АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет190/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   274

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

440


441

к

178



заңдары (Ом заңы, Кирхгоф ережесі т.б.) орындалады. Квазитұрақты токтың 

тұрақты  токқа  ұқсас  тармақталмаған  тізбектің  бүкіл  қималарындағы  ток 

күші  бірдей  болады.  Бірақ  квазитұрақты  токты  есептегенде  (тұрақты  ток 

тізбегіндегі  есептеулерден  айырмашылығы)  токтың  өзгерісі  кезінде  пайда 

болатын  электрмагниттік  индукцияның  электрқозғаушы  күшін  ескеру  қажет. 

Индуктивтілік, сыйымдылық, тізбек тармақтарының кедергілері – жинақталған 

параметрлер деп аталады.

Берілген айнымалы токты квазитұрақты ток деп есептеу мүмкін болуы үшін 

квазитұрақтылық  шарттарының  орындалуы  қажет,  бұл  шарттар  бойынша, 



синусоидалы айнымалы ток үшін электр тізбегінің геометриялық өлшемдері 

қарастырылудағы  токтың  толқын  ұзындығынан  кіші  болуы  керек.  Өндірістік 

жиіліктегі  токтарды,  әдетте,  квазитұрақты  ток  деп  есептеуге  болады  (50  Гц 

жиіліктің толқын ұзындығы ~6000 км болады). Шалғайға таратылатын желілердегі 

токты әлгіндей ток деуге болмайды.

КВАЗИЯДРОЛАР, квазиядролық жүйе – масса ақауы (барион массасымен 

салыстырғанда) өте аз болатын барион – антибарион жұбының байланысқан әрі 

резонанстық күйлері. Бариондар мен антибариондарды квазиядроларда ұстап 

тұрушы күштің табиғаты ядролық күштер табиғатымен бірдей. Квазиядролардың 

радиусы ~10

–13


 см. Барион мен антибарион едәуір жеңіл π-мезондарға айналып, 

аннигиляцияға  ұшырауы  мүмкін  болғандықтан  квазиядролар  тұрақты  емес: 

олардың «өмір сүруінің» орташа уақыты ≤10

–20

 секунд. Сырттай квазиядролар 



π-мезондарға ыдырайтын ауыр мезондар секілді болады. Квазиядролардың әрқилы 

текті (нуклон – антинуклон, гиперон – антигиперон (антигиперон – нуклон)) 

болатыны жайлы болжамдар бар.

КВАНТ  (латынша  «куантум  –  қанша»)  –  кванттық  жүйедегі  тек  тұтастай 

жұтылуы  немесе  шығарылуы  (таратылуы)  мүмкін  болатын  құбылыстардың 

(электрмагниттік,  дыбыстық,  т.б.)  белгілі  бір  өлшем  мөлшері.  Мысалы, 

электрмагниттік сәуле кванты – фотон, дыбыс кванты – фонон. Өрістің кванттық 

теориясында кез келген өзараәсерлесу – 

кванттар алмасудың нәтижесі ретінде 

қарастырылады.



Әсер кванты – Планк тұрақтысы (h = 6,626·10

–34


 Дж·сек), әсер өлшемділікті-

дискретті шамалар үшін маңызы болатын физикалық құбылыстардың кең аясын 

анықтаушы іргелі физикалық тұрақты шама.

Жарық кванты – электрмагниттік өрістің кванты – қарапайым бөлшегі – фотон.

Өріс кванты – іргелі өзараәсерлесулерді таратушылардың бірі болып табылатын 

қарапайым бөлшек.




к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



442

443


Энергия  кванты  –  кванттық 

жүйенің  күйін  өзгертудің  жеке 

актісінде  осы  жүйеде  энергияның 

шығарылуының немесе жұтылуының 

мүмкін болатын шекті мөлшері.

КВАНТТАУ  –  жүйеде  кванттық 

механика  заңдарына  сәйкес  жүзеге 

асырылатын  физикалық  шамалар 

мәндерін  іріктеу.  Бұған  атомдағы 



электронның энергиясы мен қозғалыс 

мөлшері моментінің мүмкін болатын 

мәндерінің дискретті қатар түзуі мысал 

болады.  Классикалық  физиканың 

заңдары  бойынша,  физикалық  жүйе 

қабылдайтын  энергияның  мөлшері 

мейлінше аз шама бола алады. Сондықтан энергия қабылдау үздіксіз үрдіс болып 

есептеледі. Абсолют қара дененің жылулық сәуле шығару заңдылығын түсіндіру 

үшін 1900 жылы неміс физигі Макс 

Планк (1858–1947) жарық «кванттары» 

деген ұғым енгізді. Планк теориясы бойынша, атомдар мен молекулалар энергияны 

шамасы 

ࣟ 

 = -ге тең үздікті үлестер түрінде шығарады немесе жұтады, мұндағы 



ν  –  жарық  тербелісінің  жиілігі,  h  –  Планк  тұрақтысы.  Энергия  квантының 

шамасы  тым  аз  (~10

–10

  эрг)  болғандықтан,  макроскопиялық  өлшеу  кезінде 



энергияның үздіктілігі байқалмайды. Табиғатта басқа да физикалық шамалардың 

квантталатындығы анықталды. 



Асқынөткізгіш сақина арқылы өтетін магнит 

ағынының мәндері тек нақтылы дискретті қатар құрады. Микробөлшектің немесе 

микродүниенің кез келген өске қатысты қозғалыс мөлшері моменті бағытының 

дискреттілігі 



кеңістіктік кванттау деп аталған. Өрістің кванттық теориясындағы 

макроскопиялық дене қозғалыстарынан микробөлшектің қозғалыс теңдеулеріне 

ауысу тәсілдерін де кванттау деп атайды.

Екінші реттік кванттау – толқындық функцияның тәуелсіз айнымалысы 

ретінде  жеке  бөлшектердің  дербес  күйлерінің  саны  алынатын  көптеген  тепе-

тең  бөлшектерден  құралған  толқындық  функцияның  тәуелсіз  айнымалысы 

ретінде жекелеген бөлшектердің өздеріне тән күйлері болатын бөлшектер саны 

пайдаланылатын кванттық жүйені сипаттау әдісі.

Кеңістіктік кванттау – кванттық жүйе импульсі моментінің ерікті түрде таңдап 

алынған өске қатысты мүмкін болатын бағдарлануларының дискреттілігі (үздікті 



Кванттық  жүйенің  энергия  деңгейлерінің 

бір  бөлігі: 

ࣟ 

1



  –  негізгі  деңгей  (энергияның 

мүмкін  болатын  ең  аз  деңгейі), 

ࣟ 

2



ࣟ 

3, 

ࣟ 

4

 – 

қоздырылған  деңгейлер.  Жебелермен  энергия 

жұту  (жоғары  бағытталған)  және  энергия 

шығару  (төмен  бағытталған)  кванттық 

ауысулары көрсетілген



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау