2.1 Кредиттік технологиямен оқытумен байланысты негізгі ұғымдар
Кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде келесі негізгі ұғымдармен анықтамалар пайдаланылады: кредиттер негізіндегі оқу материалын игеруді есептеу мен білім беру траекториясын таңдау, жекешелендіру негізінде білімдерін шығармашылық игеру мен өз білімін жетілдіру деңгейін жоғарылатуға бағытталған білім беру технологиясы.
Бакалавриат: білім берудің кәсіби оқу бағдарламасы, 4 жыл мерзіммен шектелетін таңдаған мамандығына байланысты «бакалавр» академиялық дәрежесі ұсынылатын мамандарды дайындау;орта-кәсіби білім беру базасында оқытудың қысқартылған түрі-3 жыл, жоғары білім беру базасында- 2 жыл.
Магистратура: жоғары білім алғаннан кейінгі кәсіби оқу бағдарламасы, «Мамандықтар бойынша ғылым магистрі» академиялық дәрежесін тағайындайтын 2-жылдан кем емес оқыту мерзімі бар тиісті мамандықтар бойынша және «Мамандықтар бойынша білім беру» академиялық дәрежесін тағайындау бойынша 1-1,5 оқу мерзіммен шектелетін таңдаған мамандығына байланысты «магистр» академиялық дәрежесі ұсынылатын мамандарды дайындау:
Докторантура: философия докторы (PhD) оқу дәрежесін тағайындаумен ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған, жоғары білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламасын кәсіптік білім беру, сала бойынша доктор; 3 жылдан кем емес мерзімі бар.
академиялық күнтізбе (Асаdemic Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын білім беру ұйымының теоретикалық кезеңі: семестр, триместр, тоқсан;
академиялық ұтқырлық - оқытушылар мен дәріс алушыларды белгілі бір зерттеу жүргізу мақсатында нақты академиялық кезеңге байланысты ауыстыру: өзі оқып жатқан ЖОО немесе басқа ЖОО жалғастыратын білім беру кредиттері негізінде (ESTC) дәріс алушыларды шығармашылық тұрғыдан дамыту мақсатында компонент бойынша пәндерді таңдау беріледі;
академиялық тәуелсіздік - компонентті дара түрде таңдау бойынша білім беру мәнін анықтау мақсатында ұсынылатын өз бетінше таңдау жасау арқылы тиісті пәндерді таңдау, білім беру үрдісіндегі субъектілер өкілеттілігінің жиынтығы, яғни дәріс алушылардың мен оқытушылардың шығармашылық тұрғыдан дамуы үшін жағдай жасау және инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін пайдалану;
білім алушылардың академиялық рейтингі (Rating) - қорытынды атгестаттаудың нәтижелері бойьшша құрылған білім алушылардың, бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
академиялық дәреже (Degree) - білім алушылардың қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша оларға білім беру ұйымдары беретін тиісті білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі;
академиялық сағат - барлық сабақтар бойынша кестеге сәйкес дәріс алушының оқытушымен байланыста жұмыс істеуі;
белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-outs) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты игеруі үшін сабақ үдерісінде таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
академиялық адалдық – жазбаша жұмыстарды орындау кезінде (бақылау, курстық жұмыстар, эссе, диплом және диссертация жұмыстары), зерттеулер, тұсаукесерлер, сонымен қатар оқу жетістіктерін бағалау кезінде жеке адалдықты дамытуға бағытталған құндылықтар мен қағидаттардың жиынтығы;
оқу жетістіктерін балдық – рейтингтік әріптік жүйесі- әріптік жүйе арқылы халықаралық практика сәйкес болатын білім деңгейлерін бағалау жүйесі және дәріс алушылардың рейтингін бақылау;
оқу пәніне жазылу (Enrollment) - білім беру ұйымдары белгілеген тәртіппен білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;
білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Final Examination) - мемлекеттіік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған тиісті білім деңгейіндегі олардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім; аралық аттестаттауды өткізудің нысандары білім алушылардьщ білімін модульді-рейтингтік тексеру және емтихан болып табылады: жазбаша, тестілеу, ауызша, біріктірілген;
білім алушылардың оқудағы жетістіктері - оқыту үрдісінде қол жеткізген дәріс алушылардың дағдылары, білімдері және құзырлығы және жеке тұлғаның дамуының жеткізген деңгейі;
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - әртүрлі бақылау тапсырмалары негізінде (жазбаша жұмыстар, тестілер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сұрау және тағы басқалары) білім алушылардың нақты пән бойынша қол жеткізген білімін тексеру; ол білім алушылардың ағымдық бақылауы және аралық аттестаттауы болып бөлінеді;
екі дипломдық білім алып шығу - екі оқу жоспары бойынша (білім беру бағдарламаларын) оқып, екі толыққанды диплом алу немесе негізгі мен екінші қосымша диплом алу;
құзырлығы - білім алушының білім алу барысында пайда болған дағды, білімі мен құзыретін кәсіби қызметте пайдалануы;
офис-тіркеуші - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық, түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет;
білім алушылардың аралық аттестациясы – дәріс алушылардың оқуды игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін процедура немесе оны зерделеу аяқталған соң оқу пәндерінің көлемін өткізу;
постреквизиттер (Postrequisites) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер тізбесі;
пререквизиттер (Рrerequisites) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;
пәндер бағдарламасы (Syllabus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы;
білім алушылардың білімін модульді-рейтингтік тексеру - бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың білімі тестілеу және басқа түрдегі нысандар негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру рәсімі;
модульдік оқыту- білім беру бағдарламаларын, оқу жоспары мен оқу пәндерін модульдік құру негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілі;
білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді;
оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - кестеде көрсетілген оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) болып бөлінеді;
үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GРА) - таңдап алған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (ағымды оқу мерзім ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттер қосындысы сомасының қатынасы);
транскрипт (Тгаnscript) - кредиттер мен бағаларды әріппен және санмен көрсететін тиісті оқыту кезеңінде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;
тьютор (Tutor) – нақты пәнді игеру бойынша студенттің академиялық кеңес рөліндегі оқытушы;
білім алушылардың үлгірімін ағымдағы бақылау – академиялық мерзім ішінде кестеге сәйкес аудиторлық және аудиториядан сабақтарға оқытушымен жүргізілетін білім беру бағдарламаларына сәйкес студенттердің білімдерін жүйелі түрде тексеру;
аралық бақылау - бір оқу пәні (модуль) үлкен тарауын аяқтау кезінде дәріс алушылар оқу жетістіктерін бақылау. Оқу кезеңінде академиялық күнтізбелік кестесіне сәйкес жасалады;
эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
емтихан сессиясы – жоғары оқу орындарында студенттерді аралық аттестациялау мерзімі.
2.2 Оқытудың білім беру траекториясын қалыптастыру және оқу пәндеріне жазылу тәртібі
Кредит технологиясын оқыту - білім беру ұйымы бекітетін, бекітілген кредиттер шеңберінде білім алушы өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастыратын таңдау бойынша құрамға енген оқу пәндерінің тізбесі (пәндер бойынша курстар).
Оқу үрдісін ұйымдастырудың басты мақсаты:
білім көлемін анықтау;
оқушылардың жекелік жағдайын жақсарту;
оқушылардың езіндік рөлі мен тиімділігін күшейту;
оқытушылардың оқу жетістіктерін нақты бақылау үрдісінде анықтау.
Кредиттік оқыту технологияларда оқу жұмысының еңбекшілдік есебі оқытылатын материал көлемінде өткізіледі, кредиттарда. Әрбір тәртіптін көлемі кредиттарда, типтік оқу жоспары және мемлекеттік жалпы білім стандарттарымен анықталады.
Кредит - студенттердің оқу жұмысының көлемін бірлікпен есептеу.
Кредит (Сгеdit, Credit-hour) - білім алушының оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір дәрістік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин.) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 мин.), магистранттың, докторантың 6 сағат (300 мин.) өзіндік жұмысымен қоса беріледі.
Бір оқу кезеңінің академиялық көлемі - 15 апта. Бір жылдық академиялық көлемі 38 апта (немесе 2 кезең), олардың 30 аптасы теориялық оқылымы, 4-кем емес студенттің қорытынды бақылауы, 2-қысқы демалыс кезеңі, 9-16 жазғы апта демалыс кезеңі.
Академиялық сағат саны 1 байланыс (50 минут) дәрістік, практикалық, (семинар) сабақтары және 1,5 байланыс уақыты (75 минут) студиялық пәндер, 2 байланыс сағаты (100 минут) зертханалық және дене мәдениеті сабағы бойынша немесе 1 оқу, 2 педагогоикалық және 5 өндірістік тәжірбие сағатына тең келеді.
Оқу жылының академиялық көлемі 6 аптаға созылған жазғы кезең арқылы көбеюі мүмкін. Бакалавриаттың оқыту мерзімінің академиялық көлемі 60 оқу пәнінен тұрады, магистратурада 18 оқу тәртібі. Оқу траекториясы мен пәндер тізбесі каникул кезінде әр студентке анықталып 2-5 курс, магистрлар 2 курс, жеке оқу жоспарында көрсетіліп, 1 курс студенттер мен магистранттарға - 10 қыркүйекке дейін. Жеке жұмыс жоспарын оқу жылы ішінде өзгертуге болмайды. Жеке жұмыс жоспарын декан немесе оқу жұмыс жөніндегі деканның орынбасары бекітіліп, деканатта сақталады: магистранттарды – ғылыми жетекшілер қылып бекітеді, кафедра меңгерушілері және декан, 1 данасы кафедрада сақталады.
Бакалавриатта оқыту кезеңінде максимальдық академиялық көлемі – теориялық оқытудың 129 кредитін құрайды, сонымен қатар практиканың 6 кредитінен кем емес, дайындыққа 2 кредиттен кем емес дайындық, диплом жұмысын (жобасын) жазу мен қорғау және мамандық бойынша дайындыққа және мемлекеттік емтиханды тапсыруға 1 кредиттен кем емес.
Ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша – 59 кредиттен кем емес, оның 42 кредиті теориылық оқытуға кетеді, практикаға 6 кредиттен кем емес, ғылыми-зерттеу жұмысына 7 кредиттен кем емес.
Бейіндік дайындық бойыннша магистрлерді дайындау бойынша – 28 кредиттен кем емес (1,5 жыл оқу мерзімі), оның 18 және 36 кредиті теориялық оқытуға қатысты болады, практикаға 2 және 4 кредиттен кем емес, сараптамалық-зерттеу жұмысына 4 және 4 кредитінен кем емес.
Философия докторларын дайындау кезінде (РhD) – 75 кредиттен кем емес, олардың ішінде 36 кредит теориялық оқытуға арналған, соынмен қатар 6 кредиттен кем емес және докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысына 28 кредиттен кем емес сағат беріледі.
Құжаттар 2-5 курс студенттері үшін, 2 курстың магистранттары үшін, 2,3 курс докторанттары үшін жазғы кезеңде бекітіледі; 1 курстың студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін 10-қыркүйекке дейін жасалады. Жеке оқу жоспарына өзгеріс енгізу оқу жылы ішінде жасалмайды.
Студенттердің жеке жұмыс жоспары (ЖЖЖ) деканмен бекітіліп, деканатта сақталады, АИС «Platonus»; «Tamos University Suitev.1.9». Магистранттардың ЖЖЖ ғылыми жетекшімен, кафедра меңгерушісімен және деканмен бекітіледі, кафедрада, «Platonus» сақталады.
Кредиттік технология бойынша оқыту оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) арқылы жүзеге асырылып, студентке демалыс кезінде беріледі. Оның ішінде оқу жоспарындағы әр пәнге жеке сипаттама жасалады. ОӘК екі бөлімнен тұрады: оқу бағдарламасы және тәртіп бойынша оқу-әдістемелік материал:
Оқу бағдарламасы (Syllabus): Оқытушылар туралы деректер; пән туралы деректер; оқу жоспарынан көшірме; пререквизиттер; постреквизитер; курстың қысқаша суреттемесі; пән бойынша тапсырмалар; әдебиеттр тізімі; білімді бағалау бойынша ақпарат; курс саясаты (әкімшілік талап).
Пәннің сипаттамасы (Course Description) – пәннің мақсаты, міндеті және мазмұны кіретін (5-8 сөйлемнен тұратын) пәннің қысқаша сипаттамасы болып табылады.
постреквизиттері (Postrequisite) – осы пәнді оқу кезінде алынатын білімдерін, дағдылары мен ептіліктерін талап етеді;
пререквизиттері (Prerequisite) - осы пәнді оқу кезінде алынатын білімдерін, дағдылары мен ептіліктерін талап етеді;
2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар:
Курстың тематикалық жоспары; лекция тезистері; практикалық сабақтардың жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстардың тақырыптарына әдістемелік нұсқаулар, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстардың тақырыптары (СОӨЖ); дәріс алушының білімін бағалау және бақылау материалдары болып табылады. Аралық бақылауды өткізуге арналған тест тапсырмалары.
ОӘК университеттің кітапханасынан алу қажет сонымен қатар «Platonus», «TAMOS University Suitev.1.9» бағдарламаларында бакалавр және магистратураның әр мамандықтары бойынша электрондық кітапхана бар.
Әр дәріс алушыларға берілетін анықтама кітапшасы оған жаңа оқу жүйесіне бейімделуге мүмкіндік береді, оқу үрдісін жоспарлауға көмектеседі, жаңа ақпаратты өз бетінше іздестіруге ықпал етеді. Анықтама кітапшада:
оқу мерзіміне арналған жұмыс оқу жоспары;
кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудағы негізгі ережелері;
студенттердіңі орташа балын есептеу әдістемесі (GРА);
студенттер мен магистранттардың құқықтары мен міндеттері;
кредиттік білімді алу шарты;
кітапхананы қолдану ережесі;
қосымшада телефон анықтамасы, ЖОО әкімшілігінің ғылыми дәрежелері мен аттары, академиялық күнтізбе, студенттің жеке жоспарына формасы, дәріс алушының тіркелуі, МАБ жүргізу ережесінің көшірмесі және өтініштерді жазу үлгілері.
Оқу үрдісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету кафедралар арқылы жүзеге асырылады:
әр пән бойынша оқу жоспары, аудиториялық жұмыстар үшін материалдар, соның ішінде тезистер, семинар сабақтары;
өзінді жұмыс жасауға қажет әр пән бойынша оқу жоспары, соның ішінде әр пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, жаттықтырғыш тестер, бақылау тапсырмалары, емтихан сұрақтары;
практика өту материалдары, соның ішінде практика бойынша есептік құжаттар.
Студенттерді курстан курсқа академиялық ауыстыру орташа өту балына сай жүргізіледі, ол оқу курсына да байланысты болады. Белгіленген GРА-ді толық жинай алмаған студент қайтадан сол курсты оқиды. Қайталанған курсты қаржыландыру студенттіңықыласы арқылы жасалады.
Студенттер мен магистранттарды оқудан шығару университет ректорының бұйрығымен іске асады.
Төмендегі себептерге байланысты оқудан шығарылады:
студенттің университет ректорының атына өз еркімен жазған
өтініші негізінде;
оқытушының бір ЖОО екінші ЖОО-ға ауысуы;
ЖОО жарғысын бұзуы (соның ішінде: Ішкі тәртіп туралы Ереже);
ЖОО шығарылған дәріс алушыларға академиялық анықтамасы (транскрипт) беріледі. Жоғары оқу орнынан оқудан шығарылған білім алушы, кез келген жоғары оқу орнына қылмыстық жауапкершілікке байланысты әкеп соғатын орын алған жағдаларды қоспағанда, егер олар бір академиялық кезеңді ойдағыдай аяқталған болса, кез келген мамандыққа мерзімі мен оқудан шығарылған себептеріне қарамастан қайта оқуға қабылдануы мүмкін.
Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – оқу пәндерін білім алушылардың алдын ала жазылу процедурасы.
Оқу үрдісін жоспарлау типтік, жұмыс және жеке жұмыс жоспарларымен жүзеге асады.
Типтік оқу жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінде бекітіледі, оның құрамында міндетті пәндер тізбесімен студенттердің таңдауы бойынша жасалған пәндер жиынтығы, кредиттер саны кіреді және практиканың мерзімі мен түрлері белгіленеді.
Жұмыс оқу жоспарын (ЖОЖ) ЖОО ректоры бекітеді, оның құрамында кредиттер саны көрсетілген міндетті компонент пен таңдау компоненті көрсетіледі.
Жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) факультет деканы бекітеді және ол әр студенттің білім беру шеңберін анықтайды. Жеке оқу жоспарын өңдеу оқу жоспары және таңдамалы пәндер каталогы негізінде эдвайзердің басшылығымен жүзеге асады. Білім беру траекториясын жоспарлау оқу жылы барысында жүзеге асады.
ЖОО-да таңдалған пәндер бойынша (ТПЖ) жүйелі түрде жасалған аңдатпасы берілген, оқыту мақсаты нақты жазылған, арнаулы тараулар бойынша қысқаша мәлімет берілген, оқу барысында пайда болған (ұғымдар, дағдылар мен құзырлықтары) көрсетіледі. Әр пән бойынша пререквизиттер мен постреквизиттер белгіленеді. ЭПК студенттерге элективті пәндерді таңдауға мүмкіндік береді.
Жеке оқыту жоспарларын (ЖОЖ): үш данада рәсімдеуді тіркеуші жүргізеді, студенттердің өтініштері бойынша топшалар қалыптастырылып таңдамалы курстар тиімділігі анықталады. Өзінің білім алу траекториясын жоспарлау эдвайзердің көмегімен жасалынып, студенттің қолына әр пәннің оқу-әдістемелік кешен беріледі. Бір пәнде бірнеше тьютор оқыса, студентке тек пәнді ғана емес, сонымен бірге оқытушыны да таңдау мүмкіндігі туады.
Тіркеу офисі бекітілген жеке оқу жоспарлары және студенттер саны негізінде академиялық ағындар мен оқу топтарын және топшаларын құрастырады. Жеке оқу жоспарлары негізінде тіркеу офисі ағымдағы оқу жылының сабақ кестесін және кеңес кестесін жасайды.
2.3 Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) - оқу үрдісінің сапасын бағалаудың маңызды факторы, ол алған білімнің, дағдылар мен құзырлықтардың мықтылығына әсерін тигізеді, сонымен қатар оқушыларда өзін-өзі жетілдіру тиімділігін арттырады. БӨЖ кезінде білім алушы оқу үрдісіне белсене араласады және еркін ойлау дағдыларын қалыптастырады. БӨЖ-ді ұйымдастыру оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын белгілейді, атап айтсақ:
Пән бойынша нақты тақырыптарды оқу кезіндегі БӨЖ-дің орны;
Лекция мен семинар (практикалық) сабақтардың БӨЖ-ге бағытталуы;
Оқу материалының көлемі мен түрі;
Тапсырма орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен нұқсаулықтардың болуы;
БӨЖ-дің басқа оқу сабақтарымен байланысы.
Студенттердің өзіндік жұмысы кредиттік технология бойынша 70 пайыз құрайды, ал 50 пайыз оқытушымен басшылығымен жасалатын білім алушылардың өзіндік жұмысы болып табылады (ОЖБӨЖ, ОЖЖЖ).
ОЖБӨЖ, ОЖЖЖ оқу жоспары бойынша барлық пәндерге қарастырылған, ол оқу кестесіне және студенттердің апталық жүктемесіне енеді. ОЖБӨЖ сабақтары қосымша кеңес алғысы келетін, рейтингі төмен болған, пән бойынша алған тапсырмаларын орындауға қиналатын студенттерге арналған. ОЖБӨЖ шаралары колоквиум, дискуссия, жазба бақылау жұмыстар сияқты формалар бойынша жүргізіледі.
2.4 Білім алушылардың білім жетістіктерін бақылау мен
бағалау жүйесі
Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың жүйесі мына түрлерден тұрады: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау және мемлекеттік аттестаттау.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, бұл – пән оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың ағымдағы жүргізген сабағын білім алушылардың игеруі мен оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.
Пәнді оқыту кезінде бақылаудың алуан түрлері қарастырылады;
ауызша сұрақ - материалды оқығаннан кейін сұрақтарға жауапретінде жасалып, талқыланады;
жазбаша сұрақ - жеке курстар бойынша практикалық тапсырмаларды орындау, бақылау жүмыстары, есептерді шешу, жағдаяттарды талқылау;
кешенді сұрақ - білімін бір немесе бірнеше модульдер бойынша ауызша немесе жазбаша түрде тексеру;
үй тапсырмаларын қорғау мен қарастыру, жеке және топқа берілген үй тапсырмаларын тексеру бойынша бақылау, өткен тақырыпты толықтыру, тақырыптар арасындағы логикалық байланысты білу;
дискуссия, жаттықтырғыштар, дөңгелек үстелдер, кейс-студиялар және т.б. - топ дискуссиялары және ойын жағдаяттары түрінде өздерінің алған білімдерін толықтыру, шешім қабылдай білу;
тестер - әртүрлі пәндер бойынша бақылау жұмыстары ретінде жазбаша түрде бақылау жүргізу.
Аралық бақылау жазбаша бақылау мен зертханалық жұмыстар, тестілеу, курстық жобалауды орындау немесе ауызша тыңдау - коллоквиум, конференцияларға сөз сөйлеу және т.б.
Аралық бақылау - бір оқу пәні бойынша тараудың (модульдің) бітуіне байланысты білім алушылардың оқу жетістіктеріне бақылау жасау;
Аралық бақылауды бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес, компьютерлік тестілеу әдісімен «Platonus», «TAMOS» жүйесінде өткізеді, сол үшін студенттерге алдын-ала бақылау сұрақтары беріледі.
Білім алушылардың үлгерімін аралық бақылау, бұл – оқу бағдарламаларына сәйкес пәнді оқып болғаннан соң, оны игеру деңгейін бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтингілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады.
Үлгерімді ағымдағы бақылауға ағымдағымына бағалар енеді: семинарлар мен үй тапсырмаларын орындау бойынша бағалар мен практикалық сабақтар, өзіндік жұмыс тапсырмалары.
Аралық бақылауды өткізу түрі - бақылау және лабораториялық жұмыстар, тестілеу, курстық жобаларды орындау, ауызша есту-коллоквиум, конференцияда сөз сөйлеу болып табылады.
Білім алушылардың үлгерімін аралық бақылау, бұл – оқу бағдарламаларына сәйкес пәнді оқып болғаннан соң, оны игеру деңгейін бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтингілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады. Үлгерімді ағымдағы бақылауға ағымдағымына бағалар енеді: семинарлар мен үй тапсырмаларын орындау бойынша бағалар мен практикалық сабақтар, өзіндік жұмыс тапсырмалары.
Ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрлерін пәннен сабақ беретін оқытушы жүргізеді. Рұқсат алу рейтингілік баға пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бақылаудың барлық түрлері бойынша: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау мен қорытынды аттестаттау балдық-рейтингілік таңбалық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-тік құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Оқу жетістіктерін балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау- білім алушылардың рейтингін сандық баламада халықаралық тәжірибеде қабылданатын балмен қойылатын баға жүйесі.
Білім алушылардың білімін бағалау жүйесіндегі маңызды орынды кредиттер сомасы мен қорытынды бағалары ретінде ағымдағы оқыту кезеңі кредитінің сомасына есептелінетін орта балл түрінде айқындалатын студенттің бір жылдығы академиялық үлгерімінің деңгейі алады. Келесі курсқа көшуге құқық беретін балл төмендегідей тәртіппен саналады:
(кредит 1 х балл 1) + (кредит 2 х балл 2) + (кредит п х балл п)
GPA = ----------------------------------------------------------------------------------------------
кредит 1 + кредит 2 + кредит п
Мәселен, жыл бойы мынандай нәтижелерге қол жеткізген студент
Пәндер
|
Бағалары
|
Балл
|
Кредиттер
|
1
|
А
|
4,0
|
3
|
2
|
В
|
3,0
|
3
|
3
|
В
|
1,0
|
3
|
4
|
С
|
2,0
|
3
|
5
|
В
|
3,0
|
2
|
6
|
А
|
4,0
|
3
|
2,8 балға тең GРА-ге ие болады
(3кр х 4,0) + (3кр х 3,0) + (3кр х 1,0) + (3кр х 2,0) + (2кр х 3,0) + (3кр х 4,0)
СРА= ------------- = 2,8
3 + 3 + 3 + 3 + 2 + 3 кредиты
Бакалавриат мен магистратура, докторантура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары Дублин дескрипторларымен, яғни Еуропалық біліктілік шеңберінде өңделеді.
Дескрипторлар (Descriptors): Жоғары және екінші жоғары білім алу барысында студенттермен алған білім беру бағдарламалары негізінде пайда болған білімдерін, дағдыларын және құзырлығын сипаттау. Дескрипторлар білім алу қорытындыларымен, сонымен қатар жалпы кредит сандарына байланысты қалыптасады (сынақтық бірліктер) ECTS.
Еуропалық трансферт (аударма) жүйесі және кредиттер саны ECTS.
Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының барлық талаптарын орындаған немесе игерген білім алушы қорытынды аттестаттауға жіберіледі.
Білім алушылардың қорытынды аттестаттауы, бұл – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының тиісті білім деңгейіне сәйкес олардың білімді игеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Мемлекеттік аттестаттау, оқушылардың тиісті мамандықты игеру процесі кезінде алған білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзіреттілігін тексеруге бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдеден болған №319 «Білім туралы» заңына сәйкес оқу жетістіктерін сыртқы бағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру шарттары анықталып (әрі қарай-ОЖСБ) беретін студенттер үшін және оқытудың барлық түрлеріне байланысты ұйымдастырылады.
Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ міндеттері болып табылатындар:
1) дәріс алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингін жүзеге асыру;
2) оқу үрдесін ұйымдастырудың тиімділігіне баға беру;
3) білім беру ұйымдарымен ұсынылып отырған білім беру түрлерінің сапасына салыстырмалы түрде талдау жүргізу.
ОЖСБ өткізу үшін МББС сәйкес базалық және кәсиби пәндер бойынша тест тапсырмалары пайдаланады.ОЖСБ ҚР БҒМ белгіленген мерзімде 4 пән бойынша кешенді тестілеу түрінде өтеді. Тестілеу оқылатын тілде өткізіледі (қазақ немесе орыс тілінде болады).
Қорытынды аттестаттау (ҚА) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған мамандықтар бойынша тұтастай немесе жекелеген (базалық және/немесе кәсіптендіру) басты пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар тапсыру және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау түрінде жүргізіледі.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестаттау (ҚА) және мемелекеттік емтихан бакалавр студентінің қарастырылған академиялық күнтізбе кестесімен бакалавриат үшін мерзімге сәйкес өткізіледі.
Әрбір білім алушы мемлекеттік емтихандарды (МЕ) тапсыру және дипломдық жұмысты (жоба) қорғау; магистерлік жұмысты МЖСБ сәйкес қорғау қажет.
Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушыларға тиісті академиялық дәреже (бакалавр, магистр) тағайындалады, біліктілік танылады және жоғары білім туралы диплом беріледі. Дипломға қосымша ретінде түлектің алдағы еңбек немесе зерттеу әрекетіне дайындық деңгейін айқындайтын транскрипт беріледі.
Диплом жұмысы (жобасы): тиісті салаға қатысты нақты мамандықтың өзекті мәселелерімен студенттің өз бетінше оқуымен негізделетін ғылыми зерттеулердің элементтері бар түлектік жұмысы болып табылады.
Магистрлік диссертация - тиісті салаға қатысты нақты мамандықтың өзекті мәселелерімен студенттің өз бетінше оқуымен негізделетін ғылыми зерттеулердің элементтері бар түлектік жұмысы болып табылады.
Докторлық диссертация – нақты бір практикалық міндетті немесе негізгі ғылыми концепцияны шешетін, ғылыми жаңалықтың маңызды болып табылатын элементтерін түпнұсқа және аяқталған ғылыми зерттеу болып табылады.
Қорытынды аттестация (ҚА) және «Қазақстанның заманауи тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды бакалавриат үшін студенттердің академиялық күнтізбесіне қатысты мерзімдерде өткізу.
Әрбір білім алушы мемлекеттік емтиханды (МЕ) тапсыруға және диплом жұмысын (жобасын) қорғауға немесе екі бейіндік пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті: магистрлік, докторлықты МЖБМ байланысты жасау.
Кәсіптік практика оқу үрдісінде алған теориялық білімді бекітуге,практикалық дағды мен құзыреттілікті, сонымен қатар алдынғы тәжірибені меңгеруге бағытталған.
Оқу үрдісінде мемлекетті стандартқа сәйкес әр мамандыққа байланысты практиканың мынадай түрі өткізіледі: оқу-танымдық, тілдік, педагогикалық, кәсіптік, дипломалды және т.б.
Практиканы өту туралы ақпаратты әдістемелік нұсқаулардан алуға болады.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес мамандықтар бойынша курстық жұмыстардың тізімі аңықталады, олар МЖБС сәйкес мамандықтар бойынша әдістемелік нұсқауларды №2, 3 оқу ғимараттарындағы кітапханалардан, университеттің электрондық кітапханасынан табуға болады.
Курстық жұмыстардың (жобалардың) тізімі МЖБС сәйкес мамандықпен, типтік оқу жоспарымен, типтік оқу бағдарламасымен анықталады. Курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды түлектерді шығаратын кафедараларды және университеттің электрондық кітапханасынды, №2,3 оқу ғимараттарының кітапханаларынан алуға болады.
2.5 Автоматтандырылған ақпараттық «Platonus»
бағдарламасының жүйесі
Білім үрдісін жетілдіру мақсатында университетте 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін оқудың жаңа формасы енгізілді және университеттің 36 бакалавр мамандығы, магистратура, докторантура бойынша электрондық оқу әдістемелік құжаттары бар “Platonus” ААЖ бағдарламасы автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданылады.
Бұл автоматтандырылған жүйе оқу траекториясын тиімді етіп жоспарлауға, жеке оқу жоспарын қалыптастыруға, элективті пәндерді рентабельді есептеуге, оқытушыларды таңдауға, GPA анықтауға, бақылаудың әр түрлі түрлерін(ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау) өткізуге, оқыған курс бойынша дәріс алушылардың оқу жетістіктерін жинақтауға, электрондық журнал, транскрипт құрастыруға мүмкіндік береді.
“Platonus” ААЖ бағдарламасынан жеке ақпарат алу үшін әр қолданушы жеке логин, пароль, WEB-бетіне ие болу керек.
“Platonus” ААЖ бағдарламасын қолданушылармен жыл сайын міндетті түрде дәріс жүргізіледі.
.
2.6 Автоматтандырылған ақпараттық «TAMOS» UNIVERSITY SUITE
бағдарламасының жүйесі
TUS 1.9 (Tamos University Suite) ААЖ - вузда автоматтандырылған оқу үдерісіне арналған кредит технология бойынша және аралық оқытуды ұйымдастыруыдың кешендік шешімі. Респубиканың бір қатар вуздарында ойдағыдай автоматтандырылған TUS 1.9 оқу басқару жүйесі енгізілген. АСУО TUS 1.9:
кредиттік жүйесіндегі шарты бойынша оқыту үрдесін автоматттандырады;
сырттай (аралық) және де күндізгі бөлімдерге аралық оқытуды ұйымдастыру.
2.7 Үйренушілердің академиялық жинақылығы,
ғылыми тағылымдама
Академикалық жинақтылығы
Студенттерге академикалық жинақтылық мүмкіндік береді, магистрантарға және жас ғалымдарға шет елдерде қысқа мерзімділік және ғылыми – зерттеу бағдарламаға қатысқанда ғылыми тәжірибе алады.
Болонск үрдесінде академикалық жинақтылық екі түрге бөлінеді: «тік» және «көлденең».
Тік жинақтылық – шет елдерідің вуздарында толық дәрежеге оқытады;
Көлденең жинақтылық – шет елдерідің вуздарында оқу шектеулі кезеңдік (семестр, оқу жылы) ағысында өтеді.
«Ішкі» және «Сыртқы» жинақтылығы бар:
Ішкі жинақтылық – Қазақстанның басқа вузында оқыту;
Сыртқы жинақтылық – басқа шет елдерінің вуздарында оқыту.
КУАМ студенттері мен магистрантарына 60 серіктестік вуздарда академикалық жинақтылығына оқуға мүмкіндігі бар.
Шет елдерде ғылыми тәжірибе,
Магистранттың ғылыми – зерттеу/зерттеушілік эксперимент жұмысы
Магистранттың диссертациялық зерттеулерін өткізу үшін (ғылыми – зертеу / зерттеушілік эксперемент жұмысы), білімділік бағдарламалардың оқу компоненттерінің бөлшектерін игеру үшін магистрант шет елдерінің ғылым және білім ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржысының толық оқу кезенінің бір рет, 10 күнге дейін ұзақтылығымен (өз қаржысын ұзақ мерзімге дейін пайдаланады). КУАМ магистрантары 40 шет вуздарында ғылыми тәжірибесін өткізу мүмкіндігі бар.
Шет елдерде ғылыми тәжірибені өту үшін қажетті құжаттар:
ғылыми жетекшілердің, кафедра меңгерушінің, факультет деканының визасымен ректор атына магистранттың өтініші;
кафедра меңгерушінің негіздеумен қызмет жазба хаты, факультет деканның визасы;
вуздың шақыру көшірмесі / ғылыми ұйымның аудармасы ресми бланкте нотариуспен бекітілген;
шет елдеріне магистранттың іс сапар туралы кафедра отырысының көшірме хаттамасының ұсынысы;
КУАМ ғылыми кеңес отырысының шет елдеріне магистранттың іс сапар туралы көшірме хаттамасының ұсынысы;
шет елдерде ғылыми тәжірибені өту мерзімінің магистранттың жұмыс жоспары;
магистранттың ғылыми тәжірибесі көрсетілген жеке оқу жоспары.
Жаңа теориялық, методологиялық және технологиялық шет ғылымдардың жетістіктерімен танысу мақсатымен магистранттың тәжірибесі өткізіледі, ғылыми зерттеулердің жаңашылық әдістерімен, өңдеу және эксперемент деректерінің интерпретациясы, практикалық дағдыларын иемдену; оқу мамандық бойынша профессионалдық тәжірибе және компетенциясы, озаттық тәжіребені игеру.
3 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫЛАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 Студенттердің құқылары
Оқитын студенттардың құқықтары:
мамандық бойынша қарастырылған міндетті стандарт шеңберінде
білім алуға;
жеке траектория шеңберінде оқуға;
қосымша білім алуға, талаптары мен қажеттіліктеріне сай білім алуға және оқу жоспарына сай баламалы курстарды таңдауға;
заңмен белгіленген шеңберде бір оқу орнынан екінші оқу орнына, бір мамандықтан екіншіге ауысуға;
университеттің ақпараттық кітапханасымен және компьютерлік орталығын пайдалануға;
өзінің пікірі мен көзқарасын еркін білдіруге;
адамдық қасиеттерін сыйлау, ақпаратты уақытында ала білу;
қызметіне қатысты маңызды мәселелерді шешуге және талқылауға қатысу, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар арқылы жұмыс жасау;
барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға, сайыстарға қатысу, басылымдарда өз жұмыстарын шығару;
студенттердің өзін-өзі басқару және студенттік қоғамдық ұйымдарын құру;
факульттетің және басқа да құрылымдық бөлімшелеріне сайлану және сайлау;
тәрбие жұмысы шеңберінде және студенттердің бос уақытын өткізу бойынша шараларға қатысу.
Бакалавриат түлектері магистратураға түскен кезде сәйкес мамандықтар және жұмысқа орналасу тәртібі бойынша тең құқылы болып табылады.
3.2 Міндеттері
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері, магистранттары міндетті:
ҚР Президентінің саясатын қолдап және оны өз өмірінде, беделіне өз ісімен бекіту керек;
заң принциптеріне жетекшілік ете отырып, Конституция мен ҚР заңын қатаң түрде қолданып, ҚР Президентінің актілерін және ҚР басқа да нормативті актілерін берік ұстану керек;
азаматтың әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, дінге қатысына, мекен-жайына, нәсіліне, сеніміне қарамастан адамның абыройын және намысын сыйлау керек;
мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстандағы халықтардың салт-дәстүрлеріне сыйластық;
АМКУ бірлескен мәдениетіне, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт – дәстүріне сыйластықпен қарап, жалпы адамгершілік-этикалық нормаларды қадағалауы керек;
өзінің мінез-құлқымен вуздың имиджін қолдау;
өзінің оқуға қарым-қатынасы мен жеке тәртібімен тұрақты және позитивті адамгершілік-психологиялық жағдайын топта жасау;
өзінің кәсіби біліктілігі үшін білім мен дағды, сапалы білім алуға ұмтылу;
деканатқа уақытында жеке жұмыс жоспарын беріп отыруға (1 курс студенттері - 10 қыркүйекке дейін, жоғары курс студенттері – сәуірдің соңыны дейін);
белгіленген мерзімде оқу жоспары бойынша қарастырылған міндетті тапсырмаларды орындау;
оқу пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) белгіленген мерзімінде орындау;
сабақтарға күнде кешікпей келіп отыруға;
сабақтарды босатқан жағдайда дәрігердің анықтамасын әкелуге;
оқу-әдістемелік әдебиетке тыңғылықты қарауға;
АМКУ ішкі тәртіп ережелерін орындауға (университет ғимаратында сырт киіммен жүрмеу, темекі шекпеу, қатты сөйлемеу);
жауапты және міндетті болуға,курстастары мен оқытушыларды сыйлауға;
сабаққа іскер киіммен келуге,сабақ үстінде ұялы телефондарын ағытуға;
дәріс алушылардың өз денсаулығын жақсартуға, рухани өсуге ұмтылулары қажет.
3.3 Кредиттік білім алудың шарттары
Білім кредиті
Дәріс алушылар төлем төлеу негізінде білімдік кредит ала алады, ҚР БҒМ жасаған «Қаржы орталығы» АҚ кепілділігімен. Қазіргі уақытта білім кредиттерін екінші деңгейлі банктердің, яғни бағдарламаның қатысушылары жеңілдік береді.
Негізгі шарттары:
Cтуденттік білім беру несиесі Қазақстандағы білім беру ұйымдарында білім алу үшін беріледі:
«Қаржы орталығы» АҚ кепілдігі бойынша;
Несиелеу мерзімі - 12 жыл;
Оқу орнын бітірген соң 6 айдан кейін несиені жабуға болады, ең төмен пайыздық түсім;
Несие тікелей студенттің өзіне ресімделеді;
Несие сомасы шектелмеген.
«Қаржы орталығы» АҚ телефоны бойынша кеңес беру 88000802828, (87172) 695045, 695047, телефон шалу тегін.
Веб-сайт: www.fincenter.kz.
3.4 Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің
кітапханасын пайдалану ережесі
Университет оқырманы әр кітапқа үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет.
Егер кітапта бет жетіспесе, сызған жерлер болса, майысқан бет болса айып төлейді.
Басылым мен материал жоғалған жағдай болса, абонент 10 есе мөлшерде төлеуге міндетті.
Кітапты қайтару мерзімі таңертеңгі 8-30-дан келесі күнге дейін. Уақытында тапсырмаса, айып төлейді.
Пайдаланушы кепіл ретінде өзінің құжатын тастауы керек (студенттік билет, жеке басының куәлігі).
Сырттай бөлімнің студенттері кітапханаға жеке басының куәлігіннемесе сынақ кітапшасын тапсырады (оқуға төленген түбіртегі).
Барлық оқырмандарға абонент бойынша кітап беріледі, ОМК семестырдың дисциплиналар бойынша беріледі.
Оқу залына кітап беру сағат 9-00-ден басталады.
Сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, мерзімді басылымдар, сонымен қатар бір ғана данасы бар кітаптар үйге берілмейді.
Кітапты қайтару мерзімінен асып кетсе, оқырман әр сағатқа 10 теңгеден айып төлейді. Әр оқулық үшін бір тәулікке 70 теңге айып төленеді.
Кітапхананың оқу залынан рұқсатсыз кітап алып кетсе, оқулықтың бағасының 25 пайыздық ақшасы төленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |