«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша



жүктеу 11,18 Mb.
бет21/68
Дата24.12.2017
өлшемі11,18 Mb.
#5821
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale 1104

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Айдарова Ш. - техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: Қазіргі қоғамда егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында қоғам дамуының теориялық негізін меңгермей, азаматтардың білімін, мәдениетін жетілдірмей, қоғамның әлеуметтік өмірі жөнінде толық мәлімет алмай ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сондықтан осы мақсатта жоғары оқу орындарында әлеуметтану курсын оқыту толық жүзеге асырылуда.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, саясаттану, философия, мәдениеттану.,т.б.

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылымының пәні, құрылымы және қызметі. Әлеуметтанудың пәні, қызметі. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ғалым . Әлеуметтанулық ойдың даму бағыттары мен кезеңдері. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтану. Әлеуметтанудың Ресейдегі дамуы. Қазіргі әлеуметтанудың даму бағыттары. Қоғам жүйе ретінде. Әлеуметтанудағы “қоғам” түсінігі. Әлеуметтік даму және қоғамдық прогресс. Әлеуметтік институт ұғымы. Әлеуметтік статус және роль ұғымы. Әлеуметтік страти-фикация теориясы. Әлеуметтік құрылым ұғымы. Әлеуметтік стратификация ұғымы. Әлуметтік мобильділік ұғымы,түрлері. Әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік норма ұғымы. Әлеуметтік норманың түрлері. Әлеуметтік бақылау институттары мен формалары. Білім беру әлеуметтануы. Білім берудің мазмұны. Білім берудің қызметтері. Үздіксіз білім беру кезеңдері. Отбасы әлеуметтануы. Отбасы ұғымы және қызметі. Отбасының құрылымдық түрлері. Еңбек әлеуметтануы. Еңбектің әлеуметтік мәні. Еңбектің адам өміріндегі алатын орны мен ролі. Еңбек әлеуметтануының зерттейтін мәселелері. Дін әлеуметтануы. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде. Діннің қызметтері. Дін әлеуметтануының зерттейтін мәселелері. Социологиялық зеттеу бағдарламасы. Социологиялық зерттеуді құру. Социологиялық зерттеудің әдістерінің ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А, 2002.

2. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А, 2002.

3. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. “Әлеуметтану негіздері” А, Экономика,2004.

4. Добренько В.И., Кравченко А.И. “Социология” М, 2005.

5. Әбсаттаров.Р, Дәкенов.М, “Әлеуметтану” Алматы, Ғылым, 2003.

6. Әженов.М, Садырова.М, “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” Алматы, Қазақ университеті, 2002.

7. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006 , 4-том.

8. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006, 3-том.

9. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006, 5-том.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Etd 1105

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Тулегенова Г.

Курстың мақсаты: қазіргі экологиялық жағдайды терең түсіндіре отырып, экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге ұғынумен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Биология

Курстың/пәннің мазмұны: Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері: ағзлар экологиясы, экологиялық факторлар, абитикалық, биотикалық, антропогендік факторы әсерінің жалы заңдылықтары. Популяциялар экологиясы. Популяцияның негізгі қасиеттері. Биотикалық факторлар. Бәсекелестікті ығыстыру ережесі. Бірлестіктер мен экожүйелер экологиясы. Экожүйенің негізгі типтеріне сипаттама. Экожүйелердңі энергетикасы. Экожүйелерді ұйымдастыру, өнімділік заңдары мен динамикасы. Биосфера – ғалмдық экожүйе. Биосфера, оның шекаралары. Тірі заттардың негізгі қызметі мен қасиеттері. Биосфредағы заттар айналымы.

Ұсынылатын әдебиет:

      1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология» Алматы,2003ж.

      2. Баешов А., Дәрібаев Ж. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.

      3. Бейсенов А.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы, 2001ж.

      4. Жатқанбаев Ж.Ж., «Экология негіздері» Алматы, 2003ж.

      5. Нұрғызарынов А.Н., Шапшанов Қ. «Арал өңірінің экологиясы», 2001 ж.

6. Оспанов Г.С., Бозшатаев Г.Т. «Экологияң Алматы, 2002 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Қазақ(орыс) тілі

Пәннің коды: K(O)t 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 6

Дәріс беруші: Құдайбергенова А.- оқытушы

Курстың мақсаты: Жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту, грамматикалық формалар мен құрылымдарды, сөз қолданыстағы деңгейлік дәрежесіне байланысты меңгерту. Лексикалық және терминологиялық минимумдарды мамандығы бойынша меңгерту.

Деректемелер/Пререквизиттері:

Курстың/пәннің мазмұны: Әңгімелеу, сипаттау, хабарлау сынды түрлі сөйлесім әрекетін құру. Грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды аспектіде дұрыс қолдана білу. Сөйлеу әрекетінің қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы өзекті, бейімделген және өңделген аса күрделі емес ауызша және жазбаша түрдегі прагматикалық мәтіндерді, диалог пен монологты белгілі бір тақырып аясында сұрыптау.

Кәсіби-оқу тілін дамыту: а) оқылым мен тыңдалымның дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру, ақпараттарды мамандығы бойынша конспектілей алу; б) оқулықтар мен дәріс көлеміндегі ғылыми стильдегі мәтіндердің түрлеріне диалогтар мен монологтар құра білу; в) айтылымның негізгі құрылымдық-мағыналық түрлерін: монолог-сипаттау, монолог-мазмұндау, монолог-талқылау, диалог-әңгіме, диалог-сұхбат жеделдетіп оқыту.

Кәсіби орыс (қазақ) тілі. Ғылыми-кәсіби тілді дамытудың: белсенді, жалпылама, кең көлемді болу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыра білу.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Қ.Р. “Тіл туралы заңы”. Алматы. “Дәнекер”. 2001 ж

  2. Күзекова З. Қазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық. – Алматы: Раритет, 2002 ж

  3. Ерназарова З.Ш, Мұхамадиева Н.Қ, Әшірова.Б.С Қазақ тілі: (Елтану). Оқу құралы.- Алматы: “Ол-жас”, 2005 ж

  4. Нығмет Ж.Н. Қазақ тілі хрестоматиясы. Алматы: “Білім”, 2003 ж.

  5. Бектуров А.Ш.., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004 ж

  6. Мухамадиева Н.Қ. Кәсіби қазақ тілі.( жоғары оқу орындары мен колледждерге арналған) – Алматы: “Sansan”, 2003 ж

  7. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. Алматы: Атамұра, 2006 ж

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya 1110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Айдарова Ш.-доцент

Курстың мақсаты:

Саясаттың басты мақсаты – адам, қоғам және мемлекет арасындағы үйлесімділікті іздеу. Саясат – қоғам, мемлкет және әрбір азаматтың тіршілігінің негізгі. Әсіресе саясаттың ролі мен маңызы қоғамның негізгі құндылықтары мен идеалдырының өзгеріске ұшыраған, өтпелі тарихи кезеңдерінде ерекше мәнге ие болады. Саясаттану саяси процестерді суреттеп, түсіндіріп, оның дамуының бағыттарына болжам жасаумен қатар ол кәсіпкер, жартылай кәсіпкер, әсіресе маман емес саясаткерлерге қажетті білім береді. Адамдарды жауапты азаматтық міндеттерін атқаруға дайындайды. Саяси идеялар мен нормаларды, әдет-ғұрыптарды, саяси ақпараттар мен білімді кеңінен таратуға үлкен ықпал жасайды.



Қоғамның рухани және интеллектуалдық жағынан жаңарып, әлеуметтік және гуманитарлық құндылықтарын қайта қарап қалыптастыруда, саясаттану ғылымының өзектілігі даусыз. Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың басты мағынасы болып табылады. Саясаттану пәні біздің ұстанып отырған оқу бағдарламасына сай студенттерге қоғамның саяси қатынасы, саяси сана, қоғамды біртұтас жүйе ретінде сақтау және т.б. сұрақтарға жауап береді. Саясаттану курсы саяси терминдердің ана тілімізде көрініс табуына және демократиялық саяси білімнің жаңа жүйесін қалыптастыруға ықпал ететіні анық. Егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында саяси ғылымдарды оқып үйренудің маңызы зор болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, философия, мәдениеттану, әлеуметтану, құқық негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттану пәні, мақсаттары мен міндеттері. Саясаттанудың әдістері мен қызметтері. Саяси ғылымының дамуының негізгі кезеңдері. Әлемдегі саяси ойлардың дамуының негізгі кезеңдері.. Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ойлардың негізгі жағдайы. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Саясат және оның қалыптасуы. Саясаттың қызметі. Саясаттың қоғам өмірінің басқа да салаларымен байланысы. Билік саяси феномен ретінде. Билік ұғымы және оның тұжырымдамалары. Биліктің түрлері мен қызметі. Қазақстан Республикасындағы билік пен оппозицияның қарым-қатынасы. Этносаясат. Этнос пен ұлт түсінігі, қоғамдағы ұлтаралық және этносаралық қатынастар. Ұлттық саясат мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде. Қазақстандағы қазіргі этносаяси процесстер. Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен қызметі. Саяси жүйенің типологиясы. ҚР саяси жүйенің даму мәселелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекеттің қалыптасуы мен маңызы. Мемлекеттің типтері мен оның қызметі. Азаматтық қоғам түсінігі. Әлеуметтік және құқықтық мемлекет түсініктері. ҚР азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптасу мәселелері. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Саяси партия мен қоғамдық қозғалыстардың ұғымы. Саяси партиялардың типологиясы мен қызметтері. Саяси жүйенің ұғымы. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың орны. Саяси режимдер. Саяси режимдердің ұғымы мен типтері. Тоталитаризм мен авторитаризмнің орны мен негізгі белгілері. Демократияның орны мен ерекшеліктері. ҚР демократияландырудың негізгі кезеңдері. Саяси процесс. Саяси процесстің ұғымы мен оның типтері. Саяси процесстің ұйымдастырылуы. ҚР саяси процесстердің ерекшеліктері. Саяси идеология және саяси сана. Саяси сананың негізгі белгілері мен орны. Саяси идеологияның қызметтері. Саяси идеологияның негізгі типтері. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтенуі. Саяси мәдениеттің ұғымы мен қызметі. Саяси әлеуметтенудің ұғымы. ҚР әлеуметтену мәселелері мен саяси мәдениеттің ерекшеліктері. Саяси элита мен саяси көшбасшылық. Саяси элита ұғымы, қызметі және жіктелуі. Саяси көшбасшылық ұғымы мен типологиясы. ҚР саяси көшбасшылық институты мен саяси элиталары. Саяси технологиялар. Саяси технологияларының маңызы, құрылымы мен типтері. Саяси талдаудың маңызы мен әдістері. Саяси шешімдердің ұғымы. Сайлау жүйесінің ұғымы мен типтері. Саяси болжамдау. Саяси болжамдаудың ұғымы. Саяси болжамдаудың әдістері, типтері мен қызметтері. Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамдаудың мәселелері. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастар жүйесі мен ұғымы. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Халықаралық саяси институттар мен олардың қызметтері. Қазіргі кездегі ҚР сыртқы саясаты. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Қазіргі кездегі жаһандық мәселелерінің ұғымы мен типтері. Жаһандық мәселелерін шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Қазіргі жаһандық мәселелері жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның қазіргі кездегі саяси дамуы. Егеменді Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның саяси дамуы мен саяси реформаларының ерекшеліктері. ҚР мемлекеттік идеологиясы мен ұлттық идеясын қалыптастыру мәселелері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е.С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.

  2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.

  3. Политология в схемах и комментариях: учебное пособие / под ред. Тургаева А.С., Хренова А.Е., - СПб: Питер, 2005.

  4. Политология: Учебн. пособие / Сост. и отв. ред. Радугин А.А., - 2-е изд., доп.. - М.: Центр, 2003.

  5. Пугачев В.П. Политология / Пугачев В.П.,. - Филол. об-во "Слово": Эксмо, 2003.

  6. Партиялар, партиялық жүйе тарихы және қазіргі кезең: Оқу құралы. Иманбекова Б.И.– Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004. 24-бет

  7. Политические партии Казахстана. Алматы 2004.

  8. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі. Мұсатаев С.Ш. – Алматы, 2007.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Алгебра және геометрия

Пәннің коды: AG 1203

Пәннің типі: Базалық, міндетті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Жоламанова Р. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің алгебраның негізгі тарауларын оқып-үйренуіне көмектесу, алгебралық әдістерді қолданбалы есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету.

Алгебраны оқыту келесі бағыттарды

- логикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуды;

- алгебралық есептерді шешу мен зерттеу әдістерін игеруді;

- математикадағы сандық әдістерді игеруді;

- өздігінен білімін кеңейту және қолданбалы есептерді талдай білуді үйретуді мақсат тұтады.



Деректемелер/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы математиканы жақсы меңгеру қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Матрицалар мен анықтауыштар. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Векторлық кеңістік базисі. Векторлық скалярлық, векторлық және аралас көбейтінді. Екінші ретті қисықтар мен беттер. Квадраттық түрлер. Олардың қолданылуы. Жоғары алгебра элементтері. Комплекс сандар. Алгебраның негізгі теоремасы және оның салалары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Куликов Л.Я. Алгебра и теория чисел. М., 1997.

  2. Сексенбаев Қ., Жетпісов Қ. Жоғарғы алгебра. І – бөлім, ҚарМУ баспасы: 2001.

  3. Сексенбаев Қ., Жетпісов Қ. Жоғарғы алгебра. ІІ– бөлім, ҚарМУ баспасы: 2001.

  4. Фадеев Д.К. Лекции по алгебре. М., 1998.

  5. Сборник задач по алгебре. Под ред. А.И. Кострикина. М., 1998.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.
Жеке пәндерді сипаттау

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Математикалық анализ

Пәннің коды: MA 1204

Пәннің типі: Базалық, міндетті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Жоламанова Р. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерді айнымалы шамаларды зерттеу әдісімен, дифференциалдық және интегралдық есептеулер теориясымен, қатарлар теориясымен таныстыру. Математикалық анализ функциялар теориясының, дифференциалдық теңдеулер теориясының және басқа да пәндерді оқып-үйрену үшін негізгі қызмет атқаратынын түсіндіру.

Деректемелер/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық игеру үшін мектеп курсының «Алгебра», «Геометрия», «Алгебра және анализ бастамалары» пәндерін жақсы меңгерген болуы қажет

Курстың/пәннің мазмұны: нақты сандар, сандық тізбектер, бір айнымалыдан тәуелді функциялар, бір айнымалыдан тәуелді функциялардың дифференциалдық есептеулері, бір айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеулері, көп айнымалыдан тәуелді функциялардың дифференциалдық есептеуі, қатарлар, көп айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеуі, Фурье қатары.

Ұсынылатын әдебиет:

      1. Ильин В.А., Позняк Э.Г. Основы математического анализа, 2 тома. М., «Наука»,2000 г.

2. Никольский С.М. Курс дифференциального и интегрального исчисления, 2 тома. М., «Наука».

3. Фихтенгольц Г.М: Курс дифференциального и интегрального исчисления, 3 тома. Изд. «Лань», 1997 г.

4. Демидович Б.П. Сборник задач и упражнений по математическому анализу. М., «Наука», 2002 г.

5. Никольский С.М. Курс математического анализа, М., 2001 г.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.
Жеке пәндерді сипаттау

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Физика 1

Пәннің коды: Fiz 1205

Пәннің типі: Базалық , міндетті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Маханова Г. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттерді физиканың негізгі принциптері және заңдарымен және математикалық формулалармен таныстыру; студенттерге физикалық модельдер мен гипотезалардың қолдану шекарасы туралы. қолданылу арқылы өте кең заңдар физиканың іргелі заңдары деп аталатынын; Негізгі физикалық тұрақтылар;

Курсты игеру негізінде студент білуі қажет;

- негізгі физикалық құбылыстар, олардың жүру ерекшеліктері;

- физикалық ұғым, шама, есептеулер негіздері, олардың математикалық формулалары, өлшем бірліктері;



- тәжірибе жүргізу әдісін, алынған мәліметтерді өңдеп, сол бойынша қорытынды жасау.

Деректемелер/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалдарды толық меңгеру үшін студент мектептің физика курсын толық жақсы меңгеру қажет. “Физика” курсын оқып-үйрену үшін студенттерге элементар физиканың барлық бөлімдерін білу қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: “Жалпы физика” курсының теориялық негізін баяндайтын бұл курс төмендегідей бөлімдерден тұрады: Механика; Молекулалық физика және термодинамика; электр және магнетизм; Оптика; Кванттық және атомдық физика негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Савельев И.В. Механика. Уч.пособие М.: Астрел 2003г.

  2. Савельев И.В. Электричество и магнетизм М.: Астрел, 2003г.

  3. Савельев И.В. Молекулярная физика и термодинамика М.: Астрел, 2001г

  4. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики.-М.: наука, 2000г.

  5. Косов А.Д., Косов В.Н., Корзун И.Н. Молекулярная физика в вопросах и ответах. – Алматы: Қазақ университеті, 1999-143с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық және зертханалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

жүктеу 11,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау