28
біріктіреді, толықтырып, өзараәсерін ұйымдастырады. Консультанттардың
қажеттілігі ақырғы пайдаланушылар саны көбейіп, ақпараттың біріктірілуі
күшті болатын ірі ұйымдарда туындап, ұлғаяды.
Ақпарарттық технологиялар рыногында сатылып, сатып алынатын басқа
ресурстар төрт топқа бөлінеді: техникалық ресурстар (жабдықтар),
программалық ресурстар, деректер базасы, телекоммуникациялар[22].
Телекоммуникацияларда да ақпараттық жүйелер байланысы процестерін
қамтамасыз ететін, арнайы ресурстар топтарына ерекшеленген жабдықтар
мен программалар пайдаланылатындықтан, халықаралық сауда жүйесінде
біршама басқаша номенклатура қолданылады.
Анағұрлым тармақталған топ – жабдықтар ресурсы. Программалық
ресурстар номенклатуралары да кең. Деректер ресурсы – бұл әртүрлі
деңгейдегі (корпоративті, фирмалар, жұмыс топтары, жеке) деректер базасы
жиыны.
Ақпараттық жүйені құру кезінде жобалаушылар жұмыс істеп тұрған
жүйенің ресурстары мен процестерін талдайды, одан кейін оларды жаңа
ақпараттық технологиялар негізінде неғұрлым эффектвті өзара әсерлесетіндей
етіп жобалайды.
АЖ жобаларын ендіру сатысында ресурстар бөлігі рынокта алынады, ал
біраз бөлігі (деректер базасы және «кілт арқылы» программалар) ұйымның өз
күшімен тікелей объектіде жасалады. Ресурстарды сатып алу мәселелері
менеджерлер мен директорлардың қатысуы арқылы шешіледі, сондықтан
болашақ менеджерлер ақпараттық жүйелердің ресурстарының қызметі мен
түрлерін білуі қажет.
АЖ негізгі ресурстарын анықтау жүйесі.Қазіргі кезде менеджерлер
күнделікті жұмыстарында компьютермен программаларды көмекші ретінде
қолданып қана қоймай, ақпараттық технологияларды өз бизнестерінің негізгі
объектісі жасай алады. Сондықтан осы құралдарды әлемдік стандарттарда
анықталатын номенклатурада талдай білуі керек.
Сауда
статистикасы
аймағында ЕС
стандарттары
талаптарын
қанағаттандыратын Халықаралық жұмыс топтары EITO TASK FORCE мен
IDC корпорациясының келісімдеріне сәйкес келетін негізгі анықтамалар
жүйесі бар. Осы материалдарды шолу мен меңгеруді жеделдету үшін класстар
мен подкласстардың құрылымын графикалық түрде көрсетеміз [23].
Сауда
статистикасы
аймағында ЕС
стандарттары
талаптарын
қанағаттандыратын Халықаралық жұмыс топтары келісіміне сәйкес келетін
негізгі анықтамалар жүйесі:
1.
Ақпараттық технология және ақпараттық коммуникациялық
технология
жалпы анықтамалары
1.
Техникалық
жабдық компоненттері
2.
Программалық
жабдықтық компоненттері
3.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (ИКТ)
2. Аппараттық жабдықтар (компьютерлік құрылғылар)
1.
Деректерді өңдеу жүйелері
29
2.
Көппайдаланушыларға арналған жүйелер
1.
Үлкен жүйелер
2.
Орта жүйелер
3.
Кіші жүйелер
1.
Жұмыс
станциялары
2.
Дербес компьютерлер (ДК немесе ДЭЕМ)
1.
Порталды ДК
2.
КішігірімДК
1.
ДК
арналған принтерлер
2.
Офистік жабдықтар
1.
Жазу машинкалары
2.
Калькуляторлар
3.
Көшіру техникасы
4.
Басқа офистік
және функциональды жабдық
5.
Желілік жабдықтар
1.
ЖЕЖ (ЛВС) интерфейстері
2.
ЖЕЖ (ЛВС) интеллектуалдық концентраторлары
3.
Терминальды серверлер
4.
Желіаралық жабдық
5.
Деректерді таратудың басқа жабджығы
3. Программалық жабдықтар
1.
Жүйелік программалық жабдық
2.
Көмекші программалық-утилиттер
3.
Қолданбалы программалық құралдар
4.
Қолданбалы программалық шешімдер
4. Қызметтер
1.
Кәсіби қызметтер
2.
Есептеуіш қызметтер
3.
Желілік қызметтер
1.
Техникалық қызметтер және жабдықты қолдау бойынша
қызметтер
5. Телекоммуникациялық жабдықтар
1.
Пайдаланушы мекемелеріне орналастырылған
2.
Коммуникациялық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету
6. Коммуникациялық қызметтер
1.
Дыбысты (дауысты) тарату желісі қызметі
2.
Деректерді тарату желісі қызметі
3.
Пайдаланушы жұмыс істейтін орында жабдықтарды орнату
және қамтамасыз ету қызметтері.
Ақпараттық технологиялар (АТ) және Ақпараттық коммуникациялық
технологиялардың (АКТ) жалпы анықтамалары.«Ақпараттық технология»
(АТ) түсінігі көрсетілген келісімдегі мәтінде өндіріске қатысты айтылады:
30
4.
техникалық жабдықтау компоненттері (есептеуіш жүйелер
мен желілер, офистік жүйелер, деректерді өңдеу және тарату құралдары
және т.б.) немесе аппараттық құралдар (компьютерлік жабдықтар);
5.
программалық
жабдықтар
компоненттері
(жүйелік,
қолданбалы, көмекші) немесе программалық өнім (программалық
құралдар);
6.
әртүрлі қызметтер түрлері (кәсіби, есептеуіш, желілік,
ақпараттық, техникалық).
«Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың» неғұрлым кең
түсінігі
телекоммуникациялық
құрылғылар
және
коммуникациялық
қызметтермен бірге қарастырылған ақпараттық технологияларға қатысты.
Аппараттық
құрылғылардың
сауда
номенклатурасында
жалпы
қолданылатын құралдардың алты тобы ерекшеленген (сурет 11).
Деректерді өңдеу жүйелері, көппайдаланушылар жүйесі, жұмыс
станциялары, дербес компьютерлер, ДК арналған принтерлер, офистік
жабдықтар. Офистік желілік құрылғылар құрамында деректерді тарату
аппаратураларының топтары бар.
Деректерді өңдеу жүйелері(есептеуіш жүйелер) орталық процессорлар
және негізгі перифериялық құрылғыларды қамтиды. Перифериялық
құрылғыларға деректерді жинақтау және сақтау құрылғылары, терминалдар
және т.б., сонымен бірге негізгі конфигурацияны кеңейту кезінде қосылатын
компоненттер жатады.
Үш түрлі (үлкен, орташа, кіші) жүйені қамтитын «Көп пайдаланушылар
жүйесі»түсінігі бір пайдаланушыға арналған жұмыс станциялары мен дербес
компьютерлерге қатысты емес. Әдетте көппайдаланушы жүйелердің ортақ
белгісі, олар екі одан да көп пайдаланушылардың көпмәселелелі режимінде
жобасын қолдау болып табылады.
Үлкен жүйелерге жалпы қолдануға арналған қуатты әмбебап ЭЕМ,
суперкомпьютерлер, ғылыми зерттеулерге арналған мамандандырылған
жоғары жылдамдықты ЭЕМ жатады. Есептеуіш жүйелердің үлкен топтарға
жатқызылуының кретерийі бірінші кезекте оның бағасы болып табылады.
Көп пайдаланушы орта жүйелерге кіші әмбебап ЭЕМ деп аталатын,
осыған ұқсас кретерийлер бойынша дәстүрлі супермини ЭЕМ жатады.
Көп мәселелелі режимде екі және одан да көп пайдаланушылар жобасын
қолдамайтын бірпайдаланушыға арналған компьютерлік жабдықтардың
көппайдаланушылар жүйесінен ерекшелігі, олар 2.3 топқа жұмыс
станцияларына жатқызылды.
«Дербес компьютерлер» (ДК немесе ДЭЕМ) 2.4 тобын екі түрлі
компьютерлер құрайды: порталды және кішігірім