КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
530
531
к
178
∑
сәулесінің негізгі бөлігін протон (
ࣟ
к
≥ 106 эВ), электтрон (
ࣟ
к
≥ 30 кэВ) т.б. құрайды.
Бөлшектердің үдетілуі Күннің оталуымен тығыз байланысты. Оталудың негізгі көзі
электрмагниттік өріс болып табылады. Осы өрістің өзгерісінен электр өрісі туады.
КҮННІҢ ҚЫЗАРУЫ – Күннің көкжиектен жоғары көтеріліп шығу және
көкжиектен төмен түсіп батар кезінде қызыл реңді болып байқалу құбылысы.
Аспанның көгілдір түсті болуы мен Күн дискісінің қызыл реңді болып байқалуы-
ның себептері ортақ. Күн сәулесінің шашырауына байланысты ағылшын физигі
Джон
Тиндальдің (1820 – 1893) ғылыми тәжірибесінде жарықтың бұлдыр
сұйық орта арқылы өтуі кезіндегі шашырау құбылысы болатыны айқындалған.
Онда жарықтың шашырауы нәтижесінде сұйық орта арқылы өткен жарық шо-
ғының белгілі бір бөлігінде көк рең, сыртқа шыққан бөлігінде қызғылт реңді
түстің пайда болатыны белгілі болған. Осы секілді жайт Күннен Жер атмосфера-
сына тікелей түсетін күн сәулесінен де байқалады. Күн сәулесі ауа қабатынан өтуі
кезіндегі шашырауы салдарынан негізінен көк және күлгін сәулелер жұтылады,
сол себепті күн сәулесінде әлсіз сарғыш реңк түзіледі, Күн көкжиекке жақын-
даған сайын бұл рең күшейеді. Күн сәулесі атмосфера қабатында бастапқы
кездегіден ұзын жол жүреді. Осы ұзақ жолда қысқа толқынды сәулелер, яғни күл-
гін, көк, көгілдір сәулелер едәуір кемиді, сол себепті Күннен (немесе Айдан)
тікелей Жерге келетін сәуледе негізінен ұзын толқынды сәулелер – қызыл, қыз-
ғылт, сары реңді түстер басым болады.
Күннің қызыл түсі және аспанның көк
түсі – бір ғана үрдістің (процестің) – шашыраудың екі түрлі салдары болып
табылады. Күннен тікелей түсетін сәуле атмосфера қабаты арқылы өткеннен
кейін ұзын толқынды сәуле (қызыл Күн) ғана қалады, шашыраған сәуледе
қысқа толқынды сәуле (көгілдір аспан) басым болады.
Рэлейдің теориясы Күн-
нің қызарып көрінуін осылай түсіндіреді.
КҮН РАДИАЦИЯСЫ,
Күн сәулесі – Күн тарататын (шығаратын)
электрмагниттік сәулелер мен корпускулалық ағындар.
Корпускулалық радиа-
ция негізінен 300 – 1500 км/сек жылдамдықпен таралатын және түгелдей дерлік
Жердің магнитсферасындағы (5 – 100 ион/см³) ұсталып қалатын, бірақ Күн
активтілігі артқан кезде көбейетін протондардан құралған.
Күннен таралатын
электромагниттік радиация (Күннің сәулелік энергиясы) жарық жылдамды-
ғымен (300 000 км/сек) таралатын электрмагниттік толқындар түрінде шығарылып,
Жер атмосферасында енеді. Жер бетіне тікелей немесе шашыранды радиация
түрінде жетеді. Оның ~ 48% спектрдің көрінетін сәуле (0,38–0,76 мкм) бөлігіне,
~ 40%-дан астам бөлігі инфрақызыл сәуле (0,76 мкм), 7%-ы ультракүлгін сәуле
(0,38 мкм) үлесіне тиесілі. Күн радиациясы – Жер бетіндегі атмосферада өтетін
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
532
533
сыртқы әсерлер (экзогендік) үрдістері (процестері) үшін жалғыз энергия көзі болып
табылады; әдетте жылулық әсерлері бойынша өлшенеді және уақыт бірлігі үшін
бет бірлігінің үлесіне тиесілі калория мөлшері арқылы сипатталады. Жер шары
Күннен жуық шамамен 1 минутта 2,4·10
18
кал сәулелік энергия алады.
Атмосфера қабаты арқылы өткен Күн радиациясы газ молекулаларынан, сұйық
және қатты денелердің ұсақ бөлшектерінен шашырайды. Сонымен қатар ауа-
дағы (атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы) су буына, азонға, көмірқышқыл
газына, шаң – тозаңдар мен оттекке (аздап) жұтылады. Сондықтан тікелей түсетін
Күн радиациясы атмосфераның күйіне және Күннің көкжиектен биіктігіне тәуелді
болады, Жер шарының теңіз деңгейінде Күннен алатын сәулелік энергиясы 1,6 кал/
см²·мин-тен аспайды. Күн радиациясы күндіз – талтүсте, жыл бойында – жазда
және көктемде ең үлкен шамада болады.
КҮН ТЕРМОЭЛЕКТР ГЕНЕРАТОРЫ –
термоэлектрлік эффект негізінде
күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын генератор. Осы
генератордың құрамында термобатарея мен күн сәулесін шоғырландыратын
айна (концентратор) болады. Термобатарея тізбектей не параллел қосылған
термоэолементтерден құралады. Термоэлементтер ретінде жартылайөткізгіш
немесе өткізгіштігі әртүрлі қос металл (қоспа) пластинкалар пайдаланылады.
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
532
533
к
178
∑
Қос пластинкалардың түйіскен ұштарына күн сәулесі шоғырландырылғанда,
термоэлектрлік эффект негізінде тізбекте
термоэлектрлік қозғаушы күш
пайда болады. Бұл генератор радиоқабылдағыштардың ток көзі ретінде және
ғарыштық ұшу аппараттарында қосымша энергия көзі ретінде т.б. мақсаттар үшін
пайдаланылады.
КҮШ, м е х а н и к а д а – өзге бір дененің берілген материялық денеге тигізетін
механикалық әсерінің өлшеуіші. Осы әсер дене нүктелерінің жылдамдығын
өзгертеді немесе денені деформациялайды және де тікелей жанасу (бір-біріне
қысылған денелердің қысымы, үйкеліс) кезінде денелер тудыратын өрістер арқылы
(тартылыс күшінің өрісі, электрмагниттік өріс) әсер етуі мүмкін. Күш уақыттың
әрбір сәтінде кеңістіктегі бағытпен және түсірілген (қадалған) нүктесімен сипат-
талатын
векторлық шама; күштерді қосу күштер параллелограмдары ере-
жесі бойынша жүзеге асырылады. Күш бағытталған түзу сызық күштің әсер
ету сызығы деп аталған. Егер дене деформацияланбайтын болса, онда күш
дененің кез келген нүктесіне түсірілген деп есептеуге болады. Күшті өлшеу
статикалық немесе динамикалық әдістермен жүзеге асырылады.
Статикалық
әдіс өлшенбекші күшті бұрыннан белгілі күшпен теңестіруге негізделген.
Динамикалық әдіс динамиканың
mϑ=F заңына негізделген. Күштің халықара-
лық бірліктер жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі – 1 ньютон (1Н) – 1 кг массаға
1 м/сек² үдеу беретін күшке тең. Күштің бірліктердің СГС жүйесіндегі өлшеу
бірлігі дина, 1 дина = 10
–5
Н және 1 кг күш =9,81 Н.
КҮШ – материалдық нүктеге немесе денеге өзге денелер немесе өрістер
тарапынан әсер ететін механикалық ықпалдың өлшеуіші.
Ампер күші – электр тогы өтіп тұрған өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер
ететін күш.
Ауырлық күш – дененің Жер мен гравитациялық өзараәсерлесу күші мен
Жердің өз осінен айналуынан туатын инерциялық орталықтың тепкіш күште-
рінің теңәсерлі күші.
Беттік күш – дененің бетіне түсірілген күш.
Бөгде күш – өткізгіштердегі заряд тасушыларға әсер етуші, электрлік емес
табиғатты күш.
Дыбыс күші – акустикалық толқынның таралу бағытына перпендикуляр ша-
ғын аудан арқылы тасымалданатын қуаттың осы ауданға қатынасы.
Жалпыланған күш – механикалық жүйенің орналасқан орны жалпылама
координаттармен анықталатын әдеттегі күш.