«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша



жүктеу 11,18 Mb.
бет49/68
Дата24.12.2017
өлшемі11,18 Mb.
#5821
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68



Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: KT-1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жусупов С. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: Студенттерге Қазақстан тарихының ежелгi дәуiрден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi тарихымен таныстыра отырып, игерген бiлiмi негiзiнде ертедегi және қазiргi таңдағы күрделi де, қарама-қайшылыққа толы тарихи процесстердiң мәнiн, мазмұнын, адамзат қоғамының қалыптасу процесiн шынайы түрде ашып, ұғындыруға үйрету.

Деректемелер/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Ерте мемлекеттік құрылымдар. Түрік қағанаты. Қазақстанның экономикалық, мәдени өмірі. XI-XIII ғ. басындағы Қазақстан экономикасы мен мәде-ниетінің дамуы. Көк Орда мен Ақ Орда мемлекеттері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ хандығы. Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей XIX-XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Азамат соғысы жайында Қазақ совет мемле-кетінің құрылуы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Өлкедегі Совет мемлекетінің құры-луы. Индустрияландыру. Хрущев реформалары, Қазақстандағы қайта құру саясаты. Қазақстан Тәуелсіздік жолында қоғамдық-саяси даму. ҚР сыртқы саясаты.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы Очерктерi, А., 1994.

  2. Кляшторный С.С., Султанов Т.И.. Казахстан: летопись трех тысячи летий. А., 1992

  3. Қазақстан тарихы І,ІІ,ІІІ-том А., 1996-2002 ж.ж.

  4. Абдикимов А.История Казахстана, А., 2001г

  5. Назарбаев Н.. ''Қазақстан - 2030''. А. 1997

  6. Назарбаев. Н.Сыңдарлы 10 жыл. А. 2002.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Информатика



Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші профессор: Жалмурзаева А. Н., аға оқытушы

Курстың мақсаты: студеттердің ақпараттарды алу, түрлендіру, беру, сақтау процестері туралы негізгі білімді сапалы және нақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету қәзіргі заманғы қоғамның дамуында ақпараттық технологияның ролі және бүкіл әлемдік ғылыми көріністі қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін студенттерге жеткізумен анықталады.

Деректемелері/Пререквизиттері:

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

«Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Камардинов О.Есептеуіш техника және программалау., А., РБК, 1997,

2. Информатика /Учебник/ Под ред. Макаровой Н.В.. – М. Финансы и статистика, 2001

3. Информатика /Практикум по технологии работы на компьютере/ Под ред.

Макаровой Н.В.. – М. Финансы и статистика, 2001,

4. Балапанов Е.Қ.,.Бөрібаев Б.А Информатикадан 30 сабақ., Шартарап, 2000

5. Шәріпбаев А.Информатика, - А., Қазақ университеті, 1992

6..Байжұманов М.Қ, Жапсарбаева Л.Қ. Информатика, -А., 2004

7. Хомоненко А.Д. Основы современных компьютерных технологий. СПб. Корона Принт,

1998


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері

Пәннің коды: OTKN 2103

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Абдрахманов С.Т., техника ғылымдарының кандидаты, профессор

Курстың мақсаты: студенттердің болашақ маман, азамат ретінде төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстай білуі, өзіндік көмек және өзара көмек көрсете алуы мен хабарлау, басқару жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын оқытады, практикалық іс-әрекеттерге үйретеді.

Деректемелері/Пререквизиттері: Экология және тұрақты даму

Курстың/пәннің мазмұны: студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту. Төтенше жағдай кезінде өзара және зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. Азаматтық қорғаныстың оқулықтарымен таныстыру және өндірістік нысандардың төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеу тұрақтылығын, құтқару мен кезек күттірмейтін басқа да жұмыстарды ұйымдастыруын оқытып-үйрету. Сонымен қатар Төтенше жағдай кезінде халықтың іс-әрекеті мен психологиялық дайындығы туралы тақырыптарды қамтиды

Ұсынылатын әдебиет:

1. Аманбаев Д.А., Смагулов З.И., Обухов Ю.Д. Основы охрана труда на производстве. Алматы. 2002

2. Канарев Ф.М. и др. Охрана труда –М: Колос 1982

3. Беляков Г.И. Охрана труда. М:Агропромиздат 1991г.

4. Закон Республики Казахстан о безопасности и охране труда. Алматы 2004

5. Калжигитов Х.С. Безопасность жизнедеятельности. Алматы. Айкос, 1999

6. Арпабеков С. Өміртіршілік қауіпсіздігі. Алматы 2004

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Әлеуметтану



Пәннің коды: Ale 1104

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Сахиев С. Е., саясат ғылыдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.

Деректемелері/Пререквизиттері:

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану курсын оқитын студенттер мына жағдайларды білуі қажет:

  • қоғамның әлеуметтік өмірі, әлеуметтік салалар, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік топ, тап, әлеуметтік дамудың түрлері мен бағыттарын білуі керек;

  • жеке тұлғалардың әлеуметтік статусын, әлеуметтік мобильділік ұғымын;

  • әлеуметтік тәртіптті, әлеуметтік шиеленістің шешілу жолдарын, басқарудың тиімді жақтарын;

  • социологиялық зерттеудің әдістемесі мен әдістерін жетік меңгеріп, түсінулері керек.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Әженов М., Садырова М.“Қоғамның әлеуметтік құрылымы” Алматы, Қазақ

университеті, 2002

2. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006, 4-том

3. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006,3-том

4. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006, 5-том

5. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ. Алматы: Ғылым,1995

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Экология және тұрақты даму



Пәннің коды: Etd 1105

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Жиенбаева Л., химия ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: Экологияның теориялық және практикалық сұрақтарын болашақ мамандардың игеруіне бағыт беру, қоршаған ортаны қорғауда болашақ мамандардың өз үлестерін қосуға баулау, табиғи ресуртарды тиімді пайдалану, тірі ағзалардың қоршаған ортамаен қарым-қатынастарын және олардың биосферамен тікелей байланысын оқытады.

Деректемелері/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Экологияның мақсат-міндеттері және әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері. Даралар экологиясы: ағзалар және олардың қоректенуі, экологиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: статикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік; экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары; экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофикалық құрылымы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия). Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның эволюциясы. Биосфера және ноосфера туралы В.И. Вернадскийдің ілімі. Тірі зат концепциясы. Ғаламдық биогеохимиялық айналымдар. Биосфераның қазіргі күйі. Тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік. Тұрақты даму принциптері мен стратегиялары. Тұрақты дамудың бірден - бір аспектілерінің бірі табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану. Табиғи ресурстардың жіктелуі. Табиғатты тиімді пайдалану. Экологиялық таза альтернативті энергия көздерін пайдалану. Биосфераның тұрақсыздығының туындауына антропогендік факторлардың әсері. Тұрақты даму және қазіргі таңдағы әлеуметтік-экологиялық мәселелер. Тұрақты даму және табиғатты қорғау. Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері мен принциптері. Қоршаған ортаны қорғаудың бір формасы қорғалатын территориялар. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуындағы экологиялық өзекті мәселелер.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М.. Жалпы экология, Алматы 2008

2. Асқарова Ұ.Б.Қоршаған орта және экология, Алматы 2007

3. Жатқанбаева Ж..Ж.Экология негіздері. Оқулық. Алматы: «Зият Пресс»2006

4. Коробкин И.Г..Основы экологии. Учебник, Москва 2004

5. Әлімбетов Қ.Ә., Оспанова Г.С., Мейрбекова А.Ұ. Табиғатты пайдалану және қорғау негіздері, Алматы: Мектеп АҚҚ, 2002

6. Демеген А.А. Экология әлемі.Атаулар мен анықтамалар.Алматы-Қазақ университеті,

2002


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Название курса/дисциплины/юнита: Русский язык

Код дисциплины : K (O)t-1102

Тип дисциплины: общеобразовательные, обязательный компонент

Год обучения : 1-год обучения

Семестр обучения : 1,2

Количество кредитов: 6

Ф.И.О. лектора/профессора: Досмағанбетов Б., кандидат филологических наук, старший преподаватель

Цель курса (ожидаемые цели обучения и приобретаемые компетенции): расширение лексического минимума общеупотребительных слов и словосочетаний, овладения граммати-ческими формами и конструциями на уровне их употребления в речи. Овладение лексичес-ким и термонологическим минимуом по специальности. Построение различных типовв ре-чевой деятельности: беседа, описание, информирование.

Пререквизиты:

Содержание курса/дисциплины: Грамматические формы и конструкции в функциональ-ном аспекте, Реппродуцирование адапттированных и продуцирование несложных прагмати-ческих текстов, диаологических и монологических высказывании в устоной и письменной форме, на темы, актуальные для социально-бытовой и профессиональной сфере, по разным видам речевой деятельности, говорению, аудированию, чтению, письму. Развитие учебно-профессиональной речи: вырботка умений и навыков чтения, слушания, конспектирования литаратуры по специальности.

Рекомендуемая литература:

1. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. Алматы, 2005 г.

2. Дудников А.В. и др. Русский язык. М., 1981 г.

3. Ворожбицкая И.И. и др. Русский язык. Москва. 1987 г.

4. Городилова Г.Г. и др. Практикум по развитию речи. Учебное пособие для педагогических институтов. Л., 1988 г.

5. Греков В.Ф., Крючков С.Е. Чешко Л.А. Пособие для занятий по русскому языку. Москва. 1966 г.

6. Метса А.А. и др. Русский язык. Москва. 1991 г.

7. Надежина И.Ф. и др. Учебник русского языка: Для национальных групп неязыковых вузов. 3-е изд. М., 1985 г.

8. Насырова М.Р. Практический курс русского языка. Алматы. 1991 г.

Методы преподавания: лекция, практика, проблемные методы обучения, деловая игра, мо-дульная технология, репродуктивные методы, объяснительно-иллюстративный метод, час-тично-поисковые или эвристические методы.

Методы формы оценки: буквенно-рейтинговая система, посещаемость, активность на заниятиях, групповая презентация, выполнение практических задач

Язык обучения : русский

Условия (требований для обучения специальности (ступени): библиотечный фонд, вертуальная лаборатория, интерактивная доска, электронные учебники, электронно-образовательные ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: ETN 2107

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Жусупов А., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту.

Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды. Экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелерді; студенттерге адамзат қоғамының даму сатыларындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру жолдарын айқындауды; өндірістің негізгі факторларын; рынок қызметтерімен инфрақұрылымын; әлеуметтік - экономикалық жағдайларды талдау; қазіргі қоғамды дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру және оқып үйрету



Деректемелері/Пререквизиттері: Математика, Информатика

Курстың/пәннің мазмұны:

Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық - Алматы, Санат 1998

  2. Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999

  3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002

  4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993

  5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: Sht 2108

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3,4

Кредит саны: 6

Дәріс беруші профессор: Жапбаров Н., аға оқытушы, Каримова Г., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру. Студенттер ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын меңгертуге және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету. Сөйлеу әрекетінің ішінде – ауызекі тілде сөйлеуді меңгертуге баса мән беріледі. Практикалық сабақтарда қолдануға мамандық түріне сай материалдар іріктеліп алынды.

Деректемелері/Пререквизиттері:

Курстың/пәннің мазмұны: Оқытылатын шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары. Фонетика: шетел тілінің айтылу және ырғақтық-интонациялық ерекшеліктері, дыбыстық жүйенің рецепциясы мен репродукциясы. Орфография: тілдің дыбыстық-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасам модельдері; көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лексикалық минимум, сонымен қатар мамандықтың профиліне сай терминдер; қолданыс кеңістігіне сай лексиканың дифференциясы. Грамматика: негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, үстеу, етістік, артикль, есімдік, предлог; жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің құрылымы, сөзжасамның негізгі модельдері. Оқу: таныстыру, анықтамалық, зерттеу, шолу дағдысының қалыптасуы. Сөйлеу: оқылған тақырыптар көлемінде монолог пен диалогті дамыту шеберлігі. Жазу: тізбекті ой жүйесін жеткізу, тұжырымдамалар мен шығармалар, жеке және іскерлік мәндегі хаттар жазу дағдысын жетілдіру. Мамандыққа байланысты шетел тіліндегі мәтіндерді ана тіліне тілдік нормаларға сай аудару. Тыңдау: күнделікті тұрмыста кездесетін, ақпараттық, кәсіптік мәндегі хабарларды тыңдау арқылы қабылдау.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Восковская А.С., Карпова Г.А. Английский язык для вузов. Феникс 2005

2. Васильева М.А. Английский язык, 1997

3. Дудкина А.Г., Учебник английского языка для делового общения. Часть 2, 3



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Жарекеев Қ., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру;

  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

  • Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау;

  • Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі;

  • Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

  • Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

жүктеу 11,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау