АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет72/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   274

166

167


лады.  Сұйықтық,  деформациялық,  компрессиялық,  радиометрлік,  тұтқырлық, 

жылулық, иондауыштық, т.б. вакуумметрлер бар. 



ВАЛЕНТТІЛІК  (латынша  «валентиа  –  күш»)  –  элементтер  атомдарының 

химиялық  байланыс  құру  қасиеті;  мөлшері  сан  мәнімен  сипатталады. 

Валенттілікті атомның сыртқы электрондық қабықшасының (валенттік элементтің) 

электрондарының белгілі бір бөлігін беру немесе өзіне қосып алу қасиеті ретінде 

қарастыруға  болады. 

Иондық  байланыс  жағдайында  валенттілік  –  берілген 

атомның беретін немесе қосып алатын электрондар санына; 



коваленттік бай-

ланыс жағдайында валенттік ортақтастырылған электрондар жұбының санына 

тең. Көптеген элементтер қандай байланыстарға енетіндігіне тәуелділігіне орай 

әртүрлі валенттілікке ие болады.

ВАЛЕНТТІК ЗОНА – қатты денедегі рұқсат етілген электрондық күйлердің 

энергетикалық аймағы; абсолюттік нөл температура кезінде түгелдей валенттік 

электрондармен толтырылған болады. Электрондар валенттік зонада кристалдық 

байланыс  энергиясына,  оның  диэлектриктік  өтімділігіне  үлес  қосады,  жарық 

сәуленің кристалдарға жұтылуын анықтайды; 

валенттік  зонадағы  Т  ≠  0  К  (абсолюттік  нөл 

температураға тең емес) кезде валенттік зонаны 

толтырған электрондар электрөткізгіштік, т.б. 

ауысу үрдістеріне қатыспайды.

Жылулық қозғалыстың (Т ≠ 0 К), сондай-ақ 

сыртқы әсерлердің (жарықтау,  электрондармен 

сәулелендіру,  қоспалар ендіру, т.б.) ықпалымен 

әдетте электрондардың аздаған бөлігі 



валенттік 

зонадан  өткізгіштік  зонаға  немесе  тыйым 

салынған  зонаның  қоспалар  деңгейіне  ауы-

сады. Нәтижесінде валенттік зонаның жоғарғы 

бөлігінде бірқатар толтырылмаған электрондық 

күйлер  (



кемтіктер)  пайда  болады,  валенттік 

зонаның  электрондары  электрөткізгіштікке 

қатысуға мүмкіндік алады.

ВАН-де-ГРАФФ ГЕНЕРАТОРЫ – электр за-

рядтарын механикалық тәсілмен көшіру арқылы 

жоғары  тұрақты  кернеу  шығаруға  арналған 

электрстатикалық  құрылғы.  Бұл  құрылғыны 

алғаш  рет  1931  ж.  американ  физигі  Роберт 

В

43

ВАВИЛОВ ЗАҢЫ - ВОЛЬТМЕТР



Зарядтардың  диэлектрлік  транс- 

портері  болатын  электрстати- 

калық  генератордың  сұлбасы:  Т  –  

ені  b  болатын  транспортер;  Щ  –  

зарядтар  әкелетін  немесе  заряд 

алынатын  құрылғы  (щетка  мен 

үшкір ұштық); Э – жоғары вольт- 

ті электрод


166

167


Ван-де-Графф  (1901–1967)  ұсынған.  Құрылғы  цилиндр  тәрізді  оқшаулағыш 

бағанға орнатылған шар немесе жарты сфераға ұқсас қуыс металл электродтан 

(Э)  құралған.  Электрод  ішінде  үздіксіз  айналмалы  тұйық  транспортер  бола-

ды. Электрод осы таспа арқылы зарядталады. Бұл генератор негізінен зарядты 

бөлшектердің жоғарывольттік үдеткіштерінде және әлсіз токты жоғары вольтті 

техникада пайдаланылады.



ВАН дер ВААЛЬС КҮШТЕРІ – молекулааралық өзараәсерлесудің көп таралған 

атауы.


ВАН-дер-ВААЛЬС ТЕҢДЕУІ – нақты газ күйінің теңдеуі. Бұл нақты газ 

күйлерінің ең алғашқыларының бірі, мұны 1873 ж. голланд физигі Иоханнес 



Ван дер Ваальс (1837–1923) ұсынған. V көлемді Т температура және р қысымды 

газ молі үшін мына түрде болады: (р+а/V

2

) (Vb) = , мұндағы R – әмбебап газ 



тұрақтысы, ал а және b – нақты газдың, идеал газдың қасиеттерінен ауытқуын есеп-

ке алатын қасиеттерінің тәжірибелік тұрақты шамалары. а/V

2

 мүшесі қысымның 



өлшемділігіне тең және молекулалық өзараәсерлесу нәтижесінде молекулалардың 

тартылыстарын ескереді, ал а b – жақын қашықтықтағы молекулалардың бірінен-

бірінің  тебілуін  ескеретін  меншікті  көлемге  енгізілетін  түзету.  V  үлкен  шама 

болған кезде (сонымен бірге сиретілген газдар үшін) а және b тұрақты шамаларды 

ескермеуге болады және теңдеу идеал газ күйінің (Клапейрон теңдеуіне) теңдеуіне 

ауысады. 

Ван-дер-Ваальс теңдеуі тек Т – жоғары температура және р – төменгі қысым 

болған жағдайда ғана нақты газдардың қасиеттерінің жуық шамалы теңдеуі болады. 

Бірақ р – жоғары қысым болған кезде газдың сұйыққа айналуын және кризистік 

күйін сипаттауға мүмкіндік береді.



ВАР (вольт  –  ампер  реактивті,  ВАр)  –  айнымалы  (синусоидалы)  электр 

тогының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) 



реактивті қуаттың бірлігі. 1 

ВАр – электр кернеуі 1 В, ток күші 1А және sin φ=1 (φ – тізбектегі кернеу мен ток 

арасындағы фазалардың ығысуы) болған кездегі реактивті қуатқа тең.

ВАРИАЦИЯ (латынша – өзгеру) – бір нәрсенің негізгі бөлігі сақталған кездегі 

әлгі нәрсенің қосалқы бөлігінің түр өзгерісі.



Ауырлық күш вариациясы – уақыттың өтуіне байланысты Жердің берілген 

нүктесіндегі ауырлық күштің үздіксіз өзгерісі.



Магниттік вариация – уақыттың өтуіне байланысты Жердің магнит өрісінің 

үздіксіз өзгерісі.



ВАРИСТОР [ағылшынша «vari(able) –айнымалы» + (resi) stor-резистор»] – 

шамасы түсірілетін кернеуге тәуелді айнымалы кедергі (R). 



В

43

ВАВИЛОВ ЗАҢЫ - ВОЛЬТМЕТР




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау