Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 1,59 Mb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата19.11.2018
өлшемі1,59 Mb.
#20580
1   2   3   4

КЕЛБЕТ

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

3            

¹79      11 ҚÀÇÀÍ, 2016 ÆÛË

ÍÀÇÀÐ

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

ҚЫСҚА-НҰСҚА

Меншікті тілші болып жүрген 

кезінде 

өңір 


жаңалықтарын 

көрермен 

қауымға 

қазақтың 

шұрайлы  тілімен  шырайлы  етіп 

жеткізе 


білгенін 

жұртшылық 

жақсы  біледі.  Жерлестері  қалам 

иесінің осы бір журналистикалық 

қасиетін жоғары бағалап жататын. 

Ағамыз  үшін  жаңа  мүмкіндіктер 

ашылған 

секілді. 

Енді 

өзін 


жаңаша  қырынан  танытуға  əбден 

болады.  Бұрын  өз  саласында  то-

лайым  табыстарға  кенелсе,  те-

леарна  басшылығы  қызметінде 

де  жаңашылдық  қырын  көрсетуі 

тиіс.  Телеарнаның  тəй-тəй  ба-

сып  кетуіне  сол  кездегі  қала 

əкімі-арнайы  экономикалық  ай-

мақ  басшысы  Бақберген  Дос-

манбетов 

тарапынан 

үлкен 


қолдау  жасалды.  Ұлыстың  Ұлы 

күнінде 


қалалық 

теледидар 

өңір  жұртшылығына  көзайым 

хабарын 


таратса, «Ақмешіт 

ақшамы»  газеті  алғашқы  нөмірін 

оқырманға 

ұсынды. 


Осылай-

ша  қала  əкімдігінің  қос  қанаты 

секілді қияға қанат қаққан телеар-

на  мен  газеттің  қарбаласқа  толы 

тіршілігі басталды да кетті. 

Ағамыздың  телеарна  жетек-

шілігі 

қызметіндегі 



жаңашыл-

дық  қырлары  айқын  аңғарылды. 

Ол  уақытта  қай  салада  да  мұндай 

ілкімді  ізденіс  іздері  байқала 

қоймайтын.  Өңірдің  журналис-

тика  қазаны  бұрынғыдай  тап-

таурын  мəнермен  қайнап  жат-

ты.  Сол  бағытта  Шəкизада  ағамыз 

қаншама уақытын сарп етіп, тыңнан 

түрен  сала  білді  деп  айтуға  негіз 

бар.  Көрермен  қауымның  жылы 

ықыласына  бөленіп  үлгерген    сан 

алуан бағдарлама күн сайын көгілдір 

экран  арқылы  көптің  таразысына 

тартылды.  Қызылорда  қалалық  те-

ле арнасы  осындай  оң  өзгерістер 

арқылы  аз  ғана  уақыт  аралығында 

жергілікті  жұртшылыққа  кеңінен 

танылып  үлгерді.  Мұны  телеар-

на  жетекшісінің  еңбекқорлығы, 

жауапкершілігі  арқасында  жеткен 

жетістік деп айтсақ артық емес. 

Телеарна  журналистері 20-25 

жастың маңайындағы қыз-жігіттер 

еді.  Тəжірибесі  аз  мамандармен 

үлкен  жобаларды  қолға  алып,  оны 

өз  деңгейінде  орындап  шығу  оңай 

шаруа емес. Бұл тұрғыда Шəкизада 

ағамыздың  көп  еңбек  сіңіргенін 

жақсы  білеміз.  Телеарна  бас-

шысы  жастардың  жігерін  жаны-

ды,  олардың  тынбай  тер  төгуіне 

барлық  қолайлы  жағдай  туғызды. 

Осындай  қамқорлығы  қысқа  ғана 

уақытта  жемісін  берді.  Өрімдей 

қыз-жігіттер  өңір  журналисти-

ка  серпіліс  алып  келетін  серпінді 

хабарларын  ұсынды.  Олардың 

кейбірі  сол  кездің  өзінде  түрлі 

халықаралық  жобалар  да  жоғары 

бағаланып, бұл хабарлар осылайша 

тəмам жұрттың талғам таразысына 

тартылды. 

Күнделікті 

жаңалықтарды 

дер  кезінде  жеткізуді  мақсат  тұт-

қан  «Шарайна»  ақпараттық  бағ-

дар ламасы 

көрерменнің 

асыға 


кү тетін  хабарының  біріне  ай-

налды.  Елімізде  болып  жатқан 

əрбір  оқиғадан  бастап,  күнделікті 

тіршіліктегі  келеңсіз  көріністерді 

те леарна  журналистері  көзден  таса 

еткен  жоқ.  Осының  нəтижесінде 

«Шарайна» өз мəнерімен көпшілікті 

өзіне  тарта  білді.  Сондай-ақ,  басқа 

да бағдарламалар да елдің назарын 

өзіне аударып үлгерді. 

Содан бері өмір көшінің қаншама 

уақыты артта қалып үлгеріпті. Адам 

баласы  үшін  өткен  шаққа  оралып, 

кешегі  мен  бүгінге  ойша  көз  салу 

бұлжымас  қағида  екені  белгілі. 

Бұрынғы жылдардағы жарқын істер 

баяғысынша жарқырап тұра береді. 

Бір кездері жұртшылық жақсы тани 

бермейтін  телеарна  қазір  аймақ 

халқының 

жоғары 

бағалайтын 



бұқаралық  ақпарат  құралына  ай-

налып  үлгерді.  Алғашқыда  тек 

Қызылорда 

қаласы 


аумағында 

хабар   таратса,  бүгінде  облыстың 

3-4 ауданының тұрғындары телеар-

наны  көре  алатын  мүмкіндікке  қол 

жеткізді. 

Айтпақшы,  одан  бері  теле-

арнаның  атауы  да  ауысты.  Ашыл-

ғанына  бір-екі  жыл  өткеннен 

кейін  оларға  жабылып  қалу  қаупі 

туған  еді.  Қаржы  тапшылығы 

қыспаққа  алды.  Соның  салдары-

нан  жергілікті  көрермен  қауым 

телеарнадан  біршама  уақыт  көз 

жазып  қалды.  Бұл  да  Шəкизада 

ағамыздың  басшылық  қызметіне 

сындарлы  сəт  еді.  Бəлкім,  мүлдем 

жабылып  қалуы  да  ғажап  емес 

болатын.  Осы  тұста  ағамыздың 

белсенділігі тағы да көрінді. Астана 

мен Қызылорда қалаларындағы сан 

алуан  мекемелерді  жағалай  жүріп, 

телеарнаны  қайтадан  ортамызға 

оралтты.  Бұрынғы  қалалық  теле-

дидар  енді  «Қызылорда  қоғамдық 

теледидары» атауын еншіледі. Бұл 

ұжымның  жаңаша  тынысын  ашты 

деуге əбден болады. Сондай-ақ, те-

ле арна  тұсауы  кесілген  алғашқы 

жылдарда  эфир  уақыты  бар-жоғы 

2-3 сағаттан аспайтын. Бертін келе 

ол 15-16 сағатқа созылды. 

Келер  жылы  «Қоғам  ТВ» 

телеарнасының  ашылғанына 20 

жыл  толады  екен.  Уақыт-əмірші 

осы кезеңде аталмыш ұжымның сан 

алуан  игілікті  істерін  атқаруына 

септігін  тигізді.  Оларды  көптеген 

қиындықтармен 

жолықтырды. 

Шəкең  бастаған  команда  мұндай 

кедергіге  еш  тосылмастан  ілгері 

емін-еркін  қимылдап,  баспасөз 

саласының  айдынында  желкенін 

керген  алып  кемелер  қатарына 

қосыла  бастады.  Ширек  ғасырға 

жуық  уақыт  еншісінде  телеарна-

да  қызмет  істеген  жас  журналис-

тер алғашқы қызмет орнынан мол 

тəжірибе жинақтады. Оны өздеріне 

мақтаныш  тұтады.  Олардың  алды 

республикалық телеарналарда, ба-

сылымдарда  қызмет  етеді.  Соны-

мен  қатар,  жергілікті  бұқаралық 

ақпарат  құралдарында  журналис-

тика саласының қызу тіршілігінде 

белсенді 

қимылымен 

көзге 


түсіп  жүргендері  қаншама.  Бұл 

Шəкизада  ағамыздың  ұстаздық 

қасиетінің  бір  бір  қыры  болса 

керек-ті.

Дəм-тұз  татып,  еліміздің  өзге 

өңірлеріне  бара  қалған  жағдайда 

ондағы  қалам  ұстаған  ағайын  ал-

дымен  Шəкеңді  сұрап  жатады. 

Өйткені,  ағамыздың  отты  жыр-

ларымен 


оқырман 

қауымның 

жүрегінен  жол  таба  білген  ар-

қалы   екенін  Алаш  жұрты  əл-

деқашан   мойындап  қойған.  Ол 

кісі ақындардың барлығы ауылда 

туып, Алматыда өмір сүреді деген 

қасаң  қағиданың  көбесін  сөккен 

қаламгердің бірі екенін дəлелдеді. 

Туған  жер  топырағында  өзінің 

жаны 

қалаған 


журналисти-

ка  саласының  қара  қазанын 

қайнатып,  іргелі  істерімен  ілгері 

басып  келе  жатқанын  жерлестері 

жақсы біледі. 

Біз  аға  буыннан  үлгі-өнеге 

алуға тырысамыз. Сондай жарқын 

істерімен көзге түскен ағамыздың 

бірі – Шəкизада  Əбдікəрімов. 

Алпыстың  асқарына  аяңдаған 

аға мызға  алдымен  зор  денсаулық 

тілей  отырып,  жемісті  еңбек 

тілейміз. 

Əділжан ҮМБЕТ.

Біріншіден  телефондағы  ба-

тареяны  алып  тастап,  сим  карта-

ны  ұяшығынан  шығарып  алыңыз. 

Сим-картаны  неғұрлым  тез  шы-

ғарсаңыз,  соғұрлым  ақпараттың 

сақталу  ықтималдылығы  жоғары 

болады.Телефонды үрлеп, оны ора-

малмен құрғатып сүртіп алған жөн.

Телефонды бірнеше сағатқа күріші 

бар  тəрелкеге  қойыңыз.  Күріш 

телефондағы 

қалған 

ылғалды 


өзіне  сіңіріп  алады.Телефонды 

күріші бар тəрелкеден алып, оның 

бетін  құрғақ  шүберекпен  сүртіп, 

сим-карта  мен  батареяны  орны-

на  қойыңыз.  Сіздің  телефоныңыз 

іске  қосылуы  керек.Егер  сіздің 

телефоныңыз 

батпаққа 

неме-

се  унитазға  түсіп  кетсе,  оны  ан-



тибактериялды  немесе  спиртті 

майлықпен сүртіңіз.

Телефоныңызды    суға  түсіріп 

алған  жағдайда  телефонды  сілкуге 

болмайды. Бұл оны толығымен істен 

шығаруы  мүмкін:  су  толығымен 

платаларға 

ағып, 


элементтер-

ге  кері  əсерін  тигізеді.Телефонды 

микротолқынды пештің, феннің не-

месе  басқа  қызу  құрылғылардың 

көмегімен 

құрғатпаңыз. 

Олар 

телефон   ішіндегі  сымдарды  күй-



діріп жіберуі мүмкін.

Бизнес – жұмыспен  қамту  жөнінде  маңызды  əлеуметтік  миссия 

атқарады,  орта  таптың  жəне  азаматтық  қоғамның  тірегін  құрайды. 

Қазақстандағы отбасылық бизнес – ұлттық қарқынның дамуы бағыты. 

Егер  басқа  елдердегі  отбасылық  кəсіпкерліктің  дамуын  зерттейтін 

болсақ, бір үрдіс анық байқалады. Ол отбасылық бизнес - кəсіпкерлікті 

ілгерілетудің  табысты  үлгісі  болып  табылады.  Отбасылық  кəсібін 

құрған  кəсіпкер  балаларының  болашағы  үшін  құрып  жұмыс  жасап, 

оларды ынталандыра түседі.

ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы – 2050 «Бір 

мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын-

да      «...шағын  жəне  орта  бизнес 2050 жылға  қарай  Қазақстанның 

ішкі  жалпы  өнімінің  қазіргі 20 пайызы  орнына  кемінде 50 пайызын 

өндіретін  болады  жəне  шағын  бизнес  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін 

отбасы  дəстүріне айналуға тиіс» екендігін атап өтті. Бұл межеге жету-

де отбасылық кəсіпкерліктің дамуы ерекше орын алады. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бір 

топ экономист-ғалымдары облыс аудандарында «Отбасылық бизнес-

атадан балаға мұра» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-

ды өткізу барысында аудан кəсіпкерлері мен жұртшылығы арасында 

сауалнама жүргізілді. 

Аталмыш  сауалнаманы  өткізудің  мақсаты  біздің  аймақтағы  

отбасылық бизнестің даму жағдайы, əсер етуші факторлары мен даму 

келешегін талдау болып табылады. 

Облыс  бойынша  сауалнамаға 400 адам  қатысты.  Сауалнама 

нəтижесінде өңір тұрғындары «Отбасылық бизнес» ұғымын «Өзін-

өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырау» деп түсінетінін байқатты. 

Яғни,  сауалнамаға  қатысушылардың 30,5 пайыз  осылайша  жауап 

берген.   Онан кейінгі 27,7 пайызы «Шағын жəне орта бизнес пен ай-

налысу» десе,  ал, респонденттің 24,7 пайызы бұл сұрақтың жауа -

бын    «Жеке  кəсіпкер  болу»  деп  түсіндіреді.  Берілген  жауаптар-

ды негізге ала отырып, біз өңір халқының «отбасылық бизнестің» 

ұрпақтан ұрпаққа берілетін қызмет түрі екендігің жəне отбасының 

барлық мүшелері бір іспен шұғылданатындығын əлі де болса терең 

түсініп, отбасылық бизнесті басқару мен  ұйымдастыру тетіктерін 

жете меңгермегендіктерін байқадық. 

Өңір тұрғындарының 42,5 пайызы отбасылық бизнеспен шұғылда-

натындықтарын  айтқан.  Əрине,  бұл  жақсы  көрсеткіш.  Əсіресе 

отбасылық  бизнеспен  айналысушылардың  саны  Сырдария  ауданын-

да  жəне  Қызылорда  қаласында  көп  болып  отырғандығы  анықталды. 

Керісінше, ең төменгі көрсеткішке Қармақшы жəне Жалағаш аудан-

дары ие болып отыр.

Аймақта  отбасылық бизнестің дамуын тежеуші факторлар ретінде 

респонденттер бірінші орынға «Отбасылық бюджеттің тапшылығын» 

жатқызса,  екінші  орынға – «Тəжірибенің  жоқтығы»,  келесі-үшінші 

орында – «Кəсіпкерлік  білімнің  жеткіліксіздігін»  айтады.  ояды. 

Бұл  шағын  жəне  орта  бизнесті  дамытуға,  кəсіпкерлікті  қолдауға 

бағытталған іс-шаралардың кеңдігі мен көптүрлілігіне қарамастан, əлі 

де болса халықтың қаржылық, экономикалық сауаттылығының төменгі 

дəрежеде екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, көп жағдайларда несие  

жəне  қаржы  ресурстарының  қол  жетімділік  деңгейінің  төмендігі, 

құжаттар  толтыру,  банктермен  келісім-шарттар  жасасу,  кепіл-заттар 

ұсыну секілді мəселелердің ұзақ мерзімге созылуы, тіптен, əкімшілік 

кедергілердің бар екендігін байқатады.

Қызылорда қаласы мен Жалағаш, Қармақшы, Сырдария, Шиелі 

жəне  Жаңақорған  аудандары  тұрғындары  арасында  жүргізілген 

анкеталық  сауалнамалар  арқылы  аймақтағы  кəсіпкерлік  са-

ласында  қалыптасқан  нақты  жағдайларды  бағалау  барысын-

да  келесідей  нəтиже  көрсетті.  Өңірдегі  отбасылық  бизнестің 

даму  деңгейін  сауалнамаға  қатысушы 400 респонденттің 198-і 

«қанағаттанарлық», 82-сі  «жақсы», 19-ы  «қанағаттанарлықсыз» 

деп  бағалаған.  Сонымен  қатар,  сауалнамаға  қатысушы 

респонденттердің  нақты  сұраныс,  ұсыныс-пікірлеріне  ана-

лиз,  мониторинг  жасау  арқылы  аймақ  экономикасына  аса 

қажетті  кəсіпкерлік  іс  бағыттары  белгілі  болды.  Сауалнамаға 

қатысушы  ауыл  халқының  негізінен  мал  шаруашылығы,  сүт 

өнімдерін өндіру, бақша өнімдерін өсіру, кондитерлік цех, шаш-

тараз  ашу  істерімен  айналысқылары  келетіндігі,  қалалықтардың 

көпшілігінің  көтерме  сауда,  гүл  өсіру,  баспалық  қызмет  көрсету 

істерімен шұғылданғылары келетіндігі анықталды.  

Отбасылық    бизнес  халықтың  өмір  сүру  сапасын  жақсартпақ. 

Сондай-ақ, ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі 

өндірушілер монополиясын шектеуде жəне бəсекелестікті дамытуда, 

тауар жəне қызмет сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар 

жұмыссыздық  жəне  халықты  жұмыспен  қамту  мəселесін  шешуде, 

өнім  өндіру  немесе  қызмет  көрсету  саласында  жаңа  технологиялар-

ды енгізуде, жалпы тұрғындардың əлеуметтік жағдайларын көтеруде 

шешуші фактор ретінде маңызды рөл атқарады. 



А.МҰХАНОВА, У.БЕРІКБОЛОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ның оқытушылары.

1965  жылдың  жылымық  көктемінде  тір-

шіліктің  қарбалас  қауырт  кезеңі  басталып  кет-

кен  шақ.  Қыстан  қысылып  шыққан  ел,  қора-

қопсысын  жөнге  келтіріп,  əктеп-сырлап  тірлікке 

енген тұс. Қаладағылар есік алдындағы азғантай 

бақшалық жерлерін қопсытып, өңдеп, су жолда-

рын тазалауда.  

Есігінің алдындағы бірді-екілі уақ мал тұра-

тын қора төрінде жұмыс жасап жатқан Төлеш да-

уыстап: «Əй, Əйгерім-ау, сарайдан сым кесетін 

плацковсты əкеліп берші» деп кір жайып жүрген 

əйеліне айқайлады.  Ол бірден сарайға барды да

айтқан  затты  тез  алып  шығып  келе  жатты.  Сол 

кезде əлдене мылтық атылғандай гүрс ете қалды. 

Бар білетіні Əйгерім жерге құлап барады. Төлеш 

не  болғанын  білмей,  аңтарыла  аңырып  қалды. 

Сол  мезетте  есік  алдында  ойнап  жүрген  бала-

лары: «Маманы Виталик  атып кетті» деп шулап 

қоя  берді.  Төлеш  есеңгіреген  бойы  Əйгерімнің 

жанына  қалай  келгенін  білмеді.  Жеткен  бойда 

құлап  бара  жатқан  Əйгерімді  құшақтаған  күйі 

жерге отыра  кетті. Қанша уақыт өткенін білмеді. 

Қараса,  айнала  толы  сол  көшенің  адамдары. 

Милициялар  да  қаптап  кетіпті.  Жедел   жəрдем 

де  келіп  тұр.  Дəрігер  Төлештің  бауырынан 

Əйгерімді  жазып  ала  алмай  жатыр.  Əйгерімді 

тас  ғып  құшақтап  алғанын  енді  сезгендей. 

Жұрттың бəрі шулап, даурығып жүр. Кімнің не 

айтып  жатқанын  ұғып  тұрған  жоқ.  Үсті-басы 

қып-қызыл  қан  екенін  енді  білді.  Милицияның 

біреуі келіп оқиғаның қалай болғанын сұрай бас-

тады.   Одан кəріс жігітімен арадағы қатынастары 

жайлы сыр суыртпақтады. Төлеш оларға арала-

рында  бəлендей  байланыс   жоқтығын  жеткізді. 

Болған жайды баяндап берді.

Милициялардың  бір  тобы  балалардың  ай-

туы  бойынша,  атқан  кəріс  жігітін  ұстауға 

кетті.  Дəрігерлер  Əйгерімнің  өлі  денесін 

ауруханаға  алып  кетіп,  сараптама  жасайтында-

рын  айтты.  Онсыз   болмайды  екен.  Амалы  жоқ, 

Төлештің  келісім  беруіне  тура  келді.  Көз  алды-

нан  Əйгерімнің  əдемі  бейнесі,  еркелігі,  назы, 

жібектей  жүрісі  елестей,  алыстап  бара  жатты. 

Бəрі де ұйқыда көрген түсіндей, кімге не айтарын 

білмей, есеңгіреген күйі есін жинай алмай қалды. 

Əлден  уақытта  барып,  қасына  зар  еңіреп  жылап 

келген қызы Райлашының дауысынан барып, есін 

жиып,  айналасына  қарады.  Көршісі  Құдаймеңді 

иығынан  қағып, «Төлеш-ей,  Төлеш,  есіңді  жи» 

деп  тұрғанын  енді  сезді.  Содан  «Виталик,  неге 

бұлай етті екен?», – деп енді ойлана бастады...

...Бірде  Виталиктің  осыдан  көп  жыл  бұрын 

Əйгерімге  алтын  сақина  ұсынғанын  əйелінің 

аузынан  естігені бар-ды. Осы кəріс жігітінің анда-

санда  сөзбен  тиісіп  қоятынын  Əйгерім  айтқанда 

мəн  бермейтін. «Еркек  қой,  өзінше  саған  қыр 

көрсетіп  жүргенде.  Өзің  білесің  ғой,  отбасыңды 

сақтауды. «Əрі  жүр»  деп  ашу  шақырып,  бетін 

қайтарып  қоймасаң,  бір  күні  жыртығына  жамау 

сұрап  жүрмесін»  деп  бір  жағын  əзілге  бұрып, 

сөзін көп созбай, не айтатынын ескерткені есіне 

түсті. Осылай өткен шақты есіне алғанда барып, 

Виталикке деген өшпенділігі өре түрегелді... 

Ол  өзі  жымысқылау,  қулау,  көп  сөзді,  айла-

керлеу,  жылпостау  көрінетін  Төлештің  көзіне. 

Бірақ  Төлеш  одан  ондай  арам  ой  шығады  деп 

ойламаған-ды.  Мұны  көргенде  құрақ  ұшып,  қос 

қолдап  амандасып,  жампаңдап,  есендігін  сұрап, 

өзінше  мырзалық  танытып  жататын.  Оның  екі 

əйелі бар еді. Роза кəріс қызы болса, екінші əйелі 

–  Динара.  Бірінші  əйелінен  бала  жоқ,  екеуі  ғана 

тұрады. Ал, Динарадан бір ұл, бір қызы бар. Оны 

көршілердің  бəрі  біледі.  Виталий  болса,  дырдай 

бір  мекемінің  директоры.  Жұртта  жеңіл  көлік 

жоқта,  онда  қос-қосынан  машина  бар.  Бірі  айта 

беретін  «Волга»,  екіншісі  «Жигули»  маркалы 

көліктері еді. Қыдырысы көптеу, жолы сұйықтау 

екенін  көршілері  де  іштей  сезеді.  Осылай  бола 

тұрса  да,  Төлеш  ер  көңілді  жігіт  болғандықтан 

ол  жайлы  жамандық  ойламады.  Бір  мекеме-

де  жүргізуші  болғанмен  ішіп-жемі,  табысы,  

анау-мынау  жігіттерден  асып  түспесе,  кем  емес. 

Төлештің  де  қос-қостан  жеңіл  көлігі  бар.  Бала-

лары  ержетсе,  ел  қатарлы  оқуға  түсіруге  шама-

сы жетеді. Өзі де осылай іштей ойлайтын.  «Ба-

лаларым  тезірек  ержетсе  екен»  деп  армандап 

жүретін.  Салған  үйінің  үлкендігі  менмін  деген 

бір азаматтың үйінен кем емес, іші дүниеге толы. 

Жүргізуші  болса  да,  өміріне  риза.  Барлық  меке-

мелерге  мұздатылған  балық  тасиды.  Қалтасына 

да  күнделікті  түсім  жетеді.  Кез  келген  адамдар-

мен ортақ тіл табыса білетін оның тұрмыс-тірлігі 

жаман болмады. Ауылдағы ағайындарының бала-

лары  осы  Төлештің  үйінде  жатып  оқыды.  Əйелі 

Əйгерім  де  жайлы,  көпшіл,  балажан  болатын. 

Алты  баланы  өмірге  əкеліп,  отбасын  қатықтай 

ұйытып  отырған  жан  еді.  Отыз  беске  қараған 

шағында  оның  мынадай  жағдайға  душар  болуы 

Төлештің қайғысын қалыңдата түсті...

Төрде  ілулі  тұрған  қос  ауыз  қара  мылтықты 

қолына  алды  да,  сыртқа  шығып  кетті.  Бұны 

байқап  жатқан  ешкім  болмады.  Сөйтті  де 

Виталиктің үйіне беттеді. Мылтықты ораған күйі 

Волгасының  артына  тастай  салды.  Виталиктің 

үйінің  есігін  қақты.  Іштен  еш  дыбыс  болмады. 

«Роза,  сен  іште  болсаң  есікті  аш.  Мен  саған  да, 

Виталике  де  тиіспеймін.  Еркектің  сөзіме  сен! 

Қорықпа, Роза, есікті аша ғой. Тек, бұның не үшін 

істелгенін білсем болды» деп, жалына есікті қаға 

бастады. Сол кезде ар жақтан тықыр естіліп, есік 

ашылды. Əйелі Роза екен. Ол да əбден жылаған, 

екі көзі ісіп кетіпті. Төлеш үйге кірген бойда, Роза 

бұл қалай болғаны дей бергенде, ол өксіп жылай 

берді. «Мен, мен саған айтуға қорқып жүр едім. 

Сенің əйеліңді ол аузынан тастамай үнемі айтып 

жүретін.  Маған, «мен  оған  ғашықпын»  дейтін. 

«Ол, əттең, маған қарамайды. Бəрібір бір күні оны 

Төлештен  тартып  алам,  болмаса  атып  өлтірем» 

деп  соңғы  кездері  жиі  айтатын  болды.  Оған  бір 

ауыз  артық  сөз  айтуға  өз  басым  қорқатын  едім. 

Сондықтан  «мен  саған  оны  айта  алмадым»  деп 

Роза  өкси  жылай  берді.  Төлеш  Розаның  бетіне 

қарап  тұрып: «Оның  досы  бар  ма?»  деп  өтіне 

сұрады.  Роза  солқылдай  өксіп: «Пəлендей  досы 

жоқ.  Бірақ,  қала  сыртында  саяжайы  бар.  Оның 

соған барып паналауы мүмкін. Білсе, анау тоқал 

қатыны  Динара  білуі  мүмкін»  деді.  Сөйтті  де 

Динараның мекен жайын берді. 

Қаны  басына  шаба  «Волгасына»  отырып, 

Динараға  келді.  Ол  болған  жайдан  мүлдем 

бейхабар   екенін  жеткізді.  Саяжайына  сілтеп 

жіберді.  Айтқан  аймаққа  жетіп,  көлігін  алыстау 

жерге қойып, өзі жаяулатып, көзге түспей айтқан 

саяжайға  келді.  Құлағын  түріп,  дыбыс  аңдады. 

Үйдің іші көңілді секілді. Темекінің, арақтың исі 

аңқып тұр. Қолындағы мылтықтың шүріппесінің 

құлағын қайырып, ішке кіріп келді.

Жанында  бір  жап-жас  орыс  қызымен  көңіл 

көтеріп  жатқан  жайдың  үстінен  түсті.  Орыс 

қызын  жалаңаш  күйі,  қолына  киімдерін  ұстата 

сыртқа шығарып жіберді. Ол жан ұшыра сыртқа 

атып шықты. Виталик болса араққа сылқия тойып  

алған.  Төлешті  мазақ  қылғандай: «Ей,  көрші  не 

істеп  жүрсің?  Əйгерімнің  жағдайы  қалай?  Кел, 

бір  жүз  грамм  ішейік»  деді  түк  білмегендей. 

Бəрінен бейхабар, бейкүнə кейіп танытқандай. Ар 

мен намыс жанын жеп тұрған Төлеш оң тізесінің 

ұршығынан  көздей  тартып  жіберді.  Виталиктің 

жан дауысы шықты. Бұл Əйгерім үшін. «Мынау  

сенің  қылығың  үшін»  деп  екінші  тізенің 

ұршығынан тағы атты. Сөйтті де Виталикті маши-

насына  салып  алып,  қалалық  ауруханаға  əкеліп 

тастады. Осылай Əйгерімінің кегін қайтарған ол, 

өздігімен милицияға берілуге кетті. 

Уақыт  деген  емші.  Арада  төрт  жыл  уақыт 

өтіп, өзі де түрмеге отырып келді. Екі аяғының 

ұршығынан  көп  зардап  шеккен  Виталиктің 

де 9 жылға  сотталғанын,  түрмеде  адамның 

қолынан  қаза  болғанын  сол  жақта  отырғанда 

естіді.  Төлеш  түрмеден  келген  бетте  қайтадан 

баяғы  орнындағы  жүргізушілігін  қолына  алып, 

тірлігін жалғастырып кетті. Сол баяғы бастығы 

бұны  батырды  күткендей  қарсы  алып,  қатты 

құрмет  тұтты.  Содан  ел  азаматтары  қатарлы 

зейнеткерлікке  шықты.  Балаларының  бəрін 

ержеткізіп  қатарынан  қалдырмай  оқытты. 

Қыздары  тұрмыс  құрды.  Ұлдары  үйлі-баранды 

болды.  Бар  өкініші – аяулы  жары  Əйгерімінен 

аяқ асты айырылып қалғаны. 

Содан  бері  өмір  жалғасын  тауып  Төлеш 

көке  де  сексеннің  төртеуіне  келді.  Соңғы 

кездері  ақсақал  Əйгерімнің  зиратына  жиі 

келетінді  шығарды.  Бірде: «Мені  Құдай 

алмаған  соң,  əлі  жүрмін  ғой!  Кешір,  мені, 

Əйгерім,  көп  ұзамай  жаныңа  келіп  жантаяр-

мын» деп дəс орамалымен көз жасын күбірлей 

сүртіп, қос иығы селкіл қаға айналаға қарады. 

Кім  білсін,  аяулы   жары  Əйгерімсіз  өткен 

күндері  мəнсіз  көрінгендей  болар.   Дегенмен

бұл  тағдыр  мен  өмір  ғой...  Шынымен  Төлеш 

көкеде көп ұзамай өмірден озды... 

                    Кенжалы ЕРІМБЕТОВ.

Алматыдағы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1996 жылы тəмамдап елге қайттым. Қызметтің де орайы табыла кетті. 

Сол жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде журналистика бөлімі ашылып жатыр екен. Дегенмен, ол жерде көп тұрақтаған жоқпын. Келер жылдың наурызын-

да Қызылорда қалалық газеті – «Ақмешіт ақшамы» басылымы ашылатын болды. Алматыда маған дəріс берген Бауыржан Омаров ағамыз ол кезде қала əкімінің орынбасары 

қызметінде еді. Ағамыз мені сол жерге еңбек етуге шақырды. Осылайша туған жердің журналистика саласындағы қым-қуыт тіршілік басталды да кетті. Сыр шайырларының ізін 

жалғаған Шəкизада Əбдікəрімов ағамызбен қызмет барысында жақын таныстық. Отты жырларымен сол кездің өзінде-ақ Алаштың арқалы ақыны атанып үлгерген ол кісіні қала 

басшылығы жаңадан тұсауы кесіліп жатқан қалалық телеарнаға басшылыққа шақырды. Одан бұрын Шəкең «Қазақстан» ұлттық арнасының Қызылорда облысы мен Байқоңыр 

қаласындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған еді. 

АРҚАЛЫ АҚЫН, 

ІСКЕР БАСШЫ



ЕРЕСЕК 

АДАМДАРҒА 

АРНАЛҒАН 

БАЛАБАҚША 

Мекемені 

бағдарламашы Евгений 

Пятковский ашқан. 

Бұл Ресейдегі 

ересектерге арналған 

алғашқы балабақша 

болып отыр. 

Алдағы  уақытта  бұл 

бала бақшаны 

Ресейдің 

басқа  өңірлерінде  де  ашу 

көзделіп  отыр,  дейді BAQ.

kz  тілшісі. «Менің  қызым 

балабақшаға  қуана-қуана 

барады. 

Достарымызбен 

ой  бөлісіп  отырған  кез-

де  ересектерге  арналған 

осындай  мекеме  ашу  ту-

ралы  идея  келді» – дейді 

автордың өзі.

Ол осындай балабақшаны 

Мəскеу  мен  Санк-Петер-

бургте  ашуды  жоспарлап 

отыр.  Балабақшаның  бір-

неше  тағамнан  тұратын  ас 

мəзірі бар. Мұнда келушілер 

əн  салып,  шығармашылық 

жұмыстармен 

айналыса-

ды.  Əр  топқа  он  адам-

нан 


бөлінген. 

Мұнда 


бір  тəуліктің  құны  бес 

мың 


теңге 

мөлшерінде. 

Бұл 

балабақшаға 28-40 



аралығындағы ерлер мен 23-

30  жас  аралығындағы  қыз-

келіншектер  қызығушылық 

танытыпты.  Алғашқы  бала-

бақша  Ресейдің  Новосібір 

қаласында ашылған.



ШАШЫ 

ТІКІРЕЙГЕН ЕКІ 

АЙЛЫҚ 

БАЛАҚАЙ 

Интернетте жаңа 

жұлдыз пайда болды. 

Кішкентай америкалық 

балақай қалың 

шашының арқасында 

əлемді өзіне қаратқан. 

Бұл туралы life.ru сайтына 

сілтеме жасап NUR.KZ порта-

лы  хабарлайды.  Тоғыз  апта 

бұрын  ғана  дүниеге  келген 

бұл  балақайды  халық  Ким 

Кардашьян  туралы  сюжет 

көрсетіліп  жатқанда  байқап 

қалған. 

Тележүргізушілер 

жұл дызды  тонап  кеткені  ту-

ралы  айтқан  сəтінде  эфир-

де  күтпеген  жерден  Джу-

ниор  пайда  болған.  Оның 

анасы  Челсидің  айтуынша, 

сəбиі  дүниеге  келгенінде 

дəрігерлер 

де 


баланың 

қалың 


шашына 

аң-таң 


болған.  Əйел  баласымен, 

тіпті дүкенге барудың өзі мұң 

екенін  жасырмайды.  Себебі, 

сəбиге  тесіле  қарайтындар 

көп.  Ал,  желі де  балақайды 

қонжық деп атап кеткен.



Интернет материалдары 

негiзiнде дайындалды

ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС- 

ҰЛТТЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫ

ТАҒДЫР ТЕПЕРІШІ

ТАҒДЫР ТЕПЕРІШІ

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ СУҒА ТҮСІРІП АЛСАҢЫЗ... 

Əрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куəсі болдық. Мұндай 

жағдайда не істеу керек? 




жүктеу 1,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау