ÀҚÌÅزÒ
àïòàëûғû
4
¹79 11 ҚÀÇÀÍ, 2016 ÆÛË
Ò²Ðز˲Ê
Меншiк иесi:
жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
Бас директор
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Қызылорда қалалық «Ақмешіт
апталығы» газетінің редакциясы
Бас редактор
Əділжан ҮМБЕТ
Телефондар:
Бас директор - 70-00-36
Бас редактор - 40-01-09
Қабылдау бөлімесі - 70-00-37
Бас редактордың орынбасары - 40-11-10
Жауапты хатшы, бөлімдер - 40-11-10
Газеттің негізін қалаған Əділхан БƏЙМЕН
Мекен-жайымыз: 120008, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4. Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйі.
Нөмірдің кезекші редакторы Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат
агенттігінде 11.07.2014 жылы қайта тіркеліп, №14459-Г куəлігі берілген.
«Ақмешiт апталығы» қалалық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына
сəйкес сертификатталған.
Аптасына 2 рет, сейсенбі, сенбі күндері шығады.
Жарияланған материалдардағы пікірлер редакция көзқарасымен сəйкес келе бермейтіндігі, деректер
мен мəліметтердің нақтылығына автордың, хабарландыру иесінің жауапты екендігі ескертіледі.
Газет редакцияның компьютер орталығында
теріліп, беттеліп,«Сыр медиа» ЖШС
баспаханасында басылды. Тел: 8(7242) 40-06-68
Газеттің таралымы бойынша 70-14-08 телефонына
хабарласуға болады.
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 4.
Таралымы 4611 Тапсырыс №1206
syr-media.kz
aqmeshit-aptalygy.kz
КӨКЖИЕК
ФУТБОЛ
ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЙЫМА
КӨШЕДЕ СІҢДІ
– Максим, əңгіменің əлқисасын əуелі өзіңізден
бастасақ...
– Негізі Алматы облысының тумасымын. 1983 жылы
Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында дүниеге
келдім. Мен алты жасқа толғанда отбасымызбен Арыс
қаласына қоныс аудардық. Сол киелі топырақта аунап-
қунап, өсіп-жетілдім. Мектеп қабырғасын бітіргеннен
соң М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің «Жаратылыстану жəне педагогика»
факультетіне оқуға түстім. Сөйтіп, еңбек пəнінің мұғалімі
деген мамандық алып шықтым. Дегенмен, осы уақытқа
дейін мамандығым бойынша жұмыс жасап көрмеппін.
– Байқаймын, қазақшаны бір кісідей-ақ еркін
сөйлеп отырсыз. Өзге ұлт өкілі бола тұра, қазақ тілін
жетік меңгеруіңіздің сыры неде?
– Қазақ тілі менің бойыма көшеде сіңді десем болады.
1989 жылы Арысқа көшіп келгенде ауылда орыс шаңырағы
жалғыз біз болдық. Бір ауыз орысша білмейтін балалар-
мен бірге тай-құлындай тебісіп өстім. Бірге ойнадық, бірге
күлдік. Əйтпесе, қандайда бір қажеттіліктен туындаған
соң, үйрендім дей алмаймын. Жалпы, өз елін құрметтейтін,
қадірлейтін адам тілді де тез меңгереді деп ойлаймын.
Ал, менің қазақ тілін еркін меңгеруіме араласқан ортам
көмектесті. Дегенмен, өзіме бұл тұрғыда жоғары баға
бермеймін. Себебі, қазақ тілін Абайдан артық ешкім
білмеген дер едім. Біздікі тек орташа деңгейдегі ауызекі
тіл деп ғана айта аламын. Сондықтан тіл жаттықтыруды
əлі күнге дейін тоқтатқан емеспін.
– Ал, күнделікті өмірде қай тілді басым қолданасыз?
– Шынымды айтсам, 98 пайыз қазақ тілінде сөйлеймін
десем өтірік болмас еді. Себебі, менің ортам, достарым,
аудиториям – қазақ. Өмірлік серігім де қазақ ұлтынан.
Сондықтан қазақ тілін кейінгі орынға ысырып қою мен
үшін жат дүние.
– Мамандығыңыз – мұғалім, қызметіңіз – журна-
лист. Бұл салаға қалай ат басын бұрып жүрсіз?
– Осыдан 10 жыл бұрын «Нұр Отан» партиясының жас-
тар съезіне делегат болып бардым. Сонда Қазақстан жас-
тары атынан «Астана» телеарнасына сұқбат бердім. Кейін
отандық телеарна басшылығы менің мемлекеттік тілді
жақсы меңгергеніме байланысты журналистикада бағымды
сынап көруге шақырды. Бұл мен үшін күтпеген жағ дай еді.
Себебі, өзімді ешқашан көгілдір экран алдында елес тетіп
көрген жан емеспін. Қызығушылық болғанымен, аздап
жүрексінгенім рас. Содан бері міне, 8 жылдан астам уақыт
осы саланың пұшпағын илеп келе жатқан жайым бар.
– Бұл салада бағыт-бағдар берген жандар туралы
не айтасыз?
– Журналистиканың қыр-сырын оқып-тоқымаған-
дықтан аз-кем олқылықтардың болатыны заңдылық. Осы
тұрғыдан келгенде маған қол ұшын беріп, жөн сілтеген жан-
дар аз болған жоқ. Олардың қатарындағы Əбдез Рахман,
Бағдат Қожахметов, Мəди Манатбек, Оксана Петерс, Дина
Төлепберген сынды өзге де білікті тілшілер білгендерін
үйретуден аянбады. Мен де солардың қолдауларының,
өзімнің қызығушылығымның арқасында біраз жетістікке
қол жеткіздім деп айта аламын. «Астана», «7 арна», «24
kz» арналарында аз-кем тер төктім. «Елорда», «Нысана»
мен өзге де бағдарламаларды тізгіндеу бұйырды. Жалпы,
телевизия саласы мені көп нəрсеге үйретті десем артық
айтқандық емес.
ҚЫЗЫЛОРДАҒА БҮЙРЕГІМ
БҰРЫП ТҰРАДЫ
– Сізді фоторепортер ретінде де жақсы танимыз.
Жасаған сапалы дүниелеріңіз көп көңілінен шығып
жүр. Ел аралап, көздің жауын алар кереметтерді
объективке түсіру сүйікті ісіңіз секілді...
– Дұрыс айтасыз, саяхатқа жаным құмар. Жер көріп,
еліміздің табиғатын ғана емес, құнды жəдігерлерін, өндіріс
ошақтарын суретке түсіріп, көппен бөліскенді ұнатамын.
Мақсат – бізде де мақтануға тұрарлық дүниелердің бар
екенін көрсету, дəлелдеу.
– Осы бағыттағы Сыр елінде болған іссапарыңыз
туралы баяндап өтсеңіз. Алған əсеріңіз қандай?
– Жалпы, маған Қызылорда бөтен қала емес. Олай
деуімнің себебі, менің əжем 1936 жылдары Ресейден
Қазалыға қоныс аударып, біраз жыл сонда мекен еткен.
Əжем үнемі қиын қыстау кезде қолдау білдірген ондағы
халықтың қонақжайлығы мен бауырмалдығын сөз етіп
отырады. Сондықтан да болар, бұл аймаққа бүйрегімнің
бұрып тұратынын жасырмаймын. Өз басым, Сыр еліндегі
ерекше серпілісті көріп, қуанып қалдым.
– Ел-жерді көп аралайсыз. Бұл сапарыңызда
Алаштың Ақмешіті сізге несімен есте қалды?
– Алдымен, бұл сапардың мақсатын айтып өткен
жөн болар. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына
орай облыс əкімінің тікелей қолдауымен бір жоба жүзеге
асырылмақшы. Аталмыш жоба аясында Қызылорданың
ширек ғасырда жеткен жан-жақты жетістіктерін паш
ететін үлкен жинақ баспа бетін көреді деп жоспарлануда.
Осы тұрғыда мен Аралдан Жаңақорғанға дейінгі аралықта
орын тепкен ауыл-аймақты өз көзіммен көріп, ондағы
жағдаймен терең таныстым. Басқа облыста кездеспейтін
өндіріс нысандарының жұмыс жүйесіне қанықтым. Айтай-
ын дегенім, осы сапар барысында Сыр жұртшылығының
еңбекқорлығына қайран қалдым. Тынымсыз еңбек пен
алға ұмтылушылық басым. Қай ауыл, қай ауданды
көрсеңіз де қайнаған тіршіліктің ортасында. Өндіріс, жеке
кəсіпкерліктердің де қарқынды дамығаны соншалықты
жоспардан тыс жерлерге баруға да тура келді. Өйткені,
аядай ауылдардағы осындай игілікті істер кім-кімді бол-
са да қызықтыратыны сөзсіз. Мəселен, Нағи Ілиясов
атындағы ауылдың өзі тұтас облыстың даму деңгейін паш
етіп тұрғандай. Меніңше, осы қарқыннан таймау керек.
Сонда ғана Ақмешіт айбарының асқақтай түсері хақ.
ТАЛАНТТАР АУЫЛДАН
ШЫҒАДЫ
– Кезінде «ТехАС» КВН командасында өнер
көрсеттіңіз. Қазіргі жас жайдарманшылардың ойы-
нына қандай баға бересіз? Салмақты əзіл бар деп
айта аласыз ба?
– Əрине, бар. Бізде ештеңе жоқ деп байбалам сала
берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Талантты жастар бар,
салмақты əзілдер айтылып жүр. Көрермен талғамынан
өткен кез келген команда үздік. Мəселен, қызылордалық
жайдарманшылардың өзінен «Қармақшы құрамасын»,
теңізде туып, теңізде өскен «Аралас» тобын ерекше атап
өтер едім. Жалпы, кейінгі уақытта жайдарманда жақсы
тренд қалыптасты. Ол өнер сахнасынан ауыл жастарының
көптеп орын алуы. Ал, бұл дегеніңіз ауыл жастарының да
қабілетті, бос уақыттарын тиімді өткізетінінің кепілі. Мен
осы тұрғыдан алғанда ауылдан шыққан жайдарманшылар-
ды ерекше қолдайтынымды жасырмаймын. Əрине, сапалы
əзілге де лайықты баға беріледі.
– Əңгіменің арнасын тағы да өзіңізге бұрсақ. Соңғы
кезде телевизия саласында төбе көрсетпей кеттіңіз.
Алдағы уақытта сіздің ықпалыңызбен болатын ерек-
ше жобаларға куə бола аламыз ба?
– Ия, сөзіңіздің жаны бар, көгілдір экранға шықпай
жүргенім рас. Өйткені, өзгерісті, жаңалықты жаным
сүйеді. Қазіргі таңда Астанадағы «Фотосүйерлер»
клубының төрағасы қызметін атқарып жүрмін. Атқарылар
жоспар да, жоба да көп. Бəрін уақыты келгенде тамашалай
аласыздар деп ойлаймын.
– Уақыт бөліп, əңгімелескеніңізге рақмет!
Сұқбаттасқан:
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ
МАКСИМ РОЖИН:
Қазақ тілін туған тіліндей еркін көсіле сөйлейтін белгілі
журналист, фоторепортер Максим Рожин көзі қарақты
көпшілікке етене таныс. «Қазақтың сары баласы» атанып
кеткен ол журналистика саласында өзіндік із қалдырып,
бүгінде көрермен көзайымына айналып үлгерді. Теле-
визия саласында табанды қызмет атқарған Максимнің
кейінгі жылдары фото репортер ретінде де керемет
дүниелер жасап жүргендігінен хабардармыз. Осы орайда
Сыр еліне жасаған іссапарында өзімен сұқбаттасудың
сəті түсіп, əріптеспен болған əсерлі əңгімені өздеріңізге
ұсынып отырмыз.
aqmeshit-aptalygy.kz
СЫР ХАЛҚЫНЫҢ
ЕҢБЕКҚОРЛЫҒЫ ТӘНТІ ЕТТІ
Мəселен, бұрын-соңды графоло-
гия ғылымы жайлы естіп көргеніңіз
бар ма? Бұл өзі ескі ғылымдар сана-
тына жатқанымен, қазіргі таңда жаңа
бағыт пен үлкен сұранысқа ие болған
сала ретінде аса маңызды. Жазуы-
на қарап, адамның бүкіл болмыс-
бітімі мен мінез-құлқын тану біздер
үшін ақылға қонымсыз болып кө рінсе
де, бұл ғылымда анық дəлелденген.
Тіпті,
криминалистика
саласында
күдіктінің жазған жазуы арқылы оның
психологиялық портреті анықталып,
тергеудің сəтті əрі нəтижелі жүзеге
асуына өз септігін тигізетін көрінеді.
Жалпы, жазудың адам өмірінде
маңызы зор. Сондықтан да болар, бізді
де кішкентайымыздан таза, əдемі жазуға
дағдыландырып өсірді. Оған мектеп-
те ұстазымыз машықтандырса, үйге
келгенде анамыз арнайы уақыт бөліп,
баса қадағалап отыратын. Тіпті, баста-
уыш сыныпта оқып жүргенде апайы-
мыз ең таза, ұқыпты жазылған дəптерді
тоқсан соңында қабырға газетіне
үлгі ретінде іліп қоятын. Ондағысы
өзге де оқушыларды ынталандыру,
қызықтыру еді. Расында, соған барлық
оқушылар көркем жаза білуге тырыса-
тын. Негізінде, баланы дұрыс жазуға
машықтандыруда «Көркем жазу» пəні-
нің орны ерекше. Сондықтан да ұстаз-
дар қауымы бұл мəселеге келгенде ба-
лаларды алғаш қолына қалам ұстаған
сəтінен бастап жіті қадағалау керектігін
ескертеді.
Сонымен, ғылым əлемінің біз біл-
мейтін қыр-сыры мол болып шықты.
Психолог мамандардың өзі қолтаңба
адамның болмыс-бітімін дөп басып
ашып беретінін айтады. Себебі, оған
тəжірибе жүзінде көздері анық жеткен.
– Негізі, бұған сенім артушылар
қатары саусақпен санарлық. Деген-
мен, бұл ғылыми тұрғыда дəлелденген
дүние. Əдетте, адамдарды қалыпты
жəне көңіл күймен жазатындар деп
бөліп жатады. Əрине, бұл шарт-
ты түрде емес. Өйткені, кейбіреулер
асықпай қалыпты көңіл күйде көркем
етіп жазса, енді біреулер көңіл хошы
болмаса, қалай болса, солай сойдақтап
шығатындар бар. Олардың сөзін түсіну
тіпті мүмкін болмай жатады кейде. Жал-
пы, біздің түсінігімізде əдемі жазатын
адамдарды дүниеге көзқарасы кең жəне
аса сезімтал деген пайым қалыптасқан.
Алайда, кейде мұның жаңсақ пікір
болуы мүмкін. Түсініксіз жазатын адам-
дар арасында да мақсатына талпыны-
сы жоғары, ұстанымшыл жандар жоқ
емес, – дейді №2 «Бөбек» санаториялық
балабақшасының психологы Жазира
Рүстемқызы.
Сондай-ақ, мамандар басқы əріптер-
дің өзгеше өрнектеліп, ерекше жазылуы
өзіне көңіл аудартуды қалайтындарға
тəн болса болса, əртүрлі толқынды
əріптер қиялға көп ерік беретін жандар-
дың қаламынан туатын көрінеді.
Ал, дəптердің шеткі сызығына дейін
жеткізіп жазу талапшыл адамдарға тəн
екенін біреу білсе, біреу біле бермейді.
Майда жазу үлгілері адамның ұяң бол-
са да, кез келген ортада өзін жақсы
ұстай алатындығын білдірсе, орташа
жазылған əріптер сезімталдылықты,
ірі əріптер ол адамның оптимистік
көзқараста екендігін көрсетеді екен.
– Менің тұрақты қолтаңбам жоқ де-
сем де болады. Көңіл күйіме, уақытыма
байланысты түрліше етіп жаза беремін.
Тіпті, уақыт тығыз кезде өз жазуым-
ды өзім түсінбей қалатын сəттер жиі
болып тұрады. Студент кезімде лек-
ция дəптерімді тексерген мұғалімдер
біркелкі жазумен жазбағандықтан үнемі
ескертулер жасайтын. «Психология»
пəнінен беретін мұғалімім сонда менің
көңіл күйдің адамы екенімді, мінезімнің
құбылмалы қасиетке ие екенін айт қан.
Расында, мінез-құлқымның құбылма-
лығын жасырмаймын, – дейді қала
тұрғыны Əсел Алашбаева.
Ал, бүгінде шетелде əлдеқайда да-
мып кеткен графология саласы біздің
елде əлі де болса кенжелеп келеді.
Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болған
аталмыш ғылым туралы зерттеушілер
оң пікірде. Олар бізге психикалық
ауытқуы бар адамды нағыз графолог
білікті дəрігерден бұрын нақты диагно-
зын қойып бере алатындығын айтады.
Ендеше, жоғарыда айтылған қолтаңба
арқылы анықталатын психологиялық
портреттер жай ғана болжам емес,
ғылыми тұрғыда дəйектелген ілім десек
артық айтқандық емес.
Б.ЖАРЫЛҚАПБЕРГЕН.
ҚОЛТАҢБА
ЖӘНЕ МІНЕЗ
Ғылым əлемі шексіз тұңғиық мұхит іспетті. Оның
əлі де біз білмейтін қырлары ұшан-теңіз. Бүгінгідей
ілім-ғылымы қарыштап дамыған уақыт адамзат бала-
сын күн сайын таңғалдырумен келеді. Тіпті, күнделікті
өмірде жиі ұшырасатын кішігірім нəрселердің өзі наза-
рымыздан кейде тыс қалып жататыны бар.
Рас, алғашқы турда біздің фут-
болшылар жанкүйерді желпінтерлік
жігерлі қимылымен көзге түскен еді.
Еуропа құрлығындағы маңдайалды
құраманың бірі – Польшамен 2:2
есебімен тең түсті. Осыдан кейін
жанкүйерлер көңілінде біздің жігіттер
алдағы кездесулерде өзгеше өрнегімен
көзге түсе ме деген үміт болғанын
несіне жасырамыз? Өкініштісі, келісі
кездесу дəл солай өріле қойған жоқ.
Черногория
құрамасы
бізді
айқын басымдықпен жеңді. Жа-
сыл алаң төрінде жарқырап көзге
түсе
қоймағанымен,
өздерінің
мүмкіндіктерін мүлт жібере қойған
жоқ. Нəтижесі белгілі. Жанкүйерлер
жабырқап қалды. Румыниямен ойын-
да тағы да ойсырай жеңілеміз деген де
сауал қылаң береді. Оны уақытында
көрерміз.
Қазақстан құрамасы бүгін, 11
қазанда өз алаңында Румынияны
қабылдайды. Олар өткен турда сырт
алаңда Арменияны 5:0 есебімен тізе
бүктірген еді.
Жерлестеріміз өткен жексенбіде
Ақтауда жергілікті «Каспийден» 2:0
есебімен басым түсті. Бұл ойында Рус-
лан Сақалбаев пен Елжас Алтын бековтің
соққан голдары ойын тағды рын шешті.
Осылайша доп додасы барысындағы 18
жеңісіне қол жет кізген «Қайсар» араға
жыл салмай үздіктер қатарына қайта
қосылуға мүмкіндік алды.
Біздің команда бірнеше мəрте
бірінші лигада ойнауға мəжбүр бол-
ды. Атап айтқанда, 1994-1995, 2005,
2010, 2013 жылдары осы лигада сынға
түсті. Қуаныштысы, 1994-1995 жыл-
дардан кейін онда көп тұрақтаған жоқ.
Премьер-лигаға дереу оралды. Биыл
да сол үрдісті жалғастырды. Доп дода-
сы барысында қалыпты ойын көрсетті.
Қарсыластар қақпасына 45 доп соқса,
өз қақпасына небəрі 8 доп жіберіп
алды. Бар-жоғы 1 мəрте жеңілістің
ащы дəмін татты, 6 ойында тең түсті.
Бірінші
лига
ойындарының
аяқталуына небəрі үш тур қалды.
Əрине, əрбір кездесудің маңызы зор.
Қарсыластар осал емес. Мəселен,
енді «Қайсар» 15 қазанда өз алаңында
«Екібастұзды» қабылдаса, одан кейін
22 қазанда сырт алаңда Петропавлдің
«Қызылжарымен» кездеседі. Соңғы
турда Қызылордада басты қарсыласы –
Шығыс Қазақстан облысының «Алтай-
ымен» шеберлік байқасады.
Ə.ƏЙТПЕНБЕТ.
Футболдан Қазақстан құрамасы кезекті
кездесуінде сырт алаңда Черногориядан ойсы-
рай жеңілді. Есеп 0:5. Бұл біздің құраманың 2018
жылғы əлем біріншілігі іріктеу кезеңіндегі екінші
ойыны еді.
ҚҰРАМАНЫҢ ІРІ ЖЕҢІЛІСІ
«ҚАЙСАР» – ПРЕМЬЕР-ЛИГАДА!
«Қайсарға» Премьер-лигаға қайта оралу мүмкіндігі туды. Қызылорда ко-
мандасы оған біріншілік аяқталардан бірнеше тур бұрын қол жеткізіп отыр.