Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелген, және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 маусымда № 13817 болып тіркелген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы
19 мамырдағы № 104 бұйрығына сәйкес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-О-6 |
74954
|
101604
|
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ 100000, Қарағанды қ., Чкалов көшесі 3, 311 кабинет, анықтама телефондары 8(7212) 41-09-36, факс 8(7212) 41-09-35, электрондық мекенжайы gahmetova@taxkrg.mgd.kz, gu.ahmetova@kgd.gov.kz бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
«Темиртау» кеден бекетінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік,
КБ-Т-23-27).
Функционалдық міндеттері: тауарларды кедендік тазартуға және декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау; кедендік бақылау жүргізу; кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың есебін жүргізу; кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді бақылау; Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптауды бақылау; ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды айқындау, олардың алдын алу және жолын кесу; кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «экономика және бизнес» немесе «құқық» (құқықтану, кеден ісі, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша. Салық салу саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы
23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап
7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-де, Қарағанды қаласы, Чкалов к-сі 3 мекен-жайында өтеді. Конкурсқа қатысушыларға шығыс қаражаттары төленбейді, тұрғын-үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |