Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі Қаратөбе мектеп-гимназиясы



жүктеу 156,38 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі156,38 Kb.
#16373
түріБағдарламасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Ақпарат орталығы бағдарламасы

2009-2010 оқу жылы

Бекітілді: ________________


Қаратөбе мектеп-гимназиясының директорының м.а.: Гусманова Ш.А.
Қаратөбе мектеп-гимназиясының педагогикалық кеңесі
Хаттама №2 21 қазан 2009 жыл

Қаратөбе мектеп-гимназиясының «Ақпарат орталығы» бағдарламасы


  1. Төлқұжат

Атауы: Қаратөбе мектеп-гимназиясының «Ақпарат орталығы» мектепішілік бағдарламасы (әрі қарай бағдарлама)

Бағдарламаның негізі


  • Қазақстан Республикасының Конституциясына,

  • ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары,

  • ҚР "Білім туралы" заңына,

  • ҚР "Білім" мемлекеттік бағдарламасына,

  • Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру ережесі (ҚР БҒМ-нің 2007 жыл 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген)

  • Бірыңғай ақпараттық білім жүйесін ұйымдастыру ережесі (ҚР БҒМ-нің 2008 жыл 3 қазандағы №548 бұйрығымен бекітілген)

  • ҚР білім жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарға

сай жасақталды.

Бағдарламаны негізгі әзірлеуші: Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Орындалу мерзімі: 2 жыл


  1. Кіріспе

Жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.

Білім берудің жаңаруы жағдайындағы инновациялық үрдістер осы бағдарламаны жасаудың қажеттілігін тудырды. Бұл бағдарлама Қаратөбе мектеп-гимназиясының жұмысының жүйелі қалыптасуын қамтамасыз ететін негіз болады.




  1. Қаратөбе мектеп-гимназиясы ақпараттық қызметінің

қазіргі жағдайына талдау
Қаратөбе мектеп-гимназиясы - ашылғанына 10 жылдан астам уақыт болған қалыптасу кезеңінен өткен инновациялық үлгідегі білім беру ұйымы. Мектеп екі сатылы құрылымда (негізгі және орта) жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мектепте 194 оқушы дәріс алады. 14 сынып комплектісі жасақталып, оқу үрдісі 2 ауысымда жүргізіледі. Мектепте 42 педагогикалық кадр қызмет етеді. Оңтайландырылған ғимаратта орналасқан мектептің материалдық-техникалық базасы өз мүмкіншілік деңгейінде жасақталған. 12 оқу кабинеті жұмыс істейді. Олардың ішінде мультимедиа кабинеті (16+1), информатика кабинеті (10+1), электронды оқу залы жасақталған. Мектептің есебінде барлығы 32 компьютер бар, бала басына шаққанда 6 компьютерден келеді. Екі кабинет кең жолақты интернет желісіне қосылған. Мектеп кітапханасының қорында 113 электронды оқулық бар. Қашықтықтан оқыту арнасының материалдары жинақталған.

Оқу үрдісінде мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті бөлігінің есебінен 5-6 сыныптарға «Компьютер әліппесі» курсы енгізілген. 7-11 сыныптар базалық компонент негізінде информатика курсын оқиды. ҚР Президентінің әкімшілігінің республика мектептерінің оқу жоспарына оқушылардың Интернетті пайдалану сағат мөлшерлерін қосу туралы 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №340-2 тапсырмасын және БҚО білім басқармасының «Интернетті пайдалану мүмкіндігін арттыру» сабағын енгізу туралы 12.02.2009 жылғы №61 санды бұйрығын, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің 20.02.2009 жылғы №28 §1 бұйрығын орындау мақсатында 8-11 сыныптарда 0.25 бірлік «Ақпарат сауаттылығы» курсы жүргізіледі. Мектеп түлектері БҚОПКБАжҚДИ-ның ұйымдастырумен өтетін «ҰБТ-ға дайындық жолдарын жетілдіру» жобасының аясында өткен «ON LINE» режимінде өткізілген консультациясына қатысты. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері «ON LINE» режиміндегі интерактивті сабақтарға қатысып отырады.

Мектептің барлық мұғалімі ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың толық оқу курсын аяқтап, сертификат алған. Оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникативтік технологияны енгізу мектеп жағдайында өріс алған. Мұғалімдер өз сабақтарында ақпараттық технологияының мектеп жағдайындағы барлық мүмкіндіктерін толығымен пайдаланады. Өткен оқу жылында облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының базасында өткізілген «Оқытуда АКТ-ны қолдану. Алыс қашықтықтан оқытудың желілік базалық оқу материалдарын құрудың мүмкіндіктері. MOODLE вертуалды объективті бағытталған оқу жүйесін қолдану арқылы оқу курстарын жасақтау» тақырыбындағы оқу курсына мектептен 5 мұғалім қатысып, мектепте осы тақырыпта аудандық білім беру бөлімінің политехникалық пәндер жөніндегі әдіскерінің өткізуімен әдістемелік оқыту семинары ұйымдастырылып, мектептің барлық мұғалімдері қамтылды. Пән мұғалімдері MOODLE бағдарламасын өз сабақтарына шығармашылықпен қолданып келеді. Оқу жылының соңында біліктілік санатын көтеруге өтініш білдірген мұғалімдердің көрнекі сабақтарына қатысқан аудандық аттестациялық комиссияның мүшелері АКТ-ның қолданылу деңгейінің оң көрінісін бағалады. Мұғалімдердің озық сабақ үлгілері озат педагогикалық тәжірибе ретінде аудандық білім беру бөлімінің жасақтаған үлгілі сабақтар жинағына (Аубекерова, Қалкенова) және мектепішілік озат сабақтар үлгісі топтамасымен (Жұмағалиева, Сүлейменова, Боранбаева) шығарылды. Мектеп мұғалімдерінің АКТ-ны қолдану деңгейінің көрсеткіші ретінде өткен оқу жылында өткізілген облыстық «Гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми тізбектеріндегі мұғалімдер арасында сабақта АКТ-ны пайдаланудың әдістемелік шеберлігі» конкурсында тарих пәнінің мұғалімі А.Жұмағалиева ІІІ орын, биология пәнінің мұғалімі А.Өтемісова «Жаңашыл ұстаз», қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Жанахметова «Әдіскер ұстаз» номинациясына ие болды. Мектептің информатика пәнінің мұғалімі Ж.Жұмабаева 2009 жылы облыстық орта білім саласын ақпараттандыру орталығының ұйымдастырумен өткен «HTML+CSS-ты оқу және қолдану» тақырыбында курстан өтті.

АКТ-ны мектептің басқару құрылымына енгізу жоспарының негізінде автоматтандырылған жұмыс орны жасақталу үстінде.

Аудандағы инновациялық үлгідегі жалғыз оқу орны гимназияда интерактивті тақтаның болмауы өз салдарларын көрсетіп отыр. Жаңа типтік жобадағы ғимараттың берілуімен осы мәселелер де шешімін табады деп күтілуде.

Мектептің жұмыс сапасын арттыруда мектепішілік ақпараттық орталық жұмысы жұмыс жүйелілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.




4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның басты мақсаты:




  • Гимназияның ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, басқару қызметі, әдістемелік жұмыс, оқу-тәрбие үрдістерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны тиімді пайдалану, тұлғаның ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқу-тәрбие қызметінің сапалылығын арттыру;

Негізгі міндеттері:




  1. Ақпараттық-коммуникативтік жүйенің құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру

  2. Мектепішілік ақпараттық желі құру

  3. Мектепті басқару қызметінің автоматтандырылған орталығын жасақтау

  4. Педагогикалық кадрлардың ақпараттық мәдениетін арттыруда біліктілігін көтеру курстарына қатысуын қамтамасыз ету

  5. Мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруда әдістемелік семинар, конференциялар, педагогикалық оқулар ұйымдастыру

  6. АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісіне кеңінен енгізу

  7. Мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті бөлігінің есебінен қосымша сабақтарға сағат бөлу

  8. Электронды оқулықпен жұмыс тәжірибесі

  9. Интернет желісінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану

  10. АКТ мүмкіндіктері арқылы бақылау, бағалау жүйесін жетілдіру

  11. Оқыту әдістемесінен электронды әдістемелік жүйе жасақтау

  12. Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіріп отыру

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі

Білім мазмұнын жаңарту жағдайы білім беру жүйесінің қызметінде өзіндік мәселелерді анықтайды. Солардың бірі – білім беру үрдісінің сапалылығын арттыруда инновациялық үрдістерді енгізу. Бүгінгі күннің талабы тұрғысынан ақпараттық білім кеңістігін құру қажеттілігі – кезек күттірмейтін мәселе. Осы бағытта Қаратөбе мектеп–гимназиясында мектепішілік «Ақпарат орталығы» құрылды. Орталық мектепті басқаруды ақпараттандыру бөлімі, оқыту үрдісін ақпараттандыру бөлімі, мектепті ақпараттандыруды техникалық қамтамасыз ету бөлімдері құрылымдарынан тұрады.

Қаратөбе мектеп-гимназиясы ақпарат орталығы жұмысының негізгі бағыттары:

І бағыт – Басқару қызметі


Мектепішілік ақпарат орталығының бағдарламасы негізінде Мектепішілік басқару құрылымының моделі жасақталып, Гимназия кеңесінің басқару деңгейлерінің функционалдық қызметтері нақтыланды. Желілік жүйе негізінде өзара байланыстары іске асады деп жоспарлануда. Мектеп сайтын ашу жоспарына сай материалдар жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ІІ бағыт - Әдістемелік жұмыс


Мектептің ақпараттық-әдістемелік жүйесін қалыптастыруда барлық инновациялық мүмкіндіктер қолданылуда. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибелеріне енгізуде оқу курстарымен қамтылып, жоспарға сай әдістемелік семинарлар ұйымдастырылып өткізіледі. «ON LINE» режиміндегі интерактивті сабақтарға мектеп мұғалімдері мен оқушылары тақырыпқа сай қатысып отырады. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, облыстық «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізген үздік мұғалімдерге материалдық көтермелеу гранттарын тағайындау» конкурсының жүлдегері Б.Жанахметованың интерактивті сабақ өткізуі жоспарға енгізілді. Мұғалімдердің ақпараттық мәліметтер қорын жасақтауда электронды жүйенің тиімділігі мол. Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілік өлшемдерін анықтаудағы квалиметриялық мониторинг жүргізу ақпараттық мәліметтер қоры арқылы жүргізіліп отырады. Мектептің әдістемелік қызмет жүйесі арқылы озат педагогикалық тәжірибелер электронды нұсқада жинақталып отырылады.

ІІІ бағыт - Оқу үрдісі


Сабақта ақпараттық-техникалық құралдар тиімді қолданылып, оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда оң ықпал етіп келеді. Электронды ақпарат көздері (интернет желісі, электронды оқулық, т.б.) арқылы мәліметтер оқушылардың сабақтан тыс ізденіс жұмыстарына бағдар беріп, дүниетанымын кеңейтуге әсер етеді. Мектепішілік бақылау жүйесінде тест түріндегі тапсырмалардың электронды нұсқалары оқушылардың өз білім деңгейін анықтап, жетілдіруге алып келеді. Білім сапасының мониторингісінің жүргізілуі арқылы өсу көрсеткіштерін, проблемаларды анықтап, саралауға, бағалау деңгейіне жеткізеді.

ІV бағыт - Тәрбие жүйесі


Тәрбие үрдісіне де ақпараттық құралдар тиімді қолданылып, өз орнын тауып келеді. Осының нәтижесінде тәрбиелік іс шаралардың электронды жинақ банкісі жасақталып, толықтырылып отырады. Тәрбие жұмысының мониторингі нәтижесінде сынып жетекшісінің жұмысы, әр оқушының тұлғалық қалыптасу деңгейі анықталады.

V бағыт – Мектептің материалдық-техникалық базасы


Мектепті ақпараттандыруды техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы негізінде мектепті компьютерлендіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, жетілдіріліп отырылады. Өткен оқу жылында қолданылу мерзімі өткен 12 компьютер есептен шығарылды. Алдағы оқу жылында мектепке жаңадан информатика, лингофон-мультимедиалық кабинет, интерактивті тақта беру жоспарланған. Политехникалық оқу пәндерінің кабинеттері зертханалық құралдармен қатар компьютермен жабдықталған. Мектеп екі нүктеде кең жолақты интернет желісіне қосылған. Қашықтықтан оқыту арнасы бойынша бейнежазбалар қоры жинақталған. Сабақта аудио-видео құралдар қолдану мүмкіндіктері бар. Мектеп кітапханасының қоры электронды оқулықтармен толықтырылып отырылады. Қор негізінде медиатека жасақталған. Кітапханада электронды оқу залы жұмыс жасайды. Мектептің материалдық техникалық базасы үнемі жоспарлы түрде нығайып отырады.

Білім беру жүйесінің жаңару жағдайларына байланысты оқу-тәрбие үрдісін инновациялық бағытта ұйымдастыру қажеттілігі өсіп келеді. Жаңа білім мазмұны мен жаңаша әдістемелік жүйе, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырудың мектеп жағдайындағы мүмкіндіктері қарастырылған.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің табалдырығында тұрып, дайындық деңгейіне сараптасақ, құқықтық-нормативтік, ғылыми-әдістемелік қамтумен қатар нұсқаулық-әдістемелік жұмыстар жүргізу кезеңімен жоспарланған. Басқару жұмысына озық технологияларды енгізу арқылы мектептің даму бағытын нақтылау жоспарланған.


Тиімді нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз ету
Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында құқықтық-нормативтік, оқу-әдістемелік құжаттармен жалпы білім беру ұйымдарының толықтай қамтылуымен қатар ақпараттық-нұсқаулық жұмыстарды библиографиялық қызмет аясында жүйелі жүргізу

6. Бағдарламаны қаржыландырудың көздері
Қаратөбе мектеп-гимназиясының «Ақпараттық орталық» бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджеттің білім жүйесіне қарастырған қаржылары шеңберінде жүзеге асады.

7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарлама мектеп жұмысына енгізіліп, мұғалім, оқушы тұлғасының ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады. Білім берудің ақпараттық кеңістігі құрылып, жұмыс барысын жүйелеуге мүмкіндік береді.

Қосымша 1


Қаратөбе мектеп-гимназиясының

«Ақпарат орталығы» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары

(2009-2010 оқу жылы бойынша)




Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты



Мектепішілік «Ақпарат орталығы» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтап, бекіту

Қазан

Мектеп директоры



Мектепішілік ақпараттарды топтастырудың фасеттік жүйесін құру

Қараша

Информатика пәнінің мұғалімі

Ақпарат орталығының меңгерушісі





«ON LINE» режиміндегі интерактивті сабақтарға қатысу

Жыл бойы

Мұғалімдер



Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану

Үнемі

Пән мұғалімдері



«Оқытуда АКТ-ны қолдану. Алыс қашықтықтан оқытудың желілік базалық оқу материалдарын құрудың мүмкіндіктері. MOODLE вертуалды объективті бағытталған оқу жүйесін қолдану арқылы оқу курстарын жасақтау» семинары

Желтоқсан

«Ізденіс»

жас мамандар мектебі





Мектеп сайты материалдарын жасақтау

Қараша

Желтоқсан



Информатика пәнінің мұғалімі



«АКТ-ның пән сабақтарында оқушылардың өзіндік-танымдық іс-әрекетін дамыту мүмкіндіктері» тәжірибелік семинар

Қаңтар

Әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар



Шеберлік мектебінің сабақтары

Ақпан

Озат ұстаздар мектебі



Биология пәнінің І санатты мұғалімі А.Өтемісованың АКТ-ны қолдану тәжірибесін зерделеу, жинақтау, тарату

Наурыз

Әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар



«ON LINE» режимінде өткізілген консультациясына қатысу

Сәуір

Пән мұғалімдері

Мектеп бітірушілер





Озат тәжірибелердің электронды жинақ қорын жасақтау

Үнемі

Әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар



Тәрбие жүйесінің моиторингі

Оқу жылының аяғы

Тәрбие жұмысының орынбасары



Мұғалімдердің квалиметриялық мониторингі

Оқу жылының аяғы

Әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар Кафедра жеткішілері



Білім сапасының мониторингі

Тоқсан, оқу жылы соңы

Оқу ісі жөніндегі орынбасары



Мектепішілік «Ақпарат орталығы» бағдарламасының орындалу барысы

Мамыр

Әр бағыт бойынша жауапты адамдар

Қаратөбе мектеп-гимназия мұғалімдерінің

ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстары туралы м ә л і м е т




Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Қатысушылар

Іске асыру түрі



ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың толық оқу курсы

2007-2009 жж

Мұғалімдер

Сертификат



Облыстық «Оқытуда АКТ-ны қолдану. Алыс қашықтықтан оқытудың желілік базалық оқу материалдарын құрудың мүмкіндіктері. MOODLE вертуалды объективті бағытталған оқу жүйесін қолдану арқылы оқу курстарын жасақтау» оқыту курсы

29-30 қыркүйек

2008 ж


Жұмағалиева

Жанахметова

Өтемісова

Нұрмағанбетова

Гусманова







«Оқытуда АКТ-ны қолдану. Алыс қашықтықтан оқытудың желілік базалық оқу материалдарын құрудың мүмкіндіктері. MOODLE вертуалды объективті бағытталған оқу жүйесін қолдану арқылы оқу курстарын жасақтау» мектепішілік оқыту семинары

Қараша

2008 жыл


Мектеп мұғалімдері






Облыстық «Гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми тізбектеріндегі мұғалімдер арасында сабақта АКТ-ны пайдаланудың әдістемелік шеберлігі» конкурсы

18-20 қараша

2008 жыл


Жұмағалиева

Жанахметова

Өтемісова


ІІІ дәреже диплом

Грамота


Грамота



«HTML+CSS-ты оқу және қолдану» курсы

8-12 маусым

2009 жыл


Жұмабаева

Сертификат

жүктеу 156,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау