17
жақ, оң жақ, сол жақ бұрыш, оң жақ бұрыш, сол (оң) жақ
төменгі бұрыш сөздері мен тіркестерінің мағынасын
меңгеру үшін №5-6 кестенің үлестірмелі материалдарын
пайдалануға болады. Педагог заттарды көрсеткен
орындарға орналастыруды тапсырады (жоғарғы оң жаққа,
төменгі сол жаққа жəне т.б.), бірақ барлық балалар
тапсырманы бірдей орындай алмайды.
Жаңалық ашу.
(Ұ) Туындаған проблемалық жағдайды шешу үшін қағаз
парағымен таныстыруды жүргізуге болады. Ол əдетте
кəдімгі ақ парақпен таныстырудан басталады. Педагог
балалардан сұрайды:
– Бұл не? (Қағаздың парағы.)
– Оның пішіні қандай? (Тіктөртбұрышты.)
– Бұл қандай жағы?
Балалар жауап беруге қиналған жағдайда, педагог
жалғастырады:
– Бұл жағы қайда орналасқан?
Сұрақтарды ретімен қоя отырып, балалар жоғарыда тұрған
жағы – жоғарғы, төменде орналасқан жағы – төменгі, оң
жақта орналасқан жағы – оң, сол жақта орналасқан жағы–
сол жақ, жоғарыда сол жақта орналасқан бұрыш – сол жақ
жоғарғы бұрыш, жоғарыда оң жақта орналасқан бұрыш –
оң жақ жоғарғы бұрыш жəне т.б деп аталады деген
қорытындыға келеді.
Парақ бойынша саяхат – «Сиқырлы парақ». Бір парақ пен
бес қарындаш өмір сүріпті. Бір күні олар бірге ойнамақшы
болыпты жəне қарындаштар парақ бойынша саяхатқа
шығыпты. Бірінші болып сары қарындаш жөнеліпті, ол
жоғарғы жағына барып, сары сызық сызыпты. Екінші
болып қызыл қарындаш кетіпті, ол төменгі жағын тауып,
қызыл сызық сызыпты. Оң жағын жасыл қарындаш, ал сол
жағын көк қарындаш сызыпты. Парақтың ортасында қара
қарындаш қалыпты, ол сол жерге үй салған екен.
Бұрыштарды тең бөлуге шешім қабылдап, екі түспен
сызыпты. Барлық қарындаштар үйге жиналып, тағы да
қалай ойнасақ болады деп ойланыпты. Ойланып-толғанып,
қуаласпақ ойнамақшы болып шешіпті. Жоғарғы жағында
сары сызық сызылған жəне жоғары қарай сары қарындаш
жүгіре жөнеліпті, төменге қарай қызыл қарындаш, оң
жаққа жасыл қарындаш, ал сол жаққа көк қарындаш жүгіре
жөнеліпті. Содан кейін іштері пыспауы үшін қарындаштар
екі-екіден жүгіріпті: оң жақ жоғарғы бұрышқа сары жəне
жасыл қарындаштар жүгірді; сол жақ жоғарғы бұрышқа –
сары жəне көк; оң жақ төменгі бұрышқа – жасыл жəне
қызыл; ал сол жақ төменгі бұрышқа – сары жəне қызыл
қарындаштар жүгіріпті. Ал қара қарындаш оларды ұстай
алмай қойыпты. Ойын барысында балалар парақта
бағдарлар бар екенін түсінеді: жоғары, төмен, оң жағы, сол
жағы, парақтың ортасы.
Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы
полотно.
Үлестірмелі
материалдар,
№5-6 кесте.
18
орындауды ұсынады. Балалар суретке қарайды, заттарды
бояйды, олардың қайда орналасқанын түсіндіреді.
Ал одан кейін кері операция орындайды – суретте
бейнеленген затты тауып, осы зат орналасқан бағытқа
сілтейтін көрсеткішті бояйды.
Сергіту сəті.
«Ұшақ»
Балалар аяқтарын алшақ қойып, қолдарын екі жаққа созып,
оңға-солға бұрылады.
16–25
Жаңаны қолдану.
(Ө) Қағаз парағында бағдарлану білігін пысықтау үшін
балаларға практикалық тапсырмалар беріледі: «қызыл
дөңгелекті жоғарғы оң жаққа, көкті төменгі сол жақ
бұрышқа орналастырыңдар». Балалардың тапсырманы
орындағаннан кейін қандай да бір заттың орналасқан жері
туралы айтуы маңызды.
Ж) Əліппе-дəптердегі 2-тапсырмада балаларға торкөздер
бойынша қайталау, яғни үлгіге сəйкес торкөз парақтың
ұсынылған
фрагментіне
нүктелерді
қойып
шығу
ұсынылады.
Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада торкөздер бойынша
мəшиненің жолын салу керек, ол шартты белгілермен
ұсынылған бағыттарда торкөздерді ретімен санай отырып
жасалады.
Мұндай жаттығулардың маңыздылығына: кеңістікте
бағдарлай білуін бекіту, санау дағдыларын жетілдіру,
өлшеу əрекетін енгізу – бір торкөз өлшем бірлігі ретінде
қабылданатынын түсіндіру. Сонымен бірге балада
мақсатқа талпынушылық, шыдамдылық, тапсырманы
қатесіз орындауға құлшынысы (өйткені олай болмаған
жағдайда нəтиже болмайды: сурет шықпайды) дамиды.
Егер бала ұзындығы əртүрлі жəне əртүрлі бағытта
кесінділерді əжептəуір сенімді жүргізсе, жануарларды,
ойыншықтарды, жиһаз заттарын жəне т.б. салуға
«дыбыстық» диктантқа өтуге болады.
(Ж) Осындай диктанттың үлгісі: Менің айтқаным бойынша
сурет сал: 4 торкөз жоғары, 3 – төмен жəне т.б. Неғұрлым
күрделі суреттерге көшуге асықпаңыз. Баланың жұмыстан
жағымды эмоция алуы өте маңызды, сол кезде осындай
жаттығуларға қызығушылық арта түседі. Осы кезеңде
балалар үлгі бойынша фигураны өз бетінше қайталап
салады. Жұмыс нүктелерін ересектер белгілейді.
Электрондық жиынтық полотномен (№4) жұмысты
ұсынуға болады. Педагог (немесе балалар) фигураларды
орналастырып, ненің қайда орналасқанын айтады.
Əліппе-дəптер.
Электрондық
жиынтық
полотно (№4).
Рефлексия
26–30
Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды
мадақтайды.
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы
бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі
сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз
Əліппе-дəптер
19
болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады.
Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе,
жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
№3 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің
ойыншықтарым. Не қайда орналасқан?
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сынып/топ
Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың
саны:
Оқыту мақсаттары
0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлау, карточкалардағы геометриялық
фигуралардың орналасуын сипаттау.
0.1.1.2.Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында,
алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.
Күтілетін
нəтижелер
Барлық тəрбиеленушілер:
-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында,
(арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана
отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын
сипаттайды.
Көптеген тəрбиеленушілер:
- орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс
бағдарларын түсіндіреді жəне педагогтің тапсырмасы бойынша
оларды өзгертеді жəне сипаттайды.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
-өзі сұрақ қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің
сұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияны
пайдалана алады.
Пəндік лексика жəне терминология:
-
сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында,
(арты), жақын, арасында, қасында.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
Үлгі бойынша фигураларды жапсырған кезде қалай қателеспеу
керектігін түсіндір.
Ойыншықтар қайда тұруы мүмкін деп ойлайсың?
Қандай шылаулар мен көмекші сөздер заттың орналасқан жерін
сипаттауға мүмкіндік береді?
Жазу:
Салынған үзік сызықтар бойынша бастырып сызу.
Алдыңғы білім
Заттардың кеңістікте орналасуы туралы алғашқы білім,
геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Басталуы
Ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |