И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
404
405
жартылайөткізгіштің
тыйым салынған зонасының (аумағының) енінен артық
болған кезде негізгі заряд тасушыны
қармап алатын беттік күйі болғанда жүзеге
асырылады. Егер инверсиялық қабаттың қалыңдығы заряд тасушылардың еркін
жолының ұзындығынан кем болса, онда инверсиялық қабатта квазиекіөлшемді
өткізгіштіктің пайда болуы ықтимал. Осы жайт жартылайөткізгіш қабаттың
беттік және оптикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкеп соқтырады.
ИНВЕРТОР (латынша «инверто – аударамын, өзгертемін») –
тұрақты ток-
ты айнымалы токқа түрлендіруге арналған құрылғы; вентильдік қасиетке ие
жартылайөткізгіштік немесе газ-разрядты аспаптардан жасалады.
ИНДИКАТОР (латынша – көрсеткіш) – бақыланатын техникалық үрдісті
немесе нысанды адамның тікелей қабылдауына ыңғайлы түрде көрсететін
және кез келген параметрдің өзгерісін бейнелейтін құрылғы (аспап). Бақылана-
тын нысанның күйін немесе үрдістің өтуін бейнелейтін құрылғы.
ИНДУКТИВТІ БАЙЛАНЫС – электр тізбегінің бөліктері аралығында осы
бөліктерден өтетін айнымалы ток тудыратын магнит өрісінің есебінен туатын
электрлік байланыс.
ИНДУКТИВТІ КЕДЕРГІ – 1) тізбектің индуктивті бөліктерінің (мыса-
лы, катушканың) айнымалы токқа көрсететін қарсы әсерін сипаттайтын шама.
Ом өлшемімен өрнектеледі. Синусоидалы ток үшін индуктивті кедергі (х
L
)
ωL өрнегімен анықталады (мұндағы L – тізбектің индуктивтілігі, ω – токтың
дөңгелектік жиілігі). Индуктивті кедергі кейде
реактивті индуктивті кедергі
деп те аталалы. 2)
Аэродинамикадағы индуктивті кедергі – аэродинамикалық
кедергінің құраушыларының бірі. Дененің қозғалысы кезінде оған ауа (газ) тара-
пынан әсер ететін толық
аэродинамикалық күш.
ИНДУКТИВТІЛІК (латынша – әсер беру, бейімдеу, қоздыру) – электр тізбегінің
магниттік қасиеттерін сипаттайтын шама. Өткізгіш контурмен өтетін ток өзін
қоршаған кеңістікте магнит өрісін тудырады. Сонымен қатар
контурды (не онымен
байланысқан контурды)
тесіп өтетін магнит ағыны (Ф) ток күшіне (
І) тура про-
порционал: Ф = L І, мұндағы L пропорционалдық коэффициенті – индуктивтілік
немесе контурдың
өздік индукция коэффициенті деп аталады. Ол – контурдың
мөлшері мен пішініне, сондай – ақ контурды қоршаған ортаның магниттік
өтімділігіне тәуелді болады. Индуктивтілік
Халықаралық бірліктер жүйесінде
(СИ) генримен, ал СГС жүйесінде сантиметрмен (1 Гн = 10
9
см) өлшенеді.
Егер электрлік және механикалық құбылыстардың арасындағы ұқсастықты еске
алатын болсақ, онда магниттік энергияны дененің кинетикалық энергиясымен Т =
mυ
2
/2 (m – дененің массасы, υ – оның жылдамдығы), ал индуктивтілік массаның
И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
404
405
орнына, ток – жылдамдыққа сәйкес болады. Сонымен индуктивтілік токтың
инерциялық қасиеттерін анықтайды.
Индуктивтілікті арттыру үшін темір өзекшелі орамдар қолданылады; осының
нәтижесінде ферромагнетиктердің магниттік өтімділігі (μ) осындай орамдар
индуктивтілігінің магниттік өрісінің кернеулігі токқа (І) тәуелді болады.
Өзара индуктивтілік – электр тізбектерінің бір контурдағы ток күшімен және
өзге контурды тесіп өтетін әлгі ток тудыратын магниттік ағынының арасындағы
екі немесе одан көп контурлардың (ток тізбектерінің) пропорционалдық
коэффициенттерімен анықталатын магниттік байланыстарының сипаттамасы.
ИНДУКЦИЯ (латынша – енгізу, әсер ету, әсерін тигізу, қоздыру) – өткізгіш
тұйық контурдың (электр тізбегінің) магнит өрісіндегі қозғалысы кезінде немесе
осы контурдың төңірегіндегі (айналасындағы) магнит өрісінің өзгеруі кезінде
электрқозғауыш күштің (ЭҚК-тің) пайда болуы.
Қалдық магниттік индукция – ферромагнетиктегі сыртқы магнит өрісі
жойылғаннан кейінгі магниттік индукция.
Өздік электрмагниттік индукция – контурлардың біреуіндегі электр тогының
күші өзгерген кезде екінші контурда электрқозғаушы күшінің пайда болуы.
Магниттік индукция – магниттік өрістің негізгі сипаттамасы болатын вектор;
оның шамасы және бағыты магниттік өріске орналасқан электр тогы өтіп тұрған
өткізгішке осы магнит өрісінің ықпалы бойынша анықталады.
Униполярлық индукция, бір полюсті индукция – қозғалатын магниттел-
ген электр өткізгіш денеде, оның қозғалыс бағыты мен магниттелу бағытының
үйлеспеуі кезінде электрқозғаушы күштің пайда болуы.
Электрмагниттік индукция – электр өткізгіш контурда оны тесіп өтетін
магниттік ағынның өзгерісі кезінде әлгі контурда электрқозғаушы күштің пайда
болуы.
Электрстатикалық индукция – тұрақты электр өрісіне орналастырылған
өткізгішке немесе диэлектрикке электр зарядтарын беру (жұқтыру, дарыту).
ИНДУКЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ, еріксіз сәуле шығару – заттар
бөлшектерінің (атомдардың, молекулалардың, т.б.) сыртқы (мәжбүрлеуші)
электрмагниттік сәуленің әсерімен электрмагниттік толқындар шығаруы.
Бұл сәуленің жиілігі, фазасы, таралу бағыты және полярлануы мәжбүрлеуші
сәуленікімен бірдей болады. Сондықтан, индукциялық сәуле когерентті болады
және белгілі бір жағдайларда электрмагниттік толқындардың едәуір күшеюіне
және шығуына әкеп соқтырады. Әдетте қоздырылған күйдегі атомдар саны мен
индукциялық сәуле квантын шығару қасиеті
термодинамикалық теңгерілмеген