Орындалуда (жыл сайын)
Астана қ. Әкімдігінің мәліметі бойнша ТҮКШ саласында қызметті көрсету сапасын және энергоүнемдеу тиімділігін жоғарылату мақсатында «Көшені ақылды жарықтандыру» және «Smart tracking» жобалары жүзеге асырылуда. Көшені ақылды жарықтандыру.
Пилотты жоба Астананың Есіл ауданы Еңбекшілер көшесінде жүзеге асырылған және 2015 жылғы маусымда тәжірибелік пайдалануға енгізілген.
Жоба шеңберінде 43 ескі шамдар жаңа светодиодты шамдарға ауыстырылған және пилотты жобаның пайдалану нәтижесінде электроэнергиыны үнемдеу 50 пайызға жетті.
Соңғы нәтиже:
- электроэнергияны көшені жарықтандыруға шығынды 50 пайызға төмендету;
- көшені жарықтандыруды пайдалану шығынын 30 пайызға төмендету;
- шамдарды 0-10 пайыз қуаттылықта диммирлеу;
- шамдар қызметінің мерзімі кем дегенде 10 жыл.
Күтілетін жағдай:
- әлеуметтік: көше мен жолдардың жарықтануына азаматтардың қанағаттануы
- экономикалық: көшені жарықтандыруда электроэнергияға шығындарды 270 млн.тенгеге дейін төмендету
- өндірістік: қала бойынша әрбір шамдарды бақылау және есеп жүргізу.
Жоба меншікті инвестицияларды қатыстыру есебінде жүзеге асырылады.
Smart tracking
2015 жылы жүйе мен орнатылған GPS трекерлердің көмегімен көлік жабдықтарының айналымын тиімді басқару және төмендету, пайдаланудлағы шығындарды төмендету мақсатында пилоттық жоба бөлігі «Астана тазалық» ЖШС және «Астана Зеленстрой» АҚ базасында жүзеге асырылған болатын, мұнда 20 көлік жабдықтары «Smart tracking» жүйесіне қосылған болатын, нәтижесінде жанармай шығынының үнемделуі 25 пайызға жетті, сонымен бірге автокөлік жабдықтарының айналымы 27 пайыз мөлшерінде қысқарды.
Жоба тәулік бойы коммуналды қызмет көліктері жабдықтарын бақылау және басқаруға мүмкіншілік береді, орнатылған GPS трекерлер көмегімен және жүргізілген жұмыстар бойынша есепті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тікелей нәтиже:
- коммуналды қызметке қатынайтын кем дегенде 2000 дана көлік жабдығын «Smart tracking» көлік жабдықтарын бақылау және басқару бірыңғай жүйесіне қосу.
Соңғы нәтиже:
- көлік жабдықтарына жанармай шығынын 10 пайызға дейін төмендету;
- көлік жабдықтарын пайдалануға шығындарды 15 пайызға дейін төмендету;
- көлік жабдықтарын жүріп өткен жолда 24 сағат туәлік бойы мақылау және басқару;
- механизмделген тазалау бойынша орындалған жұмыстар есебі.
Күтілетін жағдай:
-әлеуметтік: жұмыстарды орындау үшін маршруттарды тиімді құруда азаматтардың қанағаттануы
- экономикалық: 1500 дана көлікті пайдалану шығындарын ~ 150 млн. тенге сомасына қысқарту – - өндірістік: майды, шинаны және жүйеде сақтандыру полисті ауыстыру бойынша мерзімді нақты есеп алу. Жобаға қаржы қарастырылмаған. Алматы қаласының акиматының ақпаратына сәйкес Алматы қаласының даму Орталығы АҚ техникалық спецификалық сатып алу қызметі Концепцияны әзірлеу бойынша әзірлеп және бекітті, «Smart Almaty» мастер жобасының жоспары. 23 тамызда №122 Концепцияны әзірлеу және мастер-жоспар Smart Almaty жобасы бойынша Институт инжиниринг және ақпаратты технология КБТУ IDC Central Europe серіктестігімен келісім шартқа қол қойылған. Smart Almaty бағыты бойынша жұмысшылар тобы құрылды. Концепция мастер-жоспар Smart Almaty жобасын бекітудің жоспарлау уақыты 2016 жылы 20 желтоқсанда. Концепцияны қабылдау 2017 жылы 20 ақпанда күтілуде.
Батыс-Қазақстан облысының ақпараты бойынша бүгінде маштабты қалаларды осы жобаны енгізі проблемалық, өйткені жүйелердің тозуы: электрмен жабдықтау -83,1%, жылу желілері -52,7%. Сумен жабдықтау -67%, су бұру - 66% құрайды.
Қарағанды облысында мемлекеттік «Ақпаратты Қазақстан – 2020» бағдарлама негізінде осы іш шараға бюджеттік қаражат қаланың бюджетінен бөлінген жоқ, бірақ 2014 жылы «Автомобилді функ» бағдарламаға қаланың бюджетінен 10.5 млн.тенге бөлінген, Қарағанды қаласының орталық көшелерінде 5 ақпаратты табло «Ақылды остановка» (1000 ұсақ түйек, ЦУМ, ДКГ, Политех, Боулинг; Арман) орнатылған. Осы таблода жолаушылардың көлігінің қозғалысының марутын, келу уақытын және остановкалардың орналасқан пунктілерін көреалады.
Сонымен қатар қаланың инфраструктурасын көре алады, оның ішінде көшелердіі орналасқаның, үйлердің, ірі сауда орталықтарының орның, мәдени объектілерді, білім беру және денсаулық сақтау.
Бұл ақпараттық таблолар тұрғындар мен қала қонақтарының пассжирлік транспортпен қозғалуын жеңілдетуге арналған.
2014 жылдан бастап Қарағанды қаласында пассажирлық транспортты GPS мониторингілеу жүйесін енгізу басталды. GPS трекерлері автопарктердің өз қаражаты есебінен алынды.
Қазіргі таңда GPS трекерлер қаланың барлық бағыттарынада орналастырылған. Бұл автобустардың қозғалу уақытын қадағалауға, жылдамдық режимдерін сақтауға және бекітілген схеманы өзгертуге мүмкіндік береді.
Бағыт туралы ақпаратты кез келген адам компьютерден, мобильдік құрылғыдан және bus09.kz cайтынан қолдана алады. Сайтты әзірлеуге және ары қарай қызмет көрсетуге қалалық бюджеттен қаржы бөлінбеді. Қаржыландыру автопарктердің өз есебінен жүзеге асырылды. Бұрында мониторинг диспетчерлік пунктерден жүзеге асырылатын. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының пассажирлик транспортын басқару орталығы» ЖШС электрондық мониторинг жүргізеді.
Жамбыл облысында «Ақылды қала» жобасын Астана қаласында енгізілген типтік шешімдердің негізінде құру жоспарлануда.
|