Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2018 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары
туралы МӘЛІМЕТ
Халықты жұмыспен қамту бойынша:
2018 жылдың маусым айына жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны – 2028 адам (2017 жылы 1931 адам).
Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 672 адам (2017 жылы 880 адам). Жоспар 2018 жылға – 1924 адам (2017 жылы 1424 адам болған).
Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 662 адам тартылды. (2017 жылы жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 631 адам тартылды).
2018 жылдың маусым айына ауданда 671 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жоспар (1120 орын). Олардың ішінде, ауыл, орман және балық шаруашылығы 5, өнеркәсіп саласы бойынша 289 орын, құрылыс 37, көтерме және бөлшек сауда 7 орын, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы бойынша 113 орын, білім саласы бойынша 62 орын, көлік және қоймалау саласы бойынша 10, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша 113 орын, уақытша және маусымдық орындар 14.
Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 2018 жылдың маусым айына 34 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған, өткен жылдан есепте қалған 6 адам (2017 жылы 33 мүгедек) олардың ішінен 10 мүгедек тұрақты жұмысқа, (2017 жылы 19 мүгедек)19 қоғамдық жұмысқа, (2017 жылы 15 мүгедек) 5 жастар тәжірибесіне(2017 жылы 3 мүгедек) , 8 әлеуметтік жұмысқа (2017 жылы 3 мүгедек)орналасты және 1 мүгедек адам кәсіби оқуға жолданды.
Жыл басынан бөлімде 7-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 31 мекемеден 455 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 583 адам қатысты. Оның ішінде 424 адам тұрақты жұмысқа жіберілді. Сонымен қатар 383 адамға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер берілді.
2018 жылдың маусым айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайызды құрайды.
Әлеуметтік төлемдер бойынша:
Атаулы әлеуметтік көмек. Аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 108600,0 мың. теңге, республикалық бюджеттен 135593,0 мың теңге қаражат қаралған. 1 шілде айына 525 отбасынан өтініш қабылданып, оның 491 отбасына 74332,8 мың тенге төленді.
Тұрғын үй көмегі 2018 жылға жергілікті бюджеттен аз қамтамасыз етілген отбасыларға 40997,0 мың теңге қаржы қаралған.
(2017 жылы 19076,0 мың теңге бөлінді).
2018 жылдың 1 шілде айына 389 отбасындағы 2060 адамға 7766,9 мың теңге көмек тағайындалып төленді. (2017 жылдың 6 айында 648 отбасындағы 3536 адамға 10188,4 мың.теңге көмек тағайындалып, төленген)
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер 2018 жылы облыстық бюджеттің есебінен аудан бойынша мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек 2018 жылы облыстық бюджеттен 29726,0 мың теңге қаралып, шілде айына 143 адамға 14838,4 мың теңге тағайындалып төленді.
(2017 жылы 22122,3 мың тенге қаралып, 6 айында 101 адамға 10890,0 мың тенге тағайындалып, төленген)
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға төленетін әлеуметтік көмекке 2018 жылға 658,0 мың теңге қаралып 1 шілде айына 2 балаға 127,9 мың теңге тағайындалды.
(2017 жылы 387,0 мың тенге қаралып, 6 айында 2 балаға 207,0 мың тенге тағайындалып төленген.)
Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек 2018 жылға 23161,0 мың теңге қаржы қаралып 1 шілде айына 1581 адамға 15214,0 мың тенге тағайындалып төленді.
Ауданданымызда 6 айда тұрмыс жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, жалғыс басты қарттарға және жетім балаларға барлығы 313 отбасыға 1622,0 мың тенге қайрымдылық көмек жасалынды.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша:
2018 жылдың 6 айында 120 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне - 64 жеке көмекшілер қызмет жасады, жеке көмекшілердің қызметіне 13000,0 мың теңге (2017 жылы 18198,0 мың теңге) қаралған болатын; 37 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге - 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті, ымдау тілі мамандарына жергілікті бюджеттен 2037,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 4201,0 (2017 жылы 5595,0 мың теңге) қаржы бөлінген.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерді қажетті құралдармен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда.
2018 жылға аудандық бюджеттен міндетті гигиеналық құралдарға 19504,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 36538,0 мың теңге (2017 жылы 39251,0 мың теңге)қаралып, міндетті гигиеналық құралдар - 405 (2017 жылы 321 адамға) мүгедек азаматтарға таратылды.
2018 жылдың 6 айында міндетті гигиеналық құралдарға қаралған қаржының 52230,9 мың теңгесі, жеке көмекшілердің қызметіне және ымдау тілі мамандарына 8871,0 мың теңгесі төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2018 жылдың 6 айында мүгедектерге:
протездік-ортопедиялық көмек– 121 адамға (2017 жылы 109),
сурдотехникалық құралдар – 35 адамға (2017 жылы 19 адамға),
тифлотехникалық құралдар– 73 адамға (2017 жылы 49 адамға),
кресло-арбалар – 39 (2017 жылы 15 адамға)таратылды.
Санаториялық-курортқа – 12 адамға жолдама берілді.
2018 жылдың 6 айында Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 28 мүгедек жолданды. (2017 жылдың осы кезеңінде 30 мүгедек 2 зейнеткер жолданған).
Үйде тәрбиеленіп оқуға 2018 жылға жалпы 4381,0 мың теңге қаралып, 76 балаға 3018,7 мың теңгесі төленді. (2017 жылы 5003,0 мың теңге қаржы қаралған).
Қызылорда қаласында орналасқан мүгедектер мен қарттарға арналған қарттар үйіне және №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2 мүгедек жолданды. (2017 жылы психикалық жүйке аурулар интернатына 2 мүгедек жолданған).
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен «Арал ауданы мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігі» 2018 жылдың 6 айында 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 23 балаларға күндіз болу бөлімшесі бойынша жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетіп отыр. ( 2017 жылы 18 балаға қызмет көрсеткен).
Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2018 жылға республикалық бюджеттен 279,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 2509,0 мың теңге бөлініп, 1282,0 мың теңгесі игерілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы Қазақ соқырлар қоғамы жұмыс жасап 1 автокөлігі мүгедектерді тасымалдау жұмыстарын жүргізуде. (2017 жылы бұл мақсатқа 2760,0 мың теңге бөлінген).
Уйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша 143 мүмкіндігі шектеулі балаларға 31 әлеуметтік қызметкер, 88 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге 14 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. (2017 жылы 160 мүмкіндігі шектеулі балаларға 28 әлеуметтік қызметкер, 86 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге 14 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсеткен).
Жекелеген санаттар бойынша датылы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:
2018 жылдың ақпан айында – «15 ақпан - Ауғаныстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне» орай 29 Ауғаныстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2092,4 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді.
(2017 жылы 30 Ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне – 2042,1 мың теңге төленген)
2018 жылы 26 сәуір – Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай 9 Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға 649,4 мың теңге әлеуметтік көмек есеп шоттарына аударылды. (2017 жылы 12 Чернобыль апатына қатысушылары мен мүгедектеріне – 816,9 теңге төленген)
2018 жылы 2 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттен 192,4 мың теңге; облыстық бюджеттен 192,4 мың теңге есеп-шоттарына аударылды.
(2017 жылы 5 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттен – 453,8 теңге, облыстық бюджеттен – 453,8 теңге төленген)
2017 жылы тылдағы жанқиярлығы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған 4 адамға аудандық бюджеттен 288,6 мың теңге және облыстық бюджет есебінен 192,4 мың теңге есеп шоттарына аударылды.
(2017 жылы аудандық бюджеттен осы санаттағы 6 адамға аудандық бюджеттен 408,4 мың теңге, облыстық бюджеттен 272,3 мың теңге төленген).
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға 873 адамға облыстық бюджеттен – 62987,0 мың теңге төленді.
(2017 жылы 981 адамға 66776,7 мың тенге төленген).
ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен мапапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 5 азаматқа 2018 жылға 420,0 мың теңге қаралып 137,3 мың теңге төленді. (2017 жылы 7 азаматқа 124,0 мың теңге төленген).
Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша:
2018 жылдың І жарты жылдығында тіркелген акт жазбаларының саны – 1398
(2017 жылы 1339 ). Оның ішінде:
Туу туралы актілер – 812 (2017 жылы 775);
Қайтыс болу туралы актілер – 213 (2017 жылы 245);
Неке қию туралы актілер – 259 (2017 жылы 215);
Некені бұзуды тіркеу туралы актілер – 56 (2017 жылы 50);
Әке болуды анықтау туралы актілер – 43(2017 жылы 34);
Бала (қыз) асырап алу туралы актілер –8 (2017 жылы 8);
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы актілер – 7 (2017 жылы 12);
Сонымен қатар, 2018 жылы 8 азаматтық хал актілерін қалпына келтіру немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілді (2017 жылы 35).
Оның ішінде:
Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру – 5 (2017 жылы 9);
Азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу – 3 (2017 жылы 26)
2018 жылы АХАТ жұмыстары барысында – 1110321 теңге мемлекеттік баж өндірілді. (2017 жылы 1016060,40 теңге мемлекеттік баж өндірілген).
Орындаған: Г.Сермуханова
Н. Байназарова
А. Жаймақов
М. Жумашева
Достарыңызбен бөлісу: |