Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,
Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектеп
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті педагогикалық білім беру саласындағы әріптестер!
Сіздерді 2022 жылғы 22 сәуірде өтетін ұлағатты ұстаз, білікті басшы Тәжиев Дастан Айтмаханұлының мерейтойына арналған «Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы құзыреттілігін дамыту мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция жұмысының мақсаты– педагогикалық үрдістің ғылыми-әдістемелік сипатын жан-жақты көрсету, оқыту құралдарын шебер меңгерген педагог бейнесін насихаттау, пәндерді оқыту әдістемесін дамыту; білім беру ұйымдары педагогтарының арасында тәжірибе алмасу әрі өзара байланысты күшейту.
Конференция тілі: қазақ және орыс тілі.
Конференцияға білім беру ұйымдарының ғалымдарын, оқытушыларын, докторанттары мен магистранттарын, жас ғалымдар мен PhD докторларды, мектеп мұғалімдерін,жас мамандарды қатысуға шақырамыз.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
– Жоғары және орта мектепте пәндердің оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері;
– Қазіргі қоғамдағы педагогтың оқыту үрдісіндегі әлеуметтік-рухани, шығармашылық-инновациялық ролі;
Конференцияға қатысу тегін. Конференция қорытындысы бойынша ISBN беріле отырып, электронды (ПДФ) форматта арнайы жинақ шығару жоспарлануда. Конференция материалдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда унивеситетінің сайтында: www.korkyt.kz (ғылым/Конференция жинақтары) жарияланады.
Ұйымдастыру комитетіне (2022 жылғы 19 сәуіргедейін) көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.
Баяндаманы ресімдеуге қойылатын талаптар:
Баяндама тақырыбы конференцияның таңдалған жұмыс бағыты шеңберінде өзекті болуы тиіс.
Баяндама (мақала) мәтіні 4 беттен аспайтын көлемде MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер,сызбалар және суреттер Windows бағдарламасында құрылуы керек.
Беттің параметрлері: барлық өрістері - 2см.
Қаріп: Times New Roman,кегль-12.
Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25см.
Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді белгілеу қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгіге сәйкес рәсімделеді.
Әдебиетке сілтеме тік жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен рәсімделеуі керек. Мысалы: [1,17].
Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын мына e-mail-ға жіберу қажет: karm_mektep85@mail.ru Баяндама құрылымында жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тұжырымдар қысқаша көрсетілуі керек. Сондай-ақ, мақалада (баяндамада) жұмыстың практикалық маңыздылығын көрсетіп, тұжырымдарды негіздеу қажет.
Редакциялық алқа жарияланатын мақаланы өздері таңдайды.
Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысушылардың үздік жұмыстары бойынша облыстық білім басқармасының,аудандық білім бөлімінің арнайы І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен,алғыс хатпен марапатталады.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі:
ӘОЖ 000.00
Б.Е.Боранбай,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,
филология ғылымдарының кандидаты
БАЯНДАМА АТАУЫ
Аннотация. ЖОО-дағы қазақ тілінің өзектімәселелері қарастырылады...
Түйіндісөздер: қаріп, алфавит, инновация,жаһандану ...
Баяндама мәтіні. ............................................................
Пайдаланылған дереккөздері мен әдебиеттер тізімі:
1.Омарбекова Г.Ә. Тіл және жаһандану: Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: «Fastprint» баспасы, 2019. – 160 б.
2.Бекболатов Ж. Языковая политика: реальность, которая будет мстить?// Экспресс К. - 1994, 19 шілде.
Конференцияғақатысуүшін
өтінім
Ұйымныңатауы, қала
|
|
Лауазымы
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
|
Ғылымидәрежесі, ғылымиатағы
|
|
Қатысушының E-mail
|
|
Қатысушының телефоны (ұялы)
|
|
Секциянөмірі
|
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №40, Қорқыт Ата атындағы ҚУ-ның І оқу ғимараты, №204 кабинет ,
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,Төретам кенті ,Ғ.Мұратбаев көшесі №1
Байланыс телефондары:
Тел: 8 777 336 57 58; 8 701 657 21 16; 87770670173
Достарыңызбен бөлісу: |