АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет153/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   274

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



354

355


Бұл теореманы 1904 жылы орыс ғалымы Николай 

Жуковский (1847 – 1921) 

тұжырымдаған.  Бұл  теорема  былайша  тұжырымдалады:  егер  сығылмайтын 

сұйықтың орныққан жазық параллель потенциал ағыны шексіз ұзын цилиндрдің 

жасаушысына  перпендикуляр  бағытта  ақса,  онда  цилиндрдің  жасаушысы  

бойымен алынған ұзындығы бірге тең бөлігіне көтергіш күш (Ү) әсер етеді және 

ол ортаның тығыздығы (р) мен ағынның шексіз қашықтықтағы жылдамдығының 

(υ)  көбейтіндісін  цилиндрді  орағытып  ағатын  кез  келген  тұйық  контурдағы 

ағын жылдамдығының циркуляциясының (Г) көбейтіндісіне тең: бұл теорема 

формула түрінде былай жазылады: Ү=ρ·υ·Г·L. Көтергіш күштің бағыты, шексіз 

қашықтықтағы жылдамдық векторының бағытын циркуляция бағытына қарсы тік 

бұрышқа бұру арқылы анықталады. Жуковский теоремасы сығылатын сұйықтың 

(газдың) денені орағытып ағу бағыты бойынша дыбыс жылдамдығына дейінгі 

жылдамдықпен қозғалатын ағынға қолданылады. 

Жуковский теоремасы ұшақ қанаты мен ескек винттің теориясының негізі болып 

табылады. Осы теорема бойынша ұшақ қанатының шекті құлашының көтергіш 

күші, ескек винттің тарту күші, турбина мен компрессор қалақшаларындағы қысым 

күші, т.б. есептеледі.

ЖҰҒУ – сұйықтың қатты денелердің бетімен немесе өзге сұйықтармен жа-

насуы кезінде пайда болатын құбылыс. Дербес жағдайда газбен (бумен) немесе 

басқа сұйықпен жанасатын қатты дене бетінен сұйықтың жайылуымен білінеді. 

Жұғу  капилляр  түтігінде  менискі  (капиллярдағы 

майысуын  –  сұйық  бетінің  ойыстануын  немесе 

дөңестенуін) тудырады, тамшының қатты беттегі 

пішінін  немесе  газға,  сұйыққа  батырылған  дене 

бетіндегі  көпіршіктің  пішінін  анықтайды.  Жұғу 

көп  жағдайда  үш  фазаның  (дене,  орта)  жанасу 

зонасындағы молекулааралық өзараәсерлесулерінің 

нәтижесі ретінде қарастырылады. Бірақ көптеген 

жағдайларда, мысалы, сұйық металдардың қатты 

металдармен,  тотықтармен,  алмаспен  графит-

пен  жанасуы  кезіндегі  жұғу  молекулааралық 

өзараәсерлесулерінен  емес,  қатты  және  сұйық 

ерітінділердің,  жұқтырылушы  денелердің  беттік 

қабаттарында химиялық қосылыстардың қатты және сұйық ерітінділердің пайда 

болуынан, диффузиялық үрдістердің (процестердің) пайда болуымен байланысты. 

Жұғу үрдісі кезінде 

жұғулық жылу деп аталған жылудың бөлінуі мүмкін.

Су  әйнекке  жұғады,  ал  сынап 

жұқпайды

Сұйықтың  ыдыстың  қабырға- 

сына  жұғуы  немесе  жұқпауы 

сұйықтың  бос  бетінің  пішініне 

әсер етеді.



Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



356

357


Жұғудың өлшеуіші әдетте 

жиектік бұрыш (немесе жұғу 

бұрышы  θ)  болады.  Бұл 

бұрыш  –  жұқтырылатын  бет 

пен  сұйықтың  жұғу  бетінің 

периметрі арасындағы бұрыш 

болып  табылады  (1-сызба). 

Жұғу  тепе-теңдік  жағдайда 

сұйықтың керілу бетімен (σ

с



қатты дененің керілу бетімен 

қ



) және қатты дене – сұйық 

шекарасындағы  фазалық  керілумен  (σ

қс

)  Юнг  теңдеуімен:  соs  θ    (σ



қ

–σ

қс



)  σ

с

 



байланысқан.  θ    бұрышының  шамасы  беттердің  әртүрлі  сұйықтарға  қатысты 

сандық (мөлшерлік) сипаттамасы болып табылады. Сұйық өзімен шектесетін 

еріткіштермен қарқынды өзараәсерлесетін бетте (лиофилді бетте), яғни ішінара 

(0°  <  θ  <  90°)  немесе  толықтай  (θ  →  0°)  жайылып  кетеді;  еріткішпен  әлсіз 

өзараәсерлесетін бетте (лиофобтық бетте) сұйық жайылмайды (θ > 90°) (2-сызба).

Жиектік бұрыш сұйық молекулаларының ілінісу күштерінің жұғушы дененің мо-

лекулаларымен немесе атомдарымен ілінісу (

адгезиялық) күштерінің және сұйық 

молекулаларының өзара ілінісу (



когезиялық) күштерінің қатынастарына тәуелді. 

Жиектік бұрыштардың жиі-жиі кешігуі жұғудың г и с т е р е з і деп аталған. Егер 

қатты дене өзара араласпайтын екі сұйықпен жанасатын болса, онда талғамалы 

жұғу болады. Өнеркәсіпте жұғу құбылысының пайдасы бар. Жақсы жұғу сырлау 

және кір жууда, лакты-сырлау жұмыстарында қолданылады.

ЖҰҚА ҚАБАТТАР ОПТИКАСЫ – физикалық оптиканың қалыңдықтары 

жарық  толқындарының  ұзындығымен  өлшемдес  болатын  заттардың  жарық 

жұтпайтын бір немесе тізбектелген бірнеше қабаттан өткен жарықтың қасиетін 

зерттейтін саласы. Жұқа қабаттар оптикасының ең басты ерекшелігі – қабаттардың 

үстіңгі және астыңғы шекараларынан ішінара шағылысқан жарық толқындарының 

арасындағы  жарықтың  интерференциясы  болып  табылады.  Өтетін  немесе 

шағылатын жарық интерференцияның нәтижесінде күшейеді немесе әлсірейді, 

эффект қабаттардың оптикалық қалыңдығының сәуле жүрістерінің айырымына 

енгізетін  жарық  толқынының  ұзындығына  (немесе  толқындар  ұзындығының 

жиынтығына), сәуленің түсу бұрышына, т.б. тәуелді болады. 

Жұқа қабаттар әйнектен, кварцтан немесе басқа оптикалық орталардан зат-

тарды термиялық буландыру және салмақты қабаттар бетіне шөктіру, химиялық 



.

2-сызба. Әртүрлі жұғу шарттары 

кезіндегі қатты беттердегі там- 

шылар  мен  көпіршіктердің  ор- 

наласу қалпы; г –газ; с – сұйық; қ 

қатты дене

1-сызба. Қатты беттегі тамшы


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау