АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет141/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   274

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



328

329


кескін-суреттер  екі  сәулелік  және  көп 

сәулелік  болып  ажыратылады.  Алғашқы 

жағдайда жарық интерференциялық кескін-

суреттің  әрбір  нүктесіне  ортақ  жарық 

көзінен екі жолмен келеді (сызбадағыдай), 

бұған қосымша интерференциялық кескін-

суреттегі  қарқындылықтың  үлестірілуі 

гармониялық  функция  болады.  Көп 

сәулелік  интерференциялық 

кескін-сурет бастапқы толқын- 

дық  шепті  көптеген  рет  ша- 

ғылыстыру  арқылы  ажыраты- 

лып  алынған  көптеген  коге- 

рентті  толқындардың  қабатта- 

суларынан  (мысалы,  Фабри-

Перо  интерферометрімен)  не  

көп  бөлікті  периодты  құры- 

лымдардағы дифракциялардан 

пайда  болады.  Көп  сәулелік 

жарық интерференциясы кезінде 

интерференциялық  кескін-суреттің  қарқындылығы  (δ)  гармониялық  функция 

болмайды. Көп сәулелік жарық интерференциясы кезіндегі интерференциялық 

кескін-суреттің қарқындылығының қатаң тәуелділігі спектрлік аспаптарда кеңінен 

пайдаланылады.

Табиғи жағдайда көрінетін жарық интерференциясы жұқа  пленкалардың 

түрлі  түске  боялуы (су бетіндегі майлы пленка, сабын көпіршіктері, металл 

беттеріндегі  тотықтар)  болып  табылады,  бұл  құбылыс  екі  беттік  пленкадан 

шағылысқан жарықтың интерференциясынан пайда болады. Қалыңдығы айныма-

лы жұқа пленкаларды созылыңқылы жарық көзімен жарықтаған кезде пленканың 

бетінде интерференциялық кескін-сурет бір орында шектелетін болады, сонымен 

бірге осы интерференциялық жолақ пленканың белгілі бір қалыңдығына сәйкес 

келеді  (бірдей  қалыңдықты  пленка).  Ақ  жарықта  жолақ  боялған  болады. 

Қалыңдығы  тұрақты  жұқа  пленкаларда  (λ-дің  үлестеріне  дейінгі  дәлдіктегі) 

оған бірдей бұрышпен түсетін сәулелердің жүріс айырымы бірдей болады және 

интерференциялық  жолақ  бірдей  көлбеулікті  жолақ  деп  аталған.  Бұлар 

1-сызба. Юнг тәжірибесінің сызбасы мен сұлбасы. Оң 

жақтағы  тұтас  сызық  экрандағы  қарқындылықты 

көрсетеді, үзік-үзік сызық экранның жарықталынуын 

білдіреді.



Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



328

329


шексіздікте шектелген және де оларды линзаның фокустық (тоғысу) жазықтығында 

бақылауға болады. 

Жарық интерференциясына жарықтық «соғуы» да жатады, бұл құбылыс жарық 

өрістерінің әртүрлі жиіліктерінің қабаттасуынан пайда болады. Бұл жағдайда 

кеңістікте қума интерференциялық кескін-сурет пайда болады. Жарық қарқындылығы 

берілген нүктеде интерференцияланатын толқындардың жиіліктерінің айырымына 

тең жиілікпен өзгереді. Жарықтың «соғуы» интерференцияланатын сәулелердің 

уақыт бойынша өзгеруі кезінде жарық интерференциясының әдеттегі сұлбасы 

бойынша пайда болады. Жарықтың тәуелсіз көздерінің сәулелеріндегі жарықтың 

соғуын байқау тек лазерлік көздер үшін ғана мүмкін.



S-тен шыққан сәулелер Е экранға тіке түспес үшін Қ қалқа қойылған. S

1

 мен 



S

2

 – бастапқы жарық көзінің жорымал кескіндері. Жазық айналардан шағылысқан 



жарық шоқтарын осы S

1

 және S



2

 жорымал кескіндерден шыққан деп қарастыруға 

болады. Бұлар когерентті жарық шоқтары (толқындары) болып есептеледі және 

берілген нүктеге әр түрлі жол жүріп жеткен. Сондықтан да осы толқындар тоғысқан 

(қосылған) алқапта (С`

2

 С`



1

МС

2

С

1

) интерференциялық кескін-сурет байқалады. 



Интерференциялық бейненің кескін-суреттің ортасы (М нүктесінде) жарық, ал оның 

екі жағында күңгірт қара және жарық жолақтар алма-кезек ауыса орналасқан. Т.Юнг- 

тің  тәжірибесінде  (3-сызба)  жарықтың  па-

раллель шоғы кішкене саңылауы бар Е

1

 эк- 


раннан өткен соң, екі саңылаулы (D

1

 және D



2

)  


экранға (Е

2

) түседі. Осы екі саңылаудан өт- 



кен  жарық  шоқтарының  қабаттасуы  нәти- 

жесінде Е

3

 экранда интерференциялық кескін-



сурет пайда болады. Бұл тәжірибелерде жа- 

рық интерференциясы жарық көзінің бір нүк- 

тесінен  шыққан  толқындардың  қабаттасуы 

кезінде ғана байқалады. Жарық көзінің әр түр- 

лі  нүктелерінен  таралған  толқындардың 

қабаттасуы нәтижесінде пайда болған интер- 

ференциялық  кескін-суреттердің  айқынды- 

лығы көмескіленеді; шекаралары айқын бө- 

лінбей бір-бірінің үстіне қабаттаса орналасады. 

Жарық интерференциясы р е ф р а к т - 

м е т р и я д а (ортаның сыну көрсеткішін 

2-cызба.  Френель  тәжірибесінің  сұл- 

басы



Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



330

331


өлшеуде) арақашықтықты және бұрыштарды дәл өлшеу үшін спектрлік талдау-

да, жарық сүзгілерін, айналарды жасауда; голография жарық интерференциясы 

құбылысына  негізделген.  Полярланған  сәулелердің  интерференциясы  жарық 

интерференциясының маңызды жағдайы болып табылады.



ЖАРЫҚ КВАНТЫ (латынша «куантум – қанша») – электрмагниттік сәу- 

ленің кванты – фотон деген ұғыммен мағыналас атау.



ЖАРЫҚ  КҮШІ  –  жарық  шамаларының  көзге  көрінетін  сәуле  таратушы  

көздің жарқырауын сипаттайтын шамалардың бірі. Қарапайым денелік бұрыш- 

тың ішіндегі жарық көзінен таралатын жарық ағынының осы денелік бұрышқа 

қатынасына тең. Жарық күші Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ-де) бір- 

лігі – к а н д е л а (кд). 

ЖАРЫҚ ҚЫСЫМЫ – жарықтың оны шағылдырушы және жұтушы дене- 

лерге,  бөлшектерге,  сонымен  қатар  жеке  молекулаларға  және  атомдарға  әсер 

ететін қысымы, жарықтың пондермоторлы (латынша «пондус – салмақ, ауырлық» 

және «мотор – қозғалтатын») әсерінің дербес жағдайы. Жарық қысымы туралы 

алғашқы болжамды 1619 жылы неміс астрономы Иоганн 

Кеплер (1571 – 1630) 

Күннің маңайынан ұшып өтетін кометалардың құйрықтарының Күннен тысқары 

қарай бағытталуын түсіндіру үшін айтқан болатын. 1873 жылы ағылшын физигі 

Джеймс 


Максвелл  (1831  –  1879)  электрмагниттік  теорияға  сүйеніп  жарық 

қысымының шамасын алдын ала болжап айтқан. Максвелл тіптен күшті жарық 

көздері (Күннің, электр доғасының) үшін бұл қысым шамасының өте аз болатынын 

ескерткен. Жер жағдайында жарық қысымы өзгедей құбылыстармен (конвекциялық 

токпен, радиометриялық күштермен) бүркемеленген. Бұл құбылыстардың жарық 

қысымынан мыңдаған есе артық болатыны белгілі. Сондықтан жарық қысымының 

шамасын өлшеу өте қиын іс. Жарық қысымын ғылыми тәжірибе жүзінде алғаш 

рет 1899 жылы анықтаған орыс физигі Петр 



Лебедев (1866 – 1912) болды. Ле-

бедев жүзеге асырған тәжірибедегі аспаптың негізгі бөлігі – әртүрлі металдар 

(платина, алюминий, никель) мен слюдадан жасалған диаметрі 5 мм жазық, жеңіл 

шағын қанаттар болды (1-сызба). 

Қанаттар  жіңішке  әйнек  жіпке 

ілініп,  ауасы  сорылған  әйнек 

ыдыстың (G) ішіне орналасты-

рылды.  Қанаттарға  арнаулы 

оптикалық  жүйе  (В)  арқылы 

күшті жарық сәулесі түсіріледі. 



S

1

 және S



4

 айналарды жылжыту 



Жарық қысымынан Комета құйрығының пайда 


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау