АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет152/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   274

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



352

353


күн-тәуліктік және ай-тәуліктік магниттік вариция периодты түрде байқалады. 

Магнитсфераны айнымалы тығыздықты әрі жылдамдықты зарядты бөлшектердің 



күн желінің магнитсфераны айналып орағытып өтуі, сондай-ақ магнитсфераға 

бөлшектердің жарып өтуі магнитсфера мен ионсферадағы ток жүйелерін өзгеріске 

ұшыратады. Ток жүйелері өз кезегінде жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістікте 

және Жер бетінде кең диапазондағы жиілікте (10

–5

-тен 10


2

 Гц жиілікке дейінгі) 

және амплитудалы (10

–3

-тен 10



–7

 Э-ке дейінгі) геомагниттік өріс тербелістерін 

тудырады. Магнитсфераның күшті ұйытқулары – магниттік  дауылдар – Жер 

атмосферасының жоғарғы қабатында поляр шұғыласын, ионсфералық ұйытқуларды 

тудырады, рентгендік және төменгі жиілікті сәулелер шығарады.

ЖИІЛІК – кез келген периодты үрдістің (процестің) толық циклдер санының 

осы циклдер саны жүзеге асырылатын уақыт аралығына қатынасы.



Айналдыру  жиілігі  –  нүктенің  тұйық  траектория  бойынша  периодты 

қозғалысының жиілігі.



Айналу  жиілігі  –  қатты  дененің  осінің  төңірегінде  бірқалыпты  айналып 

қозғалуының жиілігі.



Комбинациялық  жиілік  –  сызықтық  емес  жүйе  тудыратын  гармониялық 

тербелістердің жиіліктерінің қосындысына немесе айырымына тең комбинациялық 

тербелістердің жиілігі.

Ларморлық жиілік – ларморлық процессияның бұрыштық жылдамдығы. Бұл 

жиілікті 1895 жылы ағылшын физигі Джозеф 



Лармор (1857 – 1942) ашқан.

Өздік  жиілік  –  сыртқы  күштер  әсер  етпейтін  жүйенің  гармониялық  тер- 

белістерінің жиілігі.



Резонанстық жиілік – резонанс құбылысы пайда болатын кездегі тербелістердің 

жиілігі.


Сипаттамалық жиілік – химиялық байланысқа сәйкес болатын молекулалардағы 

белгілі атомдар тобының тербелістерінің жиілігі.



Сызықтық жиілік – гармониялық тербелістердің жиілігі.

Тасушы жиілік – модуляцияланатын толқындардың жиілігі.

Циклдік жиілік – гармониялық тербелістердің 2π-ге көбейтілген жиілігі.

Циклотрондық жиілік – магнит өрісі кернеулігінің векторына перпендикуляр 

жазықтықтағы тұрақты магнит өрісіндегі зарядты бөлшектерді айналдыру жиілігі.



ЖИІЛІКТІК КВАНТТЫҚ СТАНДАРТ (ағылшынша «standart – үлгі, нор-

ма»)  –  бір  энергетикалық  күйден  (атомдардың,  молекулалардың,  иондардың) 

өзге энергетикалық күйге өтуге кванттық ауысулар пайдаланылған тербелістер 

жиілігін дәл өлшеуге арналған немесе өте тұрақты жиілікті тербелістер шығаруға 




Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



352

353


арналған  құрылғы.  Жиіліктік  кванттық  стандарттар  тербелістер  жиілігін,  сол 

себепті олардың периодын (уақытын) өте жоғары дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік 

тудырады. Осы жайт бұл жиілікті тек лабораториялық қолданысқа ғана емес 

метрологияда және уақыт қызметінде де пайдалану үшін енгізуге негіз болған. 

Жиіліктік кванттық стандарттары ұлттық жиіліктер мен уақыттың екінші реттік 

эталондарының негізі болып табылады. Бұл стандарт ұзақ уақыт өте жоғары 

тұрақтылықта жұмыс істеуімен сипатталады.

Жиіліктік кванттық стандарттарды екі топқа ажырату қабылданған: 



активті 

және 


пассивті кванттық стандарттар. Жиіліктік пассивті кванттық стандартында 

өлшенбекші жиілік белгілі бір сызықтық спектрмен салыстырылады. 1967 жылы 

Халықаралық келісім бойынша секунд Цезийдің жалғыз тұрақты изотопының 

133


Сs 

энергия деңгейлері аралығындағы белгілі бір ауысуға сәйкес болатын 9192631770,0 

тербеліс периодының ұзақтығы – секундтық ұзақтықты анықтайтын болған.

Цезийлік жиіліктік кванттық стандарт құрылғысының негізгі бөлігі атомдық-

сәулелік  түтік,  оның  бір  жағының  ұшында  цезий  атомдарының  көзі  (сұйық 

цезиймен толтырылған қуыс) орналасқан. Сұйық цезий 100°С температурада 

оның қысымы аз болатындықтан атомдар цезий көзінен ұшып шығады, түтіктің 

қарама-қарсы ұшындағы цезий атомдарының детекторына келіп түседі. Детектор 

қыздырылған вольфрам сымнан (5) және коллектордан (6) құралған. Цезий атомы 

сымға жанасқан сәтте ол осы сымға электронын беріп, атомның өзі ион түрінде 

коллекторға тартылады. Коллектор мен сымның арасындағы тізбекте электр тогы 

пайда болады. Атомдар шоғы цезий көзінен детекторға жеткенше  Н



1

 және Н



2

 

тұрақты біртексіз магнит өрістерінен өтеді. Н



1

 өріс шоқты бөлшектейді, Н



2

 өріс 

бөлшектенген шоқты детекторға тоғыстайды (фокустайды). Атомдар шоғы Н



1

 

және Н



2

 өрістері аралығында көлемдік резонатор арқылы өтіп, электрмагниттік 

тербелістер арқылы қоздырылады. Осыдан әртүрлі екі энергияға бөлшектенген 

атом шоқтары өзара ауысатын болады.

Атомдық-сәулелік цезийлік түтіктің сұлбасы. 1 – шоқ көзі; 2 және 4 – бұру магниттері; 

3 – көлемдік резонатор; 5 – қызған вольфрам өткізгіш (детектор); 6 – иондар коллекторы



Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



354

355


ЖИІЛІКТІК МОДУЛЯЦИЯ (латынша «модулатио – өлшемділік») – тара-

тылатын сигналға үйлесетін (сәйкес болатын) уақыттық заң бойынша өзгеретін 

жоғары жиіліктік тербелістер модуляциясының түрі.

ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРА – 1) бөлме температурасынан артық температура 

(Т) [~300К (кельвин)]. Электр тогымен қызатын металл өткізгіштердің қызуы 

бірнеше мың кельвинге (К) дейін жетеді, жалынның қызуы жуық шамамен 5000 К, 

газдардағы электр разрядының қызуы ондаған мың кельвиннен (К-нен) миллион 

К-ге; лазерлік сәуленің қыздыруы – бірнеше миллион К-ге дейін, термоядролық 

реакция аймағындағы (зонасындағы) температура ~10

7

 – 10


8

 (10 миллионнан жүз 

миллионға дейін) К-ге жетеді. Нейтрондық жұлдыздардың пайда болуы кезіндегі 

температура ~10

11

 К-ге дейін жетуі мүмкін, ал Ғаламның бастапқы даму кезеңіндегі 



температураның соңғы аталған температурадан да әлдеқайда үлкен болғаны анық.

2)  Заттардың  қасиеттері  сапалық  өзгерістерге  ұшырайтын  температураға 

жеткен  кездегі  кез  келген  сипаттамалық  температурадан  артық  температура. 

Мысалы, Дебай температурасы (V

д

) әрбір зат үшін кванттық эффект (жоғары 



температура жағдайында Т>>V

д

) әсер етпейтін температуралық шекті анықтайды.  



Б  а  л  қ  у  температурасы  қатты  және  сұйық  күйлердің  аймағын  шектейді.  

К р и з и с т і к температура бу мен сұйықтың болуының жоғарғы шегін анықтайды. 

С и п а т т а м а л ы қ температура ретінде молекулалық диссоциация (ыдырау)  

(Т ~ 10

4

 К) басталатын температураны көрсетуге болады.



ЖОЛ, ф и з и к а д а ғ ы – микронысандардың (микрообъектілердің) (қарапайым 

бөлшектердің, иондардың, т.б.) қозғалыстары кезінде орын ауыстыру кеңістігі. 

Микробөлшектердің кеңістіктегі екі нүктесі аралығы – арақашықтық, ал әлгі 

бөлшектердің арақашықтықтағы іздері 

траектория немесе трек деп аталған.

ЖОЛДАР АЙЫРЫМЫ, с ә у л е л е р д і ң – ортақ бастапқы және соңғы 

нүктелері  болатын  екі  жарық  сәуленің  оптикалық  жолдар  ұзындықтарының 

айырымы. Жолдар айырымы ұғымы жарықтың интерференциясы мен жарық 

дифракциясын сипаттауда маңызды болады.

ЖУКОВСКИЙ  ТЕОРЕМАСЫ  –  сұйықтың  не  газдың  жазық  параллель 

ағынында орналасқан денеге әсер ететін көтергіш күш туралы теорема. Бұл тео-

рема бойынша көтергіш күш ағын ішіндегі денемен байланысқан құйындардың 

себебінен туады. Бұл құйындар сұйықтың тұтқырлығынан пайда болады. Осы 

тұтқырлықтың болуы себепті сұйық не газ ағыны ұшақ қанатын орағытып аққанда 

ағын жылдамдығы нөлге тең емес айналып ағуы (циркуляциясы) пайда болады. 

Ал жылдамдықтың циркуляциясы сұйық не газ ағынының құйындалу дәрежесін 

сипаттайды. 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау