«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша



жүктеу 11,18 Mb.
бет47/68
Дата24.12.2017
өлшемі11,18 Mb.
#5821
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Куштин И.Ф., Куштин И.В. Геодезия. Учебное практическое пособие. – Ростов на Дону, 2009

  2. Игильманов А.А., Игильманов Т.А. Прикладная геодезия. Учебник. Астана: Фолиант, 2007

  3. Перфиков В.Д. Учебное пособие для вузов. Москва,Высшая школа, 2008.

  4. Курошев Г.Д., Смирнов П.Е. Геодезия и топография, учебник для студентов вузов. Москва: Издательство: «Академия», 2009.

Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру, аналогия және т.б. әдістер), жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жобалар мен карталарды графикалық безендіру

Пәннің коды: ZhKGB 1207

Пәннің типі: базалық, міндетті пән

Оқу жылы: I

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Будикова К.М., аға оқытушы

Курстың мақсаты: жерге орналастырушы жалпы және арнайы графикалық даярлау, сызу құралдарымен жұмыс істеуді үрену, топографиялық карталарды, геодезиялық түсіру пландарын және басқа графикалық құжаттарды сызу, шрифтті, бояумен безендірудің әдістері мен тәсілдерін үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, геодезия, сызу.

Курстың/пәннің мазмұны: Сызу құралдары мен жабдықтары, материалдарының құрылысы, оларға қойылатын талаптар, оларды тексеру, түзету. Шрифттер және оларды салу мен сызу әдістемесі. Пландар, жобалар мен карталарда жазуға арналған шрифттер. Шрифт түрлері. Шартты таңбалар. Олардың түрлері. Масштабты, сызықты, масштабсыз шартты таңбаларды сызу әдістемелері. Жерге орналастыруда қолданылатын шартты белгілерді сызу әдістемелері. Сызықтық элементтердің шартты таңбалары. Ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлердің шартты таңбалары. Жерге орналастыру карталарын, жобалары мен пландарын бояумен безендіру. Анилинді, акварельді бояулар, түрлі-түсті тушьтармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Бояу нәтижесіне қойылатын талаптар. Бояумен жұмыс істеу. Контурларды бояу техникасы мен әдістері. Жерге орналастыру графикалық құжаттарын бояуға арналған түсті кестелер. Теодолиттік түсіріс планын сызу және безендіру әдістемелері. Жер пайдалану планының құрылуы мен оның негізгі элементтерінің компановкасы. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының сызылуы. Жоспарлау және салу жобасын сызу және бояумен безендіру.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Федорченко М.В., Раклов В.П.. Землеустроительное черчение – Москва: Недра, 1991

  2. Условные знаки для топографических планов масштабов 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500. Москва: Недра, 1989

  3. Условные знаки и обозначения, применяемые при землеустройстве, районной планировке, гидротехническом и почвенном обследованиях. Казгипрозем,

Алматы; 1994

5. Шулейкин А.С., Солдаткин В.Д. и др. Шрифты для планов и карт. – М: Геодезиздат,1998



  1. Түктіғұлов Е.А.. «Жерді үйлестіру сызуы» пәні бойынша лабораториялық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар.

Сабақ беру әдістері: өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру және т.б. әдістер), жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Топырақтану

Пәннің коды: ТК1201

Пәннің типі: базалық, таңдау пән

Оқу жылы: I

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Елеуова Е.Ш., ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: болашақ жерге орналастыру және кадастр бакалаврларына жерді мелиорациялау, рекультивациялау және қорғаудың негізгі объектісі топырақты әр түрлі тұрғыдан қарастыра отырып білім беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: география, химия, геодезия

Курстың/пәннің мазмұны: Топырақ құраушы факторлар. Топыраққұралу процесіне шолу. Топырақтың құрамы,қасиеті және құбылымдары.Топыраққұраушы жыныстар мен топырақтың минералдық (А) және механикалық (Б) құрамы. Топырақтың органикалық бөлшегі. Топыраққұраушы жыныстар мен топырақтың химиялық құрамы. Топырақтың сіңіру қабілеті. Топырақтың түйіртпелігі. Топырақтың физикалық қасиеті. Топырақтағы су және су қасиеттері мен құбылымы (режимі). Топырақтың жылу қасиеттері. Топырақ ерітіндісі. Топырақ құнарлылығы мен ферменттер. Топырақтарды жіктеу. Топырақ географиясы және оны аудандау. Топырақ эрозиясы және онымен күресу шаралары. ТМД-ның жер қоры,оны егіншілікте пайдалану және қорғау. Топырақты агроөндірістік топтау және бонитеттеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Тазабеков Т.Т., Калдыбаев С.К., Тазабекова Е.Т., Топырақтану. Алматы, 2004.

2. Фаизов К.Ш., Кененбаев С.Б., Мамутов Ж.У., География и экология почв Казахстана. – Алматы, 2006.

3. Фаизов К.Ш. и др. Почвы Казахстана. – Алматы, 2001.

4. Қ. Ділімбетов, Ғ.Қ. Ділімбетова Топырақтану негіздері Алматы 1997.

5. Мирзадинов Р.А.,Дүйсенбеков С.Л. Қазақстан топырақтары /Орысша-қазақша анықтамалық сөздік/ Алматы: КазККА, 2008

6. Почвоведение с основами геологии: Учебное пособие. Мн: Новое знание, 2002

7. Розанов Б.Г. Морфология почв. Учебник. Москва: Акадамический проект, 2004

8. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы. Алматы: ҚазККА, 2009

9. Тайжанов Ш.Т. Топырақтану. Оқу құралы. Павлодар С.Торайғыров ат.ПМУ, 2002ж.



Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру және т.б. әдістер), жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерге орналастырудың ғылыми негіздері

Пәннің коды: ТК1203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пәні

Оқу жылы: I-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Елеуова Е.Ш., ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Жерге орналастырудың ғылыми негіздері курсының мақсаты сту-денттерді жерге орналастырудың жалпы теориясымен, жер заңдылықтарын жүзеге асыру-дағы жерді тиімді, толық пайдалануы мен қорғауға бағытталған жер қатынастарын реттеу-ге арналған мемлекеттік іс-шаралармен, жерге орналастыру мен жер кадастрының әдісте-мелік мәселелерімен, терминдерімен, ғылыми сипаттамаларымен және ұғымдары мен осы салаларда қолданылатын басқа да түсініктермен таныстыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: география, тарих, геодезия, карта мен жобаларды графикалық безендіру.

Курстың/пәннің мазмұны: Жер табиғи ресурс, ауыл шаруашылығының және өндірістің негізгі құралы. Қазақстан Республикасының жер ресурстары және оны пацдалану, жерге орналастыру мен кадастрдың даму тарихы. Жер қатынастары, жер қатынастарын реттеу. Жерге орналастыру әлеуметті-экономикалық категория жыне мемлекеттік шара ретінде. ҚР жер реформасының негізгі бағыттары, негізгі жер иеленушілер мен жер пайдаланушы-лар. Әлеуметті-экономикалық жағдайларға байланысты жерге орналастырудың даму заңдылықтары. Жерге орналастыру ғылымы, даму кезеңдері. Жер кадастры, мақсаты, мін-деті, принциптері, әдістері, объектісі, құрамдас бөліктері, мазмұны және жүргізу тәртібі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Гендельман М.А., Қырықбаев Ж.Қ. Жерге орналастырудың және кадастрлық ғылыми негіздері: Оқулық – Астана: Фолиант, 2004.

  2. Гендельман М.А., Волков С.Н. и др. Научные основы землеустройства: Курс лекций – Ақмола, 1995.

  3. Троицкий В.П., Волков С.Н., Гендельман М.А., Носов С.И. Научные основы землеустройства. Учебник для вузов – Москва: Колос, 1995.

  4. ҚР Жер Кодексі – Алматы, 2003.

  5. Гендельман М.А. и др. Землеустроительное проектирование. Учебник – ТОО «ЭВЛЮ», 1999.

  6. Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии – М.: Колос, 2003.

  7. Есполов Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной системы земельных отношений в Казахстане. – Алматы, 2002.

  8. Подольский Л.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория. Учебное пособие – Алматы, 2000.

  9. Сефуллин Ж.Т. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами в рыночных условиях – Алматы, 2001,

  10. Сейфуллин Ж.Т. (жалпы редакциясын басқарған). Жер кадастры. Оқулық – Алматы; ҚазҰАУ, 2001.

  11. Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий. Учебное пособие – Санкт-Петербург, 2002.

Сабақ беру әдістері: жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

Пәннің коды: ZHPKMB 2213

Пәннің типі: базалық, міндетті пән

Оқу жылы: IV

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Токтамысов А.М., ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, академиялық доцент

Курстың мақсаты: жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізу әдістемесін игеру, жер қорының құрылымындағы өзгерістерді айқындау, оларды бағалау, кері процестердің салдарын жою және ескерту бойынша нұсқаулар жасау болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: жер құқығы, жер кадастры, экология, жер учаскелерін

тіркеу және есепке алу



Курстың/пәннің мазмұны: Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау жүйесі. Бақылауды жүргізу объектілері. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізудің түрлері мен тәсілдері. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылатын негізгі нормативтік актілердің мазмұны. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар жүйесі. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы жерге орналастыру ұйымының ролі мен функциясы. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жерге орналастыру қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері. Жер заңындағы құқық бұзушылықтың түрлері. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері. Жерді пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік инспекторының жұмыс тәртібі. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жөніндегі есепті құру және оның мазмұны. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жөніндегі жылдық құжаттамаларды безендіру.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі

2. В.М. Помогалова «Государственный контроль за использованием и охраной земель» Учебное пособие - Астана, 1998

3. Стамқұлов, Стамқұлова Жер құқығы. - Алматы, 2005

4. М.А. Гендельман, Ж.К. Крыкбаев и др. Научные основы землеустройства.– Акмола,1995

5. Методические указания к лабораторным занятиям по дисциплине «Государственный контроль за использованием и охраной земель» Астана, 1998.

6. «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау» пәнінен практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. Қызылорда, 2009.

Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру, аналогия, синтез, классификация және т.б. әдістер), жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер құқығы

Пәннің коды: ZhK 4216

Пәннің типі: базалық, міндетті пән

Оқу жылы: IV

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 2

Курстың мақсаты: жерді қорғау мен оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, топырақтың құнарлылығын арттыру және табиғи ортаны қорғау, жақсарту, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқығын қорғау, жылжымайтын мүліктің нарығын құру мен дамыту, жер қатынастары саласында заңдылықтарды нығайту, жер қатынастарын реттеуді студенттерге меңгерту.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру мен кадастрдың ғылыми негіздері, жерге орналастыруды жобалау, жер учаскелерін, жылжымайтын мүлікті тіркеу және есепке алу.

Курстың/пәннің мазмұны: Жер құқығының сипаттамасы мен мәні. Жер құқығы қатынастары. Жер құқығының даму негіздері. Жерге меншік құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар. Жер пайдалану құқығы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі. Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық режимі. Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі. Су қоры жерлерінің құқықтық режимі. Босалқы жерлердің құқықтық режимі. Мемлекеттік жерге орналастырудың құқықтық негіздері. Мемлекеттік жер кадастрының құқықтық негіздері. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Жер дауларын шешу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. Алматы: «Юрист», 2010.

2. Жер туралы заңнамалар. Нормативтік актілер жиынтығы. Алматы: «Юрист», 2010.

3. Хаджиев А. Х. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Алматы: «Юрист», 2002.

4. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілердің жинағы. Астана, 2003.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: «Юрист», 2010.

6. Архипов И. Г. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Алматы: «Борки», 1997.

Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану.



Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерге орналастырудағы экономика математикалық модельдеу

Пәннің коды: ТК 4206

Пәннің типі: Базалық, таңдау пәні

Оқу жылы: IV

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 1

Курстың мақсаты: шектеулі кеңістіктегі қазіргі оптимизация әдістерін үйрету; есептеу математикасы пәні бойынша инженерлік және қосалқы пәндерді оқып үйренуге қажетті білімдер көлемін беру; математикалық интуицияны дамыту және меңгерілген сандық әдістерді қолданбалы есептерді шешуге пайдалануды үйрету; математикалық мәдениетті өсіру және кітаппен, компьютермен жұмыс істеу дағдысын дамыту; тамақ өнеркәсібі бойынша және жерді тиімді пайдаланудың, экстремалдық есептердің компьютерлік модельдерін зерттеуді үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: жоғары математика.



Курстың/пәннің мазмұны: “Жерге орналастырудағы математикалық модельдеу” пәнінің негізгі ұғымдары. Экономикалық-математикалық модельдеудің негізі. Жерге орналастырудағы математикалық модельдеудің түрлері, 2-лекция Операциялардың детерминанттық модельдері. Сызықтық программалау есебінің жалпы, стандарттық және канондық қойылымдарына мысалдар. Сызықтық программалау есебінің жалпы, стандарттық және канондық қойылымдарын өзера түрлендіру. 3-лекция Сызықтық программалау есебінің канондық қойылымын геометриялық, симплекс-таблица әдістерімен шешу. 4-лекция Сызықтық программалау есебінің канондық қойылымын жасанды базис әдісімен шешу 5-лекция Жерге орналастырудағы көлік есебінің тірек жоспарын солтүстік-батыс бұрыш, ең аз құн әдістерімен табу. 6-лекция Жерге орналастырудағы көлік есебінің тірек жоспарын Фогельдің аппроксимация әдістерімен табу. 7-лекция Көлік есебінің тиімді жоспарын потенциалдар әдісімен табу. 8-лекция

Көлік есебінің тиімді жоспарын дифференциалдық ренталар әдісімен шешу. 9-лекция Өндірістік функция және оның экономикалық сипаттамалары. 10-лекция Автоматтандырылған жүйлерді жобалау, жерге орналастыру үшін мәліметтерді өңдеу мен жинау.



Ұсынылатын әдебиет:

1.Акоф Р., Сасиени М. Основы исследования операций. М.:Мир,1971

2.Вагнер Г. Основы исследования операций. 1-том, М.: Мир, 1992; 2-том, М.: Мир, 1993; 3-том, М.:Мир,1993.

3.Вентцель Е.С. Исследование операций. Задачи, принципы, методология. М.: Наука, 2001.

8.Исследование операций. 1-том: Методологические основы и математические методы. 2-том: Модели и применения. М.: Мир, 1991.

11.Таха Х. Введение в исследование операций. В 2-х томах. М.: Мир, 1995.



Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру, аналогия, синтез, классификация және т.б. әдістер), жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Учаскелік жерге орналастыру

Пәннің коды: Zho 4303

Пәннің типі: базалық, міндетті пәні

Оқу жылы: IV

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Абжамиева Л.Б., техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: жерге орналастырудың жұмысшы жобаларының мазмұны, учаскелік жерге орналастырудың ерекшеліктері, олардың жобалардың басқа түрлерінен айырмашылығы, жұмыс түрлері мен кезеңдері бойынша смета құру, жоба бойынша жүргізілетін жұмыстардың экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық өтелуі жөніндегі есептеулермен, олардың жеке шаруашылық субъектілерінің бизнес жоспарымен байланысын меңгеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жер кадастры, жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар, жер учаскелерін тіркеу және есепке алу.

Курстың/пәннің мазмұны: Жерге орналастыру жобалауының теориялық негіздері және әдістері. Жерге орналастыру жобалауының кезеңдері және технологиясы. Учаскелік жерге орналастырудың жұмысшы жобалауының теориялық негіздері. Учаскелік жерге орналастырудың принциптері. Жұмысшы жобаларының мазмұны және оларды классификациялау. Жұмысшы жобаларды құру мен негіздеудің әдістемесі. Бүлінген жерлерді рекультивациялау жұмысшы жобасын жасау. Егістік жерлерді құру мен өнімділігін арттырудың жұмысшы жобасын құрудың мазмұны және әдістемесі. Табиғи жем-шөп алқаптарының өнімділігін арттырудың жұмысшы жобасын құру. Сортаң жерлерді игерудің және мәдени техникалық шаралардың жұмысшы жобасы. Шабындықтар мен жайылымдарды түбірлі жақсартудың жұмысшы жобасы. Мәдени суармалы жайылым аумағын құрудың жұмысшы жобасы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Л.И. Подольский Землеустройство: общественно-экономическая теория. Учебное пособие. Алматы, 2000;



  1. С.Н. Волков. Землеустроительное проектирование. М.Колос, 1997;

  2. М.А. Гендальман, В.В. Гарманов, Э.А. Шойхет Рабочее проектирование по окультирование пашни. Учебное пособие Акмола, 1993;

  3. С.Н. Волков, А.В. Купчиненко Землеустроительное проектирование/Методическое указание и задания для лабораторных работ и разработки проекта: М. МИИЗ, 1991.

Сабақ беру әдістері: жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Территорияны жоспарлау, орналастыру және елді мекен кадастры

Пәннің коды: ТМZhZhZhOZhK 4305

Пәннің типі: кәсіптендіру, міндетті пән

Оқу жылы: IV

Оқу семестрі: 8

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Абжамиева Л.Б., техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: елді мекендер жерлерінің кадастры, олардың территориясын жоспарлау мен үйлестіруді игеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жер кадастры, жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар, жер учаскелерін тіркеу және есепке алу.

Курстың/пәннің мазмұны: Елді мекендерді жіктеу және олардың аумағын аймаққа бөлу. Қала жерлерінің санаттары және олардың функционалдық мақсаты. Елді мекендер шегін айқындау және өзгерту. Территориялық-кеңістіктік жоспарлаудағы кадастрдың маңызы. Қалалық және ауылдық мекендердің аумақтарын дамыту концепциясы және жалпы ұйымдастырылуы. Қалалық қоныстану және оны дамытудың жолдары. Елді мекен кадастрының әдістемелік негіздері. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры. Жылжымайтын мүлік объектілерінің топтары. Қалада жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті тіркеу және есепке алу. Қалалық жер қатынастарын заңды реттеу. Қала жерлерін бағалаудың теориялық аспектілері. Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау. Қала жерлері мен жылжымайтын мүлікті бағалаудың негізгі принциптері мен әдістемесі. Ірі қалалар территориясын бағалық аймақтаудың ерекшеліктері. Салық салу мақсаты үшін қала жерлерін экономикалық бағалау әдістемесі. Қазақстан Республикасында елді мекен жерлерін кадастрлық бағалау. Қала жерлерін экономикалық бағалаудың әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттары.

жүктеу 11,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау