АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет266/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   274

л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



614

сын бақылай отырып зерттеу әдісі. Люминесценттік талдау кезінде зерттелетін 

нысандардың меншікті жарқырауы (мысалы, зерттелетін газдың буы) не зертте- 

летін  нысанды  өңдейтін  арнайы  люминофорлардың  жарқырауы  бақыланады. 

Көбінесе нысанның фотолюминесценциясы қоздырылады, бірақ кейбір жағдай- 

ларда люминесценттік талдау үшін катодтық люминесценция

радиолюминес-

ценция және хемилюминесценция қолданылады. Фотоқоздыру әдетте кварц-

ты-сынапты, ксенонды шамдар, электрлік ұшқындар, лазерлік сәулелер арқылы 

жүзеге асырылады. Люминесценция әдетте визуальды түрде не фотоэлектрондық 

аспаптар арқылы тіркеледі. 

Сан  жүзіндегі  және  сапалық  х и м и я л ы қ   талдау  кезінде,  көбінесе  заттың  

дербес жарқырауы тіркеледі. Сан жүзіндегі талдаудың сезгіштігі өте жоғары бо-

лады, 10

–10


 г/см

3

-ге дейін жетеді. Осы жайт бұл талдауды заттардың тазалығын 



бақылауға мүмкіндік береді. Газды лазердің сәулесімен жекелеген изотоптардың 

люминесценциясын  қоздырып  изотоптық  люминесценциялық  талдау  жасауға 

болады.

Сорттылық (сұрыптылық) люминесценциялық талдау люминесценциялық си-



паты бойынша бірдей болып көрінетін заттарды ажырата алады. Бұл талдау ауру 

түрлеріне диагноз қоюға (айғақтауға) (мысалы, адам ағзасының ұлпасы бойынша, 

микроспоруммен зақымдалуды ультракүлгін сәуленің жарқырау әсері бойынша 

айғақтайды), т.б. мақсаттарға қолданылады. 

Люминесценциялық  талдау  криминалистикада 

(құжаттардың  түпнұсқалығын  анықтау,  улы  заттардың 

іздерін табуға, т.т.с.), қайта қалпына келтіру жұмыстарда, 

дефектоскопияда және гигиенада (азық-түліктердің, ауыз 

судың,  ауадағы  қауіпті  заттардың  қоспаларын,  сапасын 

анықтауда) қолдау тапқан. 



ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК  ШАМ  –  доғалық  разрядтың 

ультракүлгін  сәулесін  люминофорлар  арқылы  ұзын 

толқында  (көрінетін)  сәулеге  түрлендірілетін  төменгі 

қысымды газ-разрядтық жарық көзі. Разряд пайда болған 

кезде буланатын біраз мөлшерлі сынапты және оның атом-

дарын қоздыруды жақсартатын инертті газ (мысалы, аргон) 

қосылған люминесценттік шам көп таралған. Бұл шамдар 

көбінесе цилиндр пішінді әйнек қабатпен қоршалып жа-

салады.  Әйнек  қабаттың  ішкі  бетіне  люминофор  қабаты 

жалатылған. Ұзын әйнек қоршама қабаттың ішкі жағындағы 



Люминесценттік  шам- 

ның  сұлбалық  кескі- 

ні: 1 – люминофор қа- 

баты;  2  –  ультракүл- 

гін  сәуле;  3  –  сынап 

атомдары;  4  –  элек- 

трон; 5 – электрод


л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



615

екі ұшына вольфрам электродтар дәнекерленген. Шамды айнымалы ток көзіне 

қосқанда электродтар аралығында сынап атомдарын қоздырып сәуле шығаратын 

электр разряды (ток күші А-дің ондық үлесіндей шамада болады) пайда болады. 



ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК  ЭКРАН  (французша  «экран  –  керме,  шымылдық, 

қалқа»)  –  люминофорлар  пайдаланылған,  электрмагниттік  сәулелерді  немесе 

корпускулалық шоқтарды көрінетін кескінге түрлендіретін, соңынан оны тіркеп 

(жазып) (әдетте 10

–3

 – 10


3

 секунд) алуға арналған құрылғы. 10

2

–10


эВ энерги-

ялы электрондық шоқтармен қоздырылатын люминесценттік экрандар жарық 

көздерінде, индикаторлық, осциллографиялық, жадқа сақтауыш, т.б. электрондық-

сәулелік аспаптарда (мұнымен қатар электрондық-сәулелік аспаптардың экран-

дары ретінде де) қолданылады. Бұл экрандар қабатталған конденсатор түрінде 

жасалған, жиілігі 50–10

4

 Гц тұрақты немесе айнымалы электр тогының әсері 



арқылы сәуле шығарады және қатты денелі индикаторлық құрылғы (рентгендік 

және гамма-сәулелік индикаторлық құрылғы) болып табылады. Рентгендік және 

гамма-сәулемен сәулелендіру кезінде кескіннің айқындылығын арттыру үшін 

күшейткіш рентгендік люминесценттік экран пайдаланылады. Инфрақызыл және 

асажоғары жиілікті өрістерді тіркеу үшін термосезгіштік люминесценттік экран 

қолданылады.



ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ (латынша «лумен, луминис – жарық» + «есцент – 

әлсіз  әсер»)  –  дененің  жылулық  сәуле  шығаруынан  артық  болып  табылатын 

және жарық тербелістерінің периодынан едәуір ұзақ уақытқа созылатын сәуле 

шығару. Анықтаманың алғашқы бөлігі люминесценцияны жылулық тепе-теңдік 

сәуле шығарудан ажыратқан және «люминесценция» ұғымының тек тепе-теңдік 

күйдің маңындағы атомдар (молекулалар) жиынтығына ғана қолданылады, себебі 

тепе-теңдіктен едәуір ауытқыған күйде 

жылулық сәуле шығару туралы, яғни 

люминесценция  туралы  сөз  етудің  мағынасы  болмайды.  Спектрдің  көрінетін 

аймағындағы жылулық сәуле шығару дененің температурасы бірнеше жүз немесе 

мыңдаған градусқа жеткенде ғана байқалады, ал д



ене кез келген температурада 

люминесценттік сәуле шығара алады, сондықтан люминесценцияны көбіне 

с алқын (суық) сәуле шығару деп атайды. 

Анықтаманың екінші бөлігін (ұзақтық белгісін) кеңес физигі Сергей 

Вавилов 

(1891 – 1951) енгізген. Ондағы мақсат люминесценцияны өзгедей жарықтың ша-

шырауынан, жарықтың шағылысуынан, жарықтың параметрлік түрлендірулерінен, 

тежеулік сәуле шығару және Черенков-Вавилов сәуле шығаруынан ажырату 

болған. Люминесценцияның өзгедей шашыратылулардан айырмашылығы онда 

сәуленің  жұтылуы  мен  сәуле  шығаруының  арасында  аралық  үрдістер  (про-



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау