И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
406
407
жүйедегі негізгі күйдегіден артық болады. Жиіліктің кванттық эталонының,
кванттық генераторлардың, кванттық күшейткіштердің, мазерлердің, лазерлердің
жұмыстары
индукциялық сәуле шығару құбылысына негізделген.
ИНДУКЦИЯЛЫҚ ТОК – айнымалы магнит өрісінде немесе қозғалыстағы
магнит өрісінде орналасқан өткізгіштік контурда туындайтын ток.
ИНДУКЦИЯЛЫҚ ҮДЕТКІШТЕР – үдеткіш электр өрісінің, магнит өрісінің
уақыт бойынша өзгерісі (индукциялық электрқозғаушы күш) есебінен туындай-
тын үдеткіш. Электрондардың циклдік индукциялық үдеткіші б е т а т р о н деп
аталған. Индукциялық электрқозғауыш күшін сақина тәрізді импульстік магнит
өрісі тудыратын сызықтық индукциялық үдеткіштер де бар.
ИНЕРТТІ МАССА (латынша «инертис – әрекетсіз») – дененің динамикалық
қасиетін сипаттайтын физикалық шама. Инертті масса Ньютонның екінші заңына
енген (сондықтан дене инерциясының өлшеуіші болып табылады). Гравитациялық
массаға тең.
ИНЕРТТІЛІК, инерция (латынша – әрекетсіздік), м е х а н и к а д а – мате-
риалдық денеге сырттан ешқандай ықпал жасалмаса немесе өзара теңгерілетін
болса, онда осы дененің санақтың инерциялық жүйесіне қатысты өзінің қозғалыс
немесе тыныштық күйін өзгеріссіз сақтайтын қасиеті. Егер де денеге теңгерілмеген
күш жүйесі әсер ететін болса, онда инерттілік қасиет денелердің тыныштық немесе
қозғалыс күйлерінің өзгеруіне, яғни оның нүктелерінің жылдамдықтарының сол
сәтте емес, бірте-бірте өзгеруіне септігін тигізеді; сонымен, дененің инерттілігі
қаншалықты үлкен болса, қозғалыс соншалықты баяу өзгеретін болады.
Инерттіліктің өлшеуіші оның массасы болып табылады.
И Н Е Р Ц И Я ( л а т ы н ш а –
әрекетсіздік),
инерттілік – денеге
ықпал жасайтын сыртқы әсерлер
(кұштер) болмайтын немесе өзара
теңгерілген кезде дененің өзіне
ықпалы материалдық денелердің
механиканың (1- және 2-Нью-
тон) заңдарында көрініс тапқан
қасиеті. Денеге ықпал ететін сыртқы
инерциялық санақ жүйесіне қатысты
өзінің
қозғалыс күйін немесе
тыныштығын өзгертпейтін кезде
инерция пайда болады. Егер де де-
неге теңгерілмеген күштердің жүйесі
Дененің инерциясының
қасиетін бірдей бірінің
астына бірі ілінген екі
жүкпен жасалған тәжі-
рибемен көрсетуге бола-
ды. Жіп бір жүктің ке-
рілуіне ғана шыдайтын-
дай, екі жүктің салмағын
көтере алмайтындай бо-
лып таңдалады. Егер ал-
дымен жоғарғы жүк
жайлап түсірілсе, одан
соң астыңғы жүк жай-
лап түсірілсе, үстіңгі
жүктің жібі үзіледі. Егер
төменгі жүк жаймен
түсіріліп, астындағы ті-
рек алынса, онда төменгі
жүктің жібі үзіледі.
И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
406
407
әсер ететін болса, онда оның инерцияға
ықпалы тиеді, тыныштық күйінің
өзгерісі немесе дененің қозғалысы, яғни
оның нүктелерінің жылдамдықтарының
өзгерісі кенеттен емес, біртіндеп
өзгеретін болады; сонымен қатар
дененің инерциясы қаншалықты үл-
кен болса, қозғалыс та соншалықты
баяу өзгеретін болады.
Дененің массасы оның инерциясының өлшеуіші болады.
ИНЕРЦИЯ ЗАҢЫ – механиканың сыртқы әсерлер (күштер) болмайтын не-
месе әсер етуші күштер өзара теңгерілген кезде
дене өзінің қозғалыс немесе
тыныштық күйін инерциялық санақ жүйесіне
қатысты өзгертпей сақтайды.
Дербес жағдайда материалдық нүкте тыныштық жағдайда немесе бірқалыпты
және түзу сызықты қозғалыста болады.
ИНЕРЦИЯ КҮШІ (латынша – қозғалмайтын) – материалдық нүкте массасы
(m) мен оның үдеуінің (w) сан жүзіндегі көбейтіндісіне тең болатын және де үдеуге
қарама-қарсы бағытталған векторлық шама. Қисық сызықты қозғалыс кезінде бұл
шама жанама (тангенстік) және нормал бағыттық (тік бағыттық) құраушыларға
жіктеледі.
Инерция күші туралы ұғым
салыстырмалы қозғалыс үшін де ендіріледі.
ИНЕРЦИЯЛЫҚ САНАҚ ЖҮЙЕСІ – ешқандай күш әсер етпейтін (немесе
бір-бірін өзара теңгеретін күштер әсер етсе) материалдық нүкте тыныштық күйде
немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болады делінетін инерция заңы
тура болатын санақ жүйесі. Инерциялық санақ жүйесіне қатысты ілгерілемелі,
бірқалыпты және түзу сызықты қозғалатын кез келген санақ жүйесі де инерциялық
санақ жүйесі болады. Сондықтан теория жүзінде инерциялық санақ жүйесімен
тең болатын кез келген санды әлгіндей жүйелерде физика заңдары ортақ
(
салыстырмалық принцип) болады. Кез келген инерциялық санақ жүйесінде
Ньютонның екінші заңы және
қозғалыс мөлшерінің (импульстің), қозғалыс
моменті мөлшерінің және сыртқы әсерлерге ұшырамаған тұйық жүйелерге
арналған инерция орталығының (масса орталығының) қозғалысының сақталу
заңы тура.Инерциялық санақ жүйесіне қатысты үдемелі қозғалатын санақ жүйесі
–
инерциялық емес жүйе болады және де инерция заңы және басқа әлгі аталған
заңдар мұнда орындалмайтын болады.
«Инерциялық санақ жүйесі» ұғымы
ғылыми абстракция болып табылады.
Нақты санақ жүйесі әрқашан да іс жүзінде әйтеуір бір денемен (Жермен,
ғарыш кемесімен немесе ұшақ корпусымен, т.б.) байланыстырылады.