И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
400
401
ИЗОХОРАЛЫҚ ҮРДІС (ПРОЦЕСС) – физикалық жүйеде т
ұрақты көлем
кезінде өтетін үрдіс; күйлердің термодинамикалық диаграммасында изохора
сызығымен кескінделеді. Газдарда және сұйықтарда изохоралық үрдісті жүзеге
асыру үшін оларды өздерінің көлемін өзгертпейтін герметикалық (ештеңе
өткізбейтін) ыдыста ұстау қажет. Изохоралық үрдіс кезінде дененің көлемін
өзгертуге байланысты механикалық жұмыс істелмейді; дененің ішкі энергия-
сының өзгеруі жылуды жұту немесе оны бөліп шығару есебінен жүзеге асады.
Газ (сұйық) температурасының өзгеруімен бірге оның қысымы да өзгереді.
Идеал газдағы изохоралық үрдіс кезінде
қысым температураға пропорционал
(Шарль заңы бойынша) болады. Идеал емес газға Шарль заңы тура болмайды,
себебі газға берілген жылудың бір бөлігі бөлшектердің өзараәсерлесу энергиясын
арттыруға жұмсалады. Қатты денеде изохоралық үрдісті жүзеге асыру техникалық
тұрғыда едәуір күрделі. Іс жүзінде қатты денедегі кез келген изотермиялық үрдіс
дененің аз сығылатындығынан бірнеше ондаған килобар қысымға дейін изохора-
лық үрдіс болып табылады. Өзараәсерлесетін заттардың көлемі өзгермейтін
химиялық реакцияларды,
карбюраторлық қозғалтқыштардағы отынның жа-
нуын изохоралық үрдіс ретінде қарастыруға болады.
ИЗОХРОНДЫЛЫҚ (грекше «изос – теңдей, бірдей» + «хронос – уақыт»)
т е р б е л і с т е р д і ң
–
тербелмелі жүйенің тербелістер амплитудасының өзіндік
тербеліс периодына тәуелсіздігі.
ИЗОЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚАТАР (грекше «изос – тең, бірдей» + электрон) –
электрондар саны бірдей атомдар мен иондардан құралған әр түрлі элементтердің
(мысалы, сутекке ұқсас атомдар, Li, Вс
+
, В
2+
, ... қатары) қатары; бұлардың
оптикалық қасиеттері ұқсас.
ИЗОЭНТАЛЬПИЯЛЫҚ ҮРДІС (ПРОЦЕСС) (грекше «изос – тең, бірдей» +
«енталпо – қыздырамын») – физикалық жүйенің энтальпиясы өзгермей сақтала-
тын үрдісі. Газ ағыны мен қоршаған дененің (құбырлардың, қабырғаларының, т.б.)
арасындағы
жылу алмасу болмайтын кездегі
газдың кеуекті қалқа арқылы
ағуы изоэнтальпиялық үрдістің классикалық мысалы болады.
ИМПУЛЬС (латынша – соққы, түрткі) – 1) материяның барлық түрлерінің
қозғалыстарының ортақ өлшеуіші – қозғалыс мөлшері; физикалық жүйелердің
өзараәсерлесуі кезінде олардың механикалық импульстерінің өзгерістері бойынша
анықталады; 2) қысқа мерзімді сигнал.
Алып импульс – ұзақтығы 100 нс (наносекунд – 10
-9
секунд) және қуаты
10
11
– 10
12
Вт болатын жарық импульсі. Қатты денелі лазерлер шығарады (таратады).
И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
400
401
Жарық импульсі – оптикалық сәуле
шығару көздерінің қысқа мерзімді
(0,01 сек) жарық шығаруы. Жарық
импульсінің спектрлік құрамы жарық
көзінің түріне (газдағы импульстік
электр разряды, жарқыл, т.б.) сәйкес
ажыратылады. Жарық импульсі жыл-
дам өтетін үрдістерді (шапшаң фото
және кино түсірулерде, қарапайым
бөлшектердің ізін суретке түсіруде, т.б.)
зерттеу үшін қолданылады.
Күш импульсі – күштің орташа
мәнінің оның әсер ету уақытына көбейтін-
дісіне тең болатын күш әсерінің
өлшеуіші.
Механикалық импульс – материя-
ның барлық түрлерінің қозғалысының өлшеуіші; материалдық нүкте үшін
осы нүктенің массасының (m) оның жылдамдығының (v) көбейтіндісіне тең
және жылдамдық векторымен (υ) бағыттас шама: р = m · υ. Импульсті қозғалыс
мөлшері деп те атайды. Бөлшектің қозғалыс жылдамдығы жоғары болғанда, оның
массасының жылдамдыққа тәуелділігі ескеріледі: m = m
о
/
ඥͳ െ ݒ
ଶ
Ȁܿ
ଶ
, мұндағы m
о
–
бөлшектің тыныштық күйдегі массасы (тыныштық масса),
с – жарықтың вакуумдегі
жылдамдығы. Бұл жағдайда еркін бөлшектің импульсы: р=m·υ=m
о
·υ/
ඥͳ െ ݒ
ଶ
Ȁܿ
ଶ
, ал
бөлшектердің импульсі оның толық энергиясымен (
ࣟ
2
=
р
2
·с
2
+m
2
о
·с
4
) байланысқан.
Тыныштық массасы нөлге тең бөлшектер (фотон, нейтрино) үшін р=
ࣟ
/с. Мұндай
бөлшектер әр уақытта жарық жылдамдығымен (с) қозғалады. Материяның барлық
формаларының, мысалы, электрмагниттік өріс пен гравитациялық өрістің де
импульсі болады.
Соққы импульсі – соқтығысатын денелердің соққысы кезінде олардың
әрқайсысына әсер ететін күш импульсі.
Толқындық импульс – кеңістікте бір реттік ұйытқу немесе периодты ұйыт-
қулар топтамасы түрінде таралушы ұйытқулар. Толқындық импульс – кеңістікте
не белгілі бір ортада таралатын ұйтқу. Мұндай импульске дыбыс импульсі (мы-
салы, қару атылған кездегі), сондай-ақ электрмагниттік ұйтқу, т.б. жатады.
Электрлік импульс – электр кернеуінің немесе ток күшінің секірісті түрде
немесе бірқатар тербелістер түрінде, бірінен соң бірі келетін қысқа мерзімді
өзгерістер.
Тыныш тұрған шар массасы бірдей қозға-
лыстағы шармен соқтығысады. Қозғалыстағы
шар соқтығысқанға дейін (А) белгілі бір им-
пульске (оның массасының жылдамдыққа
көбейтіндісіне тең) ие болған. Соқтығысқан
кезде (Б) ол осы импульсті тыныш тұрған
шарға береді, алғашында қозғалыста болған,
тынышталған (В) шар қозғала бастайды.
Осы өзараәсерлесу кезінде импульс сақталады,
соқтығысқаннан кейін екінші шар біріншісінің
импульсіне тең импульс алады.