Платформинг -құрамында платина бар катализаторлардың қатысуымен сутегі қысымында жүргізілетіну мұнай өнімдерін каталитикалық тазарту. Ол мотор бензиндері мен хош иісті көмірсутектердің жоғары октанды компоненттерін алу үшін қолданылады. ... Платформамен нафтендердің 80% хош иісті заттарға айналады.
4 есеп
Егер реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3ке тең болса, ал температураны 40-дан 60-қа көтергенде реакция жылдамдығы неше есе өсетінін есептеңіз.
11-вариант
Тепе-теңдікті ығыстыру тәсілдері.
Химиялық тепе-теңдік — бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі.
Концентрацияның өзгеруімен тепе –теңдіктің бұзылуы тепе-теңдіктің ығысуы деп аталады.
қысымның әсері:реакцияға газдар қатысқанда қысымның өзгеруімен тепе –теңдік те өзгереді.Егерде температураны өзгертпейжүйенің көлемін 2 есеге дейін кішірейетіндей етіп қысымды жоғарылатсақ .Алғашқыда барлық газдардың концентрациясы мен көлемі екі есеге өседі,бірақ тура және кері реакциялардың жылдамдығы өзгеріп,тепе –теңдік бұзылады.
Температураның әсері: температура өзгергенде көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығы ығысады.Химиялық реакцияның тепе-теңдігінің ығысуын анықтайтын фактор реакцияның жылу эффектісі.Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік эндотермиялық бағытқа ,ал төмендеткендеэкзотермиялық бағытқа ығысады.
Ле-Шателье принципі:
Егер тепе-теңдік күйдегі жүйеге сыртқы ортамен әсер еткенде, тепе-теңдік сыртқы ортаны әлсірететін бағытқа ығысады.
ХТҮ-гі тепе-теңдік.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп
жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Жалпы алғанда химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрады:
1. Шикізатты химиялық өңдеуге дайындау:
// AA;BB,
мұндағы, А, В – дайындауға дейінгі шикізат; А1, В1 – дайындалған шикізат;
2. Дайындалған шикізаттың реакция өніміне дейін химиялық өзгерісі екі сызбанұсқамен жүреді:
A + B C (негізгі реакция);
A + B P (қосымша реакция),
мұндағы С – мақсатты өнім; Р – қосымша өнім.
3. Реакциялық қоспадан мақсатты өнімді бөлу жəне оны тазалау:
C C/; P P/ ,
мұндағы,С1 – бөлінген мақсатты өнім; Р1 – бөлінген қосымша өнім.
ХТҮ-нің екінші сатысы – химиялық үдеріс, 1,3-физикалық үдеріс (механикалық, физикалық, физикалық-химиялық операциялардан құралған).
Аса маңызды мұнай өнімдері және оларды қолдану салалары.
Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең.
4) CaCO3(қ)= CaO(қ) + CO2(г) реакциясының 650К температурадағы U0-ң шамасын есептеңiз. Бұл реакцияның осы температурадағы Н0=49,32 ккал/моль, ал R=1,98710-3 ккал/мольК.
Достарыңызбен бөлісу: |