КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
528
529
к
178
∑
біздің психологиялық –
физиологиялық қалыптасқан әдетіміз бойынша оның
кішіреймей көрінуі бізге Айдың (немесе Күннің)
ұлғайып көрінуі секілді әсер
тудырады. Көкжиек маңайындағы өзге нәрселер кішірейіп Күннің (немесе Айдың)
бірқалыпты 32′ (32 секундтық) бұрышпен байқалуы бізге олардың ұлғайып көрінуі
секілді әсер туғызатыны енді түсінікті болған шығар. Күннің (немесе Айдың)
өлшемдерінің көкжиек маңында ұлғаймайтындығына көз жеткізетін бір тәсіл бар.
Ұлғайған секілді әсер беріп тұрған Күнге (немесе Айға) картон қағаздан ұзындау
және одан көкжиектегі өзге нәрселер көрінбейтін диаметрлі (онша кең болмай)
болып жасалған түтік арқылы қарасаңыздар олардың өлшемінің ұлғаймағанын
байқайсыздар. Түтікті алып қойып, әлгі Күнге (немесе Айға) қайтадан жай
көзбен қарасаңыз, қайтадан оптикалық алдануға шалдығасыз. Тағы бір мысал.
75 метр биікте (мұнарада) тұрған адам, жерде сізден 75 метр қашықта тұрған
адамнан кіші болып байқалады. Аспанға қарағанымызда бізбен аспандағы Күннің
(немесе Айдың, жұлдыздың) аралығында ешқандай нысандар жоқ, ал көкжиекке
қарағанымызда (бізбен) екі арада әртүрлі қашықтықтағы нысандар (объектілер)
көрінеді, соның салдарынан көкжиекке
жақын аймақ бізге алыстан көріну
әсерін туғызады.
КҮН ЖЕЛІ – планетааралық кеңістікте
Күн тәжі плазмасынан радиустық
бағытта тұрақты түрде таралатын ағыны. Күн желінің қасиеттерін зерттеу
жұмысымен алғаш рет американ астрономы Юджин
Паркер (1927 ж.т.)
айналысқан. Күннің қойнауынан шығатын энергия ағыны тәж плазмасын 1,5–2
миллион К (Кельвин) температураға дейін
қыздырады. Тұрақты түрдегі қыздыру энергия
шығынын сәуле шығару есебінен теңгере
алмайды, себебі тәждің тығыздығы аз. Артық
энергияның едәуір бөлігін Күн желінің (~10
27
–
10
29
эрг/сек) бөлшектері өзімен бірге алып
кетеді. Сондықтан Күн тәжі
гидростатикалық
тепе-теңдікте бола алмайды, ол үздіксіз
кеңеюде болады. Күн тәжі құрамы бойынша
тәж плазмасының құрамынан айырмасы жоқ
(Күн тәжінде негізінен протондар, электрондар,
аздаған гелий ядролары, оттегі иондары,
кремний, күкірт, темір иондары болады).
Тәждің түп негізінде (Күннің фотосферасынан
10 мың км тереңдікте) бөлшектердің радиус
Күн желінің Жердің магнитсфе-
расымен өзараәсерлесуі: 1 – Күн-
нің магнит өрісінің күш сызықта-
ры; 2 – соққы толқыны; 3 – Жер-
дің магнитсферасы; 4 – магнит-
сфераның шекарасы; 5 – Жер-
дің орбитасы; 6 – Күн желі бөлшек-
терінің траекториялары
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
530
531
бағытындағы жылдамдығы жүздеген м/сек дыбыс жылдамдығына тең
болса, бірнеше Күн радиусындай қашықтықта әлгі жылдамдық плазмадағы
дыбыс шапшаңдығына (100–150 км/сек) жетеді. Жер орбитасының
маңында протондар шапшаңдығы 300–750 км/сек болады, ал олар-
дың кеңістіктік шоғырлануы (концентрациясы) (1 см³ текше см-де) бірнеше
бөлшектен – бірнеше ондаған бөлшекке дейін ғана болады. Күн желі өзімен
бірге Күннің магнит өрісінің тұзақтарын ілестіре әкетіп планетааралық магнит
өрісін түзеді. Бөлшектердің радиус бағыты бойынша қозғалысына қоса Күннің
өз осінен айналуы оның қозғалысына спирал пішін береді. Жер төңірегінде Күн
желі бөлшектерінің ағыны
Жер магнетизмінің өрісімен соқтығысуы
салдарынан Жердің (Күнге қараған жағындағы) магниттік сферасында
тұрақты
соққы толқынын тудырады (сызбаға қараңыз). Күн желі магниттік сфераны
орағытып ағады. Күн желінің қарқындылығының өзгерісі Күнде байқалатын
оталумен байланысты және
Жер магнетизмінің және магниттік сфераның
ұйытқуы магниттік дауылдың негізгі себебі болып табылады. Күн 1 жылда
Күн желінің себебінен өзінің массасының ~ 2·10
-14
үлесін кемітеді. Күннен өзге-
дей жұлдыздар да «жұлдыздық желдер» болады. Жұлдыздық жел жұлдызаралық
ортада ыссы газдардың «көпіршіктерін» тудырады, осы «көпіршік» рентгендік
сәуленің көзі болып табылады.
КҮН КҮРКІРЕУ, Аспанның күркіреуі – найзағай разрядымен қабаттаса
өтетін атмосферадағы дыбыстық құбылыс. Бұл қатты дыбысты найзағай болып
өткен алқаптағы ауаның қызуы және тез көлемін ұлғайтуы нәтижесінде пайда
болатын жарылыс (қопарылыс) толқыны тудырады. Найзағайлы алқаптағы
дыбыс және бұлттан шағылысқан жаңғырық дыбыс қосылып күркіреп
естілетін болады. Күн күркіреуінің ұзағырақ созылу себебі найзағай разряды-
ның ұзындығының әрқилы болуымен бірге одан шығатын дыбыс та әртүрлі
жиілікпен таралады және
жаңғырық дыбыс та кешігіп естілетіндіктен күркі-
реу де ұзағырақ естіледі. Күн күркіреу 16 – 20 км қашықтықтан естіледі.
КҮННІҢ ҒАРЫШТЫҚ СӘУЛЕСІ – Күннің оталуы кезінде оның
атмосферасының үстіңгі қабатында жоғары энергияларға дейін үдетілген
заряд-
ты бөлшектердің ағыны. Бұл ағындар Жер маңайында ғарыштық сәулелердің
қарқындылықтарының кенеттен артуы түрінде тіркеледі. Мұның энергиясының
жоғарғы шегі
ࣟ
к
≈ 2·10
10
эВ, болса төменгі шегі кейде күн желінің жоғарғы шегімен
қабысатын болады. Шартты түрде Күннің ғарыштық сәулесінің төменгі шегінің
энергиясы 10
5
– 10
6
эВ деп қабылданған. Бөлшектер ағынының төменгі энергия-
сы осы шамадан аз болса, ол плазмалық қасиетіне ие болады. Күннің ғарыштық