармайды. Осыған байланысты, заңнамада төлем жүйесінің тікелей емес қатысушыларын айқындау критерийлерін белгілеу және осы талдаудың нәтижелерін ҚРҰБ-қа кейіннен беру арқылы, төлем жүйелері операторларының төлем жүйесінің маңызды тікелей емес қатысушылары жүзеге асырған төлемдердің көлеміне және бұл тұлғалар төлем жүйесі үшін жасайтын тәуекелдерге талдау жүргізуін көздеу ұсынылады.

Осылайша, 19-қағидат көптеген жағдайда БААЖ-ға қатысты қолданылмайды.

20-қағидат. ҚНИ байланыстары


Бір немесе бірнеше ҚНИ-мен байланысты орнататын ҚНИ осы байланыстардан туындайтын тәуекелдерді анықтауы, оларға мониторинг жүргізуі және оларды басқаруы тиіс.

Қысқаша мазмұны

ҚБЕО сауда репозиторийі болып табылмайды, осыған байланысты, бұл қағидат БААЖ-ға қатысты қолданылмайды

21-қағидат. Тиімділік және нәтижелілік


ҚНИ қызмет көрсететін қатысушылар мен нарықтар талаптарының тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз етуі тиіс.


Қысқаша мазмұны

БААЖ сапаның әлемдік деңгейіне кепілдік бере отырып және халықаралық стандарттарды сақтауды қамтамасыз ете отырып, банкаралық ақша аударымдары бойынша қызмет көрсету саласында көшбасшы болып қалуы тиіс (ҚНИ үшін қағидат).

ҚБЕО өз қызметінде БААЖ пайдаланушыларына толық қызмет көрсету қағидатын басшылыққа алады. Жоғары деңгейдегі қауіпсіздік, ақпаратты берудің жоғары жылдамдығы, төлемдерді нақты уақыт режімінде жүргізу мүмкіндігі, транзакциялардың төмен өздік құны, Қазақстанның барлық аумақтарынан шыққан пайдаланушыларға қызмет көрсету БААЖ-дың негізгі артықшылықтары болып табылады.

БААЖ жалпы негізде нақты уақыт режімінде төлемдерді жүргізуді қамтамасыз етеді, бұл транзакцияларды өңдеуде ең жоғарғы жылдамдыққа кепіл береді және пайдаланушылар үшін жоғары басымды төлемдерді жүргізу қажеттілігінде қолайлы болып табылады.

Пайдаланушылар бүгінгі күнгі желілік және коммуникациялық жабдықтың мүмкіндіктерін пайдалана отырып БААЖ-ға қол жетімділікті алуы мүмкін. Жоғары өткізу мүмкіндігі бар талшықты оптикалық қосындыларды пайдалану арқылы ҚБЕО-нің негізгі және резервтік орталықтарының өзара әрекет етуі ұйымдастырылған. Бұл ретте ҚБЕО пайдаланушыларға қатысты өзі қабылдаған міндеттемелерді «Қандай да бір пайдаланушыға адал және тең қарым-қатынас» қағидаты негізінде орындайды. Пайдаланушылармен жұмыс істеу кезінде «пайдаланушының сұрауы бойынша әдепті және дереу қызметті орындау» қағидаты қолданылады.

Ұлттық Төлем Кеңесінің жұмысы, БААЖ қатысушыларына сауалнама өткізу, жалпы мәселелерді шешу, жаңа жобалар мен қызметтің бағыттары жөнінде ақпараттандыру, ҚР ақша аударымдарына әсер ететін соңғы үрдістерді талқылау мақсатында БААЖ қатысушыларымен жыл сайынғы кездесулерді (семинарларды) өткізу арқылы БААЖ қатысушылардың талаптары мен қажеттілігіне сәйкес келуін анықтау жүзеге асырылады.

ҚРҰБ тұрақты негізде БААЖ-ды ұйымдастыру және оның жұмыс істеу талаптары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. ҚРҰБ пен ҚБЕО тұрақты негізде статистикалық деректердің негізінде БААЖ-ға мониторинг, жұмыс істеуіне талдау, жүйеде туындайтын тәуекелдерді басқару және оларды барынша азайтуды да жүргізеді. Талдаудың қорытындысы бойынша тиісті талдама және статистикалық есептілік қалыптастырылады, оның ішінде БААЖ жұмысының тиімділігі бағаланатын БААЖ-ды қадағалау (оверсайт) қорытындысы бойынша талдама жинақтары жасалады.

Бұл ретте БААЖ жұмысының нәтижелері жүйенің тиімді жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттар мен міндеттерге толығынан жеткенін көрсетеді.

Осымен қоса, БААЖ операторларының қызметіне шетелдің жүйелі-маңызды төлем жүйелерінің операторларымен салыстырмалы талдау (бенчмаркинг), сондай-ақ жүйенің тиімді жұмыс істеп тұруына қатысты пікірлерді зерттеу үшін БААЖ бен БКЖ пайдаланушыларына және жүйені пайдаланушылардың ірі клиенттеріне сауалнама жүргізу қосымша ұсынылады.



22-қағидат. Хабарларды беру рәсімдері мен стандарттары


ҚНИ тиімді төлемдерді, клирингті, есепті және есепке алуды қамтамасыз ету үшін хабарламаны берудің халықаралық рәсімдерімен және стандарттарымен дереу үйлесуін пайдалануы немесе ең аз дегенде оны қамтамсыз етуі тиіс.

Қысқаша мазмұны

БААЖ/БКЖ-да хабарламаның халықаралық форматтары пайдаланылмайды, ішкі SWIFT-хабарламалардың ұқсас форматтары қолданылады. Бұл ретте БААЖ/БКЖ тарнсшекаралық операцияларды жүргізбейді.

Бұл ретте хабарламалардың халықаралық форматтарымен дереу үйлесуді қамтамасыз ету мақсатында (келешекте шетелдік төлем жүйелерімен интеграциялау үшін) 2010 жылғы 7 маусымда Қазақстанның төлем жүйелеріне банк шоттары ISO 13616: IBAN (International Bank Account Number – банк шотының халықаралық нөмірі) мен ISO 9362: BIC (Bank Identifier Codes – банктік сәйкестендіру кодтары) банктік сәйкестендіру кодтары нөмірлерінің халықаралық стандарттары енгізілді.

Пайдаланушылар ҚБЕО-мен байланысу үшін байланыстың әр түрін (модемді, бөлінген каналдарды, интернетті) пайдалануларының мүмкіндігін атап өткен жөн. ҚБЕО Frame-Relay, MPLS IP VPN, Internet технологияларын, сондай-ақ төлем жүйелері мен растау орталығы үшін қосымша Dial-Up (коммутациялық қол жетімділік) пайдалан отырып ҚБЕО-ның барлық сервистеріне қосылу мүмкіндігін ұсынады. ҚБЕО-да клиенттер қосылуы үшін телекоммуникация қызметтерінің мына провайдерлерінің қатысу орындары бар: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазтелепорт» АҚ және «ASTEL» АҚ. Модульдік құрылғы мен пайдаланылатын модульдердің кең ауқымы желіні дамыту талаптарына сәйкес желілік және коммуникациялық жабдықтардың мүмкіндіктерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

23-қағидат. Қағидаларды, негізгі рәсімдерді және нарық деректерді жария ету


ҚНИ-де нақты қалыптастырылған қағидалар мен рәсімдер болуы және қатысушылардың ҚНИ-ге қатысумен байланысты тәуекелдерді, жинақтарды және басқа да маңызды кемшіліктерді нақты түсінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қосымша ақпаратты ұсынуы тиіс. Барлық тиісті қағидалар мен негізгі рәсімдер жария ашылуы тиіс.

Қысқаша мазмұны

ҚНИ қағидалары мен рәсімдері, оның ішінде төлем жүйелері қатысушылары мен операторларының құқықтары мен міндеттерін, тәуекелдерді және тәуекелдерді басқару әдістерін, төлем жүйелерінде қолданыстағы тарифтерді, хабарламалар форматтарын айқындайтындар осы құжаттың «Заңнамалық және нормативтік база» бөлігінде айқындалған құжаттарда ашылған. Бұл ретте барлық құжаттар (заңдар, ҚРҰБ Басқармасының және Директорлар кеңесінің қаулылары) ҚРҰБ сайтында, ішінара ҚБЕО сайтында, сондай-ақ «Юрист» ақпараттық жүйесінде орналастырылған. ҚБЕО құжаттары («Төлемдер жүйесі – хабарламалармен алмасу рәсімдері мен олардың форматтары», «Төлем хабарламаларын талдау кезінде қолданылатын тексерулер», БААЖ/БКЖ жөніндегі шарттар) ҚБЕО сайтында орналастырылған. Төлем жүйесін қалпына келтіру жоспары жабық (конфиденциалды) құжатты білдіреді.

ҚБЕО мен пайдаланушы арасында өзара бағдарламалық-техникалық әрекет етуге қойылатын талаптар, электрондық хабарламалармен алмасу жөніндегі рәсімдер, өзгерістер жөніндегі мәліметтер міндетті түрде пайдаланушылармен келісіледі және оларға дейін жеткізіледі (БААЖ/БКЖ-да қызметті көрсету жөніндегі шартқа сәйкес күшіне енгенге дейін 1 ай бұрын). Жоғарыда көрсетілген ақпарат ҚБЕО сайтында орналастырылады, қатысушыларға электрондық почта арқылы хабарламалар жіберіледі.

Сонымен қоса, Ұлттық Төлем кеңесі жұмыс істейді, кезеңдік негізде төлем жүйелерінің пайдаланушыларымен кездесулер, семинарлар өткізіледі, консультациялық қызметтер көрсетіледі, баспа буклеттері ұсынылады.

Сонымен бірге, БААЖ-дың сандық деректері туралы мына ақпарат жария ашылады: БААЖ/БКЖ ағымдағы жағдайы туралы ақпарат (ҚРҰБ сайтында), БААЖ/БКЖ оверсайтының нәтижелері туралы талдама ақпарат (жинақ, шолу) (ҚРҰБ сайтында).

БААЖ/БКЖ жұмыс істеп тұруы туралы ақпарат ҚРҰБ-ның ресми басылымдарында, Қазақстан Республикасының өзге де баспа басылымдарында және шетелдік басылымдарда, теле және радиохабарларда, оның ішінде ҚРҰБ Статистикалық бюллетенінде, ҚРҰБ Хабаршысында, ҚРҰБ есебінде және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданатын өзге де баяндамаларда да жарияланады/ашылады.

24-қағидат. Сауда репозиторийлерінің нарықтық деректерді жария етуі


Сауда репозиторийі тиісті құзыретті органдар мен жұртшылыққа деректерді олардың қажеттілігіне сәйкес уақтылы және дәл ұсынуды қамтамасыз етуі тиіс.

Қысқаша мазмұны

ҚБЕО сауда репозиторийі болып табылмайды, осыған байланысты, бұл қағидат БААЖ-ға қолданылмайды.

Сонымен қоса, ҚБЕО БААЖ реттеушісі ретінде жүйенің жұмыс істеуі туралы статистикалық деректерді ҚРҰБ-қа ұсынады, сондай-ақ БААЖ-дың жұмыс істеуі туралы негізгі ақпаратты сайтта жария орналастырады.



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау