«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
26 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
жалғастыруы керек (жалпы практикалық дәрігерден басқа). Жалпы медицина» мамандығы
бойынша оқу бітірген (5+2) түлек клиникалық мамандықтар бойынша терең кәсіби білім алу
үшін оқуын магистратурада жалғастыра алады.
3.3.2 Офис-тіркеуші қызметі туралы
3.3.2.1 Офис-тіркеуші (ОТ) – таңдау бойынша пәндерді тіркеуден бастап, емтихандық-
рейтингтік тізімдемені өңдеу мен сақтауға дейінгі аралықта студенттің оқу саласында қол
жеткізген жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеу ісімен айналысатын, GPA балын (білім
алушылардың оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасы) есептейтін, студентті қолдау
қызметі.
3.3.2.2 Офис-регистратор бөлімі студенттердің білімін бақылаудың есебін жүргізеді
және академиялық рейтингіні есептейді.
3.3.2.3 Офис-тіркеушінің негізгі міндеттері:
- білім алушылардың академиялық үлгерімін есепке алу;
- білім алушылардың академиялық рейтінгісін есептеу;
- білім алушылардың жеке оқу жоспарын және академиялық тобын құруға көмектесу;
- білім алушылардың бірінші курстан бастап оқу бітіргенге дейінгі оқу пәндері
бойынша кредит/сағат санын бекітілген үлгі бойынша есептеу;
- ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу үшін қажетті тізімдемелерді
дайындау;
- аралық және қорытынды аттестаттау бойынша жиынтық тізімдеме қорытындысын
жасау және дайындау;
- ағымдық транскриптті, дипломға қосымшаны (транскрипт) табыстау және GPA-дің
өту балын есептеу;
- электив пәндер каталогын жасау процесін ұйымдастыру және жүргізу;
- білім алушылар эдвайзермен бірге элективті пәндерді ұйымдастыру және оқытуын
жазу;
- жазғы семестрді ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
- білім алушының өтініші мен расталған құжатына сәйкес ағымдық, аралық және
қорытынды аттестаттау үшін жеке тізімдемені беру.
3.4 Пәндер бойынша тіркелу тәртібі
3.4.1 Электив пәндерге жазылу тәртібі
3.4.1.1 Электив пәндер – бекітілген кредиттер (сағат) шеңберіндегі таңдау пәндерінің
компонентіне енетін оқу пәндері. Ол білім алушының жеке траекториясын көрсетеді. Курс
және кредит/сағат санын анықтау үшін МЖМБС-ке сәйкес таңдалады. Элективті пәндер
каталогы жыл сайын оқу-әдістемелік кеңесінде жаңартылады және бекітіледі.
3.4.1.2 Элективті пәндерді таңдау офис-тіркеушінің үйлестіруімен ресми түрде
тіркелу арқылы іске асады. Сонымен қатар, ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық
жұмыс үшін эдвайзерлер мен деканат қызметкерлері шақырылады.
3.4.1.3 Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін білім алушы таңдаған пәндеріне жазылады.
3.4.1.4 Білім алушылар электив пәндерге www.edu.amu.kz/student сайты арқылы
тіркеледі.
3.4.1.5 Электив пәндерге жазылу ағымдағы жылдың көктемгі семестрінде екі аптаның
ішінде жүргізіледі.
3.4.1.6 Егер, таңдалған пәнге бекітілген шектен кем студент жазылса, пән ашылмайды
және оқу жоспарына енгізілмейді. Академиялық лектер мен топтар осы пәнге тіркелген білім
алушылардың саны жеткілікті болған жағдайда ғана құрылады.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
27 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.4.1.7 Студент электив пәндерге тіркелудің және жеке оқу жоспарына өзгерістер
енгізудің бекітілген мерзімінен кешікпеуі тиіс.
3.4.1.8 Студент білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылына бекітілген
кредиттерге (сағаттарға) ғана жазылуы керек.
3.4.1.9 Егер білім алушы белгіленген мерзімде тіркелмеген болса, оның оқуының
негізіне осы курсқа арнап құрастырылған оқу жұмыс жоспары алынады.
3.4.1.10 Студент таңдаған электив пәндердің негізінде офис-тіркеуші топ тізімі
бекітілгеннен кейін топтар бойынша жеке оқу жоспарының үлгілерін жасайды. Онда электив
пәндер жазылады.
3.4.1.11 Білім алушы жеке оқу жоспарының өзінің жеке үлгісін жеке кабинеттен
(www.edu.amu.kz/student) жүктеп алуы тиіс немесе офис-тіркеуші бөлімінен алып мұқият
тексеріп алуы керек. Үлгі Excel бағдарламасында әзірленген. Мұнда міндетті оқылатын
компонет пен таңдау компоненті (электив пән) берілген.
3.4.1.12 Міндетті оқылатын пәндер – осы курста міндетті түрде оқылуы тиіс пәндер. Ол
аталмыш мамандықтың МЖМБС оқу жоспарында көрсетілген.
3.4.1.13 Жеке оқу жоспарында студенттің тегі, аты, әкесінің аты және тобының нөмірі
жазылады.
3.4.1.14 Толтырылған жеке оқу жоспарына студент, эдвайзер қол қояды және факультет
деканы бекітеді.
3.4.1.15 Егер студент белгіленген мерзімде офис-тіркеушіге өзінің жеке оқу жоспарын
өткізбесе немесе тіркелуден бас тартса, оның оқуының негізіне осы курсқа арнап
құрастырылған оқу жұмыс жоспары алынады.
3.4.1.16 Жеке оқу жоспарының 2 данасын декан факультеті бекітеді: біреуі – деканатта
сақталады және ол студенттің оны орындағанын және меңгергенін бақылауға негіз болады,
екіншісі – білім алушыда қалады.
3.4.1.17 Қол қойылған және бекітілген жеке оқу жоспарын міндетті түрде орындау
керек. Таңдалған пәндерге (міндетті оқытылатын пәндерге де) қатыспау академиялық қарыз
болып саналады.
3.4.1.18 Жеке оқу жоспарын деканатқа тапсыратын соңғы мерзім – оқу жылының
алғашқы аптасы.
3.4.1.19 Студенттердің бекітілген жеке оқу жоспары оқу жұмыс жоспарын құрудың
негізі болып табылады.
3.4.2 Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайындағы оқытушының функциялары
3.4.2.1 Оқытушы (педагог) функциялық міндеттеріне қарай келесі қызметтерді
атқарады:
- дәріскер;
- тьютор – арнайы дайындықтан өткен, сабақ жүргізетін және белгілі пәнді меңгеру
бойынша студенттің академиялық консультанты міндетін атқаратын оқытушы;
- эдвайзер – тиісті пән бойынша білім алушының академиялық тәлімгері, ол таңдау
пәндерінен жеке оқу жоспарын жасауға және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын
меңгеруге көмектеседі. Деканатта мамандық эдвайзері, кафедрада пән эдвайзері болады;
- куратор – оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсету үшін студенттер
тобына бекітілген оқытушы. Ұйымдасқан ұжым құру және оны тиімді басқару – куратордың
негізгі міндеттерінің бірі.
3.4.2.2 Оқытушының студенттермен жұмысына келесі үш негізгі функция кіреді:
Оқытушының бірінші функциясы – нұсқаушы (тақырыпқа кіріспе; мақсат пен
міндеттер қою; практикалық тиімділікті, маңызды материалдың негізгі бөлімдерінің мәні