Ақпараттық буклет



жүктеу 154,6 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.11.2017
өлшемі154,6 Kb.
#2054


2017–2018

оқу жылы


АҚПАРАТТЫҚ БУКЛЕТ

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТЕРІНІҢ

АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН


Құрметті ата-аналар!

Сіздерді өзіңіздің ұлыңыздың/қызыңыздың оқуға түсуімен 

және республикамыздағы ең жас әрі серпінді дамып келе 

жатқан жоғары оқу орындарының бірі – қуатты материалдық-

техникалық базасы, сапалы ғылыми-педагогикалық құрамы, 

көптеген шетелдік әріптестерімен тығыз әрі нәтижелі 

байланыстары бар Назарбаев Университетінде жаңа оқу 

жылын бастауымен шын жүректен құттықтаймын. 

 Назарбаев Университеті студенттерінің қауымдастығына 

оқуға түсу – бұл сіздің балаңыздың еңбегі және сіздің 

тәрбиеңіздің, өмірдегі белсенді ұстанымыңыздың, қажырлы 

еңбегіңіз бен табандылығыңыздың нәтижесі. Назарбаев 

Университетінің басты активі және зор мақтанышы болып табылатын Университет студенттерінің 

жоғары дәрежелі білім алумен қатар тұлға ретінде жан-жақты даму мүмкіндігі бар. Назарбаев 

Университетінің студенті болу құрметті әрі дәрежелі болумен қатар үлкен жауапкершілікті де 

жүктейді. Университетте Қазақстанға және бүкіл әлемге барынша тиімді қызмет етуге қабілетті 

азаматтарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін студенттің әмбебап моделінің қалыптасуы мен 

дамуына барлық жағдайлар жасалған. Назарбаев Университетінің студенттеріне арнаған сөзінде 

Қазақстан Республикасының Президенті: «егер Университет еліміздің жоғары оқу орындары үшін 

үлгі болып табылса, онда оның әр студенті өзінің барлық құрдастары үшін жарқын үлгі әрі біздің 

ғылымымыздың мақтанышы болуы тиіс» деп атап көрсетті.

 Балаларыңыздың зияткерлік білім алуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз, олар 

Назарбаев Университетінің қабырғасында одан әрі дамуын жалғастырады, сондай-ақ олардың 

болашақ кәсіби және жеке жетістіктерінің берік тұғырына айналады

Құрметпен және ізгі ниетпен, 

Қадиша Нұрділдақызы Даирова

Студенттік істер және халықаралық  

ынтымақтастық жөніндегі вице-президент




3 |

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Бейімделу аптасы дегеніміз не және ол 

қай кезде өткізіледі? 

Бейімделу аптасы әдетте оқу жылының басында 

өткізіледі және жаңадан келген студенттер мен 

олардың ата-аналарына арналған түрлі таныстыру 

іс-шараларын өткізуді білдіреді. Назарбаев 

Университетінің (НУ) Бейімделу аптасының 

бағдарламасы студенттердің Университетте тез 

және жеңіл бейімделуіне мүмкіндік береді және 

Университеттегі студенттік өмірмен, ережелер 

мен оқу процесінің ерекшеліктерімен, оқытушы-

профессорлар құрамымен танысуды, Астана қаласы 

бойынша экскурсияны және басқа да қызықты іс-

шараларды қамтиды. 

Ата-аналар Бейімделу аптасына 

қатыса ала ма? Бейімделу аптасы 

кезінде жатақханада ата-аналарға 

орын бөліне ме? 

Біз ата-аналарды Бейімделу аптасының бірінші 

үш күніне қатысуға шақырамыз, бұл білім беру 

қызметтерін көрсету шартына қол қою, жатақханаға 

орналасу, Университет басшылығы мен НУ Мектеп 

Декандары өткізетін салтанатты жиналысқа қатысу 

шараларын қамтиды. 

Бейімделу аптасын өткізу кезінде студенттердің ата-

аналарына жатақханада орын бөлінбейді. 

Студенттің НУ кампусының аумағында 

тұруы міндетті ме? 

Кампустың аумағында тұру міндетті болып 

табылмайды. Студенттер кампуста да, сондай-ақ 

одан тыс жерлерде де тұра алады. 



Жатақханада тұру талаптары қандай? 

Назарбаев Университеті студенттердің жайлы 

жағдайда тұруы мен сабаққа дайындалуы үшін 

барлық қолайлы жағдайларды жасап отыр. НУ 

жатақханаларында тұру ақылы. Бөлмелер 4 

адамға арналған және барлық қажетті заттармен 

жабдықталған. Әрбір студентке кереует, шкаф-

гардероб, тумбочка, ілгіштер, жалюзи, төсек орын 

(ортопедиялық матрас, матрас қап, көрпе, жастық, 

төсек жапқыш, бет орамал, монша сүлгісі) беріледі. 

Әрбір бөлмеде душ бар. 

Жатақхананың бірінші және екінші қабаттарында 

студенттердің белсенді демалуына арналған 

орындар бар, мұнда студенттер бейне және теле 

бағдарламаларды көре алады, музыкамен, бимен 

айналыса алады және үстел теннисін ойнай алады. 

Бұдан басқа, жатақханада студенттерге медпункт, 

дәріхана, шағын маркет, кір жуатын бөлме, химиялық 

тазалау, төлем терминалдары қызмет көрсетеді.

Студенттердің қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында 

жатақханада ID-карталар бойынша өткізу режимі 

белгіленген. Студенттерге келген қонақтар үшін 

қонақ ID-карталары қарастырылған.

Қонақ ID-картасын алу үшін келген адамның жеке 

басын растайтын куәлігі болуы керек.

Студент өз бөлмесінде болмаған жағдайда, келушіге 

жатақханаға кіруге болмайды.

Келу уақыты: жұмыс және демалыс күндері сағат 

8.00-ден 22.00-ге дейін. 

Жатақханаларда тұру ережелерімен НУ-ға келгеннен 

кейін танысуға болады.

Студенттерді жатақханада орналастыру 

қандай қағидат бойынша жүргізіледі? 

Студенттерді жатақханаға орналастыру мен оларды 

бөлмелер бойынша бөлуді Студенттік істер жөніндегі 

департамент жүргізеді. Студент бөлу барысында 

берілген бөлмеге орналасуы тиіс. 

Ата-аналар қонаққа келген жағдайда 

оларды кампуста орналастыру НУ-да 

қарастырылған ба? 

Назарбаев Университеті студенттердің ата-аналарын 

кампустың аумағында үй-жаймен қамтамасыз 

етпейді. 




| 4

Балама поштамен сәлемдеме жіберу 

үшін қандай пошта мекенжайын көрсету 

қажет? 

Егер Сіздің балаңыз НУ кампусының аумағында 

тұратын болса, онда Сіз келесі пошта мекенжайын 

көрсетесіз: 010000, ҚР, Астана қ., Қабанбай Батыр 

даңғ., 53, блоктың, бөлменің нөмірі; студенттің ТАӘ 

және студенттің сәйкестендіру нөмірі.



Балам қай жерде тамақтанатын 

болады? 

Студенттерге арнайы тамақтану жоспары ұсынылады, 

осыған сәйкес олар белгіленген айлық төлем арқылы 

асханада студенттерге арналған жеңілдіктермен 

тамақтана алады. 

Асхана заманауи ас үй жабдығымен қамтамасыз 

етілген. Кәсіпқой аспаздар күн сайын табиғи және 

балғын өнімдерден түрлі тағамдар әзірлейді. 

Студенттер асханасынан басқа НУ кампусының 

аумағында кафе, кафетерий және шағын маркет 

орналасқан. 

Студенттердің НУ кампусының 

аумағында тұру жағдайы қаншалықты 

қауіпсіз? 

Кампустың аумағы, оның ішінде жатақханалар тәулік 

бойы күзетіледі. Университет кампусының аумағына 

кіру рұқсаттамалар бойынша жүргізіледі. Құқықтық 

тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Университеттің 

әрбір блогында бейне бақылау орнатылған. Өрт 

қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. 

Оқу корпустарының бөлмелерінде, жатақханаларда, 

спорт және басқа да ғимараттарда төтенше 

жағдайлар туындаған кезде адамдардың қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету мақсатында НУ-дың жауапты 

бөлімшелері Университеттің персоналы мен 

студенттеріне оқу жаттығулары мен нұсқамалық 

шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Жалпы, кампустың аумағында қылмыстар мен құқық 

бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау 

мақсатында Университет елеулі жұмыстар атқарып 

отыр, алайда біз НУ-дың барлық студенттерін 

кампустың аумағында және одан тыс жерлерде 

өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапты болуға және 

өзі байқаған құқық бұзушылықтар туралы НУ-

дың қауіпсіздік қызметіне уақытылы хабарлауға 

шақырамыз. 

Егер балам бөлмеде бірге тұратын 

көршісімен жанжалдасып қалса, кімге 

өтініш білдіруі керек? 

Көршілермен кикілжің жағдаяттары және жатақханада 

тұруға байланысты проблемалар туындаған жағдайда 

студент Студенттік істер жөніндегі департаментке 

өтініш білдіруі қажет.

Балам ауырып қалса, бірінші кезекте 

оған қайда бару қажет?

Ауырып қалған жағдайда немесе студентке шұғыл 

медициналық жәрдем қажет болса, сондай-ақ 

медициналық қызмет көрсетудің барлық мәселелері 

бойынша ақпарат алу үшін НУ базасындағы медицина 

пунктіне жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19-30-ға дейін 

сұрап білуге болады, телефондары 708977, 706432 

немесе сақтандыру компаниясының Call-орталығына 




5 |

қоңырау шалуға болады, оның байланыс телефоны 

студентке берілген медициналық пластикалық 

картада көрсетілген.

Университеттің аумағында медициналық сақтандыру 

компаниясының дәрігерлік кабинеті жұмыс істейді, 

онда мынадай қызмет түрлері көрсетіледі:

•  алғашқы медициналық жәрдем алу;

•  ауырған пациенттерді күнделікті тексеріп-

қарау;


•  салауатты өмір салты мәселесі бойынша 

консультация беру.

Жедел медициналық жәрдем қажет болған жағдайда, 

студент 103 нөмірі бойынша қоңырау шалуы қажет. 

Қосымша дәрігерлік консультациялар Астана 

қаласының №10 студенттер емханасында беріледі. 



Университетте психолог бар ма? Қандай 

жағдайларда және қандай мәселелер 

бойынша оған өтініш білдіруге болады?

Университетте студенттерге кәсіби консультациялық 

және психотерапиялық көмек көрсететін 

Психологиялық Консультация Орталығы жұмыс 

істейді. 

Университет студенттері психологтан консультация 

ала алады, ал қажет болған жағдайда психотерапия 

курсынан өтуге болады.

Студенттер мынадай жағдайларда психологқа өтініш 

білдіре алады:

•  емтихан алдындағы стресс, өз күшіне 

сенбеушілік;

•  эмоциялық тұрақсыздық (қорқыныш, 

фобиялар, беймазалық, депрессия, 

агрессиялық);

•  күйзеліс жағдайлары (ата-ананың 

айырылысуы, жақын адамдардың қайтыс 

болуы, ауыр сырқат және т.б.);

•  жеке тұлғалар арасындағы жанжалдар;

•  ұйқының бұзылуы.

Университетте тұрақты түрде тренингтер мен 

семинарлар өткізіліп тұрады, онда студенттер 

психология бойынша білім алады және мақсатты 

тұжырымдау ұстанымдарын, тайм-менеджмент, 

өзін-өзі реттеу және өмір сүру сапасын арттыратын 

басқа да көптеген дағдыларды тәжірибеде қолдануға 

мүмкіндік алады. 

Университет алдындағы дайындық 

бағдарламасы дегеніміз не және оның 

ұзақтығы қандай? 

Университет алдындағы дайындық бағдарламасы 

(NUFYP) (бұдан әрі – Бағдарлама) – бұл 

студенттерді «Назарбаев Университеті» дербес 

білім беру ұйымының Мектептеріндегі бакалавриат 

бағдарламасына оқуға түсу үшін даярлаудың 

жеделдетілген бір жылдық курсы болып табылады.

2 семестрден тұратын бағдарламаның аясында 

студенттер академиялық ағылшын тілі дағдыларын 

жетілдіреді, сондай-ақ таңдап алған дайындық 

бағытына сәйкес пәндерді оқу нәтижесінде 

базалық білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін 

қалыптастырады. Бағдарламаны табысты аяқтағаннан 

кейін білім алушыларға НУ Мектептеріндегі 

бакалавриат бағдарламасына оқуға түсу үшін 



| 6

университет алдындағы дайындықтың жеделдетілген 

бір жылдық оқыту курсынан өткені туралы сертификат 

беріледі. Сертификатты алу студенттің НУ 

Мектептеріндегі бакалавриат бағдарламасына оқуға 

қабылдануына кепілдік бермейді.



Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз не?

Университетте білім беру бағдарламасы 

элементтерінің (курс/пәндер/модульдер) көлемін 

өлшеу үшін ECTS (Кредиттерді аударудың және 

жинақтаудың еуропалық жүйесі) сынақ бірліктері 

қолданылады. 

Сынақ бірлігі орташа статистикалық студенттің 

бағдарламаны меңгеруі және тиісті құзыреттілікке ие 

болуы мен оқытудың нәтижелерін игеруі үшін қанша 

уақыт жұмсауы тиіс екендігін көрсетеді. 

ECTS-тің бір кредиті 25-30 оқу сағатына тең. «Оқу 

сағаттары» деген ұғым дәрістерді, практикалық 

сабақтарды, семинарларды, оқу практикаларын, 

студенттің өздік жұмысын (әдебиетті оқу, жазбаша 

жұмыстарды, жобаларды дайындау, емтихан 

тапсыруға дайындалу) қамтиды.

Бакалавриат бағдарламаларында бір академиялық 

жылдың стандартты көлемі ECTS-тің 60 кредитін 

құрайды. 

Сынақ бірліктері студенттерге өздерінің білім алу 

траекториясын анықтауға мүмкіндік береді және 

студенттердің ұтқырлығын қамтамасыз ететін 

маңызды құрал болып табылады. Осылайша

кредиттер жүйесі студенттің басқа университетте, 

өзге мемлекетте алған білімінің нәтижесін 

салыстыруға және қабылдауға мүмкіндік береді. 

ECTS кредиттерінің Carnegie кредиттерінен (АҚШ-тың 

кредиттер жүйесі) негізгі айырмашылығы, алғашқысы 

студенттің оқу жүктемесін/еңбек сыйымдылығын 

есепке алуға, ал соңғысы – оқытушымен байланысқа/

аудиториялық сағаттарға негізделген. Демек, ECTS 

кредиттері алға қойылған оқыту нәтижелеріне қол 

жеткізу үшін студенттің оқу жүктемесін өлшеуге 

бағдарланған, ал Carnegie кредиттері оқу 

материалдарын оқыту үшін профессорға қажетті 

уақытты есепке алуға бағдарланған.



Grade Point Average (GPA) дегеніміз не?

Бұл АҚШ-тың көптеген колледждері мен 

университеттерінде және кейде Еуропада 

пайдаланылатын студенттердің академиялық 

жетістіктерін бағалау жүйесі, ол бойынша бағалау 

кезеңі аяқталған соң берілген әріптік бағалар 

сандық көрсеткіштерге өзгертіледі. Назарбаев 

Университетінде GPA 4 балдық шкала бойынша 

есептеледі. Студенттің GPA ағымдағы оқу кезеңі 

ішіндегі кредиттердің жалпы санына әрбір пән 

бойынша алынған балдың сандық эквивалентіне 

кредиттердің көбейтілген сомасының арақатынасы 

болып табылады. 

НУ Бакалавриат бағдарламасының 

ұзақтығы қандай? Бакалавриат 

бағдарламасын аяқтау үшін қанша 

кредиттік сағаттар жинау қажет?

Университет Мектептері үш академиялық кезеңді 

қамтитын академиялық күнтізбеге сәйкес жұмыс 

істейді, олар – күзгі және көктемгі семестрлер 

және жазғы семестр, егер ұсынылған болса. 

Жазғы семестр әрбір Мектеп жеке белгілейтін 

талаптарда ұсынылуы мүмкін. Мақсаты студенттерге 



7 |

бағдарламаның талаптарына бейімделуге көмектесу 

болып табылатын Бейімделу аптасы күзгі семестрдің 

басында өтеді. Күзгі және көктемгі семестрдің 

ұзақтығык16 аптаны құрайды, оның ішінде 14 апта 

сабақтарға және 2 апта семестрлік емтихандарға 

бөлінеді. Жазғы семестрдің оқу кестесін әрбір Мектеп 

жеке белгілейді.

Бакалавр дәрежесін алу үшін студенттерге әрбір 

Мектептің талаптарына сәйкес кредиттердің нақты 

санын жинау қажет (орта есеппен алғанда 240 ECTS 

кредиті). Әдетте, қойылатын талаптарға міндетті 

түрде оқытылатын және элективті (таңдау бойынша) 

пәндердің тізімі мен жинауға қажетті кредиттердің 

ең төменгі саны кіреді. Мектептердің нақты 

талаптарымен танысу үшін студенттер студенттің 

оқуға түсер сәтінде қолданыстағы әрбір Мектептің 

Студентке арналған нұсқаулығына жүгінуі тиіс.



НУ-да студенттердің қазақ тілін 

үйренуіне қаншалықты көңіл бөлінеді? 

Университетте қазақ тілін, әдебиетін және мәдениетін 

оқытуға арналған арнайы бағдарлама әзірленген. 

Ең үздік қазақстандық және шетелдік оқыту 

әдістемелерін қамтитын бағдарлама НУ-дың әрбір 

студентіне қазақ тілі мен мәдениеті туралы терең 

білімін дамытуға мүмкіндік береді. Қазақ тілін меңгеру 

студенттерге білім берудің жалпы талаптарының бір 

бөлігі болып табылады. НУ-ды бітіргені туралы диплом 

алу үшін студент қазақ тілі пәні бойынша 6 кредит 

алып, КАЗТЕСТ (ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен 

дамытылған Қазақстан Республикасының азаматтары 

мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын 

шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін 

бағалаудың отандық жүйесі) тапсыру арқылы 

сертификаттаудан өтуі қажет. 



Студенттерге каникул уақытында 

үйлеріне бару және кері қайту 

жолақылары төлене ме? 

Бакалавриат студенттері жылына екі рет, қысқы және 

жазғы каникул кезінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде 

жол жүру өтемақысын алатын болады. Дайындық 

орталығының білім алушылары жылына бір рет, қысқы 

каникул кезінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде жол 

жүру өтемақысын алатын болады.

НУ студенттерінің стипендия мөлшері 

қандай? 

Ағымдағы жылы Дайындық орталығының 

тыңдаушыларына берілетін стипендия 17 807 теңгені 

құрайды және ол ай сайын төленеді. 

Бакалавриат бағдарламасының студенттеріне 

берілетін «Назарбаев Университеті» стипендиясы 

– 20 949 теңге, жоғарылатылған стипендия – 24 091 

теңге. 


Магистратура бағдарламасының студенттеріне 

берілетін «Назарбаев Университеті» стипендиясының 

мөлшері – 100 000 теңге.

Университет алдындағы дайындық бағдарламасының 

тыңдаушыларына «Назарбаев Университеті» 

стипендиясы оқытудың барлық мерзіміне 

тағайындалады және ай сайын төленеді.

Оқытудың бірінші семестрінде бакалаврлар мен 

магистранттарға «Назарбаев Университеті» 

стипендиясы талапсыз тағайындалады және ай 

сайын төленеді.



| 8

Оқытудың келесі семестрлерінде бакалаврлар 

мен магистранттарға «Назарбаев Университеті» 

стипендиясы емтихан сессиясының қорытындысы 

бойынша «Назарбаев Университеті» стипендиясын 

тағайындау және төлеу критерийлеріне сәйкес 

тағайындалады. 

«Студенттің академиялық мәртебесі» 

дегеніміз не және мәртебенің қандай 

түрлері бар?

НУ-дың бакалавриат бағдарламасын табысты 

аяқтау үшін Университет студенттері академиялық 

прогрестің қажетті деңгейін көрсетуі тиіс. 

Бағаланатын әрбір кезеңнен кейін оқу студенттің оқу 

жетістіктерінің орташа өлшемді бағасы есептелінеді 

және бакалавриат бағдарламасында білім алатын 

студенттердің академиялық мәртебесі (жағдайы) 

мынадай өлшемдерге сәйкес анықталады: 

•  Жақсы академиялық мәртебе. Егер студенттің 

жалпы GPA көрсеткіші 2.0-ге тең немесе одан 

жоғары болса, студент жақсы академиялық 

мәртебеге ие болады. 

•  Жалпы GPA көрсеткіші нормадан төмен 

немесе семестрлік GPA көрсеткіші кез келген 

семестрде нормадан төмен болған студент 

академиялық сынақ мерзімінде жүрген болып 

саналады. Жалпы GPA көрсеткішінің ең 

төменгі деңгейі 2.0-ге тең. Семестрлік GPA 

көрсеткішінің ең төменгі деңгейі 1.5-ке тең. 

Жалпы немесе семестрлік GPA осы ең төменгі 

мәндерден төмен түсіп кеткен студенттер 

академиялық сынақ мерзімінде жүрген болып 

саналады. 

Кейбір жағдайларда студентке «шартты мерзімде» 

(Conditional) мәртебесі берілуі мүмкін, осыған 

сәйкес студент белгілі бір НУ Мектебінің оқуға түсу 

талаптарының кейбіреулеріне сәйкес келмегендіктен, 

НУ-дың бакалавриат бағдарламасына шартты 

түрде қабылдануы мүмкін. Бұл мәртебеден құтылу 

үшін студент белгіленген мерзім ішінде белгілі бір 

талаптарды орындауы қажет. 



Плагиат дегеніміз не?

Студенттік плагиат дегеніміз студенттің ақпарат көзіне 

сілтеме жасамай, қағаз бетінде және электрондық 

тасымалдағышта жарияланған бөтен мәтінді жазбаша 

жұмысында пайдалануға байланысты Назарбаев 

Университетінде белгіленген академиялық 

нормалар мен ережелерді бұзғаны болып табылады. 

Интернеттің пайда болуына байланысты плагиат 

елеулі проблемаға айналды. Кейде студенттер 

интернеттен тұтастай абзацтар мен беттерді көшіріп 

алады да ақпарат көзіне сілтеме жасамай, басқа 

адамның жұмысын өзінің еңбегі ретінде көрсетеді. 

Осындай бұзушылық елеулі академиялық теріс қылық 

болып табылады, бұл үшін студентті Университеттен 

оқудан шығару сияқты жазалау шаралары қолданылуы 

мүмкін. 


Студент Назарбаев Университетінен 

қандай себептер бойынша оқудан 

шығарылуы мүмкін? 

Студентті Университеттен оқудан шығаруға негіз 

болатын себептер: 

1.  ақылы негізде білім алушының оқу төлемінің 

талаптарын бұзуы; 

2.  оқуға қабылдау кезінде көрінеу жалған 

құжаттарды немесе мәліметтерді ұсынуы; 

3.  дәлелді себептерсіз сабақтардың белгілі бір 

санына қатыспауы; 

4.  GPA және/немесе СGPA ең төменгі 

деңгейіне сай болмауы; 

5.  бағдарлама бойынша білім алуын 

жалғастыру үшін қажетті талаптарды 

орындамауы;

6.  Студенттердің мінез-құлық кодексі мен 

Университеттің тәртіптік рәсімдерінде 

көзделген негіздер бойынша; 

7.  ішкі қағидаларды және/немесе 

Университетке қабылдауды, білім 

алушыларға арналған нұсқаулықты қоса 

алғанда, Университетте білім беру процесін 

ұйымдастыруды реттейтін Университеттің 

кез келген басқа да ішкі құжаттарын бұзуы; 

8.  кредиттердің ең төменгі санына тіркеуінің 

болмауы; 

9.  оқудың бірінші аптасының соңында қандай 

да бір пәнге тіркелуінің болмауы; 

10.  дәлелсіз себеп бойынша академиялық 

демалыстан шықпауы; 

11.  шартты түрде оқуға қабылданған жағдайда 

білім алуды жалғастыруға арналған 

талаптарды орындамауы;

12.  Қазақстан Республикасының заңнамасында 

және Университеттің ішкі құжаттарында 

көзделген өзге де себептер. 



9 |

Назарбаев Университеті өз түлектерінің 

жұмысқа орналасуына қандай көмек 

көрсетеді?

Назарбаев Университетінде Мансап және кәсіптік 

бағдарлау орталығы (МКБО) өз қызметін жүзеге 

асырады. Орталықтың негізгі миссиясы студенттердің 

кәсіби дамуының жоғары деңгейіне үлес қосу үшін 

ауқымды мансап қызметтерін қамтамасыз ету, 

студенттерді кәсіби ортаға дайындау, сондай-ақ 

НУ студенттерімен, олардың ата-аналарымен, 

түлектермен, жұмыс берушілермен және Мектептер 

мен Университет қауымдастығымен тығыз қарым-

қатынаста болу болып табылады.

Орталықтың негізгі мақсаттары Кәсіби даму 

бағдарламасын іске асыру және студенттерді 

еңбек қызметіне дайындау, оқу кезеңі барысында 

студенттерге кәсіптік практика ұйымдастыру арқылы 

түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, 

жұмыс берушілердің НУ-да Мамандар күндері мен 

презентацияларын жүргізу және компанияларға 

экскурсияларды ұйымдастыру жұмыстарына 

бағытталған.

Орталық сондай-ақ мансап және кәсіби кеңес беру 

бойынша жеке сессияларды жүргізеді. Сессия 

барысында студенттер түйіндеме жазу, сұхбаттасудан 

өту, мансап жолын жоспарлау мен табысқа жету 

мәселелері бойынша жауап алады.

Орталық әрқашан студенттердің, түлектер мен жұмыс 

берушілердің арасында байланыс орнату үшін әр түрлі 

жолдар іздейді. Тиімді рекрутинг процесі үшін біз 

CareerNet атты мансап онлайн порталын іске қостық.

Порталда тіркелген соң, студенттер ірі 

компаниялардың профильдеріне кіріп, ағымдағы 

бос вакансияларды көре алады және мансаптық 

кеңес беру сессиясына жазыла алады.

Назарбаев Университетінде әлеуетті 

жұмыс берушілерді тарту бойынша 

қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?

МКБО қызметкерлері Астана қаласында және одан 

тыс аймақтардағы қазақстандық және халықаралық 

ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. 

Біздің түлектеріміз мемлекеттік сектор, қаржы, білім 

және ғылым, өндіріс, денсаулық сақтау, энергетика, 

құрылыс, ақпараттық технологиялар және тағы 

басқа салаларда қызмет атқарады. Назарбаев 

Университетінің студенттері – бұл еліміздің 

индустриалдық-инновациялық дамуына үлес қоса 

алатын ұлттық ғылыми және техникалық элитаның 

жаңа буыны. Осы себептен жұмыс берушілер 

біздің студенттеріміздің өсіп дамуын бақылап 

отырады. Олардың пікірлері бойынша Назарбаев 

Университетінің түлектері коммуникативтік және 

аналитикалық дағдылары жақсы дамыған, еңбекқор, 

ынталылық деңгейі жоғары, қиын жағдайларда шешім 

таба алатын мамандар болып саналады. Сонымен 

қатар, жұмыс берушілер НУ студенттерінің білім және 

кәсіби дайындық деңгейін жоғары бағалайды. Біздің 

түлектеріміздің көпшілігі өз стартаптары мен бизнес 

жобаларын сәтті іске қосып, МКБО-ның әріптестері 

болып табылады.

НУ-да студенттік практика қалай 

ұйымдастырылған? 

Әдетте студенттік практика жаз айларында өтеді. 

Студенттерге практикадан өту мүмкіндіктер CAC 

CareerNet платформасы арқылы жіберіледі, бұдан 

кейін олар қажетті құжаттарын тапсырады және 



| 10

тестілеу мен әңгімелесуді қамтуы мүмкін конкурстық 

іріктеуден өтеді. Практикадан өту мәселесін 

талқылау іріктеу ресімінен кейін жеке негізде 

өткізіледі. Практика компания қоятын талаптарға 

сәйкес ақылы немесе ақысыз болуы мүмкін. 

Кейбір жағдайларда студенттер өз шығыстарын 

өздері өтейді. Практикадан өту кезінде күнделікті 

және қорытынды есептер мен тәлімгерлердің, 

студенттердің пікірлері бойынша студенттің дамуына 

мониторинг жүргізіледі. Осы талдау практиканың 

сапасы мен НУ студенттерінің дайындық дәрежесін 

бағалауға мүмкіндік береді. 

Оқу кезеңінде кәсіби практикадан 

өтудің артықшылығы неде?

НУ студенттері Қазақстандағы компанияларда, 

сондай-ақ шетелдегі компанияларда практикадан 

өту мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, осы жазда 

АҚШ, Бельгия, Сингапур, Польша және Жапония 

елдерінде практика бағдарламалары сәтті өтті. 

Студенттер кәсіби практиканы өздері таңдап алған 

кәсіп бойынша практикалық дағдыларды меңгеру, 

ұйымның ұжымына кіру, мамандармен қарым-қатынас 

жасау және әлеуетті жұмыс берушілермен кәсіби 

байланысты орнату мүмкіндігі ретінде қарастырады. 

Назарбаев Университетінің студенті 

бола тұрып, шетел университетінде бір 

семестр немесе бір жыл оқуға бола ма? 

Болады. Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру 

және шетелдік әріптестердің бар болуы Назарбаев 

Университетінің студенттеріне шетелде халықаралық 

оқу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді. 

Осы жазда НУ-дың 35 студенті АҚШ-тың UW-Madison 

және 5 студент University of Illinois at Urbana Champaign 

серіктес университеттердің жазғы бағдарламасына 

қатысты. 

«Шетелде оқу» (Study Abroad Program) 

бағдарламасына кім қатыса алады?

Университет бағдарламаның қатысушыларына 

мынадай талаптар қояды:

•  академиялық үлгерім көрсеткіші (GPA);

•  «Conditional» (Шартты түрде қабылданған 

студент) немесе «Probation» (Сынақ 

мерзімінде) мәртебесінің болмауы;

•  үміткердің жасы 18-де және одан жоғары 

болуы тиіс.

Студенттік Үкімет дегеніміз не? 

Университеттің студенттік Үкіметі – студенттердің 

өзін-өзі басқарудың жоғары органы, сондай-ақ оқу 

және оқудан тыс қызметпен байланысты мәселелерді 

шешуге бағытталған студенттердің бастамаға толы 

бірлескен қызметі. Студенттік Үкімет Университет 

әкімшілігі және басқа да кез келген ұйымдар 

алдында студенттердің мүддесін білдіреді, сондай-

ақ студенттердің қоғамдық мәнге ие бастамаларын 

іске асырады, студенттер ортасында тәрбие 

жұмыстарына, демалысты, спорт пен бос уақытты 

ұйымдастыруға көмектеседі. Студенттік Үкімет өз 

қызметінде заңдылық, жариялылық, ашықтық, өзін-

өзі басқару және еріктілік қағидаттарын басшылыққа 

алады.

Студенттік Үкіметті мерзімі 1 (бір) академиялық 



жылға НУ студенттерінің дауыс беруі арқылы 

сайланатын Президент басқарады. Президент өз 

кезегінде Студенттік Үкіметтің негізгі бағыттарына 

мүшелері жетекшілік ететін министрлер кабинетін 

қалыптастырады. 

Назарбаев Университетінің студенттері 

бос уақыттарын қалай өткізеді? 

Назарбаев Университеті өз студенттерінің бос 

уақытын ұйымдастыруға барлық жағдайларды жасап 

отыр. 


2013 жылдан бастап кампустың аумағында спорт 

кешені ашылды, онда НУ студенттері шағын футбол, 

баскетбол, волейбол сияқты және спорттың басқа 

да түрлерімен айналысатын болады. 

Сондай-ақ Университетте 134 студенттік ұйымдар 

мен клубтар жұмыс істейді, олар түрлі зияткерлік 

даму, ғылыми-зерттеу қызметі, шығармашылық, 

ойын-сауық, қоғамдық, мәдени, өнер және спорт 

саласындағы түрлі қызметті қамтиды. 

Студенттік ұйымдарға кірудің жаңа достар табу, 

дағдылар мен қабілеттерді дамыту, талантты ашу, 

білімді тереңдету, командада жұмыс істей білу, алға 

қойылған мақсаттарға жету, уақытты пайдалы өткізу 

және жақсы демалу сияқты артықшылықтары бар. 




11 |


| 12

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Бейімделу

Студенттің НУ-дағы жаңа студенттік өмірге 

бейімделу кезеңі әр түрлі болуы мүмкін. Егер 

студенттердің кейбіреуі жеңіл және тез бейімделсе, 

ал кейбіреулеріне бейімделу кезеңі қиындықтар 

туғызады. Атап айтқанда, студент өз үйін сағынады, 

жаңа достарына үйренісе алмайды немесе оқи 

алмаймын деп күйзеледі және т.б. 

Балаңызбен ұдайы хабарласып отырыңыз. Онымен 

сөйлесіңіз, Университеттегі студенттік өмір туралы 

сұраңыз, әрдайым қолдау көрсетіңіз және көңілін 

көтеріңіз. Осы арқылы ол өз үйінің сүйіктісі екенін және 

үйдегілердің оны әрдайым күтетінін білетін болады. 

Жаңа ортаға бейімделу кезеңінің ерекшеліктері 

туралы ұлыңызға/қызыңызға түсіндіріп қойыңыз. 

Осы жағдайдың уақытша екендігі және жақын арада 

барлығының өз орнына келіп, жақсы болатындығы 

туралы айтып беріңіз. 

Университетте студенттерге қиын уақытта олардың 

проблемаларын шешуге көмек көрсетуге дайын 

қызметтердің жұмыс істейтіні туралы және оларға 

ұялмай өтініш білдіруге болады деп ескертіңіз.



Оқудағы қиындықтар

Астана – заманауи, әсем және өркендеп келе жатқан 

қала. Осында бірінші рет келгенде студенттер түрлі 

ойын-сауық шараларын бірінші орынға қояды да, 

оқу жағын нашарлатып алады. Кей жағдайларда ата-

аналар баласының нашар үлгерімі туралы кеш біледі. 

Осындай жағдайларды болдырмау үшін:

•  Өз балаңыздан оқу үлгерімі, жетістіктері 

туралы ұдайы сұрап отырыңыз.

•  Оқуда қиыншылық болған жағдайда, тікелей 

пән оқытушысына өтініш білдіруге кеңес 

беріңіз. НУ-дың әрбір оқытушысы «офистік 

сағат» уақытында студенттерді қабылдайды, 

оларға көмек көрсетеді. 



Денсаулыққа қатысты проблемалар

Ауру-сырқаудан аман болу, созылмалы аурулардың 

алдын алу үшін балаңыздың қажетті медициналық 

тексерістен уақытылы өтіп отыруын қадағалаңыз. 

Балаңыз ауырып қалса және Университеттің мед 

персоналына дәрігерлік көмек алуға бармаса, 

дереу медпунктқа бару қажет екендігін және өзін-

өзі емдеуге болмайтынын түсіндіріңіз. 

Балаңыздың жақын достары мен бөлмеде бірге 

тұратын балалардың байланыс телефондарын жазып 

алыңыз. 

Астананың климатын ескере отырып (ызғарлы 

және қарлы қыс, қатты жел, жаңбыр, құбылмалы 

ауа райы) балаңызға жылы киіну қажеттілігі туралы 

және қыстыгүні (қатты суықта) кампустан тыс жерге 

шықпауға кеңес беріңіз. 



Қауіпсіздік

Көптеген балалар Астанаға Назарбаев 

Университетінде оқу үшін кішкентай қалалар мен 

ауылдардан келеді. Ірі қалалардың тұрғындарына 

қарағанда, олар қандай да бір қауіпсіздік шараларын 

қолдануға машықтанбаған. Осыған орай, оларға 

мұқият болуды, бөлмеден далаға шыққанда және 

ұйықтар алдында есік пен терезелерді кілтке жауып 

отыруды, сондай-ақ ірі ақша сомасын өздерімен 

алып жүрмеуді және көрінетін жерде қалдырмауды 

түсіндіріңіздер. 

Астана – біздің Республикамыздың елордасы, 

еліміздің бас қаласы. Қала басшылығы тұрғындар 

мен келген қонақтардың қауіпсіздігін барынша 

қамтамасыз етуге бар күшін салады. Мемлекет 

тарапынан қолданылып жатқан қауіпсіздік 

шараларымен бірге әрбір адам көшеде, 

ғимараттарда сақтық шараларын сақтаулары тиіс. 

Осыған орай, студенттерге қалада түнгі уақытта 

жүрмеуді, күдікті адамдарға сенім білдірмеуді және 

олармен қарым-қатынас жасамауды тағы да естеріне 

салу артық болмайды. 




13 |


| 14

СТУДЕНТТЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН НУ-

дың НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Студенттік істер жөніндегі департамент

Студенттік істер жөніндегі департамент (СІД) 

студенттердің өміріне қатысты стратегиялық 

саясатты әзірлеу мен дамытуға бағытталған 

озық құрылымдық бөлімше болып табылады. СІД 

Университеттің әкімшілігімен және НУ Мектептерімен 

бірге Студенттік Үкімет пен ұйымдардың қызметіне, 

оның ішінде студенттердің күнделікті істерін 

басқаруға көмек көрсетеді. СІД қызметкерлері 

түрлі сабақтан тыс зияткерлік, спорттық және 

шығармашылық бағдарламаларды ұйымдастыру 

мен дамыту саласында НУ-дың оқытушыларымен 

және студенттерімен бірге тығыз жұмыс істейді.

Бекжанов Асхат Орымбайұлы

Директор


Тел.: +7 (7172) 70 60 85

E-mail: abekzhanov@nu.edu.kz



Бахтияр Рахимов

Аға менеджер

Тел.: +7 (7172) 70 90 26

E-mail: bakhtiyar.rakhimov@nu.edu.kz



Нұрмұхамедов Қасымхан

Студенттік істер жөніндегі Мектеп менеджер

Тел.: +7 (7172) 70 65 75

E-mail: kasymkhan.nurmukhamedov@nu.edu.kz



Жасенов Айбек

Студенттік істер жөніндегі Мектеп менеджер

Тел.: +7 (7172) 70 60 56

E-mail: gshokatova@nu.edu.kz



Регистратор офисі

Сайт: http://registrar.nu.edu.kz/

E-mail: registrar@nu.edu.kz

Регистратор офисі (РО) – студенттің барлық оқу 

жетістіктерінің тарихын тіркейтін бөлімше болып 

табылады.

РО студенттің оның академиялық мақсаттарына 

қол жеткізуге көмектесуіне бағытталған негізгі 

функциялары:

•  Студенттердің деректер базасын жүргізу;

•  Академиялық күнтізбені құру;

•  Оқу процесін ұйымдастыру және 

мониторингтеу;

•  Студенттердің жеке істерін сақтау.



Ребекка Картер

Регистратор

Тел.: +7 (7172) 70 60 65

E-mail: rebecca.carter@nu.edu.kz




15 |

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Сайт: https://cac.nu.edu.kz

Назарбаев Университетінің Студенттерді кәсіптік 

бағдарлау және дамыту орталығы мамандық таңдау, 

мансапты жоспарлау, практикадан өтетін жерді 

ойластыру, магистратура бағдарламаларында оқу 

мүмкіндіктері, академиялық ортадан кәсіби ортаға 

өту сияқты мәселелер бойынша ақпарат іздеген 

студенттерге көмек көрсететін бірден-бір орталық 

болып табылады.

Орталықтың негізгі функциялары:

•  Университетте оқу процесінің (білім беру 

семинарлары, тренингтер мен мастер 

кластар, қонақтардың дәрістері, экскурсиялар) 

шеңберінде студенттердің Кәсіптік дамыту 

бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

•  Университет студенттеріне қызмет саласын 

таңдауға және кейіннен мансабын дамытуға, 

еңбек нарығындағы мінез-құлыққа байланысты 

мәселелер бойынша кеңес беру;

•  Университет студенттеріне оқу процесі кезеңінде 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мәселелері 

бойынша кеңес беру;

•  Университет студенттері мен түлектері үшін 

кәсіптік практика мен тағылымдама ұйымдастыру;

•  Түлектерге арналған уақытша, тұрақты жұмыс 

пен тағылымдаманы қоса алғанда, өзекті бос 

лауазымдар базасын қалыптастыру;

•  Шетелдіктерді қоса алғанда, әлеуетті жұмыс 

берушілер мен үміткерлердің деректер базасын 

қалыптастыру;

•  Орталықтың сайтында және мансап порталында 

(CAC CareerNet) студенттердің, түлектер 

мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылын 

қамтамасыз ету;

•  Университет түлектерінің қауымдастығы мен  

Университет департаменттерінің, Мектептерінің 

өзара іс-қимылын үйлестіру;

•  Университет түлектері қауымдастығына ұлттық 

және халықаралық деңгейлердегі даму жөніндегі 

бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу; 

•  жұмыс берушілерге жас мамандарды 

жұмысқа алу бағдарламаларына, Университет 

студенттері мен түлектеріне арналған 

мансаптық іс-шараларды ұйымдастыруға және 

компаниялардың оқу процесіне қатысуына 

байланысты консультация беру



Евгения Ким

Директор


Тел.: +7 (7172) 70 90 16

E-mail: yevgeniya.kim@nu.edu.kz



Ғайни Есембекова

Аға менеджер

Тел.: +7 (7172) 705886

E-mail: gaini.yessembekova@nu.edu.kz



Дина Астаева

Аға менеджер

Тел.: +7 (7172) 70 63 80

E-mail: dina.astayeva@nu.edu.kz



Лилия Тілеукенова

Менеджер


Тел.: +7 (7172) 69 45 25

E-mail: liliya.tleukenova@nu.edu.kz



Айнұра Қалиева

Менеджер


Тел.: +7 (7172) 705895

E-mail: ainura.kaliyeva@nu.edu.kz



Еңлік Молғождарова

Маман


Тел.: +7 (7172) 70 58 35

E-mail: yenlik.molgozhdarova@nu.edu.kz




| 16

Дайындық мектебі (CPS)

Студенттердің «Назабаев Университеті» дербес 

білім беру ұйымы Мектептерінің бакалавриат 

бағдарламаларына оқуға түсуі үшін бір жылдық 

университет алдындағы жедел дайындық 

бағдарламасын жүзеге асырады. 



Лесли Прайс

Бас директор

E-mail: Lesley.price@nu.edu.kz

Маржан Қабдылшәріпова

Атқарушы директор

Тел: +7 (7172) 70 60 57

E-mail: mkabdulsharipova@nu.edu.kz



Гуманитарлық және әлеуметтік 

ғылымдар мектебі (ГӘҒМ)

Сайт: http://shss.nu.edu.kz

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында 

маманданған бакалавриат және магистратура білім 

беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге 

асырады.

Филип Энс

Академиялық мәселелер жөніндегі Вице-декан

Тел: +7 (7172) 70 66 80

E-mail: philip.enns@nu.edu.kz



Жоламанова Альмира

Студенттік істер жөніндегі үйлестіруші

Тел.: +7 (7172) 70 66 38

E-mail: azholamanova@nu.edu.kz



Түркменова Мәлика 

Студенттік істер жөніндегі үйлестіруші

Тел: +7 (7172) 70 91 93

E-mail: malika.turkmenova@nu.edu.kz



Ғылым және технологиялар мектебі

Сайт: http://sst.nu.edu.kz/sst

Василиус Турасис

Декан


Тел.: +7 (7172) 70 90 89

E-mail: vassilios.tourassis@nu.edu.kz



Майкл Льюис

Студенттік істер жөніндегі Вице-декан

Тел.: +7 (7172) 70 65 59

E-mail: mlewis@nu.edu.kz



Студенттік істер жөніндегі әкімші  

(академиялық үлгерім және кесте)

Ақшалов Мират 

Тел.: 8 7172 70 91 80

mirat.akshalov@nu.edu.kz

Инженерия мектебі

Сайт: http://seng.nu.edu.kz/seng/

Сай Фок

Вице Декан

Тел: +7 (7172) 705726

E-mail: sai.fok@nu.edu.kz



Айнұр Байжанова

Декан ассистентi

Тел.: +7 (7172) 70 65 48

E-mail: ainur.baizhanova@nu.edu.kz



Динара Ибраева

Академиялық мәселелер жөніндегі аға менеджер

Тел.: +7 (7172) 69 46 29

E-mail: dibrayevas@nu.edu.kz



Аида Сұлтанәлі

Академиялық мәселелер жөніндегі менеджер

Тел.: +7 (7172) 70 65 43

E-mail: asultanali@nu.edu.kz




17 |

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар 

мектебі

Сайт: https://smg.nu.edu.kz/

Эркан Топал

Декан


Тел.: +7 (7172) 70 45 31

E-mail: erkan.topal@nu.edu.kz



Ғани Несіпбеков

Атқарушы директор

E-mail: gani.nessipbekov@nu.edu.kz

Серік Мырзаев

Менеджер


Тел.: +7 (7172) 70 45 38

E-mail: serik.myrzayev@nu.edu.kz



Студенттер жатақханасы

Мэлс Күмісбеков

Байланысатын тұлға

Тел.: +7 (7172) 70 60 84

E-mail: mels.kumisbekov@nu.edu.kz



Медпункт/Медициналық сақтандыру 

компаниясының Дәрігерлік кабинеті

Студенттер жатақханасы, 19 Блок, 2 қабат

Астана қаласының №10 қалалық емханасы 

Астана қ., 188 көш., 8-үй

Тел.: +7 (7172) 70 87 13, 70 86 63

Сайт: http://www.emhana10.kz/



Психологиялық консультация орталығы

Бауыржан Әренов

Психолог


Тел.: +7 (7172) 70 65 83

E-mail: barenov@nu.edu.kz



Ерден Нұртаев

Психолог


Тел.: +7 (7172) 70 57 35

E-mail: yerden.nurtayev@nu.edu.kz



Виктория Бин

Психолог


Тел.: +7 (7172) 70 90 42

E-mail: viktoriya.bean@nu.edu.kz



Руфия Омарова

Психолог


Тел.: +7 (7172) 70 63 03

E-mail: romarova@nu.edu.kz




КАРТА КАМПУСА 

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ КОРПУСЫ / УЧЕБНЫЙ КОРПУС

ЖАТАҚХАНАЛАР / ОБЩЕЖИТИЯ

СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ / СПОРТИВНЫЙ ЦЕНТР

Қабанбай батыр даңғылы


НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ 

КАМПУСЫНЫҢ КАРТАСЫ

Тұран даңғылы

жүктеу 154,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау