КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
438
439
к
178
∑
Көптеген бөлшектер жүйесінде (мысалы, фотондарды жұту нәтижесінде)
пайда болатын қоздырылған күй конденсацияланған ортада жергіліктенбейді және
толқын түрінде таралады. Бұл толқындардың түзілуіне жүйенің бүкіл бөлшектері
қатысады және бұл толқын бөлшектердің өзараәсерлесулерінің салдарынан пайда
болады. Осы толқындар
қарапайым қоздырулар деп аталған. Ортақ бір жүйеде
өзараәсерлесудің сипатына және бөлшектердің құрамына тәуелді түрде әртүрлі
квазибөлшектердің болуы мүмкін. Конденсацияланған орталарды квазибөлшектер
ұғымы арқылы түсіндіру жүйенің қоздырылу энергиясын төменгі температуралар
кезінде жекелеген квазибөлшектердің қосындылары деп, яғни
қоздырылған
жүйені идеал газдың квазибөлшектері ретінде қарастыруға болады.
Квазибөлшектердің әдеттегі бөлшектер сияқты спиндері болады, сондықтан
«квазибөлшектер – бозондар» және «квазибөлшектер – фермиондар» болып
екіге ажыратылған, бұлар классикалық газ тәрізді
Больцман статистикасына
бағынышты (бірақ осындай газ бөлшектерінің саны температураға байланысты)
болады.
Квазибөлшектерден (әдеттегі газ бөлшектерінен) идеал газдардың негізгі
айырмашылығыквазибөлшектер санының сақталмауы болып табылады, квази-
бөлшектер пайда бола да және жойыла да алады, квазибөлшектердің «өмір сүру»
уақыты шектеулі болады. Квазибөлшектердің саны температураға (Т) тәуелді: Т
артқан кезде квазибөлшек саны көбейеді.
Конденсацияланған орталарда әртүрлі қоздырулардың болуы мүмкін, сондықтан
квазибөлшектер де неше алуан болмақ. Атомдардың (немесе иондардың)
тербелістері тепе-теңдік қалпының маңайында кристалл бойынша толқындар
түрінде таралады. Сәйкес квазибөлшектер фонондар деп аталған. Асқынаққыштық
гелийдегі атомдар қозғалысының жалғыз түрі – дыбыстық толқындар (тығыздық
тербелістердің толқындары) болып табылады. Сәйкес квазибөлшектер – фонондар
және ротондар деп аталған; бұлардың барлығы – бозондар. Атомдардың реттелген
орталардағы магниттік моменттерінің магниттік реттелген орталардағы тербелістері
спиндер айналысының толқындары болып табылады. Сәйкес квазибөлшектер –
магион деп аталған. Бұлар да – бозон болады.
Өткізгіштік электрондар мен
кемтіктер (екеуі де фермиондар) жартылай өткізгіштердегі квазибөлшектер
болады. Электрондар мен кемтіктер бір-бірімен және өзгедей квазибөлшектермен
өзара әсерлесіп едәуір күрделі квазибөлшектер (Ванье-Мотта экситоны, полярон,
фазон, флуктуон) құрайды.
КВАЗИИМПУЛЬС (квази... + латынша «импульс – соққы, түрткі») – кристалдық
тордың периодты өрісіндегі бөлшектердің немесе квазибөлшектердің (мысалы,
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
440
441
электронның) күйін сипаттайтын векторлық шама. Квазиимпульс өзінің қасиеттері
бойынша толқындық вектордағы квазитолқындық векторға ұқсас. Бөлшектердің
соқтығысулары кезіндегі квазиимпульстің сақталу заңы импульстің сақталу
заңынан күрделі: квазиимпульс сақталады, немесе дискретті шамаға өзгеретін
болады.
КВАЗИОПТИКА (квази... + грекше «оптика – көріп түйсіну туралы ғы-
лым») – дифракциялық эффектілер қатаң ескерілетін асажоғары жиілікті
электрдинамика мен бұл жайт толығымен ескерілмейтін геометриялық
оптиканың арасында орналасқан кең толқындық шоқтар оптикасы. Квазиоп-
тикада дифракциялық құбылыстар жеткілікті кең толқындық шоқтардың тара-
луын сипаттау кезінде тек қаншалықты шамада маңызды болатыны ескеріледі.
Осы шоқтарды линзалармен, айналармен, призмалармен, т.б. түрлендіріп сипат-
тау кезінде геометриялық оптикалық түсініктер пайдаланылады. Квазиопти-
каны пайдалану критерийіне толқындық шоқтардың көлденең өлшемдерінің
толқын ұзындығынан жеткілікті шамада артық болу шарты жатқызылған.
Квазиоптикалық электрдинамикалық жүйе миллиметрлік, субмиллиметрлік
диапазондардағы және оптикалық толқындар ұзындығына ауысу кезінде әдеттегі
асажоғары жиілікті диапазондағы бірмодалы көлемдік резонаторларды және
радиотолқынөткізгіштерді алмастырды. Бірқатар техникалық қосымшаларда
(мысалы, талшықтық оптикада), сондай-ақ толқындардың таралу мәселелерінде
(
ионсфералық толқынөткізгіштер, суасты дыбыс арнасында) квазиоптикалық
желілер (іс жүзінде трасса бойында біртекті) пайдаланылады. Шоқтарды
қалыптастыру көлденең біртексіз орталарда жүзеге асырылады.
КВАЗИСТАТИКАЛЫҚ ҮРДІС, тепе-тең үрдіс – термодинамикалық жү-
йенің бір тепе-теңдік күйден өзге күйге шексіз баяу ауысуы, осы жағдайда жү-
йенің кез келген уақыт сәтіндегі физикалық күйінің тепе-теңдік күйден шексіз
аз ғана айырмашылығы болады. Квазистатикалық үрдіс кезінде жүйедегі
тепе-теңдік физикалық параметрлердің өзгерістеріне қарағанда әлдеқайда тез
орнайды. Кез келген квазистатикалық үрдіс – қайтымды үрдіс. Квазистатикалық
үрдістің термодинамикадағы маңызы үлкен. Өйткені құрамына квазистатикалық
үрдіс енетін термодинамикалық циклдер ғана ең үлкен жұмыс мәнін береді.
«Квазистатикалық үрдіс» ғылыми атауын 1909 жылы неміс математигі Кон-
стантин
Каратеодори (1873 – 1950) ұсынған.
КВАЗИТҰРАҚТЫ КҮЙ – метатұрақты күй дегенмен мағыналас атау.
КВАЗИТҰРАҚТЫ ТОК, квазистационар ток – салыстырмалы баяу өзгеретін
айнымалы ток, лездік мәндері үшін жеткілікті дәлдікпен
тұрақты токтың