Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет38/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52

113 
 
1 ц
ифры 
 1-қадам. Торшаның визуальды орталығынан сəл жоғары, 
ортасына өте жақын нүкте саламыз. Осы нүктеден жоғарғы 
оң бұрышқа дейін түзу сызық сызамыз.   
2-қадам. Торшаның жоғарғы оң бұрышы мен төменгі 
сызықтың ортасындағы нүктені түзу сызықпен жалғаймыз. 
(Ө) 3-тапсырма мысалдарды құрастырып, оларды оқуға 
арналған. Əртүрлі оқылуды пайдаланыңыз жəне балаларды 
əртүрлі тəсілдермен оқуға ынталандырыңыз.
 
Қағазда былай жазылған: 
3 + 2 = 5. 
–Мұны қалай оқуға болады? 
 Осы уақытқа дейін біз əдетте былай 
айтатынбыз:  
«Үш қосу екі – тең болады бес».  
–Бірақ басқаша айтуға да болады.  
Мысалы:  
–Үш жəне екі – бұл бес. 
–Үшке екіні қосса, бес болады. 
–Үш пен екіні қосамыз, нəтижесінде 
бесті аламыз. 
–Үшті екіге арттырса, бес болады. 
Сол сияқты:  
5 − 2 = 3 
бұл тек «бес алу екі үшке тең» ғана емес, 
сондай-ақ: 
–Екісіз бес–бұл үш. 
–Бестен екіні алса, үш болады.  
–Бестен екіні азайтса, үш болады.  
–Бесті екіге азайту үшті құрайды. 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия.  
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 


114 
 
№48 ҰОҚ. Тақырыбы:Туған  өлкем. 
Мысалдар шығарамын. Цифрларды 
бастырып жазамын. 
МЕКТЕП/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.4.1.3.Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен 
тапсырмаларды шешу. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-көрнекіліктің негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді оқиды 
жəне заттар тобын қайта санау арқылы шешеді. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды 
шешеді. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-қарапайым мысалдар мен есептерді өз бетінше құрастырады жəне 
содан кейін көрнекіліктің негізінде оларды шешеді. 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-  көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді 
жəне заттар тобын қайта санау арқылы шешуді түсіндіреді. 
Пəндік лексика жəне терминология: 
-есеп, мысал, қосу, алу. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
–5+2, 5–2 жазбалары нені білдіретінін айт? 
–Заттарды біріктірген, заттар тобынан бөлігін алып тастаған 
суреттерге жағдайды жазу үшін қандай таңба қою керек екенін 
түсіндіре аласыңдар ма?  
–Мысалдарды  жазуға  саған  қандай  таңбалар  көмектескенін 
түсіндір. 
–Мысалдарды əртүрлі тəсілмен оқы. 
Жазу:  
-сандарды толықтырып жапсыр, сандарды қорша, жаз жəне т.б. 
 
Алдыңғы білім 
Қосу жəне алу, «+» жəне «–», «=» таңбалары, сан жəне цифр . 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақы 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Наурыз мейрамы кезінде дəстүрлі ойындар 
ойналады.Ойындар əртүрлі болады.Сабақ тақырыбына 
енгізу үшін педагог балаларға əдетте топта ойналатын 
шағын ойындарды ойнауды ұсынады. 
Өзектендіру. 
Балаларды 10 адамнан топтарға бөліңіз. «Жаңбыр» ойынын 
ойнатыңыз.  Музыка  тоқтағаннан  кейін  үйшіктердегі  жəне 
Ойынды 
сүйемелдеуге 
арналған көңілді 
əуендер. 


115 
оның 
сыртындағы 
балаларды 
санаңыз. 
Сандарды 
салыстырыңыз.  Сонымен  қатар  қосуға  мысалдар  құруға 
болады.  Жауабы  əрқашан 10 болады.  Балалардың  бірі 
осыны байқап, атап өтсе, педагог оны көтермелейді.   
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)Бүгін біз мысалдарды қалай құрастырып, оларды қалай 
əртүрлі оқу керек екенін бекітеміз. 
Өздік жұмыс. 
(Ө)Балаларға қосуға жəне азайтуға арналған 2–4 мысалдан 
таратып беріңіз. Нүктелердің немесе санау 
материалдарының көмегімен көрсетулерін ұсынады. 
– 5+2, 5–2 жазбалары нені білдіретінін айт. 
–Заттарды біріктірген, заттар тобынан бөлігін алып 
тастаған суреттерге жағдайды жазу үшін қандай таңба қою 
керек екенін түсіндіре аласыңдар ма? 
–Мысалдарды жазуға саған қандай таңбалар көмектескенін 
түсіндір. 
Мысалдарды əртүрлі тəсілмен оқы. 
Əліппе-дəптер, 
санайтын 
материал, 
мысалдары бар 
карточкалар  
16–25 
Үйренгенді қолдану. 
(Т)1-тапсырма. Бірінші рет мысалдар тізбегі кездеседі. 
Бірінің жауабы келесінің басталуы болатынын түсіндіріңіз. 
Үстелдерде немесе сынып тақтасында осыған ұқсас бұлт– 
тізбектерді ұсынуға болады. 
Ж) Педагог есептер жазылған бұлттар (гүлдер, вагоншалар 
жəне т.б.) əзірлейді. Есептер тізбегінің не екенін түсіндіріп, 
топтар бойынша жарыс жариялайды. Одан кейін 
топтардың əрқайсысынан бір бала басқа топқа барып, 
тізбектің дұрыстығын тексереді. 
(Ө) Заңдылықты түсіндіруге арналған №2 тапсырманы 
орындауды ұсынады. 
(Ұ) Мысалдарды əртүрлі оқуға жарыс ұйымдастырыңыз. 
Жиынтық полотнода жазбаларды ұсынып, балалардың 
жауаптарын тыңдаңыз.  
№ 6-8 полотноларды пайдаланады. 
Мысалы: 
 
  Үшке екіні қосқанда бес болады. 
  Үш жəне екі, болады бес. 
  Үшке екі қосу. 
  Үшті екіге арттыру; 
  Үш пен екіні жиынтықтау. 
 –Мысалдарды əртүрлі тəсілмен оқы. 
(Ж) 3-тапсырма  цифрларды бастырып жазуға арналған.  
1-қадам. Торшаның жоғарғы оң бұрышында шағын жарты 
сопақша саламыз. 
2-қадам. Жарты сопақшаны ұзарта отырып, төменгі қабырғаның 
ортасына түзу сызық жүргіземіз. 
Əліппе-дəптер, 
жиынтық 
полотно, 
Үлестірмелі 
материал 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау