8. 1916 жылғы қозғалыс Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды.
9. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды.
10. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып тағайындалған генерал А.Куропаткин қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға, лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалануға рұқсат берді.
11. 1916 жылғы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісші жазалау отрядын талқандап, Қарқара жәрмеңкесін басып алды.
12. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай облысында орын алды.
13. 1916 жылғы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды және көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті.
14. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы сипатта болды.
15. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты миллионға жуық кеміді.
16. 1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды.
17. 1917 жылғы наурыз, сәуір айларында әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.
18. 1917 жылғы 20 наурызда Ресей азаматтарының белгілі бір дін ұстануына немесе қай ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жойды.
19. 1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттары – бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.
20. 1905 жылы бой көрсеткен алаш қозғалысы Ақпан революциясынан кейін қайта жанданды.
21. 1917 жылғы сәуір, мамыр айларында Алаш партиясының облыстық, ішінара уездік съездері болып өтті.
22. 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезі азықпен жабдықтау, жергілікті өзін-өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім және ағарту мәселелерін қарады.
23. 1917 жылғы көктеміндегі Семей облыстық съезіне қатысушылар Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды.
24. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда Жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.
25. 1917 жылғы сәуір айында Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті.
26. 1917 жылғы мамырда мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі болып өтті
27. 1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы – Түркістан федералистер партиясы құрылды.
28. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революциялық одағы» құрылды.
29. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |