АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет155/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   274

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



358

359


теңдеуінің салдары ретінде болжанған. 1933 жылы француз физиктері ерлі-

зайыпты Ирен (1897 – 1956) мен Фредерик (1900 – 1958) 



Жолио-Кюрилер маг-

нит өрісіне орналастырылған Вильсон камерасы арқылы электрон-позитрондық 

жұп γ-кванттарын байқаған. Энергия-импульстің сақталу заңына сәйкес жеке-

леген 


фотондардан жұптардың тууы мүмкін емес. Фотоннан жұптардың туу 

үрдісі ядроның және атом электрондарының 



кулондық өрісінде, бөлшектердің 

тыныштықтағы энергиясынан екі есе артық болатын энергиясы кезінде жүзеге 

асады. Жоғары энергиялы бөлшектердің соқтығысулары кезінде мюондық жұптар 

+



 μ

) пайда болады.



ЖҰП – бірдей екі нәрсе; бір нәрсенің екі данасы; қосарланған нәрселер. Осы 

түсінік физикалық нысандарға, құбылыстарға да қолданылады. 



Айналу жұбы – ілгерілемелі қозғалысқа әкелетін, бірдей және қарама-қарсы 

бағыттағы  бұрыштық  жылдамдықтармен  параллель  екі  өстің  айналасындағы 

(төңірегіндегі) айналыс.

Куперлік  жұп  –  екі  фермионның  мысалы  Бозе-Эйнштейн  үлестірілуіне 

бағынатын  және  металдардағы  асқынөткізгіштікті  және  гелийдің  асқынақ- 

қыштығын қамтамасыз ететін екі электронның ферми-сұйыққа бірігуі. Амери- 

кан физигі Леон 



Купердің (1930 ж.т.) құрметіне аталған.

Күштер жұбы – шамасы бойынша тең және параллель, бірақ қарама-қарсы 

бағытталған екі күштің жүйесі.



ЖҰПТЫЛЫҚ – микробөлшектердің (молекуланың, атомның, атом ядросының, 

қарапайым бөлшектердің) 



симметриялық қасиеттерін бейнелейтін толқындық 

функцияның 



айналық шағылысуға қатысты әлгі микробөлшектер күйлерінің 

кванттық-механикалық сипаттамасы. Күшті және электрмагниттік өзараәсерле- 

судің  салдарынан  туындайтын  үрдістерде  жұптылықтың  сақталу  заңы  орын  

алған: белгілі бір айналық симметрияның бастапқы күйіне ие болатын физи- 

калық жүйе осы симметрияны кейінгі уақыт сәттерінде де сақтайды. Жұпты- 

лықтың  сақталуы  атомдардың  электрмагниттік  сәулелері  және  атом  ядрола- 

рының, ядролық реакциялар мен қарапайым бөлшектердің бір-біріне өзара ай- 

налу реакциялары үшін бірқатар таңдау ережесіне әкеп соғады.

Ядролық  бета-ыдырау  нәтижесінде  туындайтын  әлсіз  өзараәсерлесуде, 

жұптылықтың сақталу заңы бұзылады. Осындай бұзылыстың болуын 1956 жылы 

қытай физиктері: Ли 

Цзундао және Янг Чженьнин алдын ала болжаған, 1957 жылы 

американ физигі Ву 



Цзяньсюн ядролық β-ыдырау туралы тәжірибесі негізінде 

растаған. Мұны американ физигі Лео 



Ледерман (1922 ж.т.) мюонның ыдырауы 

кезінде байқаған.




Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



360

361


1952 жылы американ физигі Э.

Вигнер айналық шағылысу кезінде электронның 

оң  зарядталған  (массасы  бұрынғыдай)  бөлшекке  – 



позитронға айналатынын 

байқаған болатын. Ол 



барлық бөлшектердің сәйкес антибөлшектерге айналу 

мүмкіндігін болжаған. Осы құбылысты кеңес физигі Лев 



Ландау (1908 – 1968) 

комбинациялы инверсия деп атаған.

Кванттық теориядағы жұптылық микробөлшектердің негізгі және қоздырыл- 

ған күйлерін сипаттайтын физикалық шама болып табылады.



ЖҰТЫЛУ  –  физикалық  әртүрлі  үрдістерде  энергияның  түрлену,  сәуле 

қарқындылығының кемуі, т.б. құбылыстарға қатысты қолданылатын түсінік.



Гамма-сәуленің резонанстық жұтылуы – атом ядроларының қозған күйге 

ауысуының салдарынан атом ядроларының гамма-кванттарды жұтуы.



Жарықтың жұтылуы – зат арқылы өтетін оптикалық сәуленің қарқынды- 

лығының кемуі.



Жарықтың көпфотонды жұтылуы – әртүрлі монохроматты жарық көздерінен 

таралатын  (шығатын)  бірнеше  фотонның  өзараәсерлесуінің  бір  актісіндегі 

жұтылуы.

Жарықтың резонанстық жұтылуы – жарықтың атомдарды жұтушы ортаның 

негізгі күйден қозған күйге ауысуына сәйкес болатын жиілікпен жұтылуы.



Толқындардың жұтылуы – толқындардың өздерінің энергиясы таралатын 

ортамен өзараәсерлесуі нәтижесінде әлгі толқындар энергиясының өзге энергия 

түріне түрленуі.

ЖҰТЫЛУ КОЭФФИЦИЕНТІ – берілген дене жұтқан сәуле ағынының осы 

денеге түсетін сәуле ағынына қатынасы. Кемитін ағынның спектрі кең, тұтас бо-

латын жағдайда, аталған қатынас интегралды  жұтылу коэффициентін сипат- 

тайды; егер де кемитін жарық жиілігінің диапазоны тар болса, онда монохро-

матты  жұтылу коэффициенті жайлы сөз болады. Э

нергияның сақталу заңы 

бойынша, жұтылу коэффициентінің, шағылу коэффициентінің және сәулені өткізу 

коэффициенттерінің қосындысы 1-ге тең болады. Заттың қасиетін сипаттайтын 

жұтылу көрсеткішінің жұтылу коэффициентінен айырмашылығы – жарық сүзіп 

өтетін қабаттың қалыңдығына, яғни дененің өлшеміне тәуелді болуында. Спектр-

скопияда кейде «жұтылу коэффициентін» жұтылу көрсеткіші деп те атайды.

ЖҰТЫЛУ КӨРСЕТКІШІ (к

λ

) – параллель шоқ құрайтын толқын ұзынды- 



ғының (λ) монохроматты сәуле ағынының затқа жұтылу есебінен е = 2,718 есе (на-

турал жұту көрсеткіші) немесе 10 есе (ондық жұту көрсеткіші) кемуіне кері шама.



ЖҰТЫЛУ СПЕКТРЛЕРІ – сәулелердің заттардан өтуі және жұтылуы кезінде 

пайда болатын спектрлер. Әрбір химиялық элемент өзіне тән жұтылу спектрлерін 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау